Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-денгей 300.docx
Скачиваний:
9
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
577 Кб
Скачать
☆
  1. Өткізгіштік синдромға нелер жатады? Анықтама беріңіз.

Өткізгіштік синдромдарға: жұлынның бүйір бағанының зақымдану, жұлынның артқы бағанының зақымдану синдромдары жатады. Бірінші түрінде температуралық және ауырсынудың өткізгіштік тип бойынша қарсы жақта бұзылуы пайда болады. Бұл кезде сезімталдықты зақымдалған аймақтан екі сегмент төмен тексереміз. Екнші түрінде бұлшық ет-буындық, вибрациялық сезімнің түгел не жартылай жоғалуымен сипатталады. Сенситивті және спинальді атаксия пайда болады. Бұл ауруға көбінесе фуникулярлы миелоз алып келеді.

  1. Сегментарлық синдромға нелер жатады? Анықтама беріңіз.

Сегментарлы синдромға артқы мүйідікк синдром және алдынғы ақ спайканың зақымдану синдромдары жатады. Бірінші түрінде ауырсыну және температуралық сезімталдықтың бұзылуымен, бірақ бұлшық ет буындық сезімталдықтың сақталуымен сипатталады. Бұзылыстар әр дайым зақымдалған жақта көрінеді. Бұлар сирингомиелиның клиникалық көрінісінде болады. Сондықтан бұл синдром сирингомиелиялық деп аталады. Екінші түріндеде ауырсынулық және температуралық сезімталдықтың бұзылысы пайда болады бірақ екі жақты. Бұл синдром кез келген интрамедулярлық паталогиялық роцес кезінде бола алады бірақ көбнесе сирингомиелия, гематомиелия кезінде ездеседі.

  1. Прифериялық синдромға нелер жатады? Анықтама беріңіз.

Бұл синдромдарға: невральдық, поолиневридтік плексалгиялық, радикулярлық және ганглионарлық синдромдар жатады. Невралдық перифериялық жүйкенің бағаны зақымданған кезде пайда болады және сезімталдықтың өткізгіштік тип бойынша бұзылумен сиатталады. Полиневридтік синдром, бәр неше перифериялық жүйкелердің зақымдалуынан пайда болады. Сезімталдық бұзылысының барлық түрі екі жақты бірдей және дистальді бөліктерде көрінеді. Плексалгиялық синдром кезінде мойын, иық, бел және 8 көз өрімдерінің зақымдалуы кезінде пайа болады. Клиникалық көрінісінде осы өрімдердің шыққан аймағында ауырсыну, парестизия, қозғалғыш, сезімталдық, вегитативті бұзылыстары пада болады.

Радикулярлық синдром артқы түбіршіктердің зақымдалуы кезінде пайда болып, сезімталдық бұзылысының барлық түрімен көрінеді. Ганглионарлық синдром жұлынның түйіндерінің зақымдалуы кезінде пайда болады.

  1. Бас миы мен жұлынның қабаттары сипаттамасы

Бас миы мен жұлынның қабаттарының сипаттамасы және қызметі

Бас ми дәнекер тінді 3 кабықпен қоршалған. Жұмсақ, торлы, қатты. Бас ми қабықтары шүйденің үлкен тесігі деңгейінде жұлын қабықтарына ауысады.

Жұмсақ қабық (pia mater) – ішкі беті ми затын қаптап жатады, сыртқы беті субарахноидалды кеңістікпен трабекулалар мен байланысқан. Бұл кеңістік ликвормен толған және цистерналары бар.

Торлы қабық (arachnoidea) – жұқа, жартылай мөлдір дәнекер тінді қабық. Онда тамырлар жоқ тек ендотелиймен қапталған. Ол қатты қабықтың астында орналасып, субдуралды кеңістікпен шектеседі( тіндік сұйықтықпен толған).

Қатты қабық (dura mater) –ең сыртта орналасқан болып, көп эластикалық талшықтан құралған фиброзды тіннен тұрады.

Қызметі: миды механикалық зақымнан, ауру тудыратын микробтардан қорғайды. Қан тамырларға бай болып, жұлын ми сұйықтығын жасауға қатысады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]