Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД ТЛ КАЗ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3 Мб
Скачать
☆

Суппозиторийлер өндірісі

Суппозиторийлерді көбінесе илеу, престеу, құю әдістерімен дайындайды.

Өндіріс жағдайында суппозиторийлерді құю әдісімен алады.

Суппозиторийлерді жасаудың технологиялық схемасы клесі сатылардан тұрады:

  1. негізді дайындау

  2. дәрілік заттарды негізге енгізу

  3. қалыптау

  4. стандарттау

  5. суппозиторийлерді бөлшектеу және орамдау

Негізді дайындау. Бу көйлегі мен якорлы араластырғышы бар сыйымдылығы 1000л тот баспайтын құрыш реакторға негіздің компоненнтерін салады. Алдын-ала “көлекке” бу жіберіп, температураны 60-700С дейін көтереді. Балқытылған негізді друкфильтірден өткізіп, сығылған ауа көмегімен басқа реакторға жібереді, ол жерде суппозиториялық массаны дайындау жүреді.

Дәрілік заттарды енгізу. Суда, спиртте немесе майда еритін дәрілік заттарды ергіштігіне сәйкес еріткіштерде ерітіп, ерітінді-концентрат дайындайды. Дәрілік заттарды ерітуді арнайы ыдыстарда жүргізеді, содан соң ерітінді – концентратты арнайы ыдысқа бөз қапшықтан сүзеді, сонан соң оларды негізгі реакторға өткізеді. Суда немесе спиртте ерімейтін дәрілік заттарды суппозиториялық негізге суспензия ретінде енгізеді. Ірі кристалды дәрілік заттарды алдын-ала шарлы диіерменде ұнтақтап, електен елейді. Дайын ұнтақты 40-500С дейін жылытылған негіздің бірдей немесе бір жарым мөлшерімен қазанда араластырады. Алынған қоспаны салқындатып, үш білікті бірнеше рет қайталайды. Қажетті дисперсті дәрежеде қоспа – концентрат алғаннан кейін, оны қабылдағыш арқылы негіздің қалған мөлшері бар реакторға жібереді. Қазіргі уақытта Нижний Новгород химиялық-фармацевтік заводында суспензиялар үшін ротоционды-тісті насостар (Р3-3а)қолданылады.

Р3-3а жұмыс істеу принципі мынада: сыйымдылығы 100л бу “көйлегімен” және якорлы аралыстырғышпен жабдықталған кіші реактор бар. Реактордағы негіздің температурасы 45-480с. Реактордың аралстырғышые қосып, шамалы аз порцилармен ұнтақты қосады.

Бұл кезде әрдайым 45-48°С арасындағы бірқалыпты температураны үзбей устап туру керек. Насостағы ұнтактауды 40-60 мин. бойына концентраттың тиісті дисперстегі алынғанша жалғастырады. Содан соң күшті турбоараластырғыш және бу көйлегі бар сыйымдылығы 1000 л баска реакторға концентратты жібереді. Негіздің қалған мөлшepi бар үшінші реактордан друк-сүзгіш арқылы температурасы 45-48°С-дегі балқытылған негізді де осы реакторга жібереді. Концентрат дайындалған реакторды және насосты негізбен «жуады» бұл коспалар нeгiзгi реакторға жіберіліп, реакторда 45 минут араластыру процессі журеді, содан кейін анализге өткізіп, калыптауға кіріседі.

Суппозиторийлерді қалыптау немесе құю «Франко-Креспи» автоматында жургізіледі. Автомат үйлестірілген айналатын үш дискілерден тұрады. Eкі шеткі дискіде 36 калып, әр қалыпта 12 ұялары бар. Қалыптарды салқындату арнайы тоңазытқыш кондырғының көмегімен жургізіледі. Ортанғы диск свечалар бар салқындаған калыптарды кабылдап, қабылдағыш ванналарға итеріп шығарады.

Суппозиториялык масса реактордан кішкентай бакка келіп, сонан соң насостың кемегімен кабылдағыш-дозарторға түседі оның саны калыптағы уялардың мөлшеріне тең. Жоғары журіспен насостар массаны кабылдағыш дозарторға сорады, теменгі журіспен оны қалыптың уяларына итеріп шығарады, сонда уялар дәл торлтырылады. Айналмалы дискілер салқындап, масса салкындайды. Форма айналым жасап, арнайы тасымалдағыштың көмегімен шеткі дискіден ортадағы дискіге беріледі. Ортадағы дискіде калыптан ашылып суппозиторийлер итеріліп шығарылады да, тартпаға беріледі.

Осы жерден суппозиторийлер 2 сағатқа 10-15°С температурада ауамен урлеуге кептіргіш шкафқа жіберіледі.

Суппозиторий өндірісінде автоматтандырылған «Хефлигер жэне Карг» (ФРГ) фирмасынын «Servax-200 S» линиясы қолданылады. Ол суппозиторий өндірісінің толық автоматизациясын қамтамасыз етеді.

Автоматтын жұмыс істеу принципі келесіде: екі рулоннан алюминий фольга беріледі, ол кескіш кұралдың көмегімен вертикальды бағытта кесіледі. Сонан соң екі лента табақша тәріздес екі жарты бөлікке бөлінеді, олар комплекті қалып болып бipiгiп, термобалқытылады. Әр қалыптың жоғарғы жағында толтыру тегісі ашық қалады. Ол арқылы иненің көмегімен суппозиторийлык масса жіберіледі.

Сонымен, орауыш материалы бip мезгілде әрі құюға арналған қалып қызметін аткарады.

Резервуарда бу койлегімен кыздырылатын және көмегімен уздіксіз араластырылып отыратын 30 л масса болады. Дозалау насостың көмегімен жургізіледі. Қалыптарды толтыру кезінде орауыш герметикалық, жабылады және жеке балқып жабысқан суппозиторийлер арасында қocымша көлденең қатаң қабырғалармен жабдықталады. Сонан кейін лентадан белгілі суппозиторий саны бойынша тілікшелер кесіледі. Кесілген тілікшелерді салқындатады, автомат дайын орауышты итеріп шығарады. Фольганың сыртқы беті полипропиленді пленкамен жабылған; ал ішкі беті - жоғарғы қысымды полиэтиленмен жалтыратылған немесе қапталған.