Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-денгей 300.docx
Скачиваний:
9
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
577 Кб
Скачать
☆
  1. Сезімталдықтың түрлері.

Сезімталдық деген ұғым тірі ағзаның ішкі және сыртқы қоршаған ортадағы тітіркендіргіш әсерін сезу және қабылдау, оларға жауап беру қабілетін білдіреді. Сезудің арқасында тітіркендіргіштің жеке сапалары анықталады (жанасу, суық, жылы және басқа).Жалпы сезімталдық (ауырсыну, температуралық, тактильды және басқа) және арнайы сезімталдық (көру, есту, иіс сезу, дәм сезу) деп бөлінеді. Клиникалық тәжірибеде рецепторлардың орналасуына, тітіркенуді қабылдауына байланысты сезімталдықтың келесі түрлері анықталады: 1)беткейлік (экстероцептивті) - ауырсыну, температуралық (суық және жылу), тактильды; 2)терең (проприоцептивті)- буын-бұлшықеттік, дірілдік, кинестетикалық (тері қатпарының бағыттау қозғалысы), қысым, салмақ сезімі; 3)күрделі сезімталдық түрі – екі-өлшемді, дискриминациялық, стереогноз, орналасу сезімі; 4)интероцептивті (вегетативті-висцеральды) – ішкі ағзалар рецепторларын тітіркендіргенде дамитын сезіну, сонымен қатар тамырды.

  1. Төбелік үлестердің зақымдану белгілері

Сезімталдықтың жалпы түрінің орталығы орталықарты қатпарда орналасқан. Ол екіжақты және біраз бөлігімен жоғарғы төбелік үлесшені қамтиды. Орталықарты қатпарының жоғарғы бөлімінде аяқ терісінің рецепторлары, ортаңғы бөлімінде – қолдың, төменгі бөлімінде – бастың терісінің рецепторлары орналасқан. Орталықарты қатпары аймақтарының басылуы немесе бұзылуы кезінде беткей және терең сезімталдықтың «қыртыстық» тип бойынша контралатералды өткізгіштік бұзылыстары байқалады – дененің қарсы жағында моногипестезия немесе моноанестезия түрінде сезімталдықтың төмендеуі немесе жоғалуы (температуралық, ауырсынулық, тактильді, буын-бұлшықеттік сезімнің). Бұл белгілер аяқ-қолдың дистальды бөліктерінде айқынырақ көрінеді. Бұл қатпарды тітіркендіру дененің қарама-қарсы бөлігіндегі парестезиялардың, пароксизмдерінің (жансыздану, шаншу түріндегі жағымсыз сезімдер, құмырсқаның жорғалауы сезімі) пайда болуымен жүреді. Олар таралып , жалпы құрысулық ұстамаға өтуі мүмкін (джексондық эпилептикалық ұстамалардың сенситивті түрі). Жоғарғы төбелік үлесшенің зақымдануы астереогнозияның дамуымен жүреді. Оң жартышарлық зақымдану кезінде дене сызбасының бұзылысы пайда болады – аутотопогнозия, анозогнозия, псевдомелия.Сол жақ жиектік қатпар қамтылған жағдайда апраксия дамиды (кинестатикалық, конструктивтік).Төбелік үлестің терең бөлімдерінің бұзылуы төменгішаршылық гемианопсияның дамуымен жүруі мүмкін.Сол жақ бұрыштық қатпардың зақымдануы алексия мен акалькулияға әкеледі.

  1. Бас ми қабықтары.

Бас миы үш қабықпен қапталған:ең сыртқы бөлігі қатты қабық- dura mater. Оның астынғы бөлігі- торлы қабық- arachnoidea. Торлы қабықтың астында мидың жұмсақ қабығы орналасқан- pia mater. Мидың қатты қабығы мен торлы қабығының арасындағы кеңістік субдуралды деп аталады.Торлыі және жұмсақ қабықтырдың арасы- субарахноидалды деп аталады. Соңғысынан цереброспинальды сұйықтық (ликвор )бөлінеді, ол бас сүйек қуыстарын жұлынөзегімен қосады. Мидың қатты қабығы 2 жапырақшадан тұрады. Сыртқы жапырақша бас сүйекің үстінде орналасса, ішкі жапырақша тіке бас миымен байланысады Шүйденің үлкен тесігі маңайында мидың қатты қабығы жұлынның қабығына трансформацияланады. Торлы қабықша қатты және жұмсақ милық қабықшасы аралығында орналасқан . Құрамында қантамырлары жоқ . Сыртқы бөлігі эндотелиймен, ішкі бөлігі- мезотелий клеткаларымен ұштасқан . Болбырдың жоғарғы бөлігі dura mater мен яғни мидың көктамырларымен түйіскен . Ішкі беті мидың жұмсақ қабықшасына қаратылып трабикуламен байланысып қатпарлар төбесінде онымен сосыла өсіп кеткен . Мидың жұмсақ қабықшасы мидың жоғарғы бөлігіне тұтасады, барлық жүлгелер және саңлауларға кіретін мидың қан айналымын реттейтін тамырлармен жақсы қамтамасыз етілген . Қабатталған екі жапырақ кейпінде қарыншалар жолына түсіп, қарыншаның тамыр өріміне қатысады . Бас миының жұмсақ қабықшасы бастың жоғарғы жағына тығыз тұтасады .

  1. Беткей сезімталдықты тексеру әдістері.

Ауырсыну сезімталдығы инемен зерттеледі: үшкір және өтпес бөлігімен тітіркендіреді. Науқасқа көзін жұмуын сұрайды және әр жанасуда «үшкір» және «өтпес» деп айтып, шаншуды сезема және барлық жерде бірдей сезетінін сұрайды. Сезімталдықтың бұзылысы дененің симметриялы аймақтарында салыстырмалы түрде немесе зақымданған аймақтағы сезімталдықпен сау аймақтағы сезімталдықты салыстыра анықталады.

Температура сезімталдығы суық және ыстық суға толы екі түтікше арқылы тексеріледі, немесе түрлі температуралы заттармен науқастың терісіне тигізеді. Науқас оған қандай түтікше тигенін, түрлі аймақта бірдей сезетінін анықтау керек. Қалыпты жағдайда температура айырмашылығы 1-20 С айырмашылықта сезеді.

Тактильді сезімталдық (жанасу сезімі) мақта, қылқалам, жұқа қағазбен теріге жеңіл жанасумен тексеріледі. Әр жанасуда науқас «ия» деп айтуы керек. Симметриялы түрде орналасқан екі аймақты салыстырмалы түрде тексеру тактильды сезімталдықтың бұзылыс сипатын жорамалдауға мүмкіндік береді. Сау адамда тактильды сезімталдық барлық жерде бірдей еместігін еске сақтау қажет: ерінде, саусақ ұшында және шап қатпары аймағында дене немесе аяқ-қолдың проксимальды аймақтарына қарағанда жақсырақ.

  1. Терең сезімталдықты тексеру әдістері.

Буын-бұлшықеттік сезімі науқастың көзі жұмылған күйінде дененің (дистальды, проксимальды) түрлі буындарында (фалангаралық, білек, тізе және басқ.) түрлі бағыттарда (жоғары, төмен, жан-жаққа) бағыттау арқылы зерттеледі (3.3. сурет). Зерттеуді аяқ-қолдың дистальды бөлімдерінен (саусақтар) бастап, проксимальды бағытқа қарай жүргізеді, иық және жамбас буынын қоса.

Діріл сезімталдығы арнайы камертонмен тексеріледі (128 немесе 256 Гц), сүйектік шықпаларға (емізікше тәрізді, біз тәрізді өсінділер, тобық) қою арқылы. Науқастан дірілді сезетінін сұрайды. Науқас оны сезуді тоқтатқанда, камертонды қарама-қарсы аяқ-қолдың симметриялы аймағына немесе дененің басқа сау аймағына орнатып, тексерілетін және сау аймақты дыбысталған камертонның дірілінің қабылдау ұзақтығын салыстырады.

Кинестетикалық сезімталдығын науқас көзін жұма отырып, денесі, аяқ-қолындағы тері қатпарының қандай бағытта қозғалуын анықтау арқылы тексеріледі.

