- •Нейрон және оның құрылысы мен қызметі
- •Синапс және оның құрылысы мен қызметі
- •Жүйке жүйесінің жалпы физиологиясы
- •Орталық және перифериялық жүйке жүйесі
- •Бас миы және оның бөлімдері
- •Үлкен ми сыңарларының анатомияси және физиологиясы
- •Орталық мидың анатомияси және физиологиясы
- •Аралық мидың анатомияси және физиологиясы
- •Сопақша мидың анатомияси және физиологиясы
- •Көпірдің анатомияси және физиологиясы
- •Жұлынның анатомияси және физиологиясы
- •IV қарыншаның анатомияси және физиологиясы
- •III қарыншаның анатомияси және физиологиясы
- •Бүйір қарыншалардың анатомияси және физиологиясы
- •Ми сыңарларының негіздік (базалді) ядролары
- •16 .Ақ заттың анатомиясы және физиологиясы
- •17.Торлы құрылымның анатомиясы және физиологиясы
- •Бас ми жұп нервтері.
- •19. Иіс сезу нервінің (I жұп ) анатомиясы, функциясы, бұзылыстары, зерттеу әдістері
- •Көру нервінің (II жұп ) анатомиясы, функциясы, бұзылыстары, зерттеу әдістері.
- •21. Көз қозғалтқыш нервінің (III жұп ) анатомиясы, функциясы, бұзылыстары, зерттеу әдістері.
- •Шығыр нервінің (IV жұп ) анатомиясы, функциясы, бұзылыстары, зерттеу әдістері.
- •Әкетуші нервтің (VI жұп ) анатомиясы, функциясы, бұзылыстары, зерттеу әдістері
- •24.Көзқозғалтқыш нервтер бұзылысы және тексеру әдістері
- •Көру иннервациясы. Медиальды көлденең түйін жүйесі
- •26. Бассүйек нервтері ядроларының ромбтәрізді шұңқырдағы проекциясы
- •28. Кезбе (X жұп) нервінің анатомиясы.
- •29. Қосымша нерв (n.Accessorius) анатомиясы.
- •30. Тіласты (XII жұп) нервінің анатомиясы.
- •31. Қосымша нервті (n.Accessorius) тексеру, зақымдану белгілері.
- •32. Бас миының бульбарлы топ нервтерін тексеру.
- •33. Бас миының бульбарлы топ нервтерін бұзылыстары.
- •34. Бульбарлы паралич.
- •35. Псевдобульбарлы паралич.
- •36. Шашыранды склероз ауруы анықтамасы.
- •37. Шашыранды склероз ауруының клиникасы.
- •38. Шашыранды склероз ауруының клиникалық варианттары.
- •39. Эпилепсия ауруына сипаттама.
- •40. Эпилепсия ауруының патогенезі мен патоморфологиясы.
- •41. Эпилепсия классификациясы.
- •42. Эпилепсиялық жағдай (статус).
- •43. Эпилепсия ауруының диагностикасы.
- •44. Миастения ауруы.
- •45. Миастенияның бозбалалық түрі.
- •46. Деменция ауруының анықтамасы.
- •47. Деменция ауруының түрлері.
- •48. Деменция ауруының сатылары.
- •49. Деменция ауруының диагностикасы.
- •50. Деменция ауруының емі.
- •51. Белдеуленген герпес (теміреткі) этиологиясы мен патогенезі.
- •52. Белдеуленген герпес (теміреткі) клиникасы.
- •53. Белдеуленген герпес (теміреткі) емі.
- •54.Ерікті қозғалыс Пирамидалық жол анатомиясы және физиологиясы
- •55. Қимыл жүйесін зерттеу әдістері: Бұлшық ет күшін анықтау
- •56. Қимыл жүйесін зерттеу әдістері: Бұлшық еттің тонусы
- •57. Қимыл жүйесін зерттеу әдістері: физиологиялық рефлекстер
- •58. Физиологиялық беткей рефлекістер тексеру
- •59.Физиологиялық терең рефлекістер тексеру
- •60. Патологиялық рефлекстер тексеру
- •61. Үшкіл нерв анатомиясы мен физиологиясы.
