Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-денгей 300.docx
Скачиваний:
9
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
577 Кб
Скачать
☆

216. Көру төмпешігі, құрылысы

Т

аламус
(көру төмпегі, thalamus), аралық мидың 80% құрайды, күрделі цитоархитектоникалық құрылыммен сипатталады. Таламустың ішкі беті 3-ші қарыншаға қарап, оның қабырғасын құрайды. Ішкі беті жоғарғы ми сызығымен шектеледі. Жоғарғы бетін ақ зат көмкеріп тұрады. Жоғарғы беттің алдыңғы бөлігі жуандап алдыңғы төмпешікті (tuberculum anteri us thalami), ал артқы төмпешік жастықты (pulvinar) құрайды. Таламустың латеральды беті құйрықты ядромен (nucl. Caundatus) шекаралық жазықтық арқылы шектеледі. Таламустың сыртқы беті құйрықт[;pokp[e,ы ядро басымен құрт тәрізді ядродан ішкі капсула арқылы шектеледі. Жұлын мен ми бағанасынан үлкен ми жарты шарларына қарай баратын жолдар таламус арқылы өтеді. Олар қыртыс асты түйіндермен дақыл тәрізді ядро ілмегі арқылы өтетін көптеген байланыстардан тұрады. Таламус көптеген ядролардан тұрады, олар бір бірімен ақ заттың жолақтары арқылы шектеледі. Таламустың негізгі ядроларына: алдыңғы (nucll. anteriores), ортаңғы (nucll. mediani), медиальды (nucll. mediales), ішкі пластинкалы (nucll. intralaminares), вентролатеральды (nucll. ventrolaterales), артқы (nucll. posteriores), ретикулярлы (nucll. reticulares)

Таламус сезімталдық жолдарының жинақтағышы болып есептеледі, мұнда қарама-қарсы жақтан келе жатқан сезімталдық импульстері шоғырланады. Осыған орай, келесі топ ядролары ажыратылады:

• спецификалық жиынтық немесе релефтық таламустық ядролар. Бұлар арқылы белгілі түрдегі афференті әсерлер өтеді. Бұл ядролар импульсті дененің тек қана белгілі бір аймағынан қыртыстағы сәйкес аймаққа (біріншілік проекциялық аймақ) өткізеді. Бұл ядроларды проекционды деп те атайды, себебі белгілі бір соматотопиканы білу патологиялық ошақтың шекарасы мен өлшемін, таламустағы сезімталдықты қабылдау бұзылыстары мен дененің қарама қарсы жақтағы қозғалыс бұзылыстарын бағалауда көмек береді;

• бейспецификалық таламустық ядро, аффернттік өткізгіштікке қатысы жоқ немесе үлкен ми қыртысындағы кескіні спецификалық ядроға қарағанда жайылмалы орналасады. Бұл жүйе үлкен ми қыртыстары мен лимбико-ретикулярлы жиынтығының құрылымдарымен байланысып, эмоция, еріксіз қозғалыс, мимика, жылау, күлкі түзілуінде маңызды роль атқарады.

• ассоциативті ядролар, таламустың басқада ядроларынан келетін тітіркендіргіштерді қабылдап, ми қыртысының ассоциативті аймақтарына өткізеді.

Төмпешік асты ядро (nucl. subthalamicus) аралық мидың таламус астында орналасып, бір типті мультиполярлық жасушалардан тұрады. Таламус асты аймақта Н, Н1 және Н2 ядролардан тұратын айқындалмаған аймақ (zonaincerta) бар. Н1 аймақ таламустың астында орналасып, таламус пен жолақты денені қосатын талшықтардан тұрады. ПодполемН1 аймағының астында 3-ші қарыншаның перивентрикулярлы аймағына өтетін жерде белгісіз аймақ орналасқан. Белгісіз аймақ астында бозғыл шарды гипоталамустың перивентрикулярлы ядроларымен байланыстыратын Н2 аймағы орналасқан.

Таламустар рефлекторлы доғаның афферентті бөлігінің маңызды бөлігі, ол қозғалыс актісінің, соның ішінде үйреншікті локомоторлы қозғалыстардың (жүгіру, жүзу, жүру және тб.) инстинктік және автоматтығына негізделген.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]