Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-денгей 300.docx
Скачиваний:
9
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
577 Кб
Скачать
☆

87.Нейробруцеллез клиникасы, диагностикасы.

Нейробруцеллезді нерв жүйесінің өзіндік жекеленген зақымдануы ретінде қарастыруға болмайды. Өйткені осы ауруда байқалатын неврологиялық белгілер организмнің жалпы бруцеллездік зақымдануына тән. "Нейробруцеллез" термині бруцеллезден нерв жүйесі зақымдануының барлық түрлерін біріктіреді.

Нейробруцеллездің жалпы қабылданған жіктемесі жоқ. Соңғы кездерде көптеген клиницистер Н. И. Рогоза мен А. С. Пенцик ұсынған бруцеллездің кезеңдік дамуын ескеретін жіктемені мақұлдайды.

Н.И. Рогоза мен А.С. Пенцик ұсынған жіктеме бойынша нейробруцеллездің төрт даму кезендері немесе фазалары ажыратылады.

1. Инкубациялық кезең немесе алғашқы латенттік (жасырын) бруцеллез. Бұл кезенде вегетативті-тамырлық дисфункциямен үйлесетін астеноневротикалық бұзылымдар басым байқалады. Ол 15-тен 45 күнге дейін созылады.

2. Шұғыл сепсистік немесе инфекциялық кең таралу фазасы ретикуло-эндотелиялық жүйе (РЭЖ) ағзаларындағы едәуір өзгерістермен (лимфатикалық түйіндердің, көк бауырдың және бауырдың үлкеюі), дене қызуының көтерілуі, ағыл-тегіл терлеу, арықтау, т.б.-симптомдар арқылы сипатталады. Оларға неврит және невралгия (жиірек шоңданай және есту нервтері), айқын білінетін вегетативтік. бұзылымды полиневриттер түрінде белгі беретін шеткі нерв жүйесі зақымдану симптомдары қосылады.

3. Ұзаққа созылатын, созылыңқы немесе созылмалы фаза. Бұл кезеңде нерв жүйесінің ошақтық зақымдану (менингиг, менингомиелит, менинкоэнцефалит, арахноидит, энцефаломиелит, субарахноидалдық және паренхиматоздық геморрагия) симптомдары пайда болады. Патологиялық үрдіс бұл фазаға біртіндеп ауысады,

4. Екінші латенттік фаза немесе екіншілік созылмалы бруцеллез. Оған жиірек шашыранды ошақтық белгілер мен вазомоторлы-церебралдық бұзылымдар арқылы білінетін нерв жүйесі зақымдануының соңғы құбылыстары тән.

Екінші және үшінші фазалар декомпенсациялық, ал төртіншісінде -толық немесе жартылай компенсация жағдайларын сипаттайды.

Нейробруцеллез әдетте ұзаққа созылып, ұдайы дамумен өтеді. Онда болатын симптомдар тұрақсыз, бірі жойылса, екіншісі пайда бола берсді, тітіркену мен бүліну симптомдары әр қилы болады,

Аурудың әр кезеңдеріне байқалатын бруцеллезге тән вариантарды қарастырайық

88. Нейробруцеллез кезінде шеткі нерв жүйесі мен жұлын зақымдануы.

1. Жекелеген қол-аяқ және бас-сүйек-ми нервтерінің невралигиялары мен невриттері.

Шонданай нерві бәрінен жиі зақымданады, бас сүйек-ми невртерінің ішінде есту нерві әлдеқайда жиі зардап шегеді. Басқа нервтер біршама сирек зақымданады.

2. Радикулоалгиялар ауырсыну түрінде білініп, біртіндеп, ауру басталғаннан бірнеше апта немесе айлар өткенде, дамиды.

3. Радикулиттер. Бұлардың арасында ең жиі кездесетіні - субфебрильдік температурамен. қосарланатын бел-сегізкөз радикулиті. Ауырсыну дене қызуы көтерілген кезде күшейіп, бір аяққа, сирегірек екі аяққа таралады.

Аурудың алғашқы кезеңінде тітіркену симптомдары басым, оларға кейінірек қимыл, сезімділік және рефлекстік функциялардың бұзылымы қосылады. Сонымен қатар шүйде бұлшық еттерінің семіп қалуымен өтетін мойын радикулиті де кездеседі.

4. Полирадикулоневриттер, полирадикулиттер, полиомиелиттер.

Нейробруцеллездің бұл түрлері ылғи да симметриялы бола бермейді. Оларға әр алуан вегетативті-қан тамырлық бұзылымдар (көгілдірлену, қол-аяқ мұздау, қол-аяқтың төменгі жақтарындағы терлегіштік, кейде ісінулер мен артропатиялар) тән. Ландридің жоғары бағытталған салдану синдромы болатындығы да белгілі.

Ми-жұлын сұйығы өзгеруімен (белоктың көбеюі, плеоцитоз) білінетін ми қабықтары зақымдануымен қабаттас нерв түбіршектері зақымдану белгілері де жиі кездеседі. Менингополирадикулоневриттер ауру басталғаннан бірнеше айдан бірнеше жылға дейінгі аралықта дамиды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]