Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-денгей 300.docx
Скачиваний:
9
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
577 Кб
Скачать
☆

128. Вегетативтік нерв жүйесі құрылымдары.

Вегетативтік нерв жүйесі белгілі дәрежеде дербес қызмет атқара отырып, анималдық жүйемен ажырамас бірлікте. Ми қыртысы интегративтік ықпалымен қызметін атқаратын вегетативтік нерв жүйесі өзінің әр түрлі құрылымдары арқылы оның осы ықпалын өзгертіп отырады. Анималдық және вегетативтік нерв жүйесінің анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері болса да, оларды біріне-бірін қарсы қоймай, тұтастықта біріккен функционалдық жүйе ретінде қарастырған жөн.Қазіргі замандағы түсініктерге сүйене отырып, вегетативтік нерв жүйесін сегменттік және сегмент үстіндегі бөлімдерге бөледі.Сегменттік бөлімнің өзі симпатикалық және парасимпатикалық жүйе болып екіге бөлінеді.

129. Симпатикалық нерв жүйесінің құрамы.

Сегменттік бөлімнің өзі симпатикалық және парасимпатикалық жүйе болып екіге бөлінеді.

Симпатикалық нерв жүйесінің құрамына кіретіндер:

1) жұлынның VII мойын сегментінен II бел сегментіне дейінгі бүйір мүйіздеріндегі клеткалар тобы — жұлындағы сегменттік вегетативтік орталықтар;

2) жұлынның алдыңғы түбіршектерін шекаралық симпатикалық бағанмен байланыстыратын ақ түйін алды талшықтар;

3) омыртқа маңы симпатикалық түйіндер (25-30 жұп) тізбегінен құрылған шекаралық симпатикалық баған;

4) шекаралық бағанды сырткы нервтермен байланыстыратын түйін арты сұр талшықтар;

5) симпатикалық нервтер және олардың әрімдері;

6) шекаралық бағаннан ішкі ағзаларға баратын жолдағы омыртқа алдындағы симпатикалық түйіндер;

7) қан тамырлары айналасындағы симпатикалық өрімдер;

8) аралас сыртқы нервтер құрамындағы симпатикалық талшықтар- жұлынның бүйір мүйізіндегі симпатикалық клеткалары орна-ласуының белгілі проекциясы бар. С8~Д1 денгейдс бас пен мойын аймағы, Д2,—Д9 аралығында жүрек, өкпе, өңеш және бауыр, Д10—L3 деңгейінде дененің төменгі бөлігі, бүйректер, жамбас қуысындағы ағзалар және аяқ нервтендіріледі.

130. Парасимпатикалық нерв жүйесінің құрамы.

Парасимпатикалык, клеткалар ми бағанына және жұлынның сегікөз бөлімінде орналасқан. Парасимпатикалық нерв жүйесінің ми бағаны бөліміне кіретіндер:

1) сильвий сутаратқышы түбінде төрт төмпешіктің алдыңғы томпағы астындағы көз-қимыл нервінің парасимпатикалық ядролары (Якубович жұп ұсақ клеткалы ядролар мен сыңар Перлеа ұсақ клеткалы ядро);

2) варолий көпіріндегі бст нерві ядролары жүйесіне қатысты жас шығаратын клеткалар;

3) сопақша мидағы тіл-жұтқыншақ және Врисберг аралық нервтері жүйесіне қатысты сілекей шығаратын ядролар;

4) бүкіл ішкі ағзаларды нервтендіретін сопақша мидағы кезбе нервінің дорзальды (артқы) ядросы.

III- Якубович парасимпатикалык, ядросы (ортаңғы ми); VII, IX, Х-бет тіл жұтқыншақ және кезбе нервтердің парасимпатикалык ядролары Парасимпатикалық нерв нерв жүйесінің сегізкөз бөлімі екіншіден бесіншіге дейінгі сегізкөз сегменттер аралығындағы жұлын сұр заты клеткаларынан тұрады. Бұл клеткалардың аксондары қуық, тік ішек және жыныс мүшелерін нервтендіретін жамбас нервін құрастырады.

131. Симпатикалық және парасимпатикалық жүйенің айырмашылықтары.

