Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-денгей 300.docx
Скачиваний:
9
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
577 Кб
Скачать
☆

II. Жұлын мен оның қабықтарының зақымдануы.

1. Ауру басталғаннан бірнеше айдан 2—3 жыл өткенге дейін пайда болатын менингомиелиттер.

Алғашқы миелиттер шұғыл сепсистік фазада дамып, қарқынды түрде ойықты жаралар пайда болуы мен дене қызуы көтерілуі жағдайыңда етеді. Кешеуілдеген миелитгер созылмалы фазада байқалады, кейде қайталаулар болады да, баяу өтеді. Жұлынның кеуде бөлігінде қимыл бұзылыстары басым білінетін көлденең миелиттер жиі кездеседі. Ми-жұлын сұйығында белок 60 %-ға дейін көбейетіндігі, лимфоциттер басым плеоцитоз, кейде ксантохромия байқалады.

Аурудың кешеуілдеген кезендерінде миелит белгілері менингеалдық симптомдарсыз да дами береді. Мұндай жағдайларда ми-жұлын сұйығында өзгерістер болмайды немесе олар аса білінбейді.

2. Жұлындық арахноидиттер жұлын ісігі дамуына ұқсайды (псевдотумор).

3. Жұлын және оның қабықтары мен түбіршіктері біріге зақымданатын менингомиелорадикулиттер.

89. Нейробруцеллез кезінде ми мен оның қабықтарының зақымдануы.

1. Менингиттер бас ауыру, бас айналу және менингеалдық симптомдармен клиникалық көрініс береді, кейде менингеальдық симптомдар онша айқын білінбейді. Кейде көз қарашығының жарыққа реакциясы сылбыр білінеді. Көз түбіндегі өзгерістер көру нерві үрпісінің іркілуі немесе семуі түрінде жиі байқалады. Ми-жұлын сұйығында аздаған лимфоциттері бар плеоцитоз, жиірек ксантохромия көрініс береді. Ауру қайталанып, кейде тор қабық асты кеңістігіне қан құйылуымен өтеді.

2. Менингоэнцефалиттер. Аурудене қызуы 40°-қа дейін көтерілуі, қалтырау және жалпы милық (қатты бас ауыру, талма тәрізді бас айналу, лоқсу, құсу) пайда болуымен шұғыл басталады. Алғашқы күндері ми және оның қабықтарының зақымдану симптомдары көріне бастайды.Ми-жұлын сұйығына плеоцитоз, белоктың көбеюі, нейробруцеллездің басқа түрлеріне қарағанда, ксантохромия анығырақ білінеді. Ликвор қысымы жоғары.

3. Энцефалиттер аурудың созылмалы кезеңіңде кездеседі де, қайталама ағыммен өтеді. Клиникалық көріністерінде гемипарез, атаксия, бұлбарлық салдану, саңыраулық, т.б. симптомдар білінеді. Көз түбіңдегі өзгерістер көру нерві үрпісінің іркілуі мен невриті түрінде байқалады.

4. Менингоэнцефаломиелиттер мен менингомиелополирадикуло-невриттер шашыранды энцефалополирадикулоневритің менингеалдық симптомдармен үйлескен нейробруцеллездің әр түрінің белгілері араласуы арқылы байқалады. Әдетте бруцеллездің созылмалы кезеңіңде, көбінесе оның асқынуына байланысты дамиды.

IV. Орталық нерв жүйесі қан тамырларының зақымдануы. Нейробруцеллездің бұл түрінде бірнеше клиникалық варианттар ажыратылады.

1. Мидағы вазомоторлық бұзылыстар қолда, сирегірек аяқта өткінші, бір жақты парестезиялар, кейде тез өтетін гемипарездермен, афазиямен, локалдық немесе жалпы құрысу ұстамаларымен, мигреньге ұқсас бас ауыру ұстамаларымен сипатталады. Бұл өзгерістер бруцеллездің кешеуілдеген кезеңдерінде байқалады.

2. Тор қабық асты кеңістігіне қан кұйылу дене қызуы көтерілуімен басталып, баяу етеді. Әдетте бруцеллездің созылыңқы немесе созылмалы кезеңдерінде, әсіресе олардың асқынуы немесе қайталануы кезінде пайда болады.

Тор қабық асты кеңістігіне қан құйылу өздігінен немесе нейробруцеллездің басқа түрлерімен қосарлана (мысалы, бруцеллездік менингитпен немесе менингоэнцефалитпен) дамуы мүмкін.

3. Мига қан кұйылу негізінен бруцеллездік менингоэнцефалит кезінде пайда болады. Олар сирек кездеседі. Аллергиялық васкулит типінде өтетін ми қан тамырларының таралымды зақымдануы да белгілі.

4. Психоздар. Психикалық бұзылыстар аурудың кез келген кезеңінде пайда болуы мүмкін. Кейде оның басталу кезеңіне сәйкес көру және есту елестері, сандырақ, жайбарақаттық, психомоторлық қозу, т.б. симптомдар байқалады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]