Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-денгей 300.docx
Скачиваний:
9
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
577 Кб
Скачать
☆

96. Шегрен синдромы (құрғақ шырышты қабық синдромы)

Ауру 40—46 жастағы әйелдердің климактерлік кезеңінде кездеседі. Кейде ауру одан да жас адамдарда, көбінесе аналық безінің функциясы төмендеген әйелдерде басталады. Некроздайтьш артериит, склеродермия, саркоидоз, түйінді периартериит және эритематоздық жегі де дербес ауру ретінде де білінуі мүмкін.

Клиникалық көрінісі барлық секрет шығарғыш бездердің (сілекей шығаратын, ауыз қуысы, жоғарғы тыныс жолдары, ас қорыту жолдары шырышты қабықтары) функциясы төмендеуімен білініп, асқынулармен және уақытша қалпына келумен өтеді.

Науқастарды ауыз, мұрын және көмей шырышты қабықтарының аса құрғақтығы мазалайды. Сол себепті оларда жұтыну қиындайды, кейде қарлығу мен құрғақ жөтел пайда болады. Сонымен қатар көз жасы шықпайтын және аурудың кейінгі кезендерінде көру қабілеті төмендейтін құрғақ кератоконьюнктивит пайда болуы ықтимал.

Аурудьщ қосымша көріністері диспротеинемия (жиірек гаперпротеинемия), ЭТЖ үдеуі, жеңіл гипохромдық анемия, кейде субфебрилитет түрлерінде білінеді.

Емдеу. Шырышты қабықтар құрғақтығын төмендету үшін "жасанды көз жасын" тамызу, хлорлы натрийдің изотониялық ерітіндісі, метилцеллюлозаның 0,5 % ерітіндісімен (оны көзге тамызуға да болады) ауызды жиі шаю, ауыз шырышты қабығына А витамині ерітіндісін немесе балық майын аппликациялау қолданылады. Бір мезгілде гидрохлорид пилокарпиннің 2 % ерітіндісін екі ампуладан екі көзіне күніне 2—4 рет құю, 0,001 г карбозолинді күніне 3 рет ішу, галантаминнін 0,5 % ерітіндісінің икъекциясы тағайындалады.

Оған қоса глюкокортикоидтар дүркіні (күніне 20-30 мг преднизолон, артынан біртіндеп қолдаушы мөлшер ретінде күніне 5 мг-ға дейін төмендетеді) ұсынылады. Қолдау емі 1,5—2 ай бойы жүргізіледі. Сонымен бірге В тобындағы витаминдер, қан тамырларын кеңітетін және жалпы ширықтыратын дәрі-дәрмектер қолданылады.

97. Рейно ауруы

Ауруды алғашқы рет француз невропатологы Рейно 1862 жылы суреттеп, оны орнықты асфиксия және қол-аяқтың симметриялық гангренасы ретінде қарастырған.

Аурудың пайда болуында тұқым қуалау бейімділігі белгілі роль атқарады. Оның басталып, әрі қарай дамуына суыққа ұрыну, эмоционалдық және басқа да тітіркеністер мүмкіндік береді. Көбінесе әйелдер ауырады. Аурудың алғашқы белгілері әдетте 15-20 жаста, сирегірек 20 жастан асқанда білінеді.Рейно феномені өзінің классикалық формасында үш кезеңнен тұратын ұстамалар түрінде өтеді.

Бірінші кезеңіне шұғыл қуқылдану, тоңазу, парестезиялар және дененің тиісті бөлігі дуылдап күюмен білінетін қан тамырларыньщ ширығып қысылуы тән. Ұстама 5—20 минутқа созылады.

Екінші кезеңінде анемия ұстамасы өтісімен, веналар парезі басталады. Соның әсерінен жансызданып бозарған тканьдер көгере бастайды. Бұл кезендегі ұстама ұзағырақ созылады да, тканьдерде асфиксия құбылысы айқын білінеді. Ұстама кезінде асфиксияға ұшыраған тканьдер бөлігінде науқастар өте қатты дуылдаған ауырсынуды сезінеді.

Үшінші кезеңде дененің зақымданған бөлігінде ісінумен, күлдіреген, буллездық, кейде қаншымақтанған бөртпелер және тканьдердегі некроздық өзгерістермен сипатталатын трофикалык, бұзылулар пайда болады. Терінің некрозы болуы ықтимал. Аурудың аса ауыр түрінде некроздық өзгерістер тері астындағы тканьдерде, сонымен бірге сүйекте де байқалады. Ұзақ уақыт бойы жазылмайтын ойық жара қалыптасады. Бұл өзгерістерге әдетте айқын білініп, ұзақ уақыт басылмайтын ауырсыну синдромы қосарланады.

Рейно синдромы дәнекер ткань ауруларында (әсіресе склеродермияда), діріл ауруында, әр түрлі химиялық заттармен уланғанда, алдыңғы сатылы бұлшық ет, қосымша мойын қабырғасы, кіші кеуде бұлшық еттері синдромдарында, т.б жиі білінеді. Мұндай жағдайлардың Рейно ауруынан айырмашылығы — үрдістің бір жақтылығында.

Ауру әдетте екі жақтан симметриялы түрде көрініс береді, көбінесе қол үшында, әсіресе саусақтарда жиі, кейде аяқ ұшында да байқалады.

Рейно ауруын емдеу үшін ұстамаларды ушықтыратын факторларды (мұздау, ылғал, жағымсыз сезім билеу) болдырмау көзделеді. Ганглио-блокаторлар (пахикарпин, ганглерон, бензогексоний, т.б.) қан тамырларын кеңейтетін препараттармен (эуфиллин, папаверин, но-нша, никотин қышқылы, компламин т.б.) қатар қолданылады. Физиотера-пиялық әдістерден жылтатын ем шаралары, ультракүлгіндік. (УК) қыздырудың эритемдік мөлшерлері, диатермия тиімді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]