- •62.Үшкіл нервін тексеру әдістері
- •63.Үшкіл нерв зақымдалу симптомдары.
- •64. Бет нерві анатомиясы (n.Facialis) мен физиологиясы
- •65. Бет нервін зерттеу әдістері.
- •66. Бет нервісін зақымдалу симптомдары.
- •68. Кіреберіс-ұлу нерві (n.Vestibulocochlearis) анатомиясы мен физиологиясы
- •69. Кіреберіұлу нервісін зерттеу әдістері: сынамалары
- •71.Менингиттертуралы жалпы түсінік
- •72.Менингококктық менингит
- •73.Үшкіл нерв невропатиясы
- •74. Бет нервісінің невропатиясы
- •75.Бет нервісінің зақымдануына байланысты синдромдар
- •78. Шұғыл қабыну полиневропатиясы (Гийен-Барре синдромы)
- •80. Бас ми қан тамырлары зақымдануларының жіктелуі
- •II. Ми қан айналысы бұзылуының сипаты:
- •III. Мидағы зақымдану ошақтары:
- •IV. Ми қан тамырлары өзгерістерінің орналасуы мен сипаты.
- •81. Вакцинациядан (егуден) кейінгі энцефалиттер
- •83. Нерв жүйесінің сифилиске байланысты зақымдануы
- •84. Нейросифилис жіктелуі, сифилистің мезодермалдық (алғашқы) түрлері.
- •85. Таламустың зақымдалу синдромы.
- •87.Нейробруцеллез клиникасы, диагностикасы.
- •88. Нейробруцеллез кезінде шеткі нерв жүйесі мен жұлын зақымдануы.
- •II. Жұлын мен оның қабықтарының зақымдануы.
- •89. Нейробруцеллез кезінде ми мен оның қабықтарының зақымдануы.
- •90. Паркинсон ауруы.
- •91. Бүйірлік амиотрофиялық склероз, этиопатогенезі.
- •93. Вегетативтік нерв жүйесін басым зақымдандыратын аурулар: вегетативтік дистония синдромы
- •95. Бас сақинасының жіктемесі
- •96. Шегрен синдромы (құрғақ шырышты қабық синдромы)
- •97. Рейно ауруы
- •98. Тепе-теңдікті тексеру әдістері
- •99 Бас миының қыртысты функциялардың бұзылыстары
- •100 Ликвор айналымы және ликвор өткізгіш жолдардың анатомиясы .
- •101 Магнитті резонансты томография.
- •102. Орталық салдану және оның көріністері
- •103. Шеткері салдану және оның көріністері.
- •104. Жұлынның алдыңғы, артқы және бүйір мүйіздердің зақымдалуы.
- •105. Жұлынның ақ байламының, каналдың және түбірдің зақымдалуы
- •106. Қимылдардың бұзылуы. Сал ауруы, парез және олардың түрлері.
- •107. . Тамырлық анастомоздар жүйесі
- •108. Орталық сал мен шеткері сал, айырмашылықтары.
- •109. Орталық қимыл нейронның зақымдалуы.
- •110. Электромиография және электронейромиография әдісі
- •111. Ми бағанасының зақымдалу симптомдары
- •112. Бульбарлы альтернирлеуші синдромдар
- •114. Жоғарғы милық/психикалық қызметтер
- •115. Агнозия туралы түсінік
- •117. Апраксия
- •119. Праксис пен гнозисті тексеру әдістері
- •120. Афазия
- •122. Сенсорлық (акустико-гностикалық) афазия және амнестикалық афазия.
- •123. Амнезия туралы түсінік.
- •124. Семантикалық (транскортикальды сенсорлық) афазия және тотальды афазия
- •125. Аграфия туралы түсінік.
- •126. Алексия туралы түсінік.
- •127. Вертебро-базилярлы бассейн
- •128. Вегетативтік нерв жүйесі құрылымдары.
