Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД ТЛ КАЗ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3 Мб
Скачать
☆

Дәріс тезистері

Ампулаларды ерітіндімен толтыру

Ампулаларды ерітіндімен толтыру 1 классты таза бөлмелерде асептика ережелерін сақтай отырып жүргізіледі. Ампулаларды толтырудьщ көлемі номинальды көлемнен көп болуы тиіс, себебі шприцті ерітіндімен толтырған кезде, дәрінің қажетті дозасы алынуы керек. МФ XI басылымында ампулаларды толтырудың төменгі нормасы белгіленген:

Ампулаларды толтыру 3 тәсілмен жүргізідеді: шприцтік, вакуумдық, буконденсациялық.

1. Шприцтік тәсіл Кептірілгеннен соң ампулалар автоматтың сақтау бөліміне түседі, сонан соң автоматты түрде толтырылуға жіберіледі. Толтыру 3 немесе 6 шприц (поршеньдік дозатор) инелермен бір мезетте жүргізіледі. Шприц-инелер хром-никельді болат, күміс, синтетикалық материалдардан жасалынады.

Қуыс инелер конвейерде орналасқан ампулалар ішіне кіргізіліп, керекті мөлшердегі ерітіндімен толытырылады. Жеңіл тотығатын заттар газбен қоргау принципі бойынша толтырылады.

Ең алдымен ампулаға салынған инеге инертті газ жіберіледі, сөйтіп ампуладан ауа

ығыстырылып шығарылады, сонан соң ерітінді құйьшады, ең соңында тағы да инертті

газ жіберіледі. Ампулалар ешбір кідірусіз осы мезетте дәнекерлеуге жіберіледі. Шприцтік

тәсілмен толтырудың дәлдігі өте жоғары - ±2 % капиллярлары ластанбайды, бұл әсіресе

қою және түткыр ерітіңділер үшін өте маңызды.

Кемшілігі — аз өнімділігі, сағатына 10.000 ампула ғана толтырылады.

Вакуумдық тәсіл өте жоғары өнімді. Мүнда ампулаларды вакуумдық тәсілмен жууға арналған аппаратты қолдануға болады.

Аппаратқа кассетаға салынған ампулаларды капиллярларын төмен каратып салады. Аппараттың қақпағын жауып, вакуум жасайды. Төменгі клапанды жауып, ыдысқа күбыр бойымен ерітінді жібереді және толтыруға қажетті көлемге сәйкес есептеп, ауаны сиретеді. Сонан соң стерильденген, фильтрленген ауа жіберетін клапан ашылып, вакуум төмендейді. Қысымдар арасындағы айырмашылық әсерінен ерітіңді ампула ішіне кіреді.

Жеңіл тотығатын заттар ерітінділерін қүю инертті газдармен қорғау принципі бойынша жүргізіледі. Инертті газбен ерітінді қанықтырылады және аппараттағы ауа сорылып алынған соң, ауаның орнына да осы инертті газ жіберіледі.

Бу-коңденсациялық тәсіл. Бүл тәсіл проф. Конев Ф. А. үсынған болатын. Ампулаларды бу-конденсациялық тәсілмен жуып болған соң, олардың ішінде бу қалады (ампулалар бумен толып түрады). Ампуланың капилляры бір ампулаға арналған ерітіндінің дәл көлемі қүйылған дозаторға батырылады. Осы кезде температура айырмашылығы әсерінен, ампуланың корпусы салқындайды. Ампула ішіндегі бу конденсацияланып, вакуум пайда болады, сөйтіп осы вакуум әсерінен ерітінді ампула ішіне еніп кетеді. Ампулаларды ерітіндімен толтырудың қолайлы жағдайлары анықталған.

БҮЛ — ампулаларды қыздыру (300°С) олардың капиллярярынан суды сығып алған соң 25 секундқа дейін үстау; ампулаларды ерітіндімен толтыру алдында ауаның еркін конвекциясы арқылы қыздыру зонасынан тыс (25 °С) жерде 30 секундка дейін үстау; ампу­лаларды ерітіндімен толтыру уақыты — 3 сек. Ампулаларды осы тәсілмен толтырудын, дәлдігі шприцтік тәсілмен толтыру дәлдігімен бірдей. Дәнекерлеу алдында ампулалардың толтыру дәлдігі МФ XI — бойынша тексеріледі.

Ампулаларды дәнекерлеу. Ампулаларды дәнекерлеу олардың ішіндегі ерітінді қызып кетпейтін болып тез жүргізілу керек.