Нейрондары мен талшықтары құрылымында айырмашылықтар болмағандықтан, вегетативтік нерв жүйесінің сегменттік бөлімі атқаратын қызметіне қарай толығымен симпатикалық және пара-симпатикалық жүйелерге бөлінеді. Олардың негізгі айырмашылықтары:

1) симпатикалық орталықтар жұлынның кеуде бөліміне, ал парасимпатикалық орталықтар ми бағаны мен жұлынның сегізкөз бөліміне топтасқан;

2) парасимпатикалық нерв түйіңдеріөздерінің нервтендіретін ағзаларына жақын, ал симпатикалықтары алшақ орналасқан;

3) түйін соңындағы талшықтары әр түрлі медиаторлар бөледі. Парасимпатикалық талшықтар ацетилхолин бөліп шығарады. Ол көбіне бір жерге әсер етеді де, холинестеразының ықпалымен тез ыдырайды. Симпатикалық талшықтар адреналин мен нороадрена-линді бөліп шығарады. Ол тек бір жерге ғана емес, қанға сіңгеннен кейін организмге жалпы әсерін де тигізеді.

132. Сегмент үсті вегетативтік құрылымдар.

Вегетативтік нерв жүйесінің сегмент үсті бөлігіне лимбикоторлы субстанция-гипотамус комплексіне қатысты құрылымдар кіреді: ми қыртысының лимбия аймағы (белдеуші қатпар, гипокамп, алмұрт тәрізді қатпар, иіс сезіну бұрышы, мөлдір қалқа); ми бағанының торлы субстанциясы; гипоталамус және көру төмпешігі (таламус).

Сегмент үсті аппараттарының ерекшелігі - вегетативтік нерв жүйесінің сегменттік бөлігіне тән морфологиялық функциялық сипаттану жоқтығы.

Сегменттік жүйеге тән анималдық және вегетативтік бөлімдерге бөлінбегендіктен және лимбико-торлы субстанция комплексінде сегізкөз құйымшақ бөлімі арнайы вегетативтік орталықтардың болмауына байланысты вегетативтік нерв жүйесінің сегмент үсті бөліміндегі құрылымдары мидың өзгешеліксіз құрылымдары боп саналады. Бұл құрылымдар мидың интегративтік (ұйымдастырушы, біріктіруші) аппараты болғандықтан организмнін арнаулы жүйелерінің (қимыл, сезімділік. вегетативтік, мінез-құлық тұтастығы қоршаған және ішкі орта жағдайларының ауытқушылықтарына бейімделуін (келісімділігін) жүзеге асырады.

133. Вегетативті жүйке жүйесіне жалпы түсінік.

Топография бойынша жүйке жүйесін орталық және перифериялық (шеткері) деп бөледі. Орталық жүйке жүйесін бас сүйекте орналасқан бас миы мен омыртқа өзегінде орналасқан жұлын құрайды. Шеткері жүйке жүйесіне жұлын түйіндері, ганглийлер, өрімдер мен жүйке тармақтарынан кіреді. Сонымен қатар жүйке жүйесін соматикалық (анимальды) және вегетативті (автономды) деп бөледі. Олар морфологиялық және функциональдық ерекшеліктерге ие. Вегетативтік жүйке жүйесі ішкі ағзаларды, бездерді, қан тамырлар мен организмнің басқа да тіндерін нервтендіреді, олардың интеграциясын ішкі ортаның салыстырмалы тұрақтылығын – гомеостазды, организмнің құбылмалы жағдайларға адаптациясын қамтамасыз етеді.

134. Неврологиялық және нейрохирургиялық науқастарды тексеру әдістері

Топикалық және нозологиялық неврологиялық диагнозды нақтылау үшін, сұйық ортаның (қан, зәр, мижұлындық сұйықтық) құрамы туралы ақпарат беретін негізгі лабораториялық зерттеулер, иммунологиялық және биологиялық зерттеулерден басқа, электрофизиологиялық, рентгенологиялық, ультрадыбыстық әдістер, ал соңғы онжылдықта бас және жұлынның визуальды инвазивті емес әдістері: компьютерлік томография (КТ), магнитті-резонансты томография (МРТ), позитионды-эмиссионды томография (ПЭГ) және т.б. қолданылады. Осы әдістер арқылы алынған мәліметтер, нерв жүйесінің аурулары мен зақымдалу үрдісінің диагностикасында жиі өте маңызды болып қоймай, кейде шешуші маңызды болып табылады.Физиологиялық, рентгенологиялық және басқа арнайы зерттеулердің жоспарын құрғанда, олардың ақпараттылығын және пайда болатын қарсы көрсетпелерін ескеру керек. Негізі жоқ зерттеулердің қажеті жоқ, себебі олар уақытты жоғалту мен артық материальдық шығынға әкеледі, ал кейбір әдістер, әсіресе инвазивті, науқастың жағдайына бәрібір болмауы да мүмкін.

