Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-денгей 300.docx
Скачиваний:
9
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
577 Кб
Скачать
☆
  1. Вертебро-базилярлы басейндегі инсултке тән клиникалық көріністер

Вертебро-базилярлы басейндагі қан айналым бұзылысын ең алдынғы кезекте ми бағанының зақымдалу симптомы көрсетеді. Вертебро-базилярлы инсульттің көріністеріне көрудің екіленуі, дизартрия, дизфония, бас айналы, атаксия. Бас айналудың бұл кезде жийі кездесуіне қарамастан вертебро-базилярлы басейннің зақымдалуын ең аз көрсететін симптом. Ми бағанының зақымдануына алтернерлеуші синдромдан тән мысал, науқаста бетінің бір жағында, қарсы жақта аяқ қолда ауырсыну және температура сезімінің төмендеуі байқалу мүмкін. Дифференциалдық диагностика кезінде синкопальдық жағдайларды анықтау кезінде вертебро-базилярлық жетіспеушілікті ескеру қажет, бірақ бұл жағдайда қалптыда басқада өтпелі ошақтық симптомдар байқалады. Базилярлы артерия басейнінде үлкен инфаркт болған жағдайда кома, тетрапарез, децеребрационды ригиттілік дамуы мүмкін.

  1. Инсульттің қауіп факторларына жататын жүрек аурулары

Кез келген жүрек ауруы бар адамдарда инсульттің қауіпі 2 еседен көп болады. Оның ішінде ең жиі байланыстысы жүректің ишемиялық ауру болып саналады. Біріншіден ол жүйелі атеросклероздің индикаторы болып саналады екіншіден, миокард инфаркті кезінде қалыптасқан қабырғалық тромб-эмболияның потенциалды көзі болып табылады. Кез келген жүрек жеткіліксіздігінің этиологиясы инсультқа шадығуға үлкен қауіп туғыза алады. Сол қарыншаның гипертрофиясымен жүретін гипертензивті ауру тромбоэмболикалық және геморрагиялық инсулттің қауіпін туғызад. Инсультің церебриальді эмболиямен асқынуында маңызды басқада қауіп факторы жыбыр аритмиясы болып есептелінеді. Бұдан басқа жүрек аурулары: толық бітпеген овальді тесік жүрекше аралықтың аневризмасы. Аорта доғасының атеросклертикалық түймесі, сол жүрекшенің құлақшасындағы тромб, метральді клапандің пролапсі.

  1. Миастенияның клиника көрінісі

Миастиния көлденең жолақты бұлшық еттердің тез шаршағыштығы және әлсіздігінің әр түрлі дәрежесімен көрінеді. Күнделікті физикалық күш жұмсағанда бұлшық-ет әлсіздігі көрінуіде көрінбеуіде мүмкін. Бирақ көп физикалық күш түскен жағдайда бұлшық ет әлсіздігі пайда болуы немесе жоғарылауы мүмкін және қысқа уақыт демалғаннан кейін әлсіздік азаяды. Көп науқастарда көздің сыртқы бұлшық еттерінің әлсіздігі және шаршағыштығы (көрудің екіленуі), булбарлық бұлшық еттердің әлсіздігі және шаршағыштығы (дизартрия, дизфагия), аяқ қол бұлшық еттерінің әлсіздігі клиникалық қарау кезінде анықталады. Миастенияның критикалық көрінісі – тыныс алу бұлшық еттерінің әлсіздігі болып табылады. Бұл бір неше сағат ішінде дамуы мүмкін болған ең ауыр асқыну болып табылады.

  1. Дистонияның емінде ботулотоксиннің рөлі

Ботулотоксин – clostridium botulinum өндіретін өмірге қауіпті биологиялық токсиндердің бірі. Ботулотоксин жүйке-бұлшық еттік синапстарға, пресинаптикалық холинергиялық везикулалармен әрекеттесіп ацетилхолиннің шығуын тежеу арқылы әсер етеді. Осындай функционалдық денервация нәтижесінде перифериялық парездермен бұлшықеттердің атрофиясы дамиды. 2-3 айдан кейін жүйкенің бұтақтануы және ұштарының регенерациясы нәтижесінде қалпына келеді. Ботулотоксиннің инъекциясы 95% блефароспазм кезінде, 90% спастикалық дисфония жағдайында, 85 % цервикалды дистония жағдайында сонымен қатар, оромандибулярлы және қол басы дистонияларымен көптеген науқастарда әсері жақсы. Жағымсыз әсерлері инъекция орнына байланысты тек жергілікті әлсіздікпен ғана көрінеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]