Дәнекерлеу 3 тәсілмен газды шілтерлермен жүргізіледі:

1) капиллярлардың үшын балқытып дәнекерлеу

2) капиллярларды созу

3) электрлік қыздыру .;.;-.

Ампулаларды балқытып дәнекерлеу үшін АП-6М типті машинасы қолданьшады. Ампулалар бункерден транспорттық лентаның үяларьгна түседі. Егер капиллярларда кір болса, оңда оларды апирогенді сумен шашыратып жуады. Сонан соң ампулалар қыздыру бөліміне түсіп, мүнда капиллярлар келтіріледі, осыдан кейін олар шілтерлер жанып түрған зонаға келіп түседі. Осы кезде транспортты ленталарда жылжып отырған ампулалар қозғалмайтын тірекке үйкелу әсерінен өзінің осі бойымен айналымға келеді және капилляр біркелкі дәнекерленеді. Дәнекерленген ампулалар кассетаға салушы түседі.

Ампулаларды толтыруға және дәнекерлеуге арналған 541 типті автомат мембраналық дозаторлар көмегімен ампулаларды шприцтік тәсілмен толтырады. Капиллярды пневматикалық созу бөлімінде ампула доңғалакшаларға жабысып, айналады, шілтерлер капиллярды дәнекерленетін жердің бойымен қыздырады, ал қысылған ауа ағымы оның бөлініп түскен жері бойымен капиллярды созады.

Электрлік кедергі көмегімен қыздыру аркылы дәнекерлеу жанғыш және жарылғыш ерітінділермен толтыру үшін қолданьшады. Капиллярды электрлі нихромды қыздырғышқа енгізеді, шыны жүмсарып, капилляр созылады және балқып дәнекерленеді. Кейбір жағдайларда, термиялық тәсілмен дәнекерлеу мүмкін болмағанда, ампулаларды пластмассамен тығындайды, мысалы, поливинилбутиролмен.

Барлық ампулалар дәнекерлену сапасын бақылаудан өтеді. Бүл үшін 3 тәсіл қоланылады:

  1. Кассетадағы ампулаларды камераға капиллярларын темен қаратып орналастырады. Камерадан ауаны сорып алады және ауаны сүйылтады. Нашар дәнекерленген ампулалардан осы кезде ерітінді жартылай немесе толық ағып түседі.

2. Кассетадағы ампулаларды боялған су қүиылған ыдысқа салып, мысалы, метилен көгімен, толық батырып 20-25 минут бойына 100+20 кПа қысым тудырады, сонан соң оны төмендетеді. Тығыз дәнекерленбеген ампулалар мен флакондар ішіне боялған ерітінді кіріп кетеді.

3. Үшінші тәсіл ампула ішіндегі газды ортаның жоғары жиілікті электр тогы әсерінен (20-50 МГц) жарық таратуын көзбен шолып бақылауға негізделген. Ампула ішіндегі қысым қалдығының мөлшеріне байланысты эр түсті жарық тарату байқалады. Дәнекерленген және дәнекерлену сапасы бағаланған ампулалар стерилдеуге жіберіледі.

СТЕРИЛДЕУ

Стерилдеу (лат. sterilis) — обьектегі тіршілікке икемді барлық микроорганизмдер мен олардың спораларын толық жою немесе олардан тазарту болын табылады. Бұл кезде стерилденентін заттардың қасиеттері өзгермеуі керек. Стерилдеудің физикалық және химиялық тәсілдері болады.

Физикалық тәсілдерге қыздырып стерилдеу, жоғарғы жиілікті токтармен стерилдеу, ультракүлгін және радиациялық сәулелермен стерилдеу, ультрадыбысты стерилдеу және стерильді фильтрлеу жатады.

Медицинада ең кең қолданылатын тәсіл — бумен немесе қүрғак ыстықпен қыздырып стерилдеу. Қыздырып стерилдеу микробтық клеткаларды лирогенетикалық ыдырату, белоктардың қайтымсыз коагуляция немесе микроорганизмдердің ферменттік системаларын бүзуға негізделген.

1. Ауамен стерилдеу. Бүл тәсілмен стерилдеу қүрғақ ыстық ауамен ауа стерилизаторларында (кептіргіштерде) 180-200°С температурада жүзеге асырылады. Стерилдеудің нәтижелігі температура мен мерзімге байланысты. Ауамен стерилдеу термиялық төзімді үнтақ дәрілерді, минеральды және өсімдік майларын, ланолин, вазелин, балауыз, металдан, шыныдан, фарфордан жасалған бүйымдар үшін қолданылады.

