Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-денгей 300.docx
Скачиваний:
9
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
577 Кб
Скачать
☆

61. Үшкіл нерв анатомиясы мен физиологиясы.

Үшкіл нерв сезімтал және қозғалтқыш талшықтардан тұратын аралас нерв, сезімтал талшығы басымырақ болады.

Бұл нерв бет терісінің, бастың шашты бөлігінің алдыңғы бөлігін, мұрынның және ауыз қуысының шырышты қабатын, тілді (алдыңғы 2/3), конъюктиваны, есту жолының бөлігін және есту жарғағын, тісті, бет қаңқасының сүйекшесі, мидың қатты қабығын және ортаңғы бас сүйек шұңқырын, мишықтың иннервациялайды.

Үшкіл нервісінің шығу жолы варолий көпірдің вентральді бөлігінің латеральді аймағында орналасса, ядролары ортаңғы ми дорсолатеральді бөлігінде орналасады.

Қозғалтқыш бөлік төменгі жақты қозғалысқа келтіретін бұлшықеттерді (шайнау, самай, медиальды және латеральды қанат тәрізді, жақ-тіласты), есту жарғағын жиыратын бұлшықетті иннервациялайды. Нервтің сезімтал түйіні ортаңғы ми мен варолиев көпірі шекарасында ми затына енеді, ал қозғалтқыш сезімталға алдынан және төменнен енеді.

С

Слезный нерв

езімтал жол беткей және терең перифериялық рецепторлардан басталады, сосын самай сүйегінің қатты ми қабатының пирамида беткейінің төбесінде шкіл түйінде орналасқан (gl.trigeminale, гасеров узел) орталық өсіндінің псевдоуниполярлы жасушадан (первый нейрон) басталады. Перифериялық өсінділердің псевдоуниполярлы жасушалардың үшкіл нерві үш тармақ береді: көз нерві, жоғарғы жақ нерві және төменгі жақ нерві

Үшкіл нервтің беттегі беттегі үш сезімтал тармақтың таралу аймақтары 5.19. суретте көрсетілген.

Көз нерві (n.ophthalmicus) алдыңғыжоғарғы үшкіл тйіннен шығып, жоғарғы көз саңылауынан еніп, көз қуысында үш тармаққа бөлінеді. Маңдай нерві (n.frontalis) көз нерві бағанасының жалғасы болып табылады.

Бастың төбеге дейінгі шашты бөлігін және шаш түбін иннервациялайды. Көз алмасы қуысында маңдай нерві көз асты және маңдай астылық нервтерге бөлінеді.

Жас нерві (n.lacrimalis) жас безін, көз алмасының сыртқы шырышты қабаты мен терісін және жоғарғы қабақты иннервациялайды.

Мұрынкірпіктік нерві (n.nasocilialis) мұрын қуысының шырышты қабатының алдыңғы бөлігін, көз алмасын, көздің ішкі бұрышын, конъюктиваны және көз қабын иннервациялайды. Мұрынкірпіктік нервінен көз қуысына кірпікті түйінге, көз алмасына, маңдай қойнауының шырышты қабатына және тор сүйектің алдыңғы қуысына тармақ береді.

Жоғарғы жақ нерві (n.maxillaris) үшкіл нерв түйіннен шығып, көз нервінен сыртқары кетеді. Домалақ тесік арқалы бас ми қуысынан шығып, таңдай шұңқырына барады, одан әрі көз асты өзегінен және көз асты шұңқырынан бетке шығып көптеген тармақтарға бөлінеді. Жоғарғы жақ нерві мидың қатты қабытын, ортаңғы бас сүйек шұңқырынн, самай аймағының алдыңғы терісін, бет ұшын, мұрын қанатын, астыңғы қабақты, қатты таңдайдың шырышты қабатын, мұрын қуысын, мұрын аралығын, бадамшаларды, гаймор қуысын, тор сүйек торшасын, жоғарғы иекті, жоғарғы тістерді және т.б. иннервациялайды.

Төменгі жақ нерві (n.mandibularis) үшкіл нервтің сезімтал талшықтарынан және қозғалтқыш түбірлерінен тұрады. Төменгі жақ нервтің сезімтал талшығы төменгі жақ буынын, құлақ маңы безін, құлақ қалқанының терісін, сыртқы есту жолын, есту жарғағын, төменгі тістерді, төменгі жақ терісінжәне төменгі ерінді, оның шырышты қабатын, ауыз түбінің шырышын, иекті, тілді және тіл асты безін иннервациялайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]