Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-денгей 300.docx
Скачиваний:
9
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
577 Кб
Скачать
☆

59.Физиологиялық терең рефлекістер тексеру

Төменгі жақ рефлексі – жеңіл ашылған ауыздың иегіне салынған саусақтардың балғамен соққанда шайналатын бұлшық еттердің қысқаруы. Рефлекторлық доға: бас сүйек жүйкесінің 5-ші жұбының сезімтал талшықтың үшінші бұтағы нерв – бас сүйек жүйкесінің 5-ші жұбының сезімтал ядросы – бас сүйек жүйкесінің 5-ші жұбының қимыл ядросы – бас сүйек жүйкесінің 5-ші жұбының қимыл талшықтарының үшінші бұтағы - m.masseteri.

Сәулелі білек (карпорадиальды) рефлекс – білектің жеңіл бүгілуі мен пронациясы (ось бойынша айналдыруы), сәулелі сүйектің ұзын, жіңішке төменге қарай бағытталған бөлшегінің балғамен соққандағы саусақтардың бүгілуі. Рефлекс доғасы жұлынның сегменті С5-С8 деңгейінде тұйықталады (сурет. 4.8.).

Бүгілген білек (бицепитальды) рефлекс – иықтың екі басты сіңірлі бұлшық етінен балғамен соққанда білек буынында жіліншіктің бүгілуі. Рефлекс доғасы жұлынның сегменті С5-С6 деңгейінде тұйықталады. Жазылған - білек (трицепитальды) рефлекс – Иықтың үш басты сіңірлі бұлшық етінен балғамен ұрғанда жартылай бүгілген білек шынтақ буынының жазылуы. Рефлекс доғасы жұлынның сегменті С7-С8 деңгейінде тұйықталады.

Тізе рефлексі – тізе тобығының тізбегін балғамен ұрғанда, жіліншіктің бүгілуі. Науқастың арқа жағы немесе отырған кезде қарастырылады. Қол буыны немесе аяқтың жеңіл бүгілген тізе буынының білегі жығылады, содан кейін тізе тобығының тізбегіне балғамен ұрады. Отырған жағдайда науқасқа тізе буынның аяғын жеңіл түрде ажыратып және жазуын сұрайды. Егер тізе буынының тізбегіне балғамен соққанда жамбастың төрт басты бұлшық еті жеңіл қысқарып немесе мүлдеп қысқармаса, науқасқа қол буынының саусақтарын "кілт" сияқты жасауын айтады және оларды жан жақа қатты созуын айтады. (Ендрассиктің қабылдауы). Рефлекстің доғасы бұлшық ет сегментінің L2-L4 деңгейінде тұйықталады.

Табан рефлексі – балғаның сабы немесе инесімен табанның сызықты тітіркенуі кезінде табанның барлық саусақтарының бүгілуі. Рефлекстің доғасы жұлынның сегменті L5-S2 деңгейінде тұйықталады.

Ахиллов рефлексі – ахиллов сіңіріне балғамен ұрғанда табанның бүгілуі немесе табан сырт жағының жазылуы. Науқасты орындыққа тізеге отырғызу керек, себебі табандар салбырап тұру керек, ал қолдары орындықтың артқы жағын ұстау керек. Науқастың жатқан жағдайында рефлексті шақыру үшін сол қолымен табанды ұстап, аяқты тізе буынын жеңіл тік бұрышпен бүгіп отырып, ахиллов сіңірін балғамен ұрады. (сурет. 4.11). Рефлекстің доғасы жұлынның сегменті S1 деңгейінде тұйықталады.

Рефлекстерді зерттеу рефлексті зоналардың созылу дәрежесі, асимметрияны, біркелкілік, олардық сипаттамасын анықтай отырып, жүйке жүйесінің түрлі бөліктерінің жағдайын айтуға мүмкіндік береді. Рефлекстерді сипаттай отырып мынадай градацияны қолданылады:

  1. тірі рефлекстер;

  2. гипорефлексия;

60. Патологиялық рефлекстер тексеру

Рефлекстер орталық зақымдалу кезінде сияқты, нейрондардың шеткі қимылдың зақымдалуымен де өлшенеді.

Төмендеу (гипорефлексия) немесе жойылу (арефлексия) рефлекстері нейрондардың шеткі қимылдарының (жүйке, жұлынның сегментті аппараты, бас жүйкесінің ядролары) зақымдалуы жағдайына тән. Олар ми инсульты өткір кезінде төмендеп немесе мүлдем жоғалып кету мүмкін, ол жұлынның сегментті аппарат қызметінің езуімен байланысты, сонымен қатар, бұлшық еттің алғашқы сему кезіменде де байланысты болып келеді. Туа біткен арефлексия ерекше сирек кездеседі.

Диагностикалық елеулі үлкен мағынаны, көп жағдайда жүйке жүйесінің органикалық зақымдалуына көрсететін, рефлекстердің әркелкілігі (анизорефлексия) болып табылады.

