Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-денгей 300.docx
Скачиваний:
9
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
577 Кб
Скачать
☆

85. Таламустың зақымдалу синдромы.

Таламус зақымдалғандағы клиникалық көріністердің полиморфизмі оның құрылысының қиындығы мен атқаратын қызметінің түрлілігіне байланысты. Таламустың вентролатеральды бөлігінің зақымдалуы қарама қарсы жақта сезімталдық табалдырығының жоғарылауына алып келеді. Бұл кезде ауырсыну мен температура сезінудің аффективті бояуының бұрмаланып, ауырсынудың локализациясының қайда екенін анық түсіне алмайды, жағымсыз, күйдіру сипатта болады. Қарама қарсы жақта гиперпатиямен гипалгезия, соның ішінде терең сезімталдықтың айқын бұзылысы, ал ол өз кезегінде сенситивті атаксия мен қозғалыс дәлдігінің бұзылысымен сипатталады.

Бірнеше науқастарда таламустың артқы латеральды бөлігінің зақымдалуы кезінде Дежерина-Русси таламикалық синдромы анықталған. Ол қарама қарсы жақта күйдіріп, шыдатпайтын, қинайтын «таламикалық» ауырсыну мен беткей және терең сезімталдықтың бұзылысы, псевдоастериогноз, сенситивті гемиатаксия, гиперпатия және дисестезия синдромының анықталуымен сипатталады. Дежерина-Русси таламикалық синдромы таламустың латеральды артерияларында (артқы ми артериясының тармағы) ишемия болғанда жиі дамиды. Кейде, бұл жағдайда зақымдалған жаққа қарама-қарсы жақта өтпелі гемипарез және гомонимді гемианопсия анықталады.

Таламустың терең сезімталдық бұзылысы әсерінен зақымдалуы кезінде сенситивті атаксия және псевдоастериогноз байқалады. Таламустың медиальды бөлігі мен мишықтан келетін импульстерді өткізетін тісті-таламустық жол зақымдалса, қарама-қарсы жақта әсіресе қол мен саусақтарда айқын білінетін атетоидты немесе хореоатетоидты гиперкинез бен қосарланған атаксия анықталады.

Эпиталамусқа (төмпешік асты) тұсаулар, жабысқақтық тұсаулар, артқы жабысқақ және ісік тәрізді дене (эпифиз) жатады. Тұсау үшбұрышында мына ядролар орналасады: ұсақ жасушалардан тұратын медиальды ядро, ірі жасушалардан тұратын латеральды ядро. Эпифиз - ішкі секреция бездеріне жатады, ол мелатонин, серотонин, адреногломерулотропин және антигипоталамилық фактор тәрізді физиологиялық белсенді заттарды өндіреді.

Метаталамусқа (төмпешік арты) медиальды және латеральды тізелі денеден тұрады. Латеральды тізелі дене таламустың жастықшасының астында орналасады. Латеральды тізелі дене бинокулярлы көрудің қыртыс асты орталығы болып саналады. Медиальды тізелі дене шатыр пластинкасының жоғарғы төмпешігі мен таламус жастықшасы арасында орналасқан. Медиальды тізелі денеде мына ядроларды ажыратамыз: дорсальды және вентральды. Медиальды тізелі денеде латеральды ілмектің талшықтары аяқталып, есту қыртысына баратын есту жолы басталады. Медиальды тізелі дене есту анализаторының қыртыстағы орталығы болып табылады. Екі медиальды тізелі денелердің бірдей зақымдалуы екі жақты кереңдікке алып келеді.

Гипоталамус (hypothalamus) – филогенез бойынша аралық мидың ертерек пайда болған бөлігі. Гипоталамус құрылысы күрделі, оны шартты түрде екі бөлікке бөлуге болады: алдыңғы және артқы. Оптика алды бөлікте (алдыңғы таламус бөлігі) медиальды және латеральды оптика алды ядролары, паравентрикулярлы және супраоптикалық ядролар, алдыңғы гипоталамустық ядро мен супрахиазмалық ядролар орналсқан. ( 7.4.сурет).

Арлық гипоталамус бөлігінде мына ядроларды көруге болады: медиальды гипоталамустық ядро, вентро медиальды гипоталамустық ядро, ядрошықтар, оларды басқаша доға тәрізді ядро деп те атайды. Бұл топ ядролар гипоталамустың медиальды бөлігінде орналасқан. Гипоталамустың латеральды бөлігінде латеральды гипоталамустық ядро, сұр төмпешікті ядро, сұр төмпешікті-емізікше ядро және перифорникальды ядро орналасады.

Артқы гипоталамустық бөлік емізікшенің медиальды және латеральды ядролары мен артқы гипоталамустық ядродан тұрады. Гипоталамус ядролары бір-бірімен және мидың басқада құрылымдарымен, соның ішінде үлкен ми жарты шарының лимбмкалық құрылымдарымен, маңдай бөлігімен, иіс сезу анализаторымен, таламуспен, экстрапирамида жүйесінің құрылымдарымен, ми бағанасындағы ретикуляллы формациямен және ми нервтерінің ядроларымен ассоциативті байланыстар арқылы байланысады.

86. Нейробруцеллез ауруы

Бруцеллез — ретикуло-эндотелиялдық жүйені (РЭЖ) айрықша зақымдайтын жалпы инфекциялы-аллергаялық ауру. Ол жүйке жүйесі мен тірек-қимыл аппаратын жиі қамтитын хрониосепсис түрінде өтеді, Қазақстанда мал шаруашылығы жеке дамығандықтан малшылар мен мал өнімін өндірумен шұғылданушылар арасында бруцеллезбен ауыру ұлғайғандығын жоққа шығаруға болмайды. Сондықтан емдеуші дәрігерлердің бруцеллезді анықтау мсн емдеу шаралары жөнінде жеткілікті түсінігі болуы қажет.

Ауруды қоздырушы — бруцеллдер тобына жататын микробтар. Инфекцияны адамдар арасына жануарлар таратады. Олар сүт, зәр, нәжіс және іш тастау кезінде қынап шырышы арқылы микробтар бөліп шығарады. Адамдарға алиментарлық жолмен зақымданған тері арқылы жуғады.

Адам организмінде бруцеллдер лимфа түйіндсріне жиналады, артынан қан арқылы әр түрлі тканьдер мен ағзаларға; оның ішінде орталық және шеткі нерв жүйесіне тарайды.

Нейробруцеллез нерв жүйесіндегі функционалдық және құрылымдық өзгерістер негізінде дамиды, Невротикалық (невроздық) жағдайдың пайда болуына ми қыртысындағы қозу және тежеу үрдістері тепе-теңдігінің, сонымен қатар ми қыртысы-қыртыс асты ара-қатынастарының бұзылуы ықпалын тигізеді. Аралық ми мен ми бағаны торлы формация функциясының бұзылуы вегетативті-қан тамырлық бұзылымдарының пайда болуына мүмкіндік туғызады.

Шеткі нерв жүйесінің басым зақымдануы бруцеллдердің периневралдық таралуына байланысты, ал орталық нерв жүйесінің ошақтық зақымдануы микробтардың ми мен жұлын тканьдеріне орнығып, әрі қарай өсіп-өнуінен болады.

Бруцелддер тор қабық асты кеңістігіне енгенде, ми қабықтарыньң, бас сүйек-ми және жұлын нервтерінің асептикалық қабынуы байқалады.

Аурудың асқынуы мен қайталауына жарақаттар, суық тию, еңбек пен тұрмыстағы қолайсыз жағдайлар, қосалқы инфекциялар, т.б. әсер ететіндігі белгілі.

Патологиялық анатомиясы. Аурудың шұғыл кезеңіңде орталық және шеткі нерв жүйесіне кең таралған инфильтративті-дистрофиялық өзгерістер өрбиді.

Шеткі нерв жүйесінде, әсіресе оның бел-сегізкөз бөлімінде, жұлын түйіндерінде, нерв түбіршіктерінде және шеткі нервтер бойында инфильтраттар, лимфоцитарлық элементтердің жиналуы, гистиоциттер мен фиброциттердегі түйінделген пролиферация, оған қоса қан тамырларын деструкциялайтын васкулитгер анықталады.

Орталық нерв жүйесінің зақымдануы гипетермия, стаз және ісінумен, миға және тор қабық асты кеңістігіне қан құйылумен сипатталады. Олар нерв клеткаларында ауыр дистрофиялық өзгерістердің пайда болуына ықпал жасайды,

Аурудың шұғыл және созылыңқы кезендерінде байқалатын дисциркуляторлық бұзылуларды бруцеллезге қатысты аллергиялық реакция ретінде қарастырған жөн.

Созылмалы кезеңде болатын патоморфологиялық өзгерістер — айқын білінетін ошақты зақымданудың белгісі. Мұндайда шұғыл және созылыңқы кезенде байқалатын өзгерістерге склерозға ауысатын өнімді-деструктивтік өзгерістер қосылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]