Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД ТЛ КАЗ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3 Мб
Скачать
☆

Ректальді дәрі түрлерінің жетілу болашағы

Лиофильденген суппозиторнйлер. Лиофильденген суппозиторийлердің негізгі массасы дәрілік заттар болып табылады, негіздің мөлшері өте аз. Суппозиторийлер дайындау суппозиториялық қалыпта дәрілік заттардың эмульсиясын немесе суспензиясын 50-70°С температурада тоңазыту әдісімен жүргізіледі. Тоңазыған суппозиторийлерді қалыптан шығарып алып лиофильдейді және суппозиториялық негізді қосады. Бұл тәсілмен алынған суппозиторийлер тік ішекте тез ериді, оиы тітіркендірмейді. Бірақ, осы дәрі түрі гидролабильді, сондықтан сақтаудың ерекше жағдайларын талап етеді.

Престелген (немесе таблеттелген) суппозиторийлер. Мұндай суппозиторийлер дайындауда майлы суппозиториялық негіздерді ұнтаққа айналдырады, олардың тиеуші воронкадан еркін ағылуын қамтамасыз етеді және суппозиторийлерді, табдеткалар тәрізді, престеу тосілімен дайындайды. Престеу үшін тиісті формалы матрицалар мен пуансоңдар қолданады. Дәл дозалануды, сусымалдылықты қамтамасыз ету үшін суппозиториялық негізді тоңазытқыш камерада 3-5СС тсмператураға дейін тоңазытады, ұнтақтайды және елеуіш арқылы елейді Технологиялық касиеттерін жақсарту үшін негіздің құрамына 10-20% дейін сұйылтқыш заттар (лактоза, сахароза, аэросил), тайғак заттар ретінде 3-5°С дейін крахмал мен аэросил (1:1) қосады.

Екі қабатты немесе екі құрамды суппозиторийлер. Мұнда суппозиторийлердің қабықшасын балқу температурасы төмен негіздерден дайындайды. Бұл негіздің құрамында жергілші әсер ететін заттар (анестезин, белладонна экстракты) болады. Суппозиторийдің стерженіне резорбтивті әсер етуші заттар енгізеді. Стержень үшін балқу температурасы жоғары негіздер қолданылады.

Соңғы кезде ректальді жағар майлар қолдану кең таралуда. Ректальді майлар майлы, гидрофильді негіздерде дайындалады. Гидрофильді негіздер ретінде полиэтиленгликольдер, МЦ, оксипропилметилцеллюлоза, Иа-КМЦ гелъдері қолданылады. Ректальды жағар майлар ұзын ұштығы бар шприц-тюбиктер шығарылатын дозаланған дәрілік түр.

Болашағы мол дәрі түрінің бірі - ректальді капсулалар. Көлемі мен формасы бойынша олар суппозиторийлерге ұқсас. Капсула қабықшасы 70% желатин мен 30% глицериннің қоспасынан тұрады. Капсула әсер етуші заттың майлы суспензиясы немесе оның майдағы су типті эмульсиясы, немесе ерітіндісімен толтырылады. Тік ішекке еңгізген кезде капсула ісініп, жарылады, оның ішіндегі дәрілік кұрам сіңірілу бетіне таралады. Ректальді капсулалар жоғарғы температураға төзімді, олар 40°С температурада өз формасын сақтайды. Капсула дәрілік заттарды тез босатъш, тез сіңіріледі.

Тік ішекке клизма түрінде енгізілетін сулы ерітінділерден дәрілік заттар өте тез сіңірілетіні белгілі. Бірақ, дәрілік заттың біраз бөлігі сумен бірге ағылып шығып кетеді. Сондықтан да майлы негіздерде дайындалған суппозиторийлерден сіңірілетін дәрілік заттардың мөлшсрі ерітіндіден сіңірілетін заттан әлдеқайда басым болады. Дәрілік ерітінділерді ректальді тамызғыштар - ректиолалар көмегімен енгізеді. Олар иілімді полиэтиленді контейнер, сыйымдылығы 3-5 мл, дәрілік зат ерітіндісімен толтырылған және ұштықпен жабдықталған. Ректиолаларды клизма ретінде қабылдайды.

Ректальды тампондар да белгілі. Олар сыртынан дәрілік зат сіңірілген мақтамен оралған пластмасса стержень болып табылады. Мақта тампоны альгинаттың жұқа кабатымен қапталады. Қолданар алдында тампонды біраз уақытқа суға батырады, осының нәтижесінде альгинаттан жасалған қабықша ісініп, дәрілік заттың диффузиясына кедергі жасамайды. Тампонды тік ішекке 2 сағатқа енгізеді, көбінесе геморройды емдеуге қолданады.

Ректальды дәрі түрлерін гериатриялық практикада қолдану ете ыңғайлы.