135. Гипоталамо-гипофизарлы жүйенің зақымдалу синдромы.

Аралық мидың гипоталомо-гипофизарлы бөлігінің көп қызмет атқаруына байланысты зақымдалу кезінде патологиялық үрдістердің көп, әрі алуан болатындығын алдын ала білуге де болады. Оған неврологиялық бұзылыстармен қатар эндокринді патология, вегетативті дисфункция, эмоция бұзылыстары қатар жүруі мүмкін.

Нейроэндокринді синдром вегетативті және трофикалық бұзылыстармен қосарласқан эндокринді-зат алмасу бұзылыстарын айтамыз. Бұған түрлі типтегі гипофизарлы семіздік, адипозогенитальды дистрофия, Иценко-Кушинг синдромы, қантсыз диабет, жыныс бездерінің дисфункциясы, акромегалия синдромы, гипо- немесе гипертиреоз және тб. синдромдар жатады.

Нерв-бұлшықеттік синдром пароксизмальды салданумен, миопатиялармен, миотониялармен, бұлшықеттің тез қажуымен, бұлшықеттердің азуымен, сіресуімен сипатталады.

Вегетативті-тамырлық синдром негізгі синдромдардың бірі және ұзақ ремитирлеуші ағымды. Артериальды қысымның, пульстің, тыныстың өзгерулері, тершеңдікпен сипатталады. Симпатикалық (бас ауруы, қалтырау, діріл сезімі, тахикардия, АҚ жоғарылауы, терінің бозғылттануы, полиурия) және парасимпатикалық ( бас айналу, бастағы ауырлық сезімі, лоқсу, терінің гиперемиясы, артериальды гипотония, брадикардия, ішек перистальтикасының күшеюі) криздармен көрінуі мүмкін.

Диэнцефалды эпилепсия вегетативті-тамырлық криздардан вегетативті патологияның айқындығымен, тоникалық құрысулардың болуымен, естің түрлі бұзылыстарымен ерекшелінеді. Ұстамалар қысқа уақытты, стереотипті.

Нейротрофикалық синдром терінің трофикалық ( қышу, құрғақтық, жаралар, ойылулар), бұлшықеттің (нейромиозиттер, дерматомиозиттер), ішкі ағзаларда (жаралар, асқазан-ішек жолынан қан кетулер), сүйектерде (остеопороз, остеомаляция) бұзылыстарымен сипатталады.

Ұйқы мен сергектік бұзылыс синдромы пароксизмальды немесе ұзаққа созылған гиперсомниямен сипатталады. Алғашқысына нарколепсия жатады. Ұйқышылдық катаплексиямен қосарлануы мүмкін, ол ұстама тәрізді бұлшықет әлсіздігі, бұлшықет тонусының төмендеуі салдарынан науқаста бірнеше секундқа созылатын қимылсыздық пайда болады. Ұйқы мен сергектіктің бұзылысына кезеңдік ұйқышылдық синдромын, Клейн-Левин синдромын, гипогликемиялық гиперсомния мен летаргиялық ұйқыны жатқызуға болады.

Астено-ипохондриялық (психопатологиялық) синдром тітіркенгіштік, жалпы әлсіздікпен, ұйқының бұзылысы мен вегетативті бұзылыстармен сипатталады.

