Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД ТЛ КАЗ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3 Мб
Скачать
☆

Әдебиеттер:

Қазақ тілінде

негізгі:

  1. Сағындықова Б.А. Дәрілердің өндірістік технологиясы. - Шымкент, 2008. - 346 б.

  2. Сағындықова Б.А., Анарбаева Р.М. Дәрілердің дәріханалық технологиясы. - Шымкент, 2008. - 436 б.

  3. Дільбарханов Р.Д., Сағындықова Б.А. Дәрілердің өндірістік технологиясы. – Алматы.– 1998.–128 б.

  4. Сағындықова Б.А. Дәрілердің өндірістік технологиясы. – Шымкент.– 2002.–172 б.

Орыс тілінде

  1. Технология лекарственных форм. /Под ред. Т.С.Кондратьевой. – М.,Медицина, 1991 г.- 1-й том. – 496 с.

  2. Технология лекарственных форм. /Под ред. Л.А.Ивановой/ – М.,Медицина, 1991 г. – 2-й том. – 544 с.

  3. Чуешов В.И., Зайцев А.И., Шебанова С.Г. Промышленная технология лекарств. – Харьков, 2002. - В 2-х томах: 1-й том. – 716 с., 2-й том .– 557 с.

  4. Руководство к лабораторным занятиям по аптечной технологии лекарственных форм. – (Под ред. Кондратьевой Т.С.). – М., 1986.– 287 с.

  5. Руководство к лабораторным занятиям по заводской технологии лекарственных форм. – (Под ред. Тенцовой А.И.). – М., 1986. – 271 с.

қосымша:

  1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Фармакопея. – Басылым 1. – Алматы, 2008. – Баспа үй: Жібек Жолы. – 592 б.

  2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Фармакопея. – Басылым 2. – Алматы, 2009. – Баспа үй: Жібек Жолы. – 792 б.

  3. ГФ СССР Х издания М., Медицина, 1968.– 1080 с.

  4. ГФ СССР Х1 издания М., Медицина, 1987. – Том 1. – 336 с.

  5. ГФ СССР Х1 издания М., Медицина, 1989. – Том 2. – 400 с.

  6. Ділбарханов Р.Д., Датхаев У.М., Амантаева М.Е. Жақпа майлар. Алматы, 2005.– 123 б.

  7. Машковский М.Д. - Лекарственные средства. - М.: Медицина, 2008. – Изд. 15-е.

  8. Милованова Л.Н., Тарусова Н.М., Бабошина Е.В. Технология изготовления лекарственных форм. Ростов-на-Дону: «Феникс».– 2002.– 448 с.

Кері байланыс (сұрақтар)

Қосымша заттар және олардың дәрілердің терапевтік эффективтілігіне әсері.

№28 ТАҚЫРЫП: ДӘРІЛІК ТҮРДІҢ ЖӘНЕ ОНЫ АҒЗАҒА ЕНГІЗУ ЖОЛЫНЫҢ ДӘРІЛЕРДІҢ БИОЛОГИЯЛЫҚ ТИІМДІЛІГІНЕ ӘСЕРІ. ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ФАКТОРЛАРДЫҢ ДӘРІЛЕРДІҢ БИОЛОГИЯЛЫҚ ТИІМДІЛІГІНЕ ӘСЕРІ.

Мақсаты: Тақырып бойынша берілген процесстерді, онда негізігі терминдер мен түсініктерді меңгеру.

Дәріс тезистері Дәрілік қалыптар дамуын бағдарлау

Бұл сұраққа дүние жүзі ғалымдарының көптеген еңбектері арналған. Американдық ғалымдардың шешімдері бойынша келешегі бар дәрілік заттар жүйелеріне мыналар жатады: дәрілік заттарды реттеп босататын, көмекші заттар биологиялық жойылатын полимерлер, лабиринтті қондырғылар, дәрілік заттарды шырышты перде арқылы ендіретін, осмостық қондырғылар ретпен босататын сұйық орталар негізінде құрылған жүйелер; магнитті жүйелер, биологиялық сиымды микросфералар мен имплантацияға арналған қондырғылар; имплантациялық насостар; тыныс алу жолдарына арналған дәрілік заттар жүйелері; липосомальды жүйелер. Келешекте дәрілік затты реттеулі ауыспалы жылдамдықпен босататын, дәрілік затты ферменттен антигендер көмегімен босататын жүйелер туындауы мүмкін.

Француз ғалымдары ұйғарымдары бойынша ғылыми зерттеулер жаңа белсенді және көмекші заттарды іздестіруге бағытталуы мүмкін. Сонымен қатар дәрілік препараттар құрамында 2-3 компоненттер ғана болуы керек. Дәрілік құралдар ішінде жүзгін таблеткалар немесе капсулалар көбірек орын алуы мүмкін, нәтижесінде дәрілік заттың ағзада болуы уақыты ұзарады шайнауға арналған таблеткалар, резина секілді препараттар, трансдермалды қалыптар да бағалы. Дәрілік затттарды бағыттап тасымалдауға синтетикалы таратушылар(носитель): микро- және нанокапсулалар, микросфералар, оның ішінде магнитпен басқарылатындар қолданылады. Дәрілік заттарды қатаң белгілі өлшемде – 5-10-20 мкм микросфералар алу мүмкіндігі іске асады.

Дәрілік затты белгілі мөлшерде, белгілі жерге жеткізуге аналған миниатюрлі аппараттар болады.

Жақын арадағы келешекте дәрілік заттар босату микрокомпьютер арқылы реттейтін жүйелер клиникалық сынақтан өтеді деп жоспарлануда.

Кейбір Жапон мамандарының болжамдары бойынша , келешекте 30% дәрілік құралдар санатында капсула, таблетка, инъекцияға арналған ерітінділер қалуы мүмкін, ал кейбір мамандар ұйғарымы бойынша, ХХ1 ғасырда дәрілік құралдар түрлері мүлдем өзгеруі мүмкін. Бірақ, жаңа дәрілік құралдарды медицина іс-тәжірибесіне өткізуге, дәрігерлердің сақтықпен қарауларына байланысты, жаңа дәрілік құралдардың өмірге келуіне, дірігерлердің көп үлесі бар екендігін ұмытпау керек.

Сонымен, жаңа және жоғары терапевтік әсерлі, залалсыз дәрілік қалыптарды туындауда, әр науқасқа лайықталып дозаланған, талдамды әсері ауырған жерге бағытталған, дәрілік затты реттелген босату принциптері сақталынған, қолдануы ыңғайлы, жанама әсерсіз, арзан бағалы препараттар келешегі зор. Бұл ретте ғылыми техникалық даму үрдісінің рөлі ерекше.