Қысым сезімі бұлшықет немесе теріні түрлі қысыммен басу арқылы тексереді. Бұл кезде қабылдау қысымы мен оның орналасуын айқындау қажет.

  1. Сезімталдықтың күрделі түрлерін зерттеу.

Орналасу сезімталдығы тітіркенген аймақты анықтау арқылы тексеріледі. Көзін жұмып жатқан немесе отырған науқасқа терінің тексеретін аймағын тітіркендіріп (ине, затпен жанасу) және саусақпен шаншыған немесе жанасқан аймағын көрсетуін сұраймыз. Тітіркендірген аймақ пен науқастың көрсеткен аймақтың арасын сантиметрмен өлшенеді. 1 см аспайтын қателер сау адам да кездесуі мүмкін.

Дискриминациялық сезімталдығы (бөлек екі бір уақыттағы тітіркенуді қабылдау қабілеті) Вебер циркулі арқылы тексеріледі. Қойылған циркуль аяқшасымен бір уақытта теріге жанасып, қайсы екі жанасуды қабылдайды. Кейін аяқшалар біреу ретінде сезінгенше жылжиды. Алынған мәліметтерді бағалау милиметрде көрсетіліп және қалыптымен немесе терінің сау аймақтарының зерттеуде алынған сандармен салыстырады. Дискриминацияға қабілетті тіл ұшы, саусақ фалангтары сирегірек маңдай және арқада.

Екі өлшемді кеңістікті сезімталдық дәрігер науқастың терісіне сан, әріп, геометриялық фигуралардың (крест, шеңбер және т.б.) сипатын анықтау қабілетін анықтау үшін тексеріледі. Зерттелушінің көзі жабылу қажет.

Стереогнозия (сипау арқылы заттарды анықтау қабілеті) мынадай кейіпте тексеріледі: науқасқа көзін жұмуы ұсынылады және қандай да бір таныс затты беріп, сипау арқылы білу қажет. Сау адам затты дұрыс біліп және оның сапасын сипаттайды (тығыздығы, жұмсақтығы және басқа қасиеті).

  1. Сезімталдықтың зақымдану түрлері

Анестезия - сезімталдықтың барлық немесе жеке түрінің толық жоюлуы. Тактильды, ауырсыну (анальгезия), температуралық (термоанестезия), орналасу сезімінің жоюлуы (топанестезия), стереогноздық (астереогнозия) анастезия деп бөлінеді. Сезімталдықтың барлық түрінің жоюлуы тотальды анестезия деп аталады.

Гипестезия қабылдау табалдырығының жоғарылау нәтижесі ретінде сезімталдықтың төмендуі, қабылдау интенсивтілігінің азаюы. Ол сезімталдықтың барлық немесе жеке түрлерін тиюі мүмкін.

Гиперестезия – түрлі тітіркендіргіштерге сезімталдықтың жоғарылауы. Аурысыну, температуралық және басқа рецепторлардың қозғыштық табалдырығының төмендеуімен сипатталады. Осыған байланысты шамалы тітіркенулер қалыпсыз қатты сезімді шақырады. Гиперестезия Захарьин – Геда аймағында орналаса отырып, ішкі ағзалардың ауруларында болуы мүмкін.

Гиперпатия – сезу сапасының өзгеруімен сезімталдықтың (ауырсыну, температуралық, тактильды) бұрмалануы. Гиперпатияда сезімталдықтың жіңішке дифференциациясы, оның қасиеті, тітіркену сипаты бұзылады. Қозғыштықтың жоғары табалдырығында жағымсыз сезім, орналасу бұзылысы мен ұзаққа созылған сезудің дифференциясының бұзылысы тән. Тіпті нүктелі тітіркену «шашылады» немесе «ериді», ал тітіркендіргіштердің сапалық айырмашылығы өшеді. Кез-келген сезім ауырсыну реңкімен жағымсыз түске боялады, жиірек қозғалыс-аффективті реакциямен беріледі

Парестезия – тітіркендірмей дамитын, сезімталдықтың «құмырсқаның жорғалауы», ұю, қызу, шаншу түрінде бұзылысы.

Полиестезия – бір тітіркену көп реттік сияқты тітіркенуі.

Дизестезия – түрлі тітіркендіргіштердің бұрмалау сезуі, ауырсыну жылу сияқты, жанасу суық тәрізді қабылданса және т.б.

Синестезия – тітіркену тек жанасқан аймақта ғана емес, басқа да аймақтарда қабылдау.

Аллохейрия – басқа жақтағы симметриялы аймақта тітіркенудің сезуі.

Термалгия – суық пен жылудың ауырсынулы сезімі.

Диссоциирленген бұл сезімталдықтың бір түрінің басқалардың сақталуында (терең және беткей сезімталдық арасындағы айрықша диссоциация) бұзылысы.

  1. Ауырсыну синдромын зерттеу тәсілдері.

Егер сырқат белгілі бір мүшелері маңайында немесе дене бөлшектерінде ауырсыну сезетін болса, онда одан дәрігер оларды толық сипаттайтын мағлұматтарды сұрастыру қажет. Ауырсыну шаншу,сыздау, кеміру, шымырлау, солқылдау, күйіп-жану, қатты басу т.б.сипаттамалар арқылы сезінілуі мүмкін. Оған қоса ауырсыну іштей немесе сырттай сезіле ме, үнемі, әлде әлсін-әлсін жаңарып отыра ма, оның пайда болу себептерін, қандай жағдайда күшейеді немесе бәсендегендей болады деген сұрақтарға жауап алу қажет. Тәуліктің қай сәтінде ауырсынудың өршитінін немесе басылатынын, ауа райы құбылыстарының жағатын-жақпайтынын т.б. сырқатқа әсер ететін қоршаған орта және өзгерістер туралы егжей-тегжей сұрап білу дәрігердің міндеті.

Денедегі ауыратын (алгиялық) тұстарды дәрігер бас бармағымен басып немесе П-ІІІ саусақтардың ұшымен 10 секундтай түрткілеу арқылы анықтайды.

Неврологиялық зерттеу ауырсынудың келесі белгілерін бағалайды: орналасуы мен түрі, ұзақтығы, интенсивтілігі, ауырсынудың сапасы (сыздап, созылып, түртуші және т.б.), әсер ететін факторлар, қосалқы вегетативті, қозғалыс эмоционалды бұзылыстар.

  1. Ауырсынудың түрлері және сипаты.

1. Жергілікті – сезетін ауырсынудың орналасуы патологиялық процеске сәйкес. Сүйек, тамыр, байлам, бұлшықет және басқа ауруларында кездесетін ауырсынулы тітіркендіргіш аймақта жергілікті ауру дамиды.

2. Проекциялық–түбірдің бірінші зақымы нәтижесінде түбір-сегментарлы аймақта дерматома аймағында кездеседі. Мысал ретінде омыртқа аралық дисктің патологиялық өзгеретін L1 түбірін басқан кезде пайда болатын ауырысыну жатады. Ол ауырсыну аймағы периферияға проецияланатын тізенің сыртқы беткейінде «лампас» түрінде, ал S1 түбірін басқанда – жамбастың артқы беткейі мен тізе аймағында байқалады.

3. Иррадияциялық - ауырсынулар, патологиялық процеске байланысты әсер етпей, зақымданған невр бұтағы арқылы басқаларға тарайды. Мысалы, үшкіл нервтің екінші бұтағында иннервация аймағындағы патологиялық процессте (пульпит, жоғары жақтың перидонтиті) ауырсыну иннервация аймағында екінші емес, үшінші бұтада (төменгі жақ) жиірек кездеседі.

4. Шағылысқан (рефлекторлы) – ішкі ағзалардың ауруланыда дамитын аурысынулар. Ішкі ағзалардың рецепторынан патологиялық импульсация жұлын мидың артқы мүйізіне түсіп, дерматомға сәйкес ауырсыну. Бұл висцеро-сенсорлы феномені сезімталдық өткізгіштерін қоздырады, ал ауырсынудың проекциялық аймағы Захарьин-Геда деп аталады. Жиірек бұл аймақтарда гиперестезия немесе гиперпатия байқалады. Мысалы, стенокардияда ауырсыну сол жақ жауырында, қолда дамиды.

