Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-денгей 300.docx
Скачиваний:
9
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
577 Кб
Скачать
☆

122. Сенсорлық (акустико-гностикалық) афазия және амнестикалық афазия.

Сенсорлық (акустико-гностикалық) афазия – сөйлеудің ауызша немесе жазбаша түрін түсіну қабілетінің бұзылысы (алексия). Жоғарғы самайлық қатпардың артқы бөлігінде орналасқан, Верник орталығының зақымдануы кезінде пайда болады. Сенсорлық афазияның негізінде фонеметикалық естудің бұзылысы жатады. Фонема – тіл бірлігі болып табылады, оның көмегімен сөздер ерекшеленеді. Науқас таныс сөзді түсіну қабілетін жоғалтады, оны түсініксіз дыбыстар жиынтығы ретінде қабылдайды. Ол сұрақтарды, тапсырмаларды түсінбейді, «ба-па», «та-да», «са-за» тіркестерін қайталай алмайды. Өйткені корреляциялаушы фонемалар арасындағы айырмашылықтарды қабылдай алмайды, сөздегі дыбыстарды айта алмайды. Өз сөзін түйсігу қабілетін жоғалтуға байланысты науқас сөздегі әріптерді алмастырып алады (литеральды парафазия). Мысалы, «голый пол» сөзінің орнына, науқас «полый гол» деп айтады. Басқа жағдайларда науқас бір сөздердің орнына басқа сөздерді айтады (вербальды парафазия). Сенсорлық афазиясы бар науқастар өз кемістігін мойындамайды, айналасындағыларға өзін түсінбегені үшін ренжиді. Олар көбіне өзінің сөйлеу кемістігін сөйлеу өнімінің көптігімен (көп сөйлеумен) компенсаациялауға тырысады (логорея).

Амнестикалық афазия – төбе және самай үлестерінің артқы бөлімдерінің, бұрыштық қатпардың зақымдануы кезінде пайда болады. Науқаста өзі жақсы білетін заттарды дұрыс атау қабілеті бұзылады, сөздерді таңдау қиындайды (әсіресе зат есімдерді). «Ұмытылған» сөз, егер бірінші буын аталса көбіне есіне түседі. Амнестикалық афазия көбіне көрудің бұзылысымен бірге жүреді. Осылайша науқас заттың қолданылуын жақсы түсініп, оны сипаттап беред. Қаламсапты көрсетіп, атын атап беріңіз деген өтінішке: «Бұл, жазатын зат» - деп жауап береді. Науқастың сөзінде етістікртері көп және зат есімдері аз болады. Науқастың спонтанды сөйлеуі түсініксіз, жүгірмелі, айтылған сөзді және жазуды түсінуі сақталған.

123. Амнезия туралы түсінік.

Амнезия – әртүрлі түрлерінің бұзылысы: қысқа уақыттық, ұзақ уақыттық, модальды-арнайы және модальды-арнайы емес (есте сақталынатын мәлімет түрімен байланысты және байланыссыз).

Корсаковский синдромы – болып жатқан оқиғаларды есте сақтаудың бұзылысы (фиксациялық амнезия). Бұл кезде алдын өткен оқиғалар есінде сақталады. Бірінші кезекте жаңа ақпаратты есте сақтау қабілеті бұзылады, бірақ бұл кезде жоғарғы психикалық қызметтер сақталған болуы мүмкін. Есте сақтаудың бұзылысының бұл түрін гиппокамп қызметінің, емізіктәрізді, бадамшатәрізді денелер қызметтерінің бұзылысымен байланыстырады.

Ретроградты амнезия – ауру дамығанға дейін болған оқиғаларды ұмытып қалу (мысалға, бас-ми жарақаты кезінде).

Антероградты амнезия – ауру басталғаннан кейін пайда болатын, оқиғаларды есте сақтаудың бұзылысы.

Естің жалпы бұзылыстары (қысқа уақыттық және ұзақ уақыттық есте сақтау бұзылыстарының бірлесуі) бас миының диффузды зақымдануы аясында дамиды және жоғарғы психикалық қызметтер бұзылыстарының басқа синдромдарымен бірге жүреді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]