- •129. Симпатикалық нерв жүйесінің құрамы.
- •139. Экстрапирамидалық жүйенің қызметтері:
- •Анализатор туралы түсінік?
- •142.Рецепторларға анықтама және рецептор құрылымы?
- •Анализатордың ми қыртысы бөлігі.
- •Сезімталдықтың клиникалық жіктелуі.
- •Көру төмпешігінің сезімталдық жүйедегі маңызы және қызметі.
- •Сезімталдықтың сатылары.
- •Үстірт сезімталдықтың жолдары.
- •Терең сезімталдықтың жолдары.
- •Сезімталдықтың түрлері.
- •Төбелік үлестердің зақымдану белгілері
- •Бас ми қабықтары.
- •Сезімталдық бұзылысының симптомдары.
- •Сезімталдық бұзылысының синдромдарын атаңыз.
- •Милық синдромға нелер жатады? Анықтама беріңіз.
- •Өткізгіштік синдромға нелер жатады? Анықтама беріңіз.
- •Сегментарлық синдромға нелер жатады? Анықтама беріңіз.
- •Прифериялық синдромға нелер жатады? Анықтама беріңіз.
- •Бас миы мен жұлынның қабаттары сипаттамасы
- •Бас ми қарыншаларының анатомиясы және сипаттамасы
- •Жұлын ми сұйықтығы (ликвор) құрамы және қызметі
- •Менингеальді симптомдар, сипаттамасы
- •Субарахноидалді қан құйылу.
- •Субарахноидалді қан құйылу кезінде жүйелі асқынулар ?
- •Вертебро-базилярлы басейндегі инсултке тән клиникалық көріністер
- •Инсульттің қауіп факторларына жататын жүрек аурулары
- •Миастенияның клиника көрінісі
- •Дистонияның емінде ботулотоксиннің рөлі
- •Ботулизмнің клиникалық көрінісі
- •Қозғалтқыш нейрондарды зақымдайтын аурулар
- •Гийена-Барре синдромының бастапқы клиникалық көрінісі
- •Компьютерлік томография (кт) әдісі
- •Электроэнцефалография (ээг) әдісі
- •Булбарлық паралич сипаттамасы
- •Ми бағанының функционалдық маңызы
- •Ми бағанасының зақымдалу симптомдары
- •Ми бағанасының зақымдалуы кезіндегі альтернирлеуші синдромдар
- •Экстрапирамидалық жүйенің қызметтері?
- •Экстрапирамидалық жүйеге жататын анатомо-физиологиялық құрылымдар.
- •207. Экстрапирамидалық жүйенің негізгі бөлімдері мен оның функционалдық жағдайына әсер ететін і нейротрансмиттік жүйелер.
- •208. Экстрапирамидалық жүйенің қызметін жүзеге асыратын жолдары.
- •209. Экстрапирамидалық жүйенің қызметтері:
- •210. Энцефалиттер, жіктелуі.
- •211. Энцефалиттердің барлық түрлеріне тән жалпы клиникалық белгілер.
- •212. Кене энцефалиті.
- •213. Кене энцефалитінің нерв жүйесін зақымдау сипатына байланысты түрлерлері.
- •214. Маса энцефалиті
- •215.Экономоның эпидемиялық энцефалиті.
- •216. Көру төмпешігі, құрылысы
- •217 Понтинды (көпірлік) альтернирлеуші синдромдар
- •218 Гипофиз құрылысы және жолдары
- •219. Менингеалды симптомдар
- •220. Гипотензиялық синдром, даму себептері.
- •221. Гипотензиялық синдромның клиникалық белгілері.
- •222. Ми жұлын сұйықтығын зерттеу үшін белді инемен тесу техникасы.
- •223. Бас ми қуысының гипертензия синдромының негізгі сиптомдары.
- •224. Бас ми қуысының гипертензия синдромының диагностикалық критерийлері, шағымдар және анамнез.
- •225. Гидроцефалия, диагностикалық критерийлер, шағымдар және анамнез.
- •227. Гидроцефалия, емдеу тактикасы.