5. Каузалгия – ұстама тәрізді, жеңіл жанасуда күшейетін, вегетативті талшықтарға бай (орталық, үлкен асықты нерв) нервтердің бірен-сараңдап зақымданнуда дамитын күйдіру сипатта интенсивті қинайтын ауырсыну.

6. Ауырсынулы анестезия (anestesia dolorosa) – сезімталдығы жойылған толық анатомиялық нерв үзіліс аймағында анықталған ауырсынумен сипатталатын ауырсыну феномені.

  1. Ауырсынуды созу әдісімен анықтау симптомдары.

Зақымданған жұлын түбірлері мен нерв бағандарын созғылау ауырсынудың пайда болуына немесе оның күшеюіне ықпал жасайды. Осыған байланысты ауырсыну белгілерін анықтау үшін созу әдістері пайдаланылады

1. Ласег симптомы (1, 2). Шалқасынан жатқан сырқаттың созылып жатқан аяғын өкшесінен ұстап жоғары көтерген кезде белі мен аяғы шоңданай нерві бойымен сыздап ауырады және аяқты созатын бұлшық еттер ширығып қатаяды (бірінші фаза). Осы белгіні айқындай түсу үшін сырқаттың құрсақ маңайын ауырсыну білінген сәтте қолмен сипап байқағанда осы тұстағы бұлшық еттердің ширатыла қатайғаны сезіледі. Мұны Венгеров симптомы деп атайды. Аяқты қылтасынан қайта игенде шонданай нерві босап, қайта өз қалпына келгендіктен ауырсыну сезілмейді (екінші фаза).

2. Нери симптомы (5). Шалқасынан жатқан сырқаттың басын дәрігер колымен иіп қозғаса бел-сегізкөз тұсы сырқырап ауырады.

3. Ласег симптомына қарама-қайшы немесе Бехтерев симптомы. Сырқаттың сау аяғын жазылған күйінде жоғары көтерсе, қарама-қарсы аяқта және бел-сегіз көз аймағында ауырсыну білінеді.

4. Штрюмпель-Мацкевич симптомы (3). Етпетінен жатқан сыр-каттың аяғын қылтасынан бүккен сәтте санның алдыңғы тұсынан ауырсыну білінеді.

5. Вассерман симптомы (4). Етпетінен жатқан сырқаттың аяғын мүмкіндігінше жазып байқағанда санның алдыңғы жағынан ауыр- сыну білінеді.

6. Сикар симптомы (6). Аяқтың ұшын шұғыл бүккенде шонданай нерві бойы ауырсыну білінеді.

7. Бонн симптомы (9). Аяқтың жамбас-сан және тізе буынын иілген бойы бүгу арқылы бел тұсында және шонданай нерві өтетін тұстарда ауырсыну білінеді.

8. Турын симптомы (7) - аяқ ұшының үлкен бақайын шұғыл созған кезде балтыр бұлшық етінің ауырсынуы.

9. Брагард симптомы (8) - жамбас-сан буыны бүгілген, тізе буы-нында созылған аяқтың ұшын жазғанда, яғни Ласег симптомын анықтау кезінде ауырсынудың күшеюі. Осыған ұқсас белгілерді мойын-кеуде радикулитына байланысты қолды қайыру арқылы аңғаруға болады.

10. Френц симптомы. Еңкейген басты қарама-қарсы жағына ұрса мойында, иықтың үстіңгі жағында және қолда ауырсыну күшейе түседі. Түшкіргенде, жөтелгенде және басты қарама-қарсы жағына бұрғанда ауырсыну күшейеді. Созылып тұрған қолды артқа қарай бұрып, шұғыл көтеріп қалғанда ауырсыну күшейеді. Бұл симптом аяқта тексерілетін Ласег симптомына үйлеседі.

  1. Захарьин-Гед шағылысқан ауырсыну аймақтары

Ішкі ағзалар ауруларына байланысты ауру синдромын дәлірек сипаттау үшін терідегі Захарьин-Гед ауырсыну аймақтарын анықтау қажет. Захарьин-Гед аймағында сырқат шағылысқан ауырсынуды сезінеді, ал дәрігер оны баса сипау арқылы тексере келе гиперестезия және ауыратын тұстарын табады. Ішкі ағзалардың жұлын сегменттері мен тері аймақтарына тікелей қатысы бар (24-сурет). Жүрекке — жұлынның ІІІ-ІУ мойын және І-УІ кеуде, ұлтабарға — ІІІ-ІУ мойын және VI-IX кеуде, ішекке — ІХ-ХІІ кеуде, бауыр мен етке — УІІ-Х кеуде, бүйрек пен зәр ағарға XI кеуде және IV сегізкөз, қуыққа — XI кеуде және IV сегізкөз, жатырға — X кеуде мен II бел және І-ІУ сегізкөз сегменттері сәйкес келеді.

  1. Вегетативті нерв жүйесін тексеру әдістері.

Терілік тамыр рефлекстері: Жергілікті дермографизм – денені доғал затпен тітіркедіргенде ақ немесе қызыл қызыл жолақтың пайда болуын анықтау арқылы тексеріледі. Қалыпты жағдайда – 5-15 секундтан 1-2 минутқа дейін білінеді. Капиллярлардың тонусы артқан кезде ақ дермографизм төмендегенде қызыл дермографизм пайда болады. Тамырлар шамадан тыс кеңейіп, ұлпалар ісінгенде дермографизм теріден жоғары көтеріліп тұрады. Рефлекторлық дермографизм: иненің ұшымен теріні сызып тітіркендіргенде 5-30 секунд ішінде қызғылт, қызыл сызық пайда болады. Бұл зақымданған жүйке, түбіршік, сегмент таралатын аймақтарда байқалады. Пиломоторлық рефлекс: теріні суық затпен тітіркендіргенде «қаз теріінің» пайда болын анықтау арқылы тексеріледі. Ашнердің «көз-жүрек» рефлексі: ауру адамның жүрек қағысын санап, 20-30 секунд көз алмасын уқалау керек. Қалыпты жағдайда жүрек қағысы 4-10 соққыға дейін сирейді. Парасимпатикалық жүйенің тонусы артқанда жүрек қағысы көбірек сиреп, брадикардия пайда болады.

  1. Жиі кездесетін вегетативті синдромдары.

Вегетативтік нерв жүйесі орталық және шеткері бөліктерден тұрады. Орталық бөлігінде гипоталамус, ретикулярлық формация, лимбиялық жүйе, ми қыртысындағы вегетативтік құрылымдар жатады. Шеткері жүйеге симпатикалық және парасимпатикалық бөліктер жатады. Парасимпатикалық бөлігі краниальдық және сакральдық бөліктерден тұрады. Симпатикалық талшықтар жұлынның 7-ші мойын сегментінен 2-ші бел сегменті аралығында орналасқан бүйір бағаналардың клеткалар тобы. Олардың аксондары алдыңғы түбіршіктің құрамына шығып, преганглионарлық ақ қосушы бұтақтар түзеді, олар омыртқа жанындағы шекаралық симпатикалық бағнаға кіреді. Шекаралық симпатикалық бағана омыртқа екі жанында орналасқан қос құрылым, 20-25 түйіннен тұрады. Симптомдары: Жергілікті дермографизм: теріні моқал ұшты затпен сызу – теріде сызықтар пайда болады. Пиломоторлық рефлекс: терінің иық үсті аймағын суық немесе басқа бір затпен тез тітіркендіру. Симпатолгия: тыныштық жағдайда әсіресе түнде күйдіріп ауырсыну күшеюі. Ангидроз: тері құрғауы. Гипергидроз: терлеу

  1. Жамбас қуысындағы ағзалар қызметінің бұзылысы.

Зақымданған деңгейі жұлынның бел-сегізкөз орталықтарынан жоғары болса мына төмендегі симптомдар пайда болады:

1) зәр жүрмей қалу ;

2) зәрді мезгіл-мезгіл тоқтата алмау ;

3) несеп жүрмей қалу;

4) несепті мезгіл-мезгіл тоқтата алмау;

5) жыныс органдары қызметінің бұзылуы.

