- •Мазмұны
- •I тарау. Неонатологияға кіріспе. Қазақстандағы неонатологиялық қызметтің ұйымдастырылуы.Терминалогия және статистикалық көрсеткіштер .
- •1.3 Гестациондық жасты бағалау
- •II тарау. Антенаталды патология Құрсақ ішілік өсу мен дамудың тежелуі
- •1 Кесте. Нәрестелердің туылған кезіндегі негізгі параметрлерінің гестациялық жасқа сәйкетігі
- •III тарау. Нәрестелердің постнаталды бейімделуі. Шекаралық жағдайлар. Жаңа туылған нәрестелердің күтімі және тамақтануы.
- •3.1 Жаңа туған нәреселердің шекаралық жағдайлары
- •3.2. Нәрестенің мүшесі мен жүйелерінің анатомо- физиологиялық ерекшеліктері
- •3.3. Нәрестелердің күтімі.
- •1 Қадам- Босануға бөлме дайындау
- •2 Қадам- Нәрестені кептіріп- сүрту:
- •Жаңа туылған нәрестелер бөлімшесінде іріңді-септикалық аурулар мен госпиталды инфекцияны алдын-алу.
- •Жаңа туған нәрестелердің тамақтануы.
- •IV тарау. Жаңа туылған нәрестелерді клиникалық тексеру
- •Шолып қарау
- •Жүйелер бойынша қарау.
- •Нәрестелердің шартсыз(туа біткен) рефлекстерін бағалау.
- •V тарау.
- •VI тарау. Шала туылған нәрестелер
- •VII тарау. Тыныс алу мүшелерінің патологиясы
- •7.1. Респираторлы дистресс синдромы
- •7.2. Нәрестелер пневмониясы.
- •ViiIбөлім.Жаңа туылған нәрестелердің жүйке жүйесінің патологиясы.
- •8.1. Тұншығу перинаталды церебралды бұзылыстардың факторы ретінде.
- •8.2. Бас миы мен жұлынның жарақаттық және интранаталды зақымдалуы. Туыт жарақаты.
- •8.1.Бассүйек ішілік қан құйылулар
- •Біққ клиникасы
- •Эпидуралды қанқұйылулар
- •Субарахнойдалды қанқуйылулар
- •Ми қарыншаларына қанқуйылулар (перивентрикулярлы-интравентрикулярлы)
- •Пиқ патофизиологиясы
- •Миішілік (паренхиматозды) қанқуйылулар
- •Босану кезіндегі жұлын жарақаттары
- •Акушерлік салдану
- •Зақымдалу механизмі
- •Акушерлік парездердің ағымы
- •Басқа да туыт жарақаттары
- •Жұлынның туылу жарақатының емі
- •8.3. Гипоксия-ишемиялық энцефалопатия
- •Ми зақымдалуының локализациясы
- •Нейросонография мәләметтері бойынша пвл дәрежелері