Дәрілік заттардың ерітінділерін кептіргіш шкафтарда стерилдеуге болмайды, себебі температурасы 100-120°С ауа нашар жылу өткізгіштігіне байланысты ерітінділердің стерилдеу температурасына дейін тез қызуын қамтамасыз етпейді. Мысалы, көлемі 200 мл натрий хлориді ерітіндісін температурасы 120 °С кептіргіш шкафта салғанда, бір сағаттан кейін осы ерітінді 60 °С-қа дейін ғана қызады. Температурасы жоғары ыстық ауа дәрілік заттардын ыдырауын және қүтылардьщ (флакондардьщ) ішіндегі және сыртындағы қысым айырмашьглығы нәтижесінде қүтьшардьш жарыльш кетуін тудыруы мүмкін.

2. Бумен стерилдеу. Бүл тәсіл жоғарғы температура мен ылғалды Үйлестіріп қолдануға негізделген. Осы жағдайда белоктардың коагуляциясы 56 °С температурада басталады. Фармацевтік өндірісте сенімді, тез және экономикалық тиімді 120°С температурада қаныққан су бумен қысым көмегімен стерилдеу тәсілі қолданылады. Бүл жағдайда тек вегетативті емес, споралық микроорганизмдер де өледі. Стерилдеу мерзімі препараттың физико-химиялық қасиеттеріне және ерітіндінің көлеміне байланысты 30 минуттан аспайды.

Қысым әсері бойынша бумен стерилдеу бумен жүмыс істейтін стерилизатор автоклавтарда жүргізіледі. Бүл үшін АП-7, АП-18 ТИГТП стерилизаторлары кеңінен қолданылады. Стерилизатордың екі есігі бар, біреуінен стерильденетін енімді салады да, екіншісінен стерилденген өнімді шығарып алады. Стерилизатордың корпусы катан бумен қыздырылады. Стерилдеуші камераға ауаны ығыстыру үшін өткір бу жіберіледі. Стерилдеу уақыты манометр бойынша тиісті қысым көрсетілген мерзімнен бастап саналады. Стерилизаторлар автоматты бақылау қондырғымен жабдықталған, олардың көмегімен бақылау таспасында қысым мен уакыт үздіксіз жазылып отырады. Сонымен бірге, камераның 4 бүрышына (жеріне) стерилдеу алдында максимальды термометрлер қойылады және олардың көрсеткіштері жазылып алынады. МФ XI басылымы стерилдеу режимін бақылау үшін балқу температуралары белгілі заттар колдануды үсынады, мы­салы, бензой қышқылы 122-124,5°С, сахароза— 180 °С.

Тұрақсыз (аққыш) бумен стерилдеу. Бүл тәсіл бойынша стерилдеу 100°С температурада қаныққан су буымен жүргізіледі. Түрақсыз бу тек вегетативті микрооргнизмдерді жою үшін ғана қолданылады, споралық микрооргнизмдер үшін бүл тәсіл жарамсыз болады.

Тиндализация (бөлшектеп стерилдеу). Түрактылығы төмен дәрілік заттардын ерітінділерін суда 60-65°С температурада 1 сағат бойына 5 рет немесе 70-80°С

температурада 3 рет эр 24 сағатта қайталай отырып қыздырады. Қыздыру аралығында 25-37°С температураны қалыпты үстап отырады, бұл споралардын өсіп шығуына қолайлы жағдай болады.

Ерітіндідегі споралардың барлығы толық өсіп шығуы және келесі рет қыздырғанда жойылуына 3-5 рет қыздыру жеткілікті. Бірақ бұл тәсіл өте ұзақ.

Ультракүлгін сәулемен стерилдеу. УФ — сәуле вегетативті және споралық микрооргнизмдерді жоятын күшті стерилдеуші фактор. Ультракүлгін радиация көзге көрінбейтін, қысқа толқынды, толкынның үзындығы 300 нм-ден кем күн сәулесінің бөлшегі. УФ-радиаиия микробты клеткалардың ферментті системаларының фотохимияльщ ыдырауын тудырады, клетканың протоплазмасына улы органикалық аскын тотыктар түзе эсер етеді деп жорамалданады. Толқын үзындығы 254-257 нм сәулелердің стерилдеу қабілеті өте жоғары болады. Мүнда сәулелендірудің дозасы мен уақытының үлкен маңызы бар. Вегетативті клеткалар УФ-сәулеге, споралар қарағанда өте сезімтал келеді. Споралық микрооргнизмдерді жою үшін, вегативті микрооргнизмдерді жоюға қажетті дозадан 10 есес артық сәуле дозасы керек.