- •228. Бас ми қуысының гипертензия синдромының дифференциалды диагностикасы.
- •229. Бас ми қуысының гипертензия синдромының емдеу тактикасы және профилактикасы.
- •230. Бас ми қуысының гипертензия синдромы, аспаптық зерттеулер.
- •232.Экстрапирамидалық жүйе туралы түсінік
- •233. Экстрапирамидалық жүйенің қызметтері
- •234. Экстрапирамидалық жүйенің бұзылыстары
- •Экстрапирамидалық жүйенің бұзылыстарының симптомдары мен синдромдары
- •Акинетико-регидтілік синдромының клиникалық көріністері
- •Гиперкинетикалық-гипотоникалықсиндромның клиникалық көріністері. Хорея.
- •Гиперкинетикалық-гипотоникалықсиндромның клиникалық көріністері.Атетоз,дистония.
- •Гиперкинетикалық-гипотоникалықсиндромның клиникалық көріністері. Гемибаллизм, миоклониялар, миоритмиялар, тиктер, жазулық спазм, профессиональды құрысулар, ықылық
- •Экстрапирамидалық жүйенің бұзылыстарының тексеру әдістері
- •Белдік пункция және цереброжұлындық сұйықтықты зерттеу
- •Дисциркуляторлық энцефалопатия
- •Атеросклероздық энцефалопатияның бірінші кезеңіндегі клиникалық көрңініс.
- •Атеросклероздық энцефалопатияның екінші және үшінші кезеңіндегі клиникалық көрңініс.
- •Атеросклероздық энцефалопатия диагнозын дәлелдеу
- •Ми қан айналысы жетіспеуішлігінің алғашқы белгілері
- •Ми қан айналысының созылмалы жетіспеушілігін емдеу
- •Жұлын қан айналысының бұзылулары
- •Жұлын қан тамыры бассейніндегі бұзылыстар.
- •Жұлын қан айналысының күрт бұзылулары
- •Жұлындьқ шұғыл ишемиялық инсульті.
- •Жұлынның ишемиялық инсультінің емі.
- •Жұлынның геморрагиялық инсульті
- •Жұлын қан айналысының созылмалы жетіспеушілігі
- •Омыртқа остеохондрозы. Түбіршіктік синдромдар патогенезіндегі омыртқа остеохондрозының ролі
- •Мишықтың анатомиясы және физиологиясы.
- •Мишық афферентті жолдары.
- •Мишықтың эфференттік жолдары
- •Мишық зақымдануында тепе-теңдікті тексеру әдістері.
- •264. Алдыңғы ми артериясында қан айналымы бұзылу симптомдары.
- •Ортаңғы ми артериясы бассейнінде қан айналысының бұзылу симптомдары.
- •266. Артқы ми артериясы бассейнінде қан айналысының бұзылуы
- •Базиллярлық (негізгі) артерия бассейнінде қан айналысыньщ бұзылуы
- •Омыртқа артериясы бассейнінде қан айналысының бұзылуы
- •269. Ми қан айналысының өткінші бұзылымдары
- •Гипертониялық криз этиология және патогенезі.
- •Гипертониялық криз клиникасы және диагностикасы.
- •Ишемиялық инсульт этиология және патогенезі.
- •Ишемиялық инсульт клиникалық көрінісі.
- •Геморрагиялық инсульт этиология және патогенезі.
- •Геморрагиялық инсульт клиникасы.
- •Мидың бүйір қарыншасына және 4 қарыншаға қан құйылудың клиникалық көрінісі.
- •Ми инсульттерін анықтаудағы қосымша зерттеу әдістерінің маңызы(жқа, жза)
- •Ми инсульттерін анықтаудағы қосымша зерттеу әдістерінің маңызы (ми-жұлын сұйығының анализі)
- •Ми инсульттерін анықтаудағы қосымша зерттеу әдістерінің маңызы
- •Ми инсульттерін анықтаудағы компьютерлік томография әдісі.
