Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-денгей 300.docx
Скачиваний:
9
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
577 Кб
Скачать
☆
  1. Экстрапирамидалық жүйенің қызметтері?

1. Еркін қозғалыстарды жүзеге асыру және коррекциялау: күрделі автоматтандырылған (жүгіру, секіру және т.б.),стереотир бойынша үйренген (музыкалық аспаптарда ойнау);

2. Қозғалыс кезінде бұлшықет тонусын сүйемелдеу мен үлестіру;

3. Сегментарлы аппаратты әрекетке әрдайым дайындықта ұстап тұру;

4. Бағдарлық және қорғаныс сипатындағы спонтанды қозғалыс актілерін жүзеге асыру (старт-рефлекстер);

5. Ерекше мимикалық қимылдарға қатысуы (эмоциялардың мимикалық көріністері);

6. Қозғалысқа қозудың пайда болуы, стратегиялық әрекеттерді жоспарлау, қозғалыс бағдарламасын таңдау, осы сәтке тиімді қозғалысты түзу мен жүзеге асыру.

  1. Экстрапирамидалық жүйеге жататын анатомо-физиологиялық құрылымдар.

Әрбір ерікті қимылдарға ми қыртысы жұлынның алдыңғы мүйізімен байланыстыратын пирамида шоғырымен қатар, экстрапирамида ядролары мен шоғырлары да қатысады. Экстрапирамида ядролары мен шоғырлары жұлынның алдыңғы мүйізіне тікелей жалғаспай оған орталық нерв жүйесінің әр түрлі деңгейлері арқылы жетеді.

Экстрапирамидтік жүйе негізінен мына төмендегі құрылымдардан тұрады:

1. Ми қыртысы асты түйіндері — құйрықты ядро (nucleus caudatus), сыртқы қауыз (putamen) және бозғылт шар (glodus pallidus), жасымық тәрізді ядро (nucleus lenticularis). Сыртқы қауыз құйрықты ядромен бірігіп, белдеулі дене (corpus striftum) құрастырады.

2. Көру төмпешігі (thalamus opticus) - аралық мидың негізгі (көптеген деңгейіне) бөлігіне орналасқан көлемді сұр зат жиынтығы. Экстрапирамидтік реттеу процесінде көру төмпешігі вентролатеральдық сыртқы және алдыңғы ішкі (вентральды) ядроларының маңызы өте зор.

3. Люис денвсі немесе субталамикалық ядро ми сирақшасы мен қара заттың сыртына жанасып, көру төмпешігінің вентральдық сыртқы ядросының астына орналасқан.

4. Қызыя ядро орталық мидың қақпағында (үстіңгі қабатында). Ол ірі және ұсақ клеткалы ядроларға бөлінеді. Адамда қызыл ядро көбіне ұсақ клеткалы болып келеді.

5. Қара зат (sudstantia nigra) - орталык мидың табаны мен қақпа-ғының аралңғына орналасқан миелині мол нерв клеткаларының жиынтығы.Бұл клетка қасиеті жағынан адреналин мен нороадре-налинге ұқсас медиатор-дофаминді өндіреді. Дофамин қара зат клеткаларының тармақтары арқылы боз шарға, қауызға және құйрықты ядроға жетіп, олардың қызметінің белсенділігін арттырады.

Экстрапирамидтік жүйе құрамына гипоталамус ядролары, мишық, вестибулярлық (кіреберістік) ядролар, төменгі олива, торлы формация және ми қыртысындағы премотор аймағы (6 алаң) да кіреді.

207. Экстрапирамидалық жүйенің негізгі бөлімдері мен оның функционалдық жағдайына әсер ететін і нейротрансмиттік жүйелер.

Филогенез, гистологиялық құрылымы мен қызметтік біртектілігі ұқсастығы құйрықты ядро, латеральды және медиальды қабық пене бозғылт шарды бір жүйеге – жолақ денеге, стриярлы жүйеге (striatum) біріктіруге негіз болады. Қара затты, қызыл ядроларды, таламусастылық ядроларды паллидарлы жүйеге немесе, паллидумға (pallidum) біріктіреді. Ол филогенездік тұрғыдан алғанда анағұрлым ескі құрылымы болып табылады.

Стриопаллидарлы жүйе қозғалыс автоматизмдерінің маңызды морфофункциональды аппараты болып табылады. Олар көптеген байланыстарды қолдану арқылы жоғарғы қыртыстық орталықтармен жүзеге асырылады: стриапаллидарлы жүйе түзілімдерін өзара байланыстыратын жолдар; стриапаллидарлы жүйені соңғы қозғалтушы жол мен бұлшықетпен байланыстыратын жолдар; экстрапирамидалық жүйенің әртүрлі бөлімдерінің үлкен ми жартышарларының қыртысымен және «сезімталдық коллекторының» (таламус, мишық, торлы формация және т.б.) афференттік жолдарымен байланысы. «Сезімталдық коллекторының» афференттік жолдары эфференттік жолдармен бірге кері байланыс сақинасын түзіп, барлық афференттік және қозғалыс жүйелерін біріктіреді.

Экстрапирамидалық жүйенің функционалдық жағдайы әртүрлі нейротрансмиттік жүйелердің күрделі әсерімен сүйемелденеді: глутаматергиялық, дофаминергиялық, норадренергиялық, серотонинергиялық, холинергиялық, ГАМКергиялық және басқа да бірқатар нейромедиаторлар. Қара субстанцияның пигментті жасушалары дофаминді өндіреді. Ол құйрықты ядро мен жамылғының нейрондарына әсер етеді. Жолақ дененің ірі жасушалары ацетилхолинді синтездейді. Бозғылт шарды көру төмпешігімен қосатын нейрондар синапстарында γ-аминомайлы қышқылы (ГАМК) бөлінеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]