Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-денгей 300.docx
Скачиваний:
9
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
577 Кб
Скачать
☆

217 Понтинды (көпірлік) альтернирлеуші синдромдар

Мийяр–Гублер синдромы көпірдің төменгі бөлігі зақымдалғанда байқалады, зақымдалған жақта бет нервінің перифериялық зақымдалуы мен қарама қарсы жақта аяқ-қолдың орталық салдануы анықталады.

Бриссо–Сикар синдромы бет нерв ядросының жасушалары тітіркенгенде пйда болады, зақымдалға жақта мимикалық бұлшықеттердің жиырылғыштығы (беттік гемиспазм, ол уақыт өте перифериялық прозопарезге ауысуы мүмкін), ал қарама қарсы жақта аяқ-қолдың спастикалық гемипарез немесе гемиплегия анықталады.

Фовель синдромы бет және әкетуші нервтердің зақымдалуынан пайда болады, зақымдалған жақта мимикалық бұлшықеттердің перифериялық салдануы мен көру параличі – «көздері салданған аяқ-қолға қарайды», ал қарама қарсы жақта гемиплегия, ал кейде гемианестезиямен сипатталады.

Раймон–Сестан синдромы зақымдалған жақта көру парезі мен мишық атаксиясы және хореоатетоз, ал қарама қарсы жақта гемипарез және гемианестезия байқалады.

Гасперин синдромы зақымдалған жақта: беттің жағында беткей сезімталдықтың диссоциирленген зақымдануы, перифериялық прозопарез, көздің сыртқы тік бұлшықетінің парезі, Горнер симптомы, орталық кохлеовестибулярлы бұзылыстар, ал қарама қарсы жақта-гемигипестезия ( беттен басқа) байқалады.

218 Гипофиз құрылысы және жолдары

Гипофиз екі әртүрлі бастамалардан дамиды. Оны алдыңғы және артқы деп екі бөлікке бөледі. Алдыңғы, үлкен бөлігі – аденогипофиз, ол Ратке қалташасынан құралады, құрылысы безді. Артқы бөлігі нерв тінінен құралады – нейрогипофиз, сұр төмпектің құйғышының (воронка) тікелей жалғасы болып саналады. Тар эпителиальды қатпаршадан тұратын ортңғы бөлікті де айтуға болды, онда серозды және коллоидты сұйықтықтары бар фолликулдар жиынтығы орналасқан.

Аденогипофиз рилизинг-факторлар әсерінен соматотропты гормон, пролактин, адренокортикотропты және тиреотропты гормондарды өндіреді. Гипофизарлы гормондар қан арнасына түсіп, гематогенді жолмен сәйкесінше нысаналарға жетеді. Гипоталаму күрделі афферентті және эфферентті жолдар жүйесінен тұрады.

Афферентті жолдар. 1) алдыңғы мидың медиальды будасы, ол гипоталамустың преоптикалық аймағының ядросы мен қалқанды (перегородка) байланыстырады; 2) күмбез (свод), ол гипоталамусты гиппокамп қыртысымен байланыстырады; 3) таламо-гипофизарлы талшықтар, гипоталамусты таламуспен байланыстырады; 4) қақпақша-емізікше будасы, ол ортаңғы мидан гипоталамусқа келе жатқан талшықтардан тұрады; 5) артқы ұзыншақ буда, импульстерді ми бағанасынан гипоталамусқа алып келеді; 6) паллидо-гипоталамустық жол. Сонымен қатар түзу емес мишық-гипоталамус байланыстары, оптико-гипоталамустық жол, вагосупраоптикалық байланыстар анықталған.

Таламустың эфферентті жолдары: 1) перивентрикулярлы жүйенің талшықтар будасы, олар артқы медиальды таламустық ядродан ми бағанасының төменгі бөлігіне, ортаңғы мидағы ретикулярлы формацияға және жұлынға барады; 2) емізікше будалары.