- •Мойын остеохондрозының неврологиялық көріністері
- •Мойын остеохондрозы түбіршіктік синдром.
- •Мишықтық атаксия
- •284. Мишықтық атаксия сынамалары
- •Мишықтың бұзылыстарының симптомдары мен синдромдары.
- •Сенситивтік атаксия. Вестибулярлық атаксия
- •287. Ромберг кейпінде тепе-теңдікті тексеру. Жүрісті тексеру.
- •288. Жұлынның құрылысы мен қызметі.
- •289.Жұлынның құрылысы мен атқаратын қызметі. Жұлынның бөлімдері, жұлын нервтері. Рефлекторлық доға
- •290.Вегетативті жүйке жүйе. Оның функционалдық классификациясы.
- •291.Сезімтал жүйке ұштары (рецепторы)
- •292. Ұйқы, оның түрлері.
- •293. Жүйке жүйесіне жалпы шолу. Орталық жүйке жүйесі. Перифериялық жүйке жүйесі. Мидан шығатын нервтер.
- •294.Қан ауруларының неврологиялық синдромдары
- •295. Неврологиялық көмекті ұйымдастыру
- •296. Педункулярлы альтернирлеуші синдромдар
- •298. Мишықтың қыртысы қатпарлары
- •299.Бас миы мен жұлын қабықшалары
- •300.Жүйке жүйесінің құрылымдық түзілуі
210. Энцефалиттер, жіктелуі.
Энцефалиттер — нерв жүйесі ауруларының жиі кездесетін түрлерінің бірі.
Энцефалиттер үш топқа бөлінеді:
I. Біріншілік вирустык энцефалиттер.
А. Вирусы белгілі энцефалиттер:
1) арбовирусты маусымдық: көктем-жаздық (кенелік, шотландық), жаз-күздік энцефалиттер (масалық, американдық, австралиялық, жылқы энцефаломиелиті);
2) маусымы толық анықталмаған біріншілік вирустық (Коксаки және ЕСНО) энцефалит (герпес және тұмау вирустарынан, құтыру ауруынан болатын энцефалиттер).
Б. Вирусы белгісіз біріншілік Экономоның эпидемиялық энцефалиті, балаларда жылдың әр мезгілінде болатын энцефалиттер (құрама топ).
II. Инфекциялы-аллергиялық және аллергиялық энцефалитгер:
1) параинфекциялық энцефалиттер мен энцефаломиелиттер (қызылша, шешек және қызамықтан болатын энцефалитгер, т.б.);
2) вакцинациялық энцефалиттер мен энцефаломиелиттер (шешекке қарсы вакцинацияларда кездесетін энцефалит пен энцефаломиелит, екпелерден кейін болатын энцефалиттер мен энцефаломиелиттер);
3) антирабиялық энцефалитгер мен энцефаломиелиттер;
4) миелинсіздендіретін энцефалиттер (лейко- және панэнцефалит, шашыранды склероздың балаларда кездесетін түрлері);
5) ревматизм жөне басқа коллагенездерден болатын энцефалиттер;
6) туберкулостатикалық энцефалитгер мен арахноэнцефалиттер.
III. Микробтық және рикетсиялық энцефалиттер мен энцефаломиелиттер:
1) біріншілік энцефалиттер (нерв жүйесінің сифилисі, бөртпе сүзектен болатын энцефалит).
2) екіншілік энцефалиттер (стафилококктық, стрептококктық, маляриялық, токсоплазмоздық, әр түрлі микробтық рикетсиялық аурулардан болатын энцефалитгер).
Сонымен қатар энцефалиттер патологиялық үрдістің таралуына байланысты бөлінеді. Олар:
1) панэнцефалит (мидың барлық бөліктеріне таралатын қабыну үрдісі);
2) сұр затты басымырақ зақымдандыратын ошақты полиэнцефалит;
3) ақ затты арнайы зақымдандыратын лейкоэнцефалит;
4) ми мен жұлынды зақымдандыратын шашыранды энцефаломиелит.
