Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-денгей 300.docx
Скачиваний:
9
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
577 Кб
Скачать
☆

98. Тепе-теңдікті тексеру әдістері

Қозғалыстардың үйлесімділігіне сынама:

Синергия Бабинский сынамасы көмегімен анықталады. Арқасымен жатқан науқастан екі қолын кеудесіне айқастырып, тұлғасын көтеріп отыруын сұраймыз. Бұл қозғалысты орындау барысында науқастың аяқтары көтеріліп кетеді. Мұнда мишығы зақымданған жағындағы аяғы биіктеу көтеріледі (асинергия – бірлескен қозғалыстардың бұзылысы).

Ожеховский сынамасы – науқас нық тұрып, өзінің алақандарымен дәрігердің алақандарына сүйенеді. Дәрігер алақандарын бірден алған жағдайда науқас бірден кеудесімен алға еңкейеді.

Ромберг сынамасы. Науқас табандарын бір-біріне жақындастырып, көзін жұмып, қолдарын алдына созады. Құртшасы зақымданған кезде науқас теңселіп, алға немесе артқа құлайды; мишықтың жартышарлары зақымданған болса, науқас зақымданған жағына құлайды. Осы сынама көмегімен статикалық атаксия анықталады. (сур. 8.8.). Баяу статикалық атаксияны анықтау үшін Ромбергтің күрделендірілген (сенсибилизирленген) сынамасы қолданылады. Науқас бір табанын екінші табанының алдына бір сызық бойымен алдымен көзін ашып, кейін жұмып тура қояды. Тұрақтылықты бағалау тура қарапайым жүрістегімен бірдей.

Мишық зақымдануы кезінде көруге бақылау жасау атаксия айқындылығында маңызы аз, ал сенситивті және вестибулярлы атаксияларда маңызды болып келеді.

Диадохокинезге сынама. Науқас екі қолын созып, жылдам білектерімен пронация және супинациялау қимылдарын жасауы қажет. Мишық жартышарлары зақымданғанда зақымданған жағында бұл қозғалыстардың кезектігі баяулайды (адиадохокинез).

Жүрісті тексеру. Науқас бөлме ішінде бір сызық бойымен көзін ашып, одан кейін жұмып алға-артқа, көлденең (фалангалық жүріс) жүреді. Мишық зақымдануы кезінде екі аяғының арасын ашып, сақтанып, теңселіп жүреді («мас адамның жүрісі»). Мишық жартышарларының зақымдануы кезінде науқас теңселіп, зақымданған жағына қарай қисаяды.

99 Бас миының қыртысты функциялардың бұзылыстары

Жоғарғы милық/психикалық қызметтерге сөйлеу (оқу мен жазуды қамтығанда), гнозис (тану мен ажырату), праксис (күрделі мақсатты бағытталған қимылдар), назар, ес және интеллект жатады.Жоғарғы психикалық қызметтер туа пайда болмағандықтан, адамда жалпы мәдени және тілдік әлеуметтік ортасының әсерінен, жеке өмірлік тәжірибесі негізінде қалыптасады және де ұлттық-арнайы ерекшеліктері болады. Жоғарғы психикалық қызметтердің жағдайын бағалау кезінде тексерілушінің жасын, оның білімін және орындайтын әлеуметтік қызметтерін міндетті түрде есепке алуы қажет. Сонымен қатар адамға тән жоғары дамыған жартышар орталықтарының латерализациясын (мидың функционалдық асимметриясын) есепке алуы керек. Осы көзқарастан оңақайларда сол (доминантты) жартышар абстрактілі ойлау мен сөйлеу, және логикалық, аналитикалық қызметтермен байланысты. Доминантты жартышар анағұрлым күрделі қимылдардың қалыптасуы мен уақытша арақатынастардың бағалануына қатысады. Оң (субдоминантты) жартышар оңақайларда нақты ойлаумен, жалпы, көру және кеңістіктік түйсіктермен байланысты. Субдоминантты жартышар эмоционалдық реакцияларлы, сөйлеу интонацияларын түйсігу, сөздік емес тітіркендіргіштерді қабылдау мен дифференциялау(соның ішінде музыканы) қабілетін қамтамасыз етеді. Ми жартышарларының және онымен байланысты қызметтердің функционалдық асимметриясы олардың зақымдануы кезінде пайда болатын әртүрлі клиникалық синдромдардың пайда болуына негіз болады. Олардың ішіндегі ең маңыздылары агнозия, апраксия, афазия және амнезия болып табылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]