Жамбас қуысы органдарының, бел-сегізкөз орталықтары зақымданса, сырқат зәрін нақты ұстай (тоқтата) алмайды, зәр үнемі тамшылап тұрады, зәр шығару келгісі келгенін сезбейді де оны тоқтата алмайды. Мұнымен қоса сырқат несебін де тоқтата алмайды, жыныс қабілеті әлсірейді (импотенция).

Қуық мойны бұлшық еттерінің жиырылу қабілеті сақталған жағдайда олар зәр қысымына бір мезгіл қарсылық жасайды да зәрді шығармайды. Зәрге толған қуықтың қысымы артады да ол тамшылап шыға бастайды. Зәр шығару орталығы жартылай зақымданса императивтік сезім пайда болады да, зәр еріксіз шығып кетпеуі үшін оны қанағаттандырған жөн. Ол сфинктерлердің босуымен байланысты. Мұнымен қатар өздігінен газ бен сұйықталған несеп шығып кетуі, сондай-ақ жыныстық қызметінің бұзылуы мүмкін.

  1. Сегмент үсті құрамдарының зақымдану синдромдары.

Сегмент үсті вегетативтік өзгерістер лимбия-торлы зат ком-плексіне қатысты мидың өзгешеліксіз құрылымдары бұзылуына байланысты.

Ескерте кету керек, егер сегменттік вегетативтік бұзылымдар өзіндік тұрақтылығымен немесе перманенттік ерекшелігімен сипатталатын болса, сегмент үсті құрылымдары қызметінің бұзылуы перманенттік, ұстамалы және перманенттік-ұстамалы криздер болып үшке бөлінеді.

Симпатикалық-адреналдық криздің (қозудын) белгілері: үрейлену, артерия қысымының жоғарлауы, жүрек соғысы ырғағының жиілеуі (тахикардия), дененің тоңазығандай болып қалшылдауы, жүрек маңайының жайсыздануы, аяқ-қолдың мұздауы және ұюы.

Вагоинсулярлық криз (қозу) симптомдары: бас айналу, жүрек айну, әлсіреу, артерия қысымының төмендеуі (гипотония), экстра-систолия, ішек-қарынның ширығуы, жүрек тоқтап қалғандай болу.

Аралас криздар кезінде симпатикалық-адреналдық және ваго-инсулярлық криздар симптомдары бірімен-бірі араласып кетеді. Көбіне бұл ұстамаларда аталған екі криздің біреуінің белгілері ба-сыңқы болып білінеді. Кейбір жағдайларда аралас криздер көп фа-залы дамуы, яғни симпатикалык криз белгілерінің парасимпатика-лық криз сипатымен аяқталуы немесе керісінше болуы мүмкін.

  1. Лимбия торлы зат комплексі синдромдары.

Лимбия-торлы зат комплексі құрамына кіретін жекеленген құ-рылымдар зақымдануына тән клиникалық белгілерді күнделікті тәжірибеде дәл тауып анықтау өте қиын. Тек схема түрінде ғана оларды үшке бөлуге болады:

1. Гипоталамус синдромы. Жүйке мен ішкі бездер ара-қатына-сының бұзылуына байланысты вегетативтік-қан тамырлық және висцеральдық талмалар ішкі бездер қызметінің бұзылуы белгі-лерімен қатарласа кездеседі. Мұнымен қоса дене қызулығын үйлес-тіру механизмі бұзылу, қалыптан тыс ұйқышылдық пайда болады

2. Ми бағаны торлы затының зақымдану синдромы —вегетативтік қан тамырлар және вицеральдық талмалардың вицеральдык, бұзылымдармен қатарласа кездесуі.

3. Ми қыртысы лимбия аймағынын зақымдану синдромы. Перманенттік вегетативтік ауытқулар парасимпатикалық криздер (талмалы түрдегі аурулар) сәйкестілігімен және бір симптомдылығы-мен ерекшеленеді. Мұнымен қоса психосенсорлық бұзылымдар (дыбыс, көру елесі, шошыну, жиіркену, зейіннің азаюы), кенеттен есінен танып қалу, ұйқышылдық байқалады.

  1. Мигрень этиологиясы, клиникасы, диагностикасы.

Жеке назологиялық форма болып табылатын ұстамалы түрде өтетін бас ауруының ерекше түрі. Этиологиясы: тұқымқуалаушылық, ми қан айналымының регионарлы өзгерістеріне байланысты. Бірнеше теориялары бар:тамырлы және нейрогенді. Клиника үш түрін ажыратады: классикалық, атипті және ассоциативті. Классикалық түрі (көздік)өтпелі гемианопсия,жарқылдаған нүктелер түріндегі немесе жарқылдаған сынған сызықтар түріндегі фотопсиямен басталады. Кейде ойлаудың бұзылысы болады, концентрация мен назар аударуы қиындайды. Аура бірнеше минуттан жарты сағатқа созылады, кейде 1-2 күнге ,осыдан кейін жергілікті пульсациялық түрге ие бас ауруы басталады және құсу,жүрек айну. Осыдан кейін ауырсыну күшейеді, кейде жарты жақ басында байқалады немесе екі жақты да болуы мүмкін. Бас ауруы жарты сағат пен 1 сағат аралығында ең жоғарғы шегіне жетеді. Ауырсыну көбінесе маңдай-самай аймағында болады, ауырсыну көз аймағы мен жоғарғы жаққа таралады. Осыдан бөлек бозару ,одан кейін беттің қызаруы, сөл бөлінуі,көздің қызаруы,көбінесе ауырсыну аймағында,жоғарылаған саливация,жүрек айнуы, құсу.Бастың ауруының ұзақтығы бірнеше сағаттан 1-2 тәулікке дейін. Ұстаманың ең жоғарылаған шегінде самай артериясының кернеуі мен кеңеюі байқалады. Атипті мигрень кезінде эйфория, депрессия байқалады, кейде ашығу сезімі ,есінеу.Көру алағының төмендеуі болмайды. Ауырсыну орбита айналасында,маңдайға, самай және шүйде – мойын аймағына таралады. Мұрын бітелуі, жүрек айнуы, құсу, дене температурасының субфебрильді санға дейін көтерілуі. Көз қарашығының тарылуы, конъюктиваның тамырларының инъецирленуі,орбита аймағының ісінуі. Бас ауруы ұйқы кезінде немесе оянғаннан соң пайда болады. Ауырсыну ұзаққа созылады (орташа уақытпен 16–18 сағ).Сирек жағдайда бірнеше тәулікке созылатын мигенозды статус қалыптасады. Жүктілік кезінде мигренді ұстамалар тежеледі.ассоциаланған мигренде цефалгический синдром өтпелімен немесе салыстырмалы тұрақты гемипарездермен бірігіп,көздің сыртқы бұлшықеттерінің , мимикалық бұлшықеттердің,мишықтық бұзылыстар немесе психикалық бұзылыстардың анық болуымен көрінеді.Бұл форма негізінде артериальды немесе артериовенозды мальформация жатады. Диагностика. Критерии: 1)бас ауруының бір жақтық орналасуы;2) ауырсынудың пулсацияланатын сипаттамасы; 3) науқастың физикалық белсенділігін төмендететін және моторлы физикалық жұмыс және жүру кезінде күшейетін ауырсынудың интенсивтілігі.; 4) осы симптомдардың кем дегенде біреуінің болуы: жүрек айну, құсу, жарық- және дыбыстан қорқу; 5) ұстаманың ұзақтығы 4 тен 72 сағ аралығында; 6) анамнезінде 5 ұстамадан кем болмауы.Мигреннің асссоциативті формасының себебін орнату үшін науқасты стационар жағдайында тексеру керек,ангиография,ультрадыбысты допплерографиия(УЗДГ), МРТ.

  1. Невроздың түрлері және олардың қысқаша сипаттамасы.

Невроздар ол психикалық жарақаттың әсерінен пайда болатын ауру, жалпы күйдің және әр түрлі самотовегетативтіфункциялардың бұзылуымен, эмоционалды тұрақсыздықпен, қоршаған ортаға дұрыс баға берүдің жеткілікті сақталмауымен және өзінің ауруын түсүнумен жүреді. Психикалық жарақат жедел эмоционалды стресс пен немесе айқын емес, бірақ ұзақ мерзімдік жағымсыз күйзелістермен, эмоциональді ажырау ситуациясымен байланысты болуы мүмкін. Әр түрлі клиникалық көріністер басым болуына байланысты невроздар бір неше формаға бөлінеді. Түрлері: невростения, жабысқақтық неврозы, истериялық невроз, ипохондриялық невроз, невротикалық депрессия.

Невростения – невроздың бұл тобының клиникалық көрінісіне барлық психикалық үрдістердің айқын қажуы тән. Науқастар тез шаршайды, көңіл күйі тұрақсыз, жиі аффект ұстамалары, тітіркену реакциялары жеңіл пайда болады. Ұйқысы бұзылады, нашар уйықтайды немесе ұйқысы беткей жиі ойланады, ұйқыдан кейін демалғандық сезімі болмайды. Неврастенияның клиникалық көрінісіндегі психопатологиялық бұзылыстар неврастенияда 3 формасын ажыратуға мүмкіндік береді: гиперстениялық, тітіркенген әлсіздік, гипостениялық. Классикалық жағдайларда ауру гиперстеникалық жағдайдан басталады, содан кейін тітіркенген және гипостения байқалады. Гиперстенияда науқастар өте тітіркенгіш, ұстамсыз, шыдамсыз, зейін бұзылысы байқалады. Кейін тітіркену көріністері айқын әлсіздікпен бірге жүреді, науқастың гиперактивтилігімен алмасып отыратын апатия , ұйқышылдық эпизоттары пайда болады. Гипостениялық сатысында интеллекттің қажуы, физикалық жұмыстарды орындаудың қыиндауы жоғары ұйқышылдық, әлсіздік, психикалық және физикалық астения симптомдары басым болады.

Истериялық невроз – клиникасы әр түрлі. Клиникасында жүрек қан тамыр асқорыту тыныс алу бұзылыстарымен көрінеді. Истериялық невроздарда қозғалыспен сезімталдықта бузылысы байқалады. Науқастар жүріп тұралмайды, қабақ спазмдары, афония, аяқ қолдың салдануы, сезімталдықтың бұзылуы инервация зонасына сәйкес келмейді. Ауру симптоматикасының ерекшелігі, ағза жүйесіндегі бұзылыстардың жоқтығы, симптомдардың психогендік факторлармен байланысты дамуы.

  1. Гентингтон ауруы.

Гентингтон аруы – нерв жүйесінің тұқым қуалайтын баяу үдемелі ауруы. Ол созылмалы гиперкинезбен, психиканың бұзулуымен және үдемелі деменциямен жүреді. Жіктелуі: Классикалық гиперкинетикалық түрі. Ювинеьлді. Психопатологиялық. Этиологиясы: аутосомды доминантты жол мен беріледі. 4р16.3 хромосоманың қысқа иығында орналасады. Гентингтон ауруы тринуклоиттардың – ситазин – адинин – гуаниннің санының көбеюінен дамиды. Эпидемиологиясы: ауру европа елдерінде жиі кездеседі. Ауру 30 -50 жас аралығында, жиі еркектер аурады. 100мың адамға шаққанда 1-3 кездеседі. Клиникасы: аурудың алғашқы белгілері интеллекттің бұзылыстары және беттегі еріксіз қозғалыстар. Гиперкинездер бетінде, қолында, аяғында байқалады. Аурудың басында гиперкинездер балсенді болады ал соңына қарай атония дамиды. Кардинация және сөйлеудің бұзылыстары. Ауру үдей келе барлық бұлеттердің функциясы бұзылады, науқастар шайнауға жұтынуға қиналады. Абстракты ойлаумен естің нашарлауы бірге жүреді. Аурудың соңында науқастар іс қимылына мүлдем жауап бермейді, деменция дамиды. Диагностикасы: физикалық зерттеулер – психологиялық, неврологиялық тексерістер. КТ. МРТ. Емі: толық емделмейді, бірақ симптоматикалық ем арқылы симптомдарын жеңілдетуге болады. Гиперкинезді жеңілдету үшін паркинсанизмге қарсы дәрілерді қолданады.

  1. Миастения. Жік, этио, клин, диаг, емі. 

Миастения – әр-түрлі топ бұлшықеттерінің жоғары әлсіздігімен, нерв импульстерін бұлшықетке жеткізу қызметі бұзылған, нерв бұлшықет синапстарының аутоиммундық ауруы. Ауру патогенезінде ацетилхолин жеткіліксіздігі жатыр. Мионевральді синапс аймағының қозғалтқыш аппараты зақымдалады. Кез-келген топ бұлшықеті көбіне бет, ерін, көз, тіл, мойын бұлшықеті. Әйелдер ерлерге қарағанда 2 есе жиі ауырады, ауру жиі ерте жаста басталады. Этио. Аутоиммунды. Миастения тимус безінің ісігі немесе гиперплазиясымен қосарланып жүреді. Клин.Бұлшықеттер әлсіздігімен,әсіресе көз бұлшықеттері(қылилық,1 немесе 2 жақты птоз,күн соңына қарай). Шайнау және бет бұлшықеттерінің алсіздігі. Сойлеу және жұтынудың қиындауы. Терең рефлекстердің төмендеуі. Ауру ерекшелігі-демалғаннан кейін бұлшықеттердің күшеиуімен қайтадан күш түскенде әлсіреуі. Кенет басталатын миастениялық криздер инфекциялар,стрессті жағдайлардан соң басталады және өмірге қауіпті. Ағымы, ауру прогресирленеді. Ремиссия болып отырады. Миастениялық криздер жиіленуінен оліммен аяқталуы мүмкін.Диаг. Шағымдарға негізделе отырып яғни үдемелі бұлшықет әлсіздігі,птоздың айқын білінуі. Диагностикалық мақсатта прозеринді сынақ жасалады. Тері астына 1-2 мл\л 0,05 пайыз ерітіндімен жіберіледі. 30-60 мин соң симптомдар жоғалады. Прозериннің парасимпатикалық әсерін тоқтату үшін 0,01 мл\кг атропин береді. Емі. Ацетилхолин жеткіліксіздігін жоюға және аутоиммунды процесті басуга бағытталған. Антихолинэстероза препараттары :прозерин,оксазил,калимин. Преднизолон. Миастениялық криз кезінде прозерин дозасын жоғарылатып бұлшықет ішіне 2-3мл 2-3 саг сайын енгіземіз. Су электролид балансын қадағалай отырып 1 пайыз гидрокарбонатнатрий в/в .Патогенетикалық ем мақсатында операция жасалынады(тимэктомия), бірақ тимус безі ігігі қарсы көрсеткіш болып табылады.   

  1. Дорсопатия этиол, клин, диаг, емі.

Дорсопатия-тірек –қимыл және жүйке жүйесінің омыртқа бөліктерінің зақымдалуымен жүретін полифакториальді дегенеративті – дистрофиялық өзгерістермен сипатталатын аурулар тобы. Этио.Гиподинамия,дурыс тамақтанбау,қолайсыз жерде жұмыс істеу, микро-макро жарақат,зат алмасу бұзылыстары,виттапшылық, инфекциялық зақымданулар,климаттық жетіспеушілік. Дарежелері:1.Хондроз-дистрофиялық –дегенеративті озгеріс тек омыртқааралық дискпен ғана шектеледі,жеңіл дискомфорт болады,рентгенде өзгеріссіз 2.Клиникалық көрінісінде ауырсыну пайда болады,омыртқа негізі ,денесі фиброзды сақинаның функциясы бұзылады яғни омыртқа бекітілуі бұзылады.Патологиялық қозғалыс пайда болады,үдей келе нервтер,тамырлар зақымдалады 3.Патологиялық процесс өрши түседі,фиброзды сақина жыртылып ядро сыртқа шығып,жарық пайда болады,қатты ауырсыну сезімімен жүреді.Зақымдалған омыртқа бойында патологиялық процесс кифоз,сколиоз 4.Омыртқалардың ығысуымен сипатталады. Деформацияланған омыртқа аралық диск омыртқа денесін толық байланыстыра алмайды,және ығысу пайда болады. Клин.Рефлекторлық синдром-бел ауырсынуы кенеттен басталады(люмбаго)ауырсыну жөтелгенде ,түшкіргенде,аласа орынға отырғанда күшеие түседі. Керілу симптомыТақта симптомы-тізерлейді,қолды тізеге қойып ,еңкейіп тұрады,бұлшықет  қатаюы байқалады.Көпір симптомы-орындық шетіне отырады өйткені нерв тітіркеніп ауырсыну тудырады.  Дуылдап,куйдіретін, қысатын ауырсыну тән.Мачкевич симптомы-ішпен жатқанда тізе буынын бүккенде жамбастың алдыңғы бетінде ауырсынудың пайда болуы. Вассерман-ішпен жатып созылған аяғын  тізе-жамбас  буынында жазады,ауырсыну пайда болса L-3 зақымдануын көрсетеді.Ласег-арқамен жатады патологиялық аймақта аяғын көтеру қиындайды.Бармақпен батыра басқанда паровертебральдық нүктелер мен қылқанды өсінділерде (гар ауырсыну нүктелері)және шонданай нерві(валле нүктесі)бойында ауырсыну білінеді.Аса айқын білінетін түбіршектік синдромдар:L1 сегменті -зақымдалса шап аймағында ауырсыну мен сезімталдықтың төмендеуіL2-санның алдыңғы 3\1 мен іш жағында сезімталдықтың төмендеуі,тізе реф төмендеуіL3-вассерман симптомы пайда болады,сирақтың ішкі жағындаL4-бел аймағынан санның алдыңғы сырт жағы,сирақтың алдыңғы ішкі жиегі және аяқ ұшына дейін таралатын ауырсыну синдромыL5-бөксенің жоғарғы бөлігі,сан сыртында сирақтың алдыңғы сыртында ,аяқ ұшының устінде ауырсыну,үлкен бақай жазылмайды. Емі. Медикаментозды,медикаментозды емес және оперативті.Төсектік режим 7-күн. Иммобилизациялайтын протездер,ауырсынуды басатын опиойдтық емес анельгетиктер (спазмалгон,беналгин) стеройдты емес қабынуға қарсы препараттар нимесулид 100мг күніне 2 рет.Антигистаминді препаттарТырысуға қарсы нейролептиктерХондропротекторлар. Ем нәтижесіз болса операция жасалынады яғни дискэктомия. Сонымен қоса лазерлі терапия, массаж, ЛФК,балшықпен емдеу.

  1. Жүйке – бұлшық ет аурулары. Спинальды амиотрофия.

Нерв-бұлшықет аурулары тұқым қуалайтын аурулардың ең жиі кездесетін түрі. Негізінде жұлынның алдыңғы мүйізінің перифериялық нервтердің,және қаңқалық бұлшықеттердің генетикалық зақымдануы жатыр. Бұл топқа прегрессирлеуші бұлшықеттік дистрофиялар,неврогенді және жұлындық амиотрофия ,пароксизмальді миоплегияның әр-түрлі формалары,миотония,және миостения кіреді. Аурудың жетекші симптомы-бұлшықет гипотониясы және семуімен қосарланатын бұлшықет әлсіздігі.Спинальді амиотрофия –жұлын мотонейрондарының алғашқы зақымдануынан болатын үдемелі нерв бұлшықет ауруы. Аутосомды рецесивті,аутосомды-доминантты Х –хромосомамен тіркесіп тұқым қуалайды. Вердинг-Гоффман спинальді амиотрофиясы –мектеп жасына дейінгі балалар арасында жиі кездесетін ауто-рецесивті жолмен тұқым қуалайтын ауру. 3 клиникалық түрі ажыратылады:1.Туа біткен түр-туа сала балалар әлсіз парездермен туылады. Генерализденген бұлшықеттік гипотония және терең рефлекстер болмайды,бульварлық рефлекстер бұзылыстар байқалады,әлсіз сорады,жұтыну рефлексі төмендеген. Сонымен қоса тірек –қимылдық деформациясы(сколиоз,воронко тәрізді, немесе куринный кеуде клеткасы,буын контрактуралары).Балалар басын ұстай алмайды ,отыра алмайды. Интеллект төмендеген. Жиі тума ақаулармен жүреді, ағымы тез прогрессирлеуші,колайсыз. 9 –жасқа дейін өмір сүруі мумкін.2. Ерте балалық түр-бала өмірінің 2-ші жартысында басталады. Бала жасына сай дамып келе жатады да,инфекция,тағамдық уланудан соң ауру көріністері біртіндеп басталады. Алғашында аяқ бұлшықеттерінің парезі кейін бірден дене және қол бұлшықеттері парезденеді. Диффузды бұлшықеттік атрофиясы тіл фасциякуляциясымен бірге жүреді, саусақ дірілі және сіңір контрактуралары. Бұлшықеттік тонус терең рефлекстер төмендеген. Ағымы қолайсыз,бала 14-15 жасына дейін өмір сүреді. 3. Кешеуілденген формада –баланың 1,5-2жасында байқалады. Бала жасына сай дамып келе жатады да ауру кенеттен басталады. Қимылдары қопал және сенімсіз, жиі құлап қалады. Жүріс озгереді. Олар тізе тұсында аяғын бүгіп жүреді(заводной куклой). Алғашында проксимальді топ бұлшықеттері кейіннен жоғарғы шеткі мүшелер ,дене бұлшықеттері парезденеді.( 2-ші түрдегі симптомдарды жазып,жалгастырыңдар!!!) Ағымы қолайсыз,20-30 жасына дейін өмір сүреді.

  1. Шашыранды склероз – генетикалық бейімделген организмге сыртқы орта әсерінен дамитын патологиялық фактор(көбінесе инфекционды) созылмалы демиелинизиацияланған ауру.

ОЖЖ ақ затының көпошақты зақымдалуы байқалады,сирек жағдайда перифериялық нерв жүйесінің де. Ағымы бойынша жіктелуі: 1)Рецидивті ағым (ремиттирующее) .2) Екіншілік үдемелі ағым 3)Біріншілік үдемелі ағым.4) Прогредиентті-рецидивті ағым. Этиология. Мультифакториалды ауру.(генетикалық бейімділік, вирусты инфекциялар, тамақтану ерекшеліктері). Клиника. Шашыранды склерзды 7 топқа бөлінеді: 1)пирамидалық жүйеінің зақымдалуы жоғарғы сіңірлік рефлекстер және патологиялық пирамидті симптомдармен жүретін геми‑, пара– и тетрапарездер. 2) бұлшықетті гипотония мен статикалық және динамикалық атаксия мен мишықтың зақымдалуы. 3)сезімталдықтың бұзылысы, бастапқыда терең сенсетивті атаксия мен сенсетивті парездер дамуы, одан кейін ауырсынулық және температуралық сезімталдылықтың бүзылысы. 4) бас ми бағанынң ақ затының зақымдалуы, мұнда дамиды милық инервация бұзылысы,жиі жағдайда көзқозғатқыш симтомдар мен бет нервісінің зақымдалуы. 5)көру нервісінің невриттері (ретробульбарлы невриттер) мұнда көздің көру өткірлігі төмендеп,скот пайда болады.6)императивті позыв түрімен жамбас мүшелерінің қызметінің бұзылысы; зәр шығару ұсталып қалуығғкейін келе зәрді тіпті ұстай алмау7) нейропсихологиялық өзгерістер: есте сақтаудың әлсіреуі, эйфория или депрессия,созылмалы шаршағыштық синдромы. Синдром «клинического расщепления», или «диссоциации»- отражает сочетание у больного симптомов поражения разных проводящих путей или разных уровней поражения. Синдром «горячей ванны»-при повышении температуры окружающей среды состояние больных ухудшается. Синдром «непостоянства клинических симптомов».Диагностика: МРТс контрастом; иммунологический мониторинг; в крови увеличение агрегации тромбоцитов,повышению содержания фибриногена и одновременно активация фибринолиза Емі: емдеу негізі асқыну мен аурудың үдеуіне бағытталған және оған қабынуға қарсы заттар және иммуносупрессивті препараттар жатады: метилпреднизолон 500–1000 мг в день, 3-7 дней; курантила (по 0,025 г 3 раза в день), трентала (по 0,1 г 3 раза в день), фитина и глутаминовой кислоты (0,25 г 3 раза в день); альфа‑токоферола

  1. Жүйке жүйесінің вертеброгенді зақымдалуы.

Вертеброгенді зақымдалу перифериялық жүйке жүйесінің бұзылысына кіреді. Вертеброгенді зақымдалуға басым остеохондроз, спондилоартроз жатады. Жіктелуі: орналасу деңгейіне байланысты: 1. Мойын деңгейі 2. Кеуде деңгейі 3.бел — сегізкөз деңгейі. Клиникалық көрінісіне байл.: компрессионды, рефлекторлы. Компрессионды бөлінеді: жұлындық, түбіртектік, тамырлық. Олар өзара викарлыққа жатады. Рефлекторлы бөлінеді: жүйке- тамырлық, б/ет тоникалық, нейро- дистрофиялық, олар кеш бұзылысқа жатады. Викарлы да, кеште өзара миоадаптивтіні құрайды. Компрессионды грыжа салдарынан дамиды, яғни қысылу орын алады.Ал рефлекторлы түрінде буын аппаратындағы нервтер тітіркеніп, ауырсыну түбіртек жолымен таралып, б/еттердің спазмын тудыртып, содан ауырсыну дамиды. Клиникасы: деңгей бойынша қарастырса: мойынның рефлекторлы б/ет тоникалық синдромы кезінде ауырсыну мойынның артқы, бүйір бетіне беріліп, мойынды бүйірге бұрғанда, ротациялағанда ауырсынады. Жанындағы б/еттерге иррадиация береді. Ауырсыну стенокардиялық ұстамаға ұқсайды, сипаты орташа болады. Ал мойын компрессионды синдромында ауырсыну грыжа мөлшеріне, локализациясына байланысты, ауырсыну күші жоғары болады, қозғалыста күшейеді. Б/еттердің әлсіздігі болу мүмкін. Кеуде аймағындағы бұл синдромдар жоғарыдағыдай болады. Бел аймағындағы рефлекорлы ауырсыну, яғни люмбаго ауыр физ.жүктемеден кейін немесе ыңғайсыз қозғалыстан кейін дамиды, кенеттен п.б. Ауырсыну жөтелсе, түшкірсе т.б.күшееді. Аталған барлық ауырсынулар омыртқа жотасының қисаюына, б/ет атрофиясына алып келеді. Диагностика: рентенологиялық зерттеу кеңінен қолд. Остеохондроздың рентгендік белгілері: омыртқааралық саңылаудың тарылуы, остеофиттер, грыжалар т.б. Диагнозды нақтылау үшін КТ,МРТ. Рефлекторлы ауырсыну синдромын соматикалық ауруларды ажырату керек. Емі: Жедел сатысында физ.жуктемені азайту. Арнайы корсет, белдеулермен иммобилизациялау. Қабынуды басу үшін НПВС (диклофенак). Миорелаксанттар. Жедел саты өткеннен кейін физиотерпиялық ем (магнитті алаң, анальгетиктермен электрофорез т.б.). Жеделдеу сатысында ЛФК, емдік массаж т.б. Ремиссия сатысында емдік-реабилитациялық шаралар, рецидив профлиактикасы, дозаланған физ.ем. Хир.ем: егер консервативті ем 3айда нәтиже бермесе, КТда остеофит немесе т.б.болса – операция.

  1. Вирусты менингит. Жіктелуі, этиол, эпидем, клин, емі.

Вирусты менингит– вирустармен шақырылатын бас миының және жұлынның жұмсақ қабатының серозды қабынуы. Этиология: ECHO вирустар, А және В типті Коксаки вирусы, Эпидемиялық паротит вирусы, Эпштейн Барр вирусы, Тогавирустар, Аренавирустар, 2 типті герпес вирусы, Цитомегаловирус, Аденовирус, т.б. Эпидемиология. Ауру өте кең тараған. Негізгі берілу жолдары: ауа-тамшылы, контактты, трансмиссивті. Жыл мезгіліне байланысты жазда көбіне арбовирусты жұқтырады, қыста және көктемде эпидемиялық паротит вирусын жұқтыртады. Клиника: дене темп көтерілуі, бас ауру, көз алмасын қозғалтқанда ауырсыну. Менингиальді симптомдар оң болуы (жиі шүйде бұлшық еттерінің ригидтілігі, сирек Керниг және Брудзинский). Жарықтан қорқу, анорексия, лоқсу, құсу, миалгия, кейде іш ауруы, диарея. Аурудың ауыр формаларында бас сүйек нервтерінің зақымдалуы және түбіртектердің зақымдалу симптоматикасы байқалады. Емі: Режим: төсектік. Диета: витаминге және ақуызға бай тамақты ішу. Симптоматикалық: құсуға қарсы (мотилиум), анельгетиктар (аспирин),, седативті (диазепам). Патогенетикалық: дегидратация (фуросемид), дезинтоксикация (натрий хлор 0,9%), егер науқас жағдайы ауыр және терапия көмектеспеген жағдайда жұлын пункциясы.

  1. Іріңді менингиттер жіктелуі, этиологиясы, эпидемиялогиясы, клинникасы диогностикасы, емі.

Іріңді менингит ми қабықтарының іріңді қабынуы. Этиологиясы және патогенезі: Қоздырғышы граммтеріс диплококк, менингококк, Вейксельбаум. Мидың жұмсақ қабатының іріңді қабынуынан қабаттың тамырлары кеңейеді, көктамырлардың жолына ірің жиналады. Мидың заты ісінеді, қанталайды. Үлкен ми жартышарларының қыртысындам токсикалық, дегенеративті, тамырлы қабынулық өзгерістер, ошақты жұмсарулармен көптеген микроабцесстер байқалады. Эпидемиологиясы:Ағзаға ену жолы аңқаның және мұрын жұтқыншақтың шырышты қабаты. Жүйке жүйесіне гематогенді жолмен түседі. Инфекция көзі тек қана науқастар емес кокк тасымалдаушы сау адамдарда болады. Бұл аурумен көктеммен қыста көп ауырады. Ағымы:жылдам (молниеносный),жедел,абортивті,рецидивті. Жіктелуі:біріншілік, екіншілік. Клинникасы:инкуб.кезең 1-5 күн. Бастапқыда назофарингитпен жалпы дімкәстік хал байқалады. Қалтырау, дене темп.39-40°С,интенсивті бас ауру, жүрек айну,бірнеше реттік құсу. Теріде бөртпелер байқалып, еріндерінде герпестік бөртпелер қаптайды. Менингиальді симптомдар оң. Алғашқы тәуліктерде ми жұлын сұйығы іріңді болады,нейтрофильді клеткалар көбейеді. Ми жұлын сұйықтығынан алынған жұғындыда клетка ішінде байқалатын диплококк табылады. Қан анализінде нейтрофильді лейкоцитозбен ЭТЖ едәуір жоғарлайды.Диагностикасы: клинникалық белгілерінде жедел басталу, жалпы инфекциялық, милық симптомдар,менингиальді синдромдар, геморр.бөртпенің болуы. Цереброспинальді сұйықтықты зерттеу қорытындылары. Бактериоскопия. Емі:жылдам және нақты болуы керек. Арнайы және симптомотикалық терапия. Емі алдын ала диагноз қою кезінде басталады, люмбалді пункциядан бірден антибиотиктер тағайындау керек. Бұлшық етке тәулігіне науқастың 1кг дене салмағына шаққанда 200-300 мың бірлік мөлшерінде, орта есеппен 12-15 млн бірлік пенициллин жіберіледі. Егер науқас коматозды жағдайда болса, пенициллин мөлшері 30-48 млн бірлікке дейін көбейтіледі. Оның біріншісі венаға жіберіледі. Дезинтоксикация шаралары: венаға тамшы түрінде 1,5-2,0 сұйық Рингер ерітіндісі, ас тұзының физ.ерт, глюкозаның 5% ерітіндісі реополиглюкин гемодез. Зәр айдағышдәрілер: лазикс. Симптоматикалық емдік шаралар ретінде анальгетиктер, витаминдер, жүректі емдеуге арналған дәрілер.

  1. Крейтцфельд-Якоб ауруы. Жіктелуі, этиол, эпидем, кл, диаг, емі.

Бас ми қыртысының, базальды ганглилердің және жұлынның прогрессирлеуші дистрофиялық ауруы. Көп жағдайда бұл ауру спорадикалық түрде пайда болады, тек 15% -да аутосомды-доминантты тип бойынша тұқым қуалайды. Бұл сырқат прионды энцефалопатияның 85% құрайды, ерлер мен әйелдерді, үлкендер мен балаларды бірдей зақымдайды. Әсіресе 17-87 жас аралығында көп байқалады. Этиол және патогенезі: организмге түскен прион, жасуша беткейінде орналасып, қалыпты белоктармен байланысып, олардың құрылымын патологиялық түрге ауыстырады. Жасуша беткейінде жиналған патологиялық белоктар мембранада жүріп жатқан процесстерді тежейді, бұл өз кезегінде жасушаның өліміне әкеледі. Патологиялық белоктар апоптоз процессін іске қосады. Зақымдалған жасушалардың маңайында активтілігі жоғары ферменттердің қатысуымен қабыну процессі жүреді. Қабынулық процесс сау жасушаларды зақымдайды.

Аурудың формалары: спонтанды, тұқым қуалайтын, ятрогенді, жаңа түрі. Клиникасы: жиі 50-65 жас аралығында кездеседі, ауру бірден басталады: тез шаршау, бас ауру, ұйқы бұзылысы, жайсыздық, дене салмағының төмендеуі байқалады. Психика бұзылыстары басым болады: назар және есте сақтау қабілетінің төмендеуі, ассоциативті процесстердің баяулауы, апатия, депрессия, қозғыштық, эмоциональді лабильділік. Көру бұзылыстары: көру агнозиясы, көру алаңының шектелуі, көру өткірлігінің төмендеуі түрінде болады. Мишықтық атаксия дамиды. Ауруға тән негізгі симптомдардың бірі- әр түрлі топ б\еттерінің жиырылуымен көрінетін қыртыстық миоклония, бұлар спонтанды түрде дамиды, жарық сәулемен, қатты дауыспен, сипап-сезумен және т.б. шақырылуы мүмкін. Бірнеше айдан соң паркинсонизммен және екі жақты пирамидты белгілермен қосылған деменция қалыптасады. Кейде хореоатетоз, көру парезі, көру нервтерінің атрофиясы, эпилептикалық ұстамалар қосылады. Соңғы кезеңдерде- акинетикалық мутизм, ал терминальды кезеңде- кома дамиды. Диагностика: жұлын сұйықтығында өзгерістер анықталмайды, тек кейбір жағдайда белок концентрациясы жоғарылайды. Ақпаратты әдіс болып Т2-режиміндегі МРТ табылады, мұнда базальды ганглилер және таламус проекциясында гиперинтенсивті сигнал аймақтары анықталады. КТ және МРТ-да үлкен жарты шар және мишық иірімдерінің, қарыншалар мен ликвор цистерналарының кеңеюімен жүретін атрофиясы анықталады.

  1. Жұлынми қанайналымының өтпелі аурулары. Жіктелуі, этиологиясы, эпидемиологиясы, клиникасы, диагностикасы, емі.

Цереброваскулярлы аурулар-церебральды қан тамырларының патологиялық өзгерістерімен және бұзылыстарымен сипатталатын бас миының аурулар тобы.Себеп/і:бас миы қан тамырларының тарылуына әкелетін және қанайналымының төмендеуіне әкелетін АГ және атеросклероз,ірі қан тамыр-н ж/е шеткі қан тамыр-н келетін микроэмболия-р,кішігірім қан құйылулар (плеториялық форма),аздаған жібу ошақтары (ишемиялық форма) және гипертониялық криздер әсер етеді.Осы аурулар көбінесе қант диабеті,шылым шегу,жүректің ишемиялық аурулары әкелуі мүмкін. Бас миының гемодинамикасының бұзылуы нәтижесінде кенеттен пайда болған қысқа уақытты ошақтық неврологиялық симптомдары ми қанайналысының өтпелі бұзылысы д.а.Ми қанайналысының өткінші бұзылымдары кезінде ми зақымдануының белгілері бірнеше минут,сағат (тәулік соңына дейін,яғни 24сағат) өткен соң тегіс жойылады. Клин.:жалпы милық симптом-р:бас ауруы, лоқсу, құсу, бас айналу, жалпы әлсіздік. Ошақтық ж/е өткізгіш симптом-р патол-қ ошақтың бас миы тамырлық бассейніндегі орналасуына байл.Ішкі ұйқы артериясы қанмен қамтитын аймақта болатын өткінші ишемиялық ұстама патол-қ ошаққа қарама-қарсы жақтағы қол н/е аяқтағы тұрақсыз парез бен сезімділіктің бұзылғандығы арқ.білінеді.Сонымен қатар сөйлеу мүмкіндігі, көру қабілетінің уақытша бұзылуы да мүмк. Вертебральды-базиллярлық жүйе арқ қанмен қамт-з етілетін субтенториялық кеңістікпен жартышар-ң артқы бөлік-не орн-н құрылым-да болатын өткінші ишемиялық ұстама-ға синкопальдық жағдай,бас айналу,тепе-теңдік бұзылуы,атаксия,нистагм,диплопия,фотопсия,гомонимдік гемианапсия тән. Диагн.: УЗД, РЭГ, ЭЭГ, магнитты-резонансты ангиография, сонымен қатар бас қаңқасы-ң,мойын омырт-ң,бас ми тамыр-ң рентегнологиялық зерттеу-і. Емі:алғашқы күн-де қатаң түрде төсек режимі. АД қалпына келтіру,ми қанайн. жақсарту, қан-ң ұю жылд-н төмендету, тамыр қабырғ-ң өткізг төменд,миішілік қысымды төменд,ми ісінуін болдырмау, ми метаболизмын жақсарту,жүрек қызм жақсарту. Диуретик (гидрохлоротиазид 12,5-50мг/сут),АПФ ингибитор-ы (каптоприл, эналаприл), кальций канал-ң блокатор-ы (нифедипин, верапамил), антиагрегант-р (аспирин, тромбо-АСС,курантил) антикоагулянт-р (гепарин, фраксипарин, клопидогрель). Қатты бас ауру-ы болса спазмовералгин, седалгин.

  1. Сана бұзылыстарының синдромы.

ДЕЛИРИЯ: естің күңгірттенуімен жүретін жедел психоз. Делирия жағдайында науқастар шынайы галлюцинацияларды көреді. Науқас ешкімді естімей, галлюцинациялармен жүреді. Делирия ағымында бірнеше ерекшеліктер бар. Психоз жедел басталғанымен, асқынуы кешке, түнге қарай болады. Психоз басталмай тұрып, аура ұқсайтын сезім болады: үрей, мазасыздану, жалпы гиперестезия. Үрей түнге қарай артып, ұйықтар алдында, ұйықтағаннан кейін галлюцинациялар болады. Түнге қарай психоз қозады, қабырғадан әр түрлі суреттер көрініп, үй заттары бетәлпет алғандай болады. Асқынғанда науқастарда деперсенолизация (басқа жүргендей болады). Делирия ұзақтығы 2-5 күн. Психоз аяқталғаннн кейін науқас ұйықтайды. Делирия алкогольден кейін, интоксик.т.б.дан кейін дамиды. АМЕНЦИЯ: естің терең күңгірттенуімен жүретін психикалық бұзылыс. Делириядан ұзақ болады. Науқас аментивті жағдайда қозған күйіне қарамастан, қатты шаршаған күйде болғандықтан жатады, белсеңсіз болады. Стационарда дәрігер сұрақтарын естиді, бірақ өз галлюцинациялық әлемінде болады. Делириямен салыстырғанда ауыр және ұзақ өтіп, науқасты қатты әлсіретеді. ОНЕЙРОИДЫ естің күңгірттенуі: науқаста әр түрлі фантастикалық галлюц.лар болып, олар жоғарғы жылдамдыкпен ауысып отырады. Бірақ онейроидты күңгіртткену ерекш- науқас өзін сырттан көргендей болады (3D). Ағымы жиі кенеттен дамып, психоз кезінде науқас сыртқы ортамен контактке түспейді, психоздан шыққанда шаршаған күйде болады. Онейроидты бұзылыс жиі шизофрения салдарынан дамиды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]