Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-денгей 300.docx
Скачиваний:
9
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
577 Кб
Скачать
☆

83. Нерв жүйесінің сифилиске байланысты зақымдануы

Сифилиспен сырқаттанғандардың нерв жүйесінің зақымдануы, соңғы мәліметтер бойынша, олардың 15—25 %-ын құрайды. Сифилиспен ауру және онда болатын қосымша неврологиялық асқынулар әлеуметтік-экономикалық жағдайларға, медициналық қызмет көрсету ерекшеліктеріне және халықтың мәдени деңгейіне байланысты. Сонымен қатар сифилис осы күнге дейін, тіпті экономикалық дамыған елдерде де едәуір кең таралған. Мысалы, дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) мәліметгері бойынша, дүние жүзінде жылда бұл аурумен 20 млн адам ауырады. ТМД елдерінде нейросифилиспен ауыратындар нерв жүйесі органикалық ауруларының 0,5 %-ын құрайды.

Нейросифилистің алғашқы (мезодермалық) және кешеуілдеген (эктодермалық) көріністері ажыратылады.

Алғашқы мезодермалық асқынулар біріншілік (бас ауыруы, радикулалгия, неврит) және жиірек екіншілік (менингит, миелит, менинго-радикулоневрит және менингомиелит, цереброжұлындық васкулит) кезеңдерінде, яғни инфекция жұққаннан бірнеше айдан 2—3 жылға дейінгі мерзімде дамиды.

Кешеуілдеген эктодермалық асқынулар (созылмалы менингит және менингомиелит, гумма, пахименингит, эндоартериит) сифилистің үшінші кезеңінде, яғни ауру басталғаннан 3—6 жыл кейін өрбиді.

Алғашқы симптомдарға 10—15 жыл өткенге дейін созылатын сифилистің эктодермалық көріністері- жұлын семуі, үдемелі салдану, амиотрофиялық жұлындық сифилис және Эрба сіреспелі салдануы жатады.

Нерв жүйесінің зақымдануы бозғылт спирохетаның қанға, ми-жұлын сұйығына және ми ұлпасына (парен-химіне) енуіне байланысты. Неврологиялық көріністердің дамуына арнаулы емнің жеткілікті жүргізілмеуі, қатты шаршау, жарақаттану, алкоголизм, авитаминоз, т.б. факторлар ықпалын тигізеді. Науқасқа организмдегі бозғылт спирохета қасиеттерінің өзгеруі де өзіндік әсерін тигізеді.

Қолайсыз жағдайларда спирохеталардың латенттік (жасырын) жағдайларға ауысатындығы дәлелденді. Олардың шумақталып, жалпы муцин секілді қабықшалармен жабылған цисталар құрастыратыны байқалады. Организмнің қорғану күштері әлсірегенде немесе емдеу шаралары жеткілікті жүргізілмегенде, олардан қайтадан белсенді патогендік қасиеті бар спирохеталар пайда болады.

Жоғарыда келтірілген жәйттер арқылы аурудың клиникалық көріністерінің қайталануын, ликвордағы өзгерістердің үдейтіндігін және айқын білінетін серологиялық реакцияларды түсіндіруге болады.

Қазіргі кездегі өзгеше нейротроптық спирохетаның болуы жөніндегі ұғым эксперименталдық және клиникалық бақылаулар негізінде бекер болып шықты.

Патологиялық анатомиясы. Ми мен жұлында қабыну мен дегенератив үрдістердің қабаттасатындағы байқалады. Аурудың алғашқы түрлеріңде ми қабықшаларында, қан тамырларында, нерв түбіршектерінде, ал кешеуілдегенінде ми ұлпасындағы (клеткалар, талшықтар, глиялар) дегенеративтік зақымданулар басым болады.

Нерв жүйесінің сифилистік зақымдануының негізгі түрлерін сипаттауға көшейік.

84. Нейросифилис жіктелуі, сифилистің мезодермалдық (алғашқы) түрлері.

Жасырын (симптомсыз) сифилистік менингит тор қабық асты кеңістігіне бозғылт спирохетаның енуінен ми қабықтарында, нерв түбіршіктерінде, нервтерде қабыну реакциясының дамуымен сипатталады.

Клиникалық көріністері аздап бас ауыруы, бас айналу, кейде лоқсу, жалпы гиперестезия, нерв түбіршектерінің ауырсынуы, жекелеген бас сүйек-ми нервтері қызметінің кемшілігі арқылы белгі береді. Диагнозды ликворда тұрақты лимфоцитарлық плеоцитоз, белоктың көбеюі дәлелдейді. Бүл өзгерістер дұрыс емделген жағдайда білінбей кетеді.