Алдыңғы талмус ядролары мен ортаңғы ми ядроларына барады; 3) нейрогипофизге баратын гипоталамо-гипофизарлы жол. Бұған қоса медиальды гипоталамус ядроларын екінші жақтағы медиальды және латеральды гипоталамус ядроларын байланыстыратын комиссуральды жол бар.

Гипоталамустың жусушалар жиынтығы, олардың өсінділері және өндіруші жасушалрдан тұратын байқауға болады. Осыған байланысты, гипоталамустың реттеушілік әсері эффекторларға, эндокринді бездерге гипоталамустық нейрогормандар (рилизинг-факторлар) қан арнасы арқылы гуморальды және эфферентті нерв талшықтары арқылы да беріледі. Гипоталамус вегетативті, висцеральды, трофикалық және нейро эндокринді қызметтерді атқаратын мидың негізгі құрылымдарының бірі. Гипоталамус ішкі ағзалардың, ішкі секреция бездерінің, вегетативті нерв жүйесінің симпатикалық және парасимпатикалық бөлімдерінің қызметіне айтарлықтай әсер етеді.

Гипоталамусқа өте маңызды нейро секрециялық қызмет тән. Гипоталамус ядроларының жасушаларында нейро өнім пайда болады, әр ядрода орналасқан нейросекреторлы жасушалар химиялық қасиеті бойынша бір бірінен ерекшелінеді. Гипоталамус сонымен қатар гипофиздегі гормондардың бөлінуіне де әсер етеді. Ол зат алмасуды реттеуде (көмірсу, ақуыз, су) маңызды роль атқарады. Гипоталамустың бір аймағының қызметі жүрек-қан тамыр жүйесінің қызметін реттеу болып табылады. Гипоталамус ядроларының қызметтері бұзылған жағдайда термо реттеу мен тіндердің трофикасы да бұзылады. Гипоталамус биологиялық мотивациялар мен эмоцияның түзілуіне қатысады.

Ядролардың ортаңғы тобына вентромедиальды, вентролатеральды ядролар, ал сыртқы тобы екі ядродан тұрады. Бұл ядролар арнайы зат алмасу түрі мен эндокринді бездердің қызметін реттеуге қатысады.

Артқы топқа жататын ядрлар симпатикалық әсерді интеграциялауға қатысады. Бұл ядролардан шығатын талшықтар жұлынның алдыңғы мүйізіне барып, симпатикалық нерв жүйесінің преганглионарлы талшықтарымен байланыс түзеді. Артқы топтың маммилярлы ядролары ерв жүйесінің симпатикалық бөлігінің қызметтерін реттеуге қатысады.

Гипоталамустың барлық ядролы құрылымдары ОЖЖ бөліктерімен, гипоталамустың басқада ядроларымен, экстрапирамида ядроларымен және таламуспен ауқымды афферентті және эфферентті проекционды жүйе арқылы байланысады. Көптеген жыныстық байланыстар гипоталамус пен гипофиз ядролары арасында гипофиз аяқшасы арқылы жүзеге асады, ол арқылы химиялық агенттер артериальды және венозды қан айналымға және тікелей нерв импульстеріне өтеді.

Таламус лимбико-ретикулярлы жиынтықтың маңызды құрамдасы бола отырып, ағзадағы барлық вегетативті-висцеральды қызметке: жүрек-қан тамыр, тыныс алу, асқорыту жүйелерінің қызметіне, зат алмасудың барлық түріне, ұйқы мен сергектікке , дене температурасына, тіндердің трофикасына, қан түзілу мен қан ұю жүйесіне, көлденең жолақ бұлшыұ ет қызметіне, эндокринді бездер қызметіне белсенді түрде әсер етеді.

Сонымен қатар, вегетативті-висцеральды, вегетативнті-соматикалық және вегетативті-психикалық бұзылыстар кезінде көрінетін, адамның соматикалық және психикалық қызметін қалыптастыруда гипоталамустың маңызы зор.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]