Тері рефлекстерінің (ұлтандық, қарын) төмендеуі мен жоғалуы жұлынның рефлекторлық доғаның үзіліс кезінде байқалады, дәл сондай жағдай пирамидалық жолдың зақымдалу кезінде байқалады. Қарын рефлекстердің жоғалуы ұмытшақ склерозға тән нарсе. Олар сау адамдарда жоқ болуы мүмкін, босаң немесе май құрсақ қабырғасы кезінде, жасы келген адамдар мен көп туған әйелдерде жоқ болады.

Ішкі органдар аурулары мен жүйкенің тозуына негізделген, жүйке жүйесінің жалпы қозғыштығы терең және сыртқы рефлекстердің бірқалыпты жоғарлауы мүмкін.

Сіңірлі және периостальды рефлекстердің жоғарлауы нейрондардың орталық қимылының зақымдалуына тән. Ол ми бағанасы немесе жұлынның сегментті аппаратының зақымдалу деңгейі төмен болып, рефлекторлық қызметтің күшеюімен байланысты.

Сіңірлі рефлекстердің өткір күшеюі, олардың созылуына жауабы ретінде бұлшық ет тобы немесе бұлшық еттің тез ырғақты қысқарлуын көосететін, клонустар болып табылады. Тізе тобығының клонусы, тізе тобығын дірілдеу мен төрт басты жамбас бұлшық етінің босаңсынуы және ырғақты қысқаруға жауабы ретінде төмен қарай тез жылжуы.

Пирамидалық жолдың зақымдалуы кезінде, көбіне сау адамдарда жоқ болатын рефлекстер пайда болады. Мұндай рефлекстерді патологиялық деп айтады. Бұл рефлекс автоматизмнің ауыз рефлексі тобы жатады. Бұл, бетінің түрлі бөлігінің тітіркенуіне жауабы ретінде, әдетте ерінді созу мен сору қимылдарынан тұратын, автоматтандырылған қимылдарды көрсететін және ауыз бұлшық еттерінің орындайтын патологиялық рефлекстер тобына жатады. Олар қабықшалы-ядролық жолдың екі жақта зақымдалу кезінде пайда болады және ядролық өзек пен бас ми қабығының бөлшектеу кезінде дәлелдейді.

Бұл рефлекстер енді туылғандарға ғана тән, себебі, олардың қабық пен қабықты ядролы жолдары әлі толығымен қалыптасқан жок. Баланың дамуы мөлшері бойынша ауыз автоматизм рефлекстері бас миының қабықшасымен тежеледі және ОЖЖ патологиясында ғана көрсетіліп, беймәлім жағдайда болады. Мысалы, олар ішкі капсула облысында энцефаломаляция ошағымен бас ми буынының атеросклероз ауыруымен ауратын науқастарға немесе амиотрофикалық бүйір склерозымен ауратын науқастрға тән.

Хоботков рефлексі – жоғарғы немесе төменгі ерінді балғамен жеңіл ұрған кездегі, ерінді алға қарай созып ауыз бұлшық етінің айнала қысқаруы.

Назо-лабиальды рефлекс – ерінді алға қарай созғанда, мұрынның арқасын балғамен ұрған жағдайда ерін бұлшық етінің қысқаруы. Сору рефлекс – олардың жеңіл сызықты тітіркені кезіндегі сору қимылы.

Маринеску-Радовичтің Алақанды - иек рефлексі – бас бармақтың жоғарылау аймағында терінің сызықты тітіркену кезіндегі иек бұлшық етінің қысқаруы.

Ерекше диагностикалық құндылықты патологиялық табан рефлекстері алады. Жауапты реакция формаларына байланысты оларды жазылған және бүктелген деп ажыратады.

Жазылған табан рефлекстері

Бабинскийдің белгісі – желпеуіш тәрізді айырылыс пен қалған саусақтарының бүгілуі кезінде, оны балғаның сабына табанның тітіркену жауабы ретінде табанның бас бармағының жазылуы (2 – 2,5 лет жасқа дейінгі балаларда - физиологиялық рефлекс) (сурет. 4.12.).

Оппенгейм белгісі – науқастын жіліншігінің жоғарысынан төменге қарай екі саусақты басып жүргізгенде табанның бас бармағының жазылуы мен басқа саусақтардың желпеуіш тәрізді айрылысы.

Гордон белгісі –сіңірдің артқы жоғарғы бетіндегі бұлшық етті сығу кезінде табанның бас бармағының жазылуы мен басқа саусақтардың желпеуіш тәрізді айрылысы.

Шеффер белгісі – ахиллов сіңірінің қысып сығылған кезде табанның бас бармағының жазылуы.

Бүгілген табан рефлекстері

Россолимоның төменгі белгісі – науқастың саусақтарының тырнақ бөлігінде тез және қысқа соққылардың жауабына табан саусақтарының бүгілуі (сурет. 4.13.).

Бехтерев-Мендельдің төменгі белгісі – 3-4-ші табан сүйектерінің облысында оның сыртқы бетіне балғамен соққандағы жауабы табан саусақтарының бүгілуі.