Кейде мидағы кең таралымды (диффузды) өзгерістермен қатар, гипоталамус (диэнцефалит), ортаңғы ми (мезэнцефалит), сопақша ми (энцефалиттің булбарлық түрі), жұлынның алдыңғы мүйізі (полио-миелиттік түр), нерв түбірлері мен нервтер (полирадикулоневриттік түр), ми қабы (менингеалдық және менингоэнцефалиттік түрлері) басымырақ зақымдалатын түрлері байқалады.
211. Энцефалиттердің барлық түрлеріне тән жалпы клиникалық белгілер.
Этиологиялық факторлардың әр қилылығы клиникалық ағым мен ауру салдарының әр түрлілігіне себепші болады. Бірақ кейбір жалпы клиникалық белгілер энцефалиттердің барлық түрлеріне тән.
1. Ауру жалпы милық симптомдардың (бас ауыруы, лоқсу, құсу, бас айналу) шұғыл немесе созылынқы дамуынан басталады. Олардың пайда болуынан бұрын көбінесе жалпы инфекциялық продрома (дімкәстік, жұтқыншақ ауыруы, буындар сырқырауы, іштің бұзылуы) болады.
2. Екіншілік энцефалит негізгі аурудың әр түрлі даму кезеңдеріңде, яғни оның басталуынан бірнеше күн, апта немесе тіпті айлар өткенде пайда болуы мүмкін.
3. Шұғыл кезеңнің алғашқы сағаттарында, кейде алғашқы тәуліктердің соңында нерв жүйесінің зақымдану белгілері білінеді. Олардың көрінісі біркелкі емес. Мысалы, кене және маса энцефалиттерінде өрескел ошақты симптомдар (парездар, салдар, атаксия, діріл) пайда болса, ал туберкулез бен сифилистік менингоэнцефалиттер кезінде патологиялық үрдіс бас сүйек-ми нервтерін (III, VI, И, VII жұптар) қамтиды.
4. Қан мен ми-жұлын сұйығындағы өзгерістер. Көптеген энцефалиттерде (кене, маса, малярия, тұмау) нейтрофильдік ауытқитын лейкоцитоз немесе, керісінше, лимфоцитозды лейкоцитоз, ЭТЖ жылдамдауы байқалады.
Ликворды тексерудің диагностикалық мәні аса зор. Сонымен қатар ондағы өзгерістер энцефалиттердің әр түрлерінде біркелкі болмайды. Кене, маса энцефалиттеріне белоктың аздап көбеюі мен плеоцитоз тән. Тұмау және маляриялық энцефалиттерде ми-жұлын сұйығының құрамы өзгермегенімен, оның қысымы көтеріледі. Тек, өте ауыр жағдайларда аздаған лимфоцитарлық плеоцитоз бен гиперальбулиноз болуы мүмкін.
5. Энцефалиттердің әр түрін саралап ажыратуға бактериологиялық, вирусологиялық және серологиялық тексерістер ерекше көмегін тигізеді. Көпшілік жағдайда аталған тексерістер нәтижесінде энцефалиттің пайда болу себебін анықтауға болады. Бірақ, энцефалитке душар қылатын нейротроптық вирустар анықталмаған, ал серологиялық және вирусологиялық тексерістерді уақытында жүргізу мүмкіндігі бола бермейді. Сондықтан энцефалиттердің этиологиясын іс жүзінде аурулардың аздаған бөлігінде ғана (жобамен 25—30 %) білуге болады.
6. Энцефалиттің клиникасына ұқсайтын көріністер әр қилы экзо-және эндогендік уланулар мен қан тамыр ауруларында болуы да ықтимал. Энцефалопатияның көпшілігі қант диабеті, бауыр, бүйрек және өкпе ауруларын, атеросклерозды, артериялық гипертонияны асқындырады. Мұндай жағдайларда ауру негізгі аурудың декомпенсациялық кезеңінде басталады да, дене қызуы көтерілмейді, ликвордың құрамы өзгермейді.
Энцефалитгің әр түріне тән клиникалық белгілерді білудің диагностикалық маңызы зор.
