Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-денгей 300.docx
Скачиваний:
9
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
577 Кб
Скачать
☆
  1. Жұлынның ишемиялық инсультінің емі.

Жұлынның ишемиялық инсультінің емі бірнеше бағытта жүзеге асырылады. Олардың біріншісі коллатералдарды қосу мен қан ағысының көлемдік жылдамдығын арттыру арқылы жүлын қан айналысын жақсартуды (реттеуді) көздейді. Ол үшін қан тамырларын кеңітетін, жүрек-тамыр қызметін жақсартатын және зәр ағызатын препараттар, антиагреганттар, антиоксиданттар тағайындалады.

Екіншіден, емдік шаралар окклюзиялық үрдісті жоюға арналған. Тромбоэмболия болған жағдайда антикоагулянтар (гепарин, фенилин) тағайындалады. Олардың аз мөлшері тромбаны пайда болдырмау үшін қолданылады.

Жұлын қан тамырларының қысылуынан болатын синдромдарды емдеу үшін оған себепші кедергілерді жою керек. Дискогендік компрессия бар сырқаттарға ортопедиялық әдістер (тығыздалған төсек, омыртқа желісін созу, корсет, омыртқа бойындағы бұлшық еттерді уқалау, емдік гимнастика), физиотерапевтік шаралар қолданылады.

Консервативтік емдеу шараларынан нәтиже болмаған жағдайда хирургиялық емдеу мүмкіндігі қарастырылады. Операцияның әдістері мен көлемі әр науқаста жеке нейрохирургтың қатысуымен шешіледі. Аорта зақымдануына (коарактация, аневризма) байланысты ерекше тактика ұсталынады. Ол мәселе ангаохирургтың қатысуымен жүзеге асады.

Барлық науқастарға, оның ішінде операция жасалғаннан кейін де, ноотроптар, витаминдер, иодталған дәрі-дәрмектер, биостимуляторлар (алоэ, шыны тәрізді дене, лидаза, т.б.) тағайындалады.

Жұлын инфарктісінің ақыры (ақыргы шегі) оның пайда болуының себептері мен емдеу әдістеріне байланысты. Науқастардың жартысынан көбінде емдік шаралар сәтті аяқталады. Қатерлі ісіктен, аортаның ажырататын гематомасынан болатын жұлындық инсульт, оған қабаттасқан аурулар, инфаркт және уросепсис түріндегі асқынулар өліммен аяқталады

  1. Жұлынның геморрагиялық инсульті

Жұлынға қан құйылу жұлындық инфарктен әлдеқайда сирек кездеседі. Оған омыртқа жарақаттануы немесе тамыр мальформациясы және қан аурулары себеп болады. Әдетте жұлынның сұр заты, әсіресе артқы, сирегірек алдыңғы мүйіздері зақымданады.

Аурудың өте шұғыл кезеңінде жұлынның көлденеңінен зақымдану сиңдромы пайда болуы мүмкін. Әрі қарай жұлынның сегменттік зақымдану белгілері (сирингомиялық синдром) мен зақымданған деңгейде бұлшық еттердің босаң парезі, кейде дененің төменгі бөлігінде пирамидтық жетіспеушіліктер анықталады. Люмбалдық пункция ми-жұлын сұйығына қан араласқандығын көрсетеді.

Жұлындағы қан тамырлар жүйесінің аномалиясына (ангиоматоз, веналардың варикоздық ұлғаюы) байланысты жұлындык, деңгейдегі қабық асты қан құйылулар болуы ықтимал. Мүндай жағдайда ми-жүлын сұйығында қан араласу айқын білінеді.

Жедел гастомиелияны емдеу шаралары миға қан құйылуды емдеуден өзгеше емес, зәр шығару қызметін әр уақытта мұқият қадағалау мен ойық жараларды болдырмау шараларын іске асырған жөн. Жарақаттан болған гематомиелияны емдеу үшін хирургиялық әдістер (ламин-эктомия, гематомаларды алыптастау) қолданылады.

  1. Жұлын қан айналысының созылмалы жетіспеушілігі

Жұлынның созылмалы ишемиясы ақырын үдейтін жұлындық симптоматика (тамырлық миелопатия, дисциркуляторлық миелопатия) арқылы байқалады. Ол көбінесе аорта мен оның тармақтарының атеросклероздық зақымдануынан пайда болады.

Жұлын қан айналысының созылмалы жетіспеушілігі алғашқыда өткінші түрінде байқалады да, соңынан жұлын құрылымдарының тұрақты және үдемелі зақымдану белгілері арқылы білінеді. Кейде ол ишемиялық жұлын инсультінен біраз уақыт өткеннен кейін байқалады.

Клиникасы гиперестезия мен жамбас қуысы ағзаларының функциясы бұзылуымен қабаттас болатын аралас пара- немесе тетрапарез-бен сипатталады.

Емдік шаралардың дисциркуляторлық энцефалопатияны емдеу принциптерінен айырмашылығы жоқ.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]