136. Ми бағанасының зақымдалу симптомдары

Ми бағанасының зақымдалу кезіндегі клиникалық синдромдар оның құрылымдық-қызметтік ұйымдасуына, онда орналасқан көптеген анатомиялық құрылымдармен, олардың орындайтын қызметтерінің алуандығына, өмірлік маңызы бар қызметтердің реттелуіне байланысты көп санды да алуан түрлі болып келеді. Бұл синдромдар бас ми нервтер немесе басқада нейрондар жиынтығының (қара зат, қызыл ядро, ретикулярлы формация ядроллары тб.) қызметтерінің бұзылысымен, сонымен қатар өткізгіш жолдардың (қозғалыс пен сезімталдық) бұзылысымен көрінеді. Ми бағанасының көлемді зақымдалуы мен өмірлік маңызы бар орталықтардың (тыныс алу, қан айналым) естің тануы мен өлімге алып келуі мүмкін. Сонымен қатар ортңғы мидың шағын ғана аймақтары мен онда орналасқан ретикулярлы формация ядроларының зақымдалуы да естің бұзылысына алып келуі мүмкін. Ми бағанасының төменгі бөлігінің барлық деңгейін пирамида жолы мен оның үстінде орналасқан жұлын-таламус жолы және медиальды ілмек алып жатыр. Пирамида жолының сопақша ми мен жұлын шекарасында, жұлын-таламус жолының жұлын деңгейінде, ал медиальды ілмектің- сопақша ми деңгейінде айқасуы, ми бағанасының бір жақты зақымдалуы кезінде контралатеральды гемипарез/гемиплегия түрінде, ал сезімталдықтың барлық түрінің гемигипестезия/гемианестезиямен көрінуіне себеп болады.

137. Сыртқы ,ішкі және тотальді офтальмоплегиялар.

Сыртқы офтальмоплегия. Клиникасында көз алмасы қозғалысының зақымдалуы және птоз болады, бірақ көз қарашығының рефлекстері мен аккомадациялық рефлекс сақталады. Бұл бұзылыс бөлшектік немесе толық (көз алмасының сыртқы бұлшықеттерінің жекеленген немесе жалпы зақымдалуына байланысты), бір немесе екі жақты болуы мүмкін. Сыртқы офтальмоплегия базальды процесстер кезінде неврогенді генезді болады (ми негізінің ісіктері, туберкулезді менингит және тб.)

Ішкі офтальмоплегия. Қарашықтың кеңеюімен, оның қимылсыздығымен, аккомодациялық параличпен көрінеді, бірақ сыртқы бұлшықеттер қызметі сақталады. Ішкі офтальмоплегияда жекеленген немесе толық, бір немесе екі жақты болады. Бұл бұзылыс ми бағанының ішкі нүктелі зақымдалуы, нейроинфекциялар, интоксикацияда, қант диабеті кезінде жиі кездеседі.

Тотальды офтальмоплегия. Сыртқы және ішкі бұлшықеттердің парезімен көрініс береді. Әдетте ми бағанының жоғарғы бөлігі зақымдалғанда, бас сүйегі негізінің ісіктерінде, кавернозды қойнаудың жайылмалы зақымдануларында және жоғарғы көз саңылауының ісіктерінде жиі кездеседі.

138. Ми бағанасының зақымдалуы кезіндегі альтернирлеуші синдромдар

Альтернирлеуші синдром (АС) ми бағанасындағы бас ми нервтерінің бір жақты зақымдалуынан, зақымдалған ошақ жағында гемипарез (гемиплегия) көріністері мен қарама-қарсы жақтан сезімталдықтың немесе қимыл координациясының өткізгіш типте бұзылуы. АС дамуына алып келетін патологиялық жағдайлар көп, десекте олардың бәрін төрт үлкен топқа бөледі: қан айналым бұзылысы, қабыну, травмалар және ісіктер. Альтернирлеуші синдромды ми бағанасында орналасқан ошағына байланысты педункулярлы (ми аяқшасы зақымдалса); понтинді, немесе көпірлік (ми көпірі зақымдалса); бульбарлы (сопақша ми зақымдалса) деп бөледі.

Педункулярлы альтернирлеуші синдромдар:Вебер синдромы көз қозғалтқыш нерв зақымдалады, зақымдалған жақта гемиплегия, ал қарама қарсы бетте бет пен тіл бұлшықеттерінің орталық парезі (қыртыс-ядро жолы) .

Понтинды (көпірлік) альтернирлеуші синдромдар:Мийяр–Гублер синдромы көпірдің төменгі бөлігі зақымдалғанда байқалады, зақымдалған жақта бет нервінің перифериялық зақымдалуы мен қарама қарсы жақта аяқ-қолдың орталық салдануы анықталады.

Бульбарлы альтернирлеуші синдромы:Джексон синдромы зақымдалған жақта тіласты нервінің перифериялық зақымданулар (тіл бұлшықетінің әлсіздігі мен атрофиясы- тіл салданған бұлшықетке қарайды), ал қарама қарсы жақта аяқ-қолдың спастикалық гемиплегия/гемипарез анықталады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]