Фармацевтік өндірісте УФ-сәулесі ретінде арнайы БУВ лампалары қолданылады. Олар ауаны, дистилденген суды қүбыр арқылы жібергенде, қосымша материалдарды стерилдеу үшін қолданылады.

Радиациялык стерилдеу. Радиациялық сәулемен стерилдеу өте жоғары тиімді тәсіл, ол соңғы кезде медициналық өнімдерді стерилдеу үшін кеңінен қолданылып жүр. Дәрілік заттарды — түзды инфузиялық ерітінділерді, көз пленкаларын және т. б. — радиациялық стерилдеу мүмкіндігі зертеліп отыр.

Радиациялык стерилдеу ҮШШ СО60 және СО изотоптарының гамма-сәулелері және линиялық жылдамдатқыштардың жылдам электрондары қолданылады. Зерттеулер нәтижесінде стерилдеу үшін 2,5 микрорадий дозасы жеткілікті екені анықталып отыр.

Қазіргі кезде радиациялық тәсілмен бір рет қолданылатын заттар — гигроскоптық мақта, байлау материалдары, пластмассалық бүйымдар, биологиялық және бактериальдық препараттар, антибиотиктер стерилденіп жүр.

Фильтрлеп стерилдеу. Қыздыру және радиациялық сәуле арқылы стерилдеуге төзімсіз дәрілік заттардың ерітінділерін стерилдеуші фильтрлеу арқьшы стерилдеуге болады. Бүл үшін үсақ тесікті фильтрлер арқылы фильтрлеп стерилдеу қолданылады.

Стерильдеудің басқа тәсілдерін қолдану кезінде микрооргнизмдер тек тіршілік әрекетін жоғалтатын болса, стерильдеуші фильтрлеу кезінде олар ерітіндіден толық шығарылып тасталады, сөйтіп ерітіндінін стерильдігі мен апирогендігін қамтамасыз етеді.

Стерильдеудің химиялык тәсілдері. Резинадан, полимерлі материалдардан, шыныдан, коррозияға төзімсіз металдардан жасалынған бүйымдар үшін газдармен және ерітінділермен стерилдеудің химияльщ тәсілдері қолданылады.

Химиялық стерилизация. Химияльщ затгарды қолдану көмегімең жүргізіледі. Бүл үшін жиі консерванттар пайдаланылады: нипагин, нипазол, хлорбутанолгидрат, трикрезол, фенол, фенилэтил спирті және т. б.

Газдық стерильдеу. Бүл тәсіл қыздыруға төзімсіз заттар үшін қолданылады. Стерильденетін заттар газ өткізетін пластмассалы орауышқа салынады. Герметикалық камераға этилен тотығы мен көміртегі тотығының 9:1 қатынасында дайындалған қоспасың жібереді. Стерилдеу мерзімі 4-6 сағат, температурасы 43-45 °С. Сте-рилденгеннен соң этилен оксидің стерилді ауа немесе азотты 14 күн бойына үрлеп шығарады немесе вакуумдайды. Этиленоксид хлор иондарымен улы зат — 2 — хлорэтан — түзе әрекеттеседі, судың катысуында — гликоль түзеді. Сондықтан, қолданар алдында мүмкін болар химиялық әрекеттесу мүқият зерттелуі қажет. Сонымен, қыздыруға төзімді ерітінділермен толтырылған ампулаларды стерилдеу автоклавтарда 110-120 °С температурада жүргізіледі. Қыздыруға төзімсіз заттардың ерітінділерін стерилдеу 100 °С температурада аққыш (түрақсыз) бумен немесе тиндализациялаумен жүргізіледі. Жеңіл ыдырайтын заттардың ерітінділерін катаң асептикалық жағдайда немесе фиьтрлеп стерилдеу немесе консерванттар косу арқылы дайындайды. Стерилдеп болган соң әлі ыстық ампулаларды метилен көгі қосылған салкын суга батырып, олардың дәнекерлену сапасын бақылайды. Ампулалар салқындағанда, олардагы қысым төмендейді, ал олардыц қабырғаларында жарықтары болса, онда боялган су оның ішіне еңіп кетеді. Сонан сон ампулаларды ыстык сумен душтыц астында жуады.