Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД ТЛ КАЗ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3 Мб
Скачать
☆

Әдебиеттер:

Қазақ тілінде

негізгі:

  1. Сағындықова Б.А. Дәрілердің өндірістік технологиясы. - Шымкент, 2008. - 346 б.

  2. Сағындықова Б.А., Анарбаева Р.М. Дәрілердің дәріханалық технологиясы. - Шымкент, 2008. - 436 б.

  3. Дільбарханов Р.Д., Сағындықова Б.А. Дәрілердің өндірістік технологиясы. – Алматы.– 1998.–128 б.

  4. Сағындықова Б.А. Дәрілердің өндірістік технологиясы. – Шымкент.– 2002.–172 б.

Орыс тілінде

  1. Технология лекарственных форм. /Под ред. Т.С.Кондратьевой. – М.,Медицина, 1991 г.- 1-й том. – 496 с.

  2. Технология лекарственных форм. /Под ред. Л.А.Ивановой/ – М.,Медицина, 1991 г. – 2-й том. – 544 с.

  3. Чуешов В.И., Зайцев А.И., Шебанова С.Г. Промышленная технология лекарств. – Харьков, 2002. - В 2-х томах: 1-й том. – 716 с., 2-й том .– 557 с.

  4. Руководство к лабораторным занятиям по аптечной технологии лекарственных форм. – (Под ред. Кондратьевой Т.С.). – М., 1986.– 287 с.

  5. Руководство к лабораторным занятиям по заводской технологии лекарственных форм. – (Под ред. Тенцовой А.И.). – М., 1986. – 271 с.

қосымша:

  1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Фармакопея. – Басылым 1. – Алматы, 2008. – Баспа үй: Жібек Жолы. – 592 б.

  2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Фармакопея. – Басылым 2. – Алматы, 2009. – Баспа үй: Жібек Жолы. – 792 б.

  3. ГФ СССР Х издания М., Медицина, 1968.– 1080 с.

  4. ГФ СССР Х1 издания М., Медицина, 1987. – Том 1. – 336 с.

  5. ГФ СССР Х1 издания М., Медицина, 1989. – Том 2. – 400 с.

  6. Ділбарханов Р.Д., Датхаев У.М., Амантаева М.Е. Жақпа майлар. Алматы, 2005.– 123 б.

  7. Машковский М.Д. - Лекарственные средства. - М.: Медицина, 2008. – Изд. 15-е.

  8. Милованова Л.Н., Тарусова Н.М., Бабошина Е.В. Технология изготовления лекарственных форм. Ростов-на-Дону: «Феникс».– 2002.– 448 с.

Кері байланыс (сұрақтар)

  1. Ампулалардағы ерітінділер сапасын бағалау.

  2. Инфузиялық ерітінділер.

№ 21 ТАҚЫРЫП: ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ ӨНДІРІСТЕ СУСПЕНЗИЯЛАРДЫ, ЭМУЛЬСИЯЛАРДЫ, ЖАҒАР МАЙЛАРДЫ ДАЙЫНДАУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ЖЕТІЛДІРУ. АТАЛҒАН ДӘРІЛІК ТҮРЛЕРДЕ ДӘРІЛІК ЗАТТАРДЫҢ БИОЛОГИЯЛЫҚ ТИІМДІЛІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУШІ ФАКТОРЛАР.

Мақсаты: Тақырып бойынша берілген процесстерді, онда негізігі терминдер мен түсініктерді меңгеру.

Дәріс тезистері

Жағар майлар ең алдымен дерматологияда, этиологиясы әртүрлі ауруларды емдеуде, сонымен қатар офтальмологияда, отодориногологияда, проктологияда, гинекологияда медицинаның басқа да салаларында қолданылатын дәрі түрі. Емдеу профилактика, ал кейде диагностика мақсатымен колданылатын жағар майларды медициналық деп атауға болады.

Жағар майлар жеке қорғаныш заттары ретінде де өте кең қолданылады. Олар өндірісте қолдың терісін, дененің ашық жерлерің органикалық еріткіштердің, кышқылдардың, сілтілердің және тағы да басқа химиялық тітіркендіргіштердің жағымсыз әсерінен қорғайды. Осындай жағар майлардың әсері тері мен колданылатын

тітіркендіргіштің арасында сыртқы ортаның жағымсыз әсерінен қорғайтын жасанды қабат тузуіне байланысты.

Сонымен қатар, электродты жағар майлар мен пасталар да белгілі, олар биотоктарды тіркеу үшін мысалы, элсктрокардиографияда, электромиографияда қолданылады.

Электродты жағар майлар мен пасталардың негізгі міндеті - тері, шырышты қабық пен электродтар арасындағы жанасуды жақсарту және осы электродтарды бекіту болып табылады.

Жеке топқа косметикалық жағар майларды бөліп шығаруға болады. Олар теріні жұмсарту және қоректендіру үшін, пигментті дактарды және терінің басқа да кемшіліктерін кептіру үшін қолданылады. Қолданылуына байланысты косметикалық жағар майлар гигиеналык, емдік-профилактикалық және декорациялық (сәндік) болып бөлінсді.

Құрамында витиаминді, гормонды және т.б. препараттар бар, теріні қоректендіру үшін қолданылатын жағар майларды (медициналық) деп қарастыруға болады.

ТМД елдерінде жағар майлар өндірісі 15 -тен астам ірі химиялық-фармацевтік заводтарда жинақталған.

Емдік (медициналық) жағар майлар қолданылу жеріне байланысты келесі келесі келесі топтарға бөлінеді.

  1. дерматологиялық - Unguenta dermatologica

  2. мурын жолдарына арналған жағар майлар – Unguenta nasales

  3. көз майлары – Unguenta ophalmica

  4. уретральды майлар – Unguenta uretrales

  5. вагинальды майлар – Unguentavaginales

  6. ректальды майлар – Unguenta rectales

Жағар майларды осы майларды осы топтарға бөлудің әрі технологиялық, әрі

биоформациялық тұрғыдан белгілі мағынасы бар. Технологиялық тұрғыдан мұндай топтау технологиялык операциялардағы ерекшеліктерді көрсетеді. Мысалы, шырышты кабықтарға, жараларға, күйік беттеріне жағуға арналған майлар асептикалық жағдайларда дайындалуы керек. Көз ауруларын емдеуте арналған суспензиялық майларда дәрілік заттар өте майда үнтақталуы керек. Ал технологиялық операцияларды, олардың жүйелігін іріктеп алу биофармацевтік тұрғыдан дәлелденуі керек.