Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-денгей 300.docx
Скачиваний:
9
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
577 Кб
Скачать
☆

64. Бет нерві анатомиясы (n.Facialis) мен физиологиясы

Бұл нервтің құрамына қозғалтқыш, секреторлық (парасимпатикалық) және сезімтал (дәм сезу) талшықтары кіреді, сондықтан аралас нервке жатады. Қозғалтқыш талшықтар өз бастауын көпірдің сопақша мимен шекаралас жатқан жерінен тереңде әкетуші нервтің ядросынан артқа және сыртқа орналасқан ядродан алады (5.22. сурет). Вентральді бөлігі аттас бет бөлігінің мимикалық бұлшықетінің төменгі бөлігін иннервациялап, қарсы жақтағы ми бөлігімен байланысады. Ядроның дорсальді бөлігі бет мускулатурасының жоғарғы бөлігін иннервациялайды және ми жартышарының екі бөлігімен де байланысады. Ядродан шыққан талшықтар жоғары көтеріліп, төртінші қарынша түбінде әкетуші0 нерв ядросын айнала өтіп, бет нервінде ішкі иін құрайды және көпір мен сопақша ми арасынан көпірмишық бұрышынан шығады. Бұл жерде V, VI, VШ нерв түбірлері де орналасқан. Бет нерві аралық және есту нервтерімен бірге самай сүйегі пирамидасының тастақты бөлігінен ішке есту саңылауына еніп, бет нерві өзегіне шығады.Өзектің бастапқы бөлігенде құрамында сезімтал (дәм сезу) және вегетативті (секреторлы) талшығы бар аралық нерв (n.intermedius) қосылады. Сезімтал талшықтар аттас жол ядроларымен (nucl.tractus solitarius), ал секреторлы – жоғарғы сөл бөлетін ядромен (nucl.salivatorios superior) байланысады. Кейін бет нерві горизонтальді бағытын вертикальді қалыпқа өзгертіп, сыртқы иін құрайды және бас сүйегінің біз–емізік тәрізді тесіктен шығып, құлақ маңы безін тесіп өтіп, беттің аттас жарты беттерінің мимикалық бұшықеттерін иннервациялайтын жоғарғы және төменгі тармақтарға бөлінеді. Сыртқы иін маңында бет нерві иін түйіні (gangl.geniculi) есебінен жуандай түседі, ол аралық нервтің сезімтал бөлігіне жатады. Бет нерві өзек маңында мынандай тармақтар шығады: үлкен тастық нерві (n.petrosus major), үзеңгі (n.stanedius) және дабыл ішегі (chorda timpani). Үлкен тастық нерв жас безін иннервациялайды; аттас үзеңгі бұлшықетті (m.stapedius); дабыл ішегі тілдің алдыңғы 2/3 бөлігін және секреторлы – тіл астылық және жақастылық безді иннервациялайды. Без емізік тесігінен шыққан бет нерві тармағы иннервациялайды: артқы құлақ нерві (n.auricularis posterior) – құлақ қалқаны бұлшықеті, артқы қосіштік және біз тіластылық бұлшықет (m.digastricus posterior и m.sthiliohipoglossus); самайлық тармақ – маңдай бұлшықеті (m.frontalis); көздің домалақ бұлшықеті (m.orbicularis oculi); қасты түйетін бұлшықетті (m.corrigator supercillii); бетсүйек тармағы – көздің дөңгелек бұлшықетін (m.orbicularis oculi); және бетсүйек бұлшықетін (m.zigomaticus); ұрт тармағы – үлкен бетсүйектік (m.zigomaticus major), ұрт (m.buссinator); күлкі бұлшықетін (m.risorius), ауыздың домалақ бұлшықеті (m.orbicularis oris), мұрын (m.nasalis); төменгі жақ нервтің шеткі нтармағы – иек бұлшықеті (m.mentalis); мойын тармағы – мойын бұлшықеттерін (m.platisma) иннервациялайды.

65. Бет нервін зерттеу әдістері.

Бетті қараудан басталады. Бет ассиметриясы, көз саңылауының әртүрлі өлшемі, маңдай және мұрын ерін қыртысының бірдей болмауы тыныш кезінде, кейде ассимеррия сөйлесу кезінде, күлгенде, жымиғанда байқалады. Зерттелушіден маңдайын қыртысқа жинауды, қабағын түюді, көзін жабуды, ұртын томпайтуды, тісін көрсетуді, ысқыруды сұрап, қалай орындап жатқанын бақылау керек.

Көздің домалақ бұлшықетінің жұмысын тексеру үшін науқасқа көзін қатты жұмуды сұраймыз, дәрігер жоғарғы қабағын ақырын көтеріп, қарсыласу күшін тексереді. Бұл бұлшықеттің параличінде көз толық жабылмайды (лагофтальм – қоян көз). Көз саңылауы толық жабылмағанда кірпіктер көрініп тұрады (кірпік симптомы). Лагофтальм көбіне жас ағумен сипатталады, кейде бет нервінің жоғары зақымдалуында көз құрғауы да мүмкін (n.petrosus major зақымдалуы). Бұл жағдайда гиперакузия (дауысты күшейтіп қабылдау, әсіресе төмен тондарды) және тілдің алдыңғы 2/3 бөлігінде дәм сезу бұзылысы байқалады.

Ауыздың домалақ бұлшықетінің күшін бағалау үшін, дәрігер науқастан ұртын үрлеуді сұрайды. Ауыздың домалақ бұлшықеттің әлсіздігінде ауа зақымдалған жақтың ауыз бұрышынан шығады.

Берілген тапсырманы орындау барысында патологиялық синкенезиялар байқалуы мүмкін: көзін қысқан кезде жоғарғы ерін тартылады, ауыз бұрышының жоғары тартылуы, көзін жұмған кезде бірге қасты көтереді. Бет нервінің асқынған невритінде мимикалық бұлшықеттердің контрактурасынан бет сау жағына емес, ауру жағына қарай тартылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]