Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-денгей 300.docx
Скачиваний:
9
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
577 Кб
Скачать
☆

232.Экстрапирамидалық жүйе туралы түсінік

Құрылымдық-қызметтік ұйымдастырылуы жағынан алғанда «экстрапирамидалық жүйе» термині пирамидалық жолдардан тыс орналасқан, бас миының қыртысастылық және бағандық түзілімдерін білдіреді. Олардың моторлы өткізгіш жолдары сопақша ми пирамидалары арқылы өтпейді. Экстрапирамидтік жүйе мына құрылымдардан тұрады.

Ми қыртыс асты түйіндері – құйрықты ядро сыртықы қауыз, бозғылт шар және жасымық тәрізді ядро.

Көру төмпешігі – экстрапирамидтік реттеу процесінде көрі төмпешігі вентролатеральдық сыртқы және алдыңғы ішкі ядроларлың маңызы өте зор.

Люис денесі – ми сирақшасы мен қара заттың сыртына жанасып, көру төмпешігінің вентральдық сыртқы ядросының астында орналасқан.

Қызыл ядро – орталық мидың қақпағында орналасқан.

Қара зат – орталық мидың табаны мен қақпағының аралығында орналасқан миелині мол клеткалардың жиынтығы.

233. Экстрапирамидалық жүйенің қызметтері

Экстрапирамидалық жүйе өз қызметін көптеген жолдар арқылы жүзеге асырады: қыртыс-көпір-мишықтық, үлкен ми қыртысын жолақты денемен, қызыл ядромен, қара затпен, торлы формациямен және ортаңғы ми төбесінің кейбір ядроларымен байланыстырады. Осы жерден қосымша нейрондар жүйесі арқылы жүйкелік импульстер төбе-қызылядро-жұлындық жолдар бойынша, торлы-кіреберіс-жұлындық және басқа жолдар бойынша жұлынның алдыңғы мүйіздерінің мотонейрондарына беріледі. Бұл жолдар бойынша экстрапирамидалық жүйе жұлындық қозғалыстық қызметке әсер етеді.

Үлкен ми қыртысында, жолақ дене ядроларында, ми бағанында басталатын эфференттік жүйкелік жолдармен мишық қозғалыстарды координациялайды және бұлшықеттер тонусын реттейді. Сол арқылы еркін қозғалыстардың функциональдық жағдайын сапалы жоғары деңгейге көтеріп, сол арқылы еркін қозғалыстарды орындауды дайын және икемді етеді. Бұл ілімдер қозғалыс актілерінің орындалуында, бұлшыұет тонусын ұстап тұру мен үлестіруінде, еркін автоматтандырылған қозғалыстарды (қалып, мимика, ым) реттеуде маңызды орынға ие болып, олардың аяқталуын қамтамасыз етеді. Құйрықты ядро, жамылғы және бозғылт шар афференттік байланыстарының көп бөлігін қыртыстан (әсіресе оның алдыңғы бөлімдері мен моторлы соматосенсорлық аймақтарынан) алады.Бұл түзілімдердің екінші маңызды афферентация көзі таламустан, соның ішінде арнайы емес жастықшаішінен және орталық ядролардан келетін байланыстар болып абылады. Стриопаллидумның афференттік байланыстарының көзі ортаңғы ми да болып табылады, ең алдымен қара заты.Қара заттан ерекше көп талшықтыр құйрықты ядроға келеді, ал нигростриарлы дофаминергиялық жол үлкен қызметтік мәеге ие. Анатомиялық және электрофизиологиялық әдістер арқылы стриопаллидуммен бадамша тәрізді дененің, торлы формацияның, мишық пен мидың басқа да құрылымдарының арасында афференттік байланыстар бар екендігі анықталған.

Экстрапирамидалық жүйенің қызметтері төмендегідей

  1. Еркін қозғалыстарды жүзеге асыру және коррекциялау: күрделі автоматтандырылған (жүгіру, секіру және т.б.),стереотир бойынша үйренген (музыкалық аспаптарда ойнау);

  2. Қозғалыс кезінде бұлшықет тонусын сүйемелдеу мен үлестіру;

  3. Сегментерлы аппаратты әрекетке әрдайым дайындықта ұстап тұру;

  4. Бағдарлық және қорғаныс сипатындағы спонтанды қозғалыс актілерін жүзеге асыру (старт-рефлекстер);

  5. Ерекше мимикалық қимылдарға қатысуы (эмоциялардың мимикалық көріністері);

  6. Қозғалысқа қозудың пайда болуы, стратегиялық әрекеттерді жоспарлау, қозғалыс бағдарламасын таңдау, осы сәтке тиімді қозғалысты түзу мен жүзеге асыру.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]