Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-денгей 300.docx
Скачиваний:
9
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
577 Кб
Скачать
☆

93. Вегетативтік нерв жүйесін басым зақымдандыратын аурулар: вегетативтік дистония синдромы

Вегетативтік нерв жүйесінің құрылымы күрделі, атқаратын қызметі жан-жақты. Ол эмоционалдық сфера мен жоғары психикалық функцияларға жауапты құрылымдармен қатар, организмнің ішкі ортасы тұрақтылығының сақталуына (гомеостаз) ықпалын тигізеді. Сол себепті вегетативтік бүлінулердің клиникалық көрінісі ерекше полиморфті болады. Бұған невроздарда, барлық дерлік ішкі ағзалар зақымдануларыңда вегетативтік дистония сиңдромының пайда болуы, сонымен бірге шеткі және орталық нерв жүйесі аурулары клиникасының негізгі белгілерінің бірі - вегетативті-трофикалық бұзылымдар дәлел. Көптеген ауырсыну сиңдромдарыңца, сирингомиелияда, жұлын семуінде және нерв жүйесі жарақаттануында вегетативтік белгілер айқын білінеді.

Нерв жүйесі ауруларында байқалатын вегетативті-қан тамырлық және трофикалық бұзылулар қан ауруларына байланысты басқа тарауларда баяндалған. Сол себепті бұл тарауда клиникасьшда вегетативтік бұзылымдар басым патологиялық жағдайларға көңіл бөлмекпіз.

Вегетативтік дистония вегетативтік нерв жүйесінің сегмент үсті бөлімінің дисфункциясы әсерінен пайда болады. Оған аралық ми мен үлкен жарты шарлардың ішкі-алдыңғы бөліктеріне кірігетін, мишық қақпағының үстіне орналасқан құрылымдардың туа біткен, оның ішінде тұқым қуалайтын ерекшеліктері, бала кезінен бергі инфекциялық, уыттану, жарақаттану, т.б. үрдістердің зардаптары себеп болады. Вегетативтік дистония пубертаттық пен климактериялық кезендерге тән эндокриндік дисбаланстың, сонымен қатар шамадан тыс дене және психоэмоционалдық зорланулардың көрінісі болуы мүмкін.

Вегетативтік дисбаланс организмнің бейімделу үрдістерінің бұзылуына ықпал жасайтын төтенше жағдайлар әсерінен де болуы ықтимал. Сондықтан вегетативтік дистония патологиялық жағдайлардың зардабы бола бермейді. Дегенмен, вегетативтік дистония айқын білініп, ұзаққа созылғанда гипертония ауруы, ойық жара, гиперткреоз, әр түрлі ағзалар мен жүйелердің вегетативтік нервтенуі бұзылуынан көптеген аурулар пайда болатынын есте сақтаған жөн.

Вегетативтік дистонияның клиникасы вегетативтік криздерді (күрт асқынулар), қорқыныш пен депрессияга әкеліп соғатын эмоциональды-астениялық жағдайларды, оған қоса кітаптың бірінші бөлімінде сипатталған вегетативтік нерв жүйесінің барлық деңгейлерінің зақымдану симптомдарын қамтиды. Мұндайда кейбір ағзалар мен тканьдердің қызметінде вегетативтік нерв жүйесінің симпатикалық бөлігінің, ал басқаларында парасимпатикалық бөлігінің ықпалы басым болады.

Вегетативті-қан тамырлық ұстамалар (күрт асқынулар) әр түрлі ағзалар мен тканьдердегі симпатикалық пен парасимпатикалық әсерлер айқындығының арақатынасы реттелуінің шұғыл бұзылуымен сипатталады. Сипаты жағынан олар симпатикалы-адреналдық, вагусты-инсулярлық (парасимпатикалық) және аралас болуы мүмкін (1-бөлімді қараңыз).