Жуковтың төменгі белгісі – табанның жоғарғы бөлігіндегі қабатын балғамен ұрғандағы жауабы ретінде табан саусақтарының ұлтандық бүгілуі.

Жоғарғы аяқ-қолда патологиялық бүгілген рефлекстер.

Россолимоның жоғарғы белгісі – қол буыны саусақтарының ақырғы бөлігінің алақанды үстіңгі жағының дәрігердің қолымен тез соққандағы жауап беру жағдайында, қол буынының саусақтарының бүгілуі (көбіне 1-ші саусақ).

Якобсон-Ласктың белгілері – сәулелі сүйектің ұзын, жіңішке төменге қарай бағытталған бөлшегінің балғамен соққандағы жауабына қол буыныны саусақтарының алақанды бүгілуі.

Жуковтың жоғарғы белгісі – 3-5 алақан сүйегінің облысында алақанды жоғарға қабатында оны балғамен соққанда қол буынының саусақтардың бүгілуі.

Патологиялық рефлекстерге, жұлынның көлденең зақымдалуы кезінде пайда болатын қорғаныс рефлекстері де жатады. Жаны кеткен аяқ-қол бұлшық еттерінің еріксіз, сергітетін қысқарылуы нәтижесінде пайда болады. Сонымен, жаны кеткен аяқ-қолдың саны немесе сирағы, табанның тітіркену жағдайында жіліншік пен табанның буыны, тізе және жамбас пен сан буындары еріксіз бүгіледі. Егерде аяқ шамалап алғанда бүгіліп тұрса, онда оның көрсетілген буындарда жазылуы мүмкін. Қорғаныс рефлекстері бір шымшым, сызықты тітіркенумен, ыстық немесе суық заттың тиіп кетуінен пайда болады. Жаны кеткен аяқ-қолдың қандай да бір буынында пассивті қимылмен пай болуына болады. Қорғаныс рефлекстің мысалы ретінде Мари-Фуа-Бехтеревтың белгісін айтуға болады, оның мысалы табан саусақтарының тез пассивті ұлтандық бүгілуіне жауабы ретінде тізе мен жамбас, сан буындарында аяқтың еріксіз бүгілуі болып табылады.

Синкинезия - белсенді қимылдардың орындалуын көрсететін, келісілген қимылдардың пайда болуын атайды. Олар физиологиялық (жүрген кездегі қоды самғап жүру) және патологиялық. Соңғылардың ішінен глобальды, координаторлы және еліктеуіш болып бөлінеді.

Патологиялық синкинезия – сау аяқ-қолдың кезінде қандай да бір қимылды жасағанда пайда болатын, жаны кеткен жақтың еріксіз қимылы (қол буынын жұдырыққа қысу, қолын жоғары қарай көтеру және т.б.) Сонымен қатар, жаны кеткен қол шынатақ буынында бүгіліп және кеудеге келеді, білек артқа қарап тұрады, қол буыны бүгіледі, ал аяқ бүктеліп орта сызыққа дейін келеді.

Үйлестіргіш синкинезия – паретикалық аяқ-қолдың қандайда бір қимылын жасау әрекетінде еріксіз басқа қимыл пайда болады. Сонымен екі қолды алға қарай созу паретикалық аяқ-қол саусақтарын бүктеуге әкеледі. Сирақты бүгу әрекетінде, тізе буынын қолымен қысып тұрған дәрігердің қарсылығына қарамастан, табан пен паретикалық аяқтың бас бармағы еріксіз бүгіледі.

Еліктеу синкинезия – сау кезіндегі жасалынатын қимылдар паретикалық аяқ-қолда да еріксіз қимылдың қайталануы. Қолды алға созу мен сау қолдың пронациясы кезінде пайда болатын, паретикалық қолда еріксіз қимылдар. Сау аяқты бөліп беру мен салуда кезінде дәрігердің қарсылығын жеңген уақытта осындай жаны кеткен аяқта еріксіз қимылдар пайда болады.

Контрактуралар буында қимылдың шектеуі пайда болатын, бұлшық еттің күшті сергітетін күш салуымен сипаталады. Контрактуралар тағы да бүгілу, бүгілмейтін, проноторлы; оқшаулануы бойынша - табан, қолдың буынының контрактурасы, моно-, пара-, три- и квадриплегикалық; көрсету әрекеті бойынша – күшті және периодты сергітетін түйілу түрінде тұрақты емес, пайда болу мерзімі бойынша патологиялық процесстің дамуынан кейін - ерте және кешкі, ауру байланысы бойынша – қорғаныс рефлекторлы, анталгиялық, жүйке жүйесінің түрлі бөліктерінің зақымдалуы бойынша – пирамидалық, экстрапирамидалық, спинальды. Кешкі гемиплегикалық контрактура (Вернике-Манның тұрысы): иықтың кеудеге, қол буынының бүгілуі, сан мен сирақтың жазылуы және табанның ұлтандық бүгілуі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]