Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-денгей 300.docx
Скачиваний:
9
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
577 Кб
Скачать
☆
  1. Атеросклероздық энцефалопатияның екінші және үшінші кезеңіндегі клиникалық көрңініс.

Екінші (айқын білінетін) кезеңінде науқастар тіпті аса күрделі емес үйреншікті іс-әрекеттерді орындау кезінде тез шаршап, одан ұзақ уақыт бойы айыға алмайды. Олардың қалаулары мен мұқтаждықтары азайып, жадында сақтау қабілеті төмендей береді. Науқастар енжар бола бастайды, күнделікті оқиғаларға назар аудармайды, көбінесе ашуланшақ, өкпешіл, кейде эгоцентрлі (дүние кілті өз қолында тұрғандай) болады. Оларда ұмытшақтық, сөзуарлық, тәптіштеуге машықтану, ұсақ-түйекке аса көп назар аудару байқалуы мүмкін. Науқас басқа адамдармен қатынастарында өзіне ерекше көңіл аударуды қалайтындығын, "тұтқырлығын" байқатады. Күнделікті уақиғаларды есінде сақтай алмайды да, бұрын басынан кешкендерін, кейде оған конфабуляция эдементтерін (ұмытқандарын ойдан шығарумен толықтыру, оны сырқат шын болған деп қабылдайды) араластырып, баяндап береді.Нейропсихологиядыққ зерттеулер интеллектінің өзгерістерін (талдап қорыту мен абстракты ойлау қабілетінің төмендеуі, т.б.) байқауға мүмкіндік береді. Сырқаттар өзінің психикалық іс-әрекетінің кемшілігіне назар аударьш, отбасындағы, ұжымдағы және қоғамдағы орнына дұрыс баға бере алмайды. Олар өздерінің еңбектегі бұрынғы табыстарын басқалардың мойындауын талап етеді, еңбектегі қабілет, мүмкіндіктерін дұрыс бағаламайды. Егер мұндайда қарсылық кездестірсе немесе түсінбестік болса, онда өкпелеп, кейде даулы жағдайларға дейін барады.Бірінші кезеңде байқалған клиникалық белгілер айқын және тұрақты бола бастайды. Бас ауруы үнемі маза бермейді, бас айналуы, тепе-теңдік бұзылыстары, оралдық автоматизм симптомдары айқындала түсіп, анда-санда фотопсиялар пайда болады. Патологиялық рефлекстер болуы да ықтимал. Кейде сырқаттар сөздерді дұрыс айта алмайды, паркинсонизм белгілері пайда болып, асқындай береді.

Үшінші (аса айқын) кезең ми дистрофиясы белгілерінің айқындала түсуімен сипатталады. Екініш кезеңде байқалатын психологиялық және неврологиялық симптомдар айқындала түсіп, одан әрі өрши береді. Интеллектуалды-мнестикалық функцияның үдемелі бүлінуі көңіл-күйінің жылдам әрі жиі өзгеруімен, кейде тежеусіздік пен белсенділікке әуестенумен қабаттасады. Алжасу айқын білініп, жалған булбарлық синдромның белгілері (зорлана жылау, күлу) айғақтана түседі. Интеллектінің төмендеуі атеросклероздық деменция деңгейіне дейін білінуі мүмкін.Әдетте ми зақымдануының кең таралғанын (диффуздық) білдіретін көптеген патологиялық симптомдар байқалады. Аса өрескел патология (гемисиңцром, сөйлеу қабілетінің бұзылыстары, мишықтық және ми бағандық симптомдар, т.б.) белгілі ми тамырларының патологиялық үрдіске басым ұшырағандығына дәлел бола алады

  1. Атеросклероздық энцефалопатия диагнозын дәлелдеу

Атеросклероздық энцефалопатия диагнозын дәлелдеуде көз түбін тексеру, электро- және реоэнцефалография, допплерография және электрокардиография, сонымен қатар компьютерлік және магнитгі-резонанстық томография көмегімен алынған деректер аса пайдалы. Офтальмоскопиялық зерттеу нәтижесінде атеросклероздық энцефа-лопатияның бірінші кезеңіңде көз түбі артерияларының тарылуы мен веналары ирелеңдеп, біршама кеңейгені байқалады. Реоэнцефалограм-маларда реографиялық толқындар ұшының дөңгелектенуі, жоғары көтерілетін бөлігінің тік құламасы кішірейш, дикроттық тістің тегістел-гендігі көрініс береді. Кейін толқындар ұшы тығыздалады немесе олар арқа тәрізденіп, амплитудасы азаяды да, реограмманың төменгі бөлігінде дикроттық (қосымша) толқындар түгелімен жойылады. Электроэнцефалограммаларда альфа-ритмінің жалпылама төмендеуі мен орналасу ретінің бұзылуы баяу ритмдердің пайда болуы, кейін олардьщ үдеуі (дельта толқынға дейін) байқалады.Компьютерлік томография көмегімен алынған деректер қалыпты (11-сурет) жағдайлардағы көрсеткіштер немесе бірінші кезеңдегі атрофияның аздаған белгілерінен екінші кезеңдегі көбірек айқындалатын ұсақ ошақты өзгерістер, одан әрі үшінші кезенде болатын аса айқьш білінетін ми қыртысы семуі мен ми жарты шарындағы көптеген гиподенсивтік ошақты гидроцефалиялар динамикасын көрсетеді.Атеросклероздың объективтік белгілері энцефалопатияньщ клиникалық көріністерінің біліну деңгейіне сәйкес келе бермейтіндігін ескерген.КТ-да: мидың оң жақ жарты шарындағы жоғарғы маңдай өзегінің кеңеюі жөн. Неврологиялық симптоматиканың біліну деңгейі мен сырқаттардың психикалық әрекеттері арасындағы байланыстардың бұзылуы жиі кездеседі.Егер атеросклероздық энцефалопатияның бірінші кезеңінде науқастардың еңбекке жарамдылығы сақталса, екінші кезеңде төмендеуі мүмкін, оларға көбінесе мүгедектік тағайындапады. Үшінші кезеңде аурулар еңбекке жарамсыз болады да, көп жағдайда басқаның көмегін қажет етеді,Гипертониялық энцефалопатияның атеросклероздық энцефалопатиядан кейбір айырмашылығы бар. Ол айқындалған гипертониясы бар сырқаттарда, көбінесе орта жастағыларда пайда болады, Клиникасында жалпы милық симптомдар (өсіресе бас ауруы) басым болады, Соңынан бас сүйек қуысы гипертензиясы пайда больш, үдей түседі. Ми зақымдануының ошақтық симптомдары, қайталана беретін церебраддық гипертензиялық криздер де бірінен соң бірі пайда болып, сатылап үдей түседі. эмоция тұрақсыздығы, вегетативтік дистония және бас сүйек қуысы гипертензиясы айқынырақ білінеді

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]