94. Бас сақинасы (мигрень) этиопатогенезі

Бас сақинасы — бас ауруының жиі кездесетін түрлерінің бірі. Ауру әйелдерде басым байқалады. Бас сақинасына бейімділік аутосомды доминанттық түрде тұқым қуалап, аналар жағынан ұрпақтан ұрпаққа таралады. Оның негізгі клиникалық көрінісі — кенеттен басталатын бас ауыруы, көбінесе жарты шеке ауырады (гемикрания). Ауру пубертаттық кезеңде немесе өмірінің үшінші онжылдығында басымырақ білінеді.

Бас сақинасы ұстамаларының пайда болуына психоэмоционалдық және ауыр дене еңбегімен зорығулар, мезгілінде тамақтанбау, ішімдік қабылдау, шылым шегу, транспортта ұзақ болу, иістер, ауа райының өзгеруі, аллергияға бейімділерде аллергиялық реакциялардың асқынуы және т.б. әсер етеді.

Бас сақинасының ұстамалары әйелдерде көбінесе менструалдық циклдың басталуына (60 %) немесе менструация (етеккір келу) кезеңіне (14—2 0 %) сәйкес болады. Бұл менструалдық бас сақинасы деп аталады

Патогенезі

Бас сақинасы патогенезіңде ми мен ми қабықтарында пайда болатын нейрохимиялық өзгерістерде регаональдық вегетативті-қан тамырлық реакция маңызды роль атқарады. Ұстама алдында тромбоциттерден серотонин, толық клеткалардан гистамин мен протеолитгік ферментгер бөлініп шығатындығы жөнінде деректер бар. Серотонин мен гистамин капиллярлардың өткізгіштігін арттырып, плазмокининдердің қан тамырларындағы сұйық бөлектермен шығуына ықпал жасайды. Серотонин мен плазмокининдердің қан тамырлары қабырғасындағы рецепторларға біріге әсер етуі олардың сезімталдығын төмендетуге себепші болады. Кейіннен серотониннің бүйректер арқылы аса көп бөлініп шығуы онық қандағы мөлшерін азайтуға мүмкіндік береді. Бұл қан тамырлары тонусының төмендеуіне және олардағы сұйықтың тамыр сыртына шығуына әсерін тигізіп, ми мен ми қабықтарының ісінуіне себетпі болады.

Бас сақинасы ұстамасы кезінде қан тамырларындағы реакциялар бірнеше кезеңнен өтеді. Ең алдымен жоғарыда аталған факторларға жауап ретінде қан тамырлары жиырылып тарылады (I кезең). Мұндайда қан тамырларының өздерін қанмен қамтамасыз етуі қиындайды (қан тамырлары қабырғасының ишемиясы). Қан тамыр-ларының жиырылып тарылуы артериялардың, веналардың және венулалардың кеңеюіне ауысады (II кезең) да, тамыр қабырғасы соғу тербелісінің амплитудасын жоғарылатады, оның диаметрін толық атонияға дейін кеңейтеді. Ол тамыр сыртындағы ісінумен қабаттасады (III кезең). Ісіну кезеңі ете ұзаққа созылып, аталған құбылыстардың керісінше дамуымен аяқталады.

Бас ауыруы қан тамырлары кеңейген кезде (солқылдатып ауыру) және ісіну кезеңінде (бастың сыздап және керіп ауыруы) өте айқын білінеді.

Бас ауыруы патогенезінде артериовеноздық синустардың кеңеюі де белгілі маңызға ие. Бұл капиллярлық тордың "ұрлануына" мүмкіндік береді. Соңғысы ишемиялық гапоксия мен қанның вена арқылы етуі бұзылысын күшейтіп, тканьдердің ісінуін арттыра түседі. Бас сақина-сына байланысты бас ауруының пайда болуында, қан тамырларының кеңеюімен қатар, нейрогендік қабьшуға қатысты биологиялық белсеңді затгар алмасуының бүзылуымен қосарлана үшкіл нерв талшықтарының қозуы да маңызды роль атқарады. Оның себебі - үшкіл нерв мидың қатты қабығынан ауырсыну импульсін өткізетін негізгі афференттік жол болып саналады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]