Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-денгей 300.docx
Скачиваний:
9
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
577 Кб
Скачать
☆
  1. Булбарлық паралич сипаттамасы

Bulbus – сопақша мидың мағынасын береді, соған байланысты «Булбарлық паралич» дегеніміз бас мидың жұп жүйкелерінің сопақша мида орналасқан ядроларының (IX-XII) зақымдалуынан келіп шығады. Соның нәтижесінде беттің, таңдайдың, тамақтың, көмейдің, төс-бұғана-емізікші, трапеция тәрізді бұлшық еттің жоғарғы болігінің, сонымен қатар тіл бұлшық еттерінің салдануы байқалады. Клиникасы: дизартрия, дисфагия, дауыстың өзгеруі, жұмсақ таңдайдың түсуі, тілдің девиациясы және жұтыну рефлексінің төмендеуі. Интрааксиалді зақымдалудың себептері болып: ми бағанының инфарктісі, сирингобульбия, глиома, полиомиелит, энцефолит, БАС табылады. Ал экстрааксиладі зақымдалудың себептері болып: жаңа түзілімдер (менингиома немесе нейрофиброма), созылмалы минингит, аневризма, мойынның травмасы, тума анамалиалар, (анамалия Арнольд – Киари анамалиясы немесе базилярлы импрессия).

  1. Ми бағанының функционалдық маңызы

Ми бағаны, жұлын мен бас миды баланыстыратын шағын, созылынқы анатомиялық құрылым болып табылады. Ми бағаны мишықпен салыстырғанда вентральді орналасыб, мишық аяқшалары арқылы бір бірімен баланысқан. Ол өмірге маңызды функциларды атқаруда маңызды роль атқарады. Осы ми бағанының құрамында жоғарыда жатқан ми бөліктерінен төменге қарай сезімталдық және қимыл импульстарын таситын ұзын төмен түсетін және көтерілетін жолдар оналасқан. Оның құрамына III-IX дейін бас мидің жүп жүйкелерінің ядролары және олардың ми ішілік талшықтары орналасқан. Ми бағанының құрамына норадриналинергилық, дофаминергиялық және серотонинергиялық инервацияның көзі болып табылатын нейрондардың топтары кіреді. Одан басқа ми бағанында ретикулярлы формация, оливалар және қызыл ядролар сияқты спецификалық ядролық топтар орналасқан. Қысқаша айтқанда бұл күрдеі және жоғары ұйымдастырған структура болып, ұйқы және ояну процестерін, жүрек қан тамыр жүйесінің функциясын, тыныс ауды, маторлы және сенсорлы функцияларды басқарады.

  1. Ми бағанасының зақымдалу симптомдары

Ми бағанасының зақымдалу кезіндегі клиникалық синдромдар оның құрылымдық-қызметтік ұйымдасуына, онда орналасқан көптеген анатомиялық құрылымдармен, олардың орындайтын қызметтерінің алуандығына, өмірлік маңызы бар қызметтердің реттелуіне байланысты көп санды да алуан түрлі болып келеді. Ми бағанасының төменгі бөлігінің барлық деңгейін пирамида жолы мен оның үстінде орналасқан жұлын-таламус жолы және медиальды ілмек алып жатыр. Пирамида жолының сопақша ми мен жұлын шекарасында, жұлын-таламус жолының жұлын деңгейінде, ал медиальды ілмектің- сопақша ми деңгейінде айқасуы, ми бағанасының бір жақты зақымдалуы кезінде контралатеральды гемипарез/гемиплегия түрінде, ал сезімталдықтың барлық түрінің гемигипестезия/гемианестезиямен көрінуіне себеп болады.

  1. Ми бағанасының зақымдалуы кезіндегі альтернирлеуші синдромдар

Альтернирлеуші синдром (АС) ми бағанасындағы бас ми нервтерінің бір жақты зақымдалуынан, зақымдалған ошақ жағында гемипарез (гемиплегия) көріністері мен қарама-қарсы жақтан сезімталдықтың немесе қимыл координациясының өткізгіш типте бұзйлуы. АС дамуына алып келетін патологиялық жағдайлар көп, десекте олардың бәрін төрт үлкен топқа бөледі: қан айналым бұзылысы, қабыну, травмалар және ісіктер. Альтернирлеуші синдромды ми бағанасында орналасқан ошағына байланысты педункулярлы (ми аяқшасы зақымдалса); понтинді, немесе көпірлік (ми көпірі зақымдалса); бульбарлы (сопақша ми зақымдалса) деп бөледі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]