2. Шұғыл сифилистік менингит. Науқастарда кенеттен бас ауыруы, бас айналу, лоқсу, кейде құсу, көз қарығу пайда болады. Бас ауыруы өсіресе түнде күшейеді. Дене қызуы субфебрильдік немесе 38—39°-қа дейін көтеріледі, менингеалдық симптомдар, кейде бас сүйек-ми нервтері (көбінесе III жұп) зақымдануы пайда болады.

Ми-жұлын сұйығы түссіз, жоғары қысыммен ағады (су бағанымен 400 мм-ге дейін, онда лимфоцитарлық плеоцитоз (150—500 клетка) жөне белок мөлшері көбейеді (0,6—1,2 %).

Ауру әдетте жеңіл түрде өтеді. Арнайы ем әсерінен аурулардың жағдайы тез жақсарады.

3. Созылмалы сифилистік менингит. Ауру созылыңқы басталады, жалпы милық пен менингеалдық симптомдар айқын білінбегендіктен, аурудың басталғаны бірнеше апта бойы байқалмайды.

Патологиялық үрдіс ми табанындағы бас сүйек-ми нервтерін қамтиды — көз қозғалтқыш (қылилану, птоз, анизокория), бет (лагофтальм, мұрын-ерін әжімінің тегістелуі), есту (неврит), көру (нерв үрпісінің іркілуі, скотома, атрофия), үшкіл нервтерде өзгерістер (невралгая-лық ауырсыну, бетте сезімділіктің бұзылуы) байқалады. Кейде көз қарашығы сфинктерінің сыртқы және ішкі еттерінің оқшауланған салдануы немесе парезі білінеді. Тұтас офтальмоплегия да болады.

Ликворда лимфоцитарлық плеоцитоз бен белоктың көбеюі байқалады. Диагнозды қан мен ми-жұлын сұйығында Вассерман реакциясының айқындығы, ликвордың 3—4 пробиркаларда қызыл-күлгін түске дейін өзгеруі (сифилистік тіс) дәлелдейді.

Соңғы болжам негізінен оңтайлы. Арнайы ем қолданғанда симптомдар бәсеңсиді. Сирек жағдайларда көру және есту функцияларының тұрақты бұзылымдары қалып қояды.

4. Сифилистік менингомиелит. Ауру түбіршек ауырсынуы мен арқа, құрсақ және аяқта парестезия пайда болуынан басталады. Оларға біртіндеп жұлынның зақымдану симптомдары қосылады. Кейбір ауруларда жұлын зақымдануы, басқаларында менингеалдық және түбірлік синдромдар басым білінеді. Ми-жұлын сұйығындағы өзгерістердің сифилистік менингиттен айырмашылығы жоқ. Дегенмен, Стукея мен Квекенштедт сынақтарында тор қабық асты кеңістігінің өткізгіштігі жартылай кемитіндігі жиі айқындалады.

5. Сифилистік невриттер көптеген жағдайларда радикуло-менингеалдық синдроммен байланысты. Қатты ауырсыну, әсіресе түн ортасында, арқылы білінетін иық өрімінің зақымдануы жиі кездеседі. Полиневрит көріністері де белгі беруі ықтимал.

6. Сифилистік эндартерит әуелі адвентиция мен ми қабықтарында, соңынан қан тамырларының ішкі астарлы қабатында (интимасыңда) білінетін қабыну-өнімділік өзгерістермен сипаталады. Кейінгісі қан тамырларын тарылтып, бітеп тастайды.

Ортаңғы ми артериясы бітелгеңде гемиплегия немесе гемипарез, ал негізгі артерия бітелгенде альтернирленген (айқасқан) салдану, көру, есту және булбарлық бұзылымдар пайда болады.

Қан тамырларының толық бітелуі қарсаңында бас ауыру, бас айналу, өтпелі парездер мен парестезиялар байқалады.

Ұсақ қан тамырларының жайылған сифилистік эндоартерииті бас ауыруымен, есте сақтау және интеллект бұзылуымен, оқтын-оқтын қайталайтын өткінші ми қан ағысы бұзылуымен білінеді.

Алғашқы кезеңде астения симптомдары (шаршағыштық, ашуланғыштық, сылбырлық, сәл бас ауыруы) басым болады. Аурудың дамуы кезінде ақылдан алжасуға дейінгі психикалық өзгерістер үдей түседі.

7. Ми мен жұлын гуммасы бірнеше күн, апта бойы созылыңқы өрбиді. Ошақтық симптомдар патологиялық үрдістің орталық нерв жүйесі құрылымдарына орнығуына байланысты.

Көз түбінде іркілістік құбылыстар жиі байқалады. Мөлдір ми-жұлын сұйығы жоғары қысыммен ағады, онда белок мөлшері көбейіп, аздаған лимфоцитарлық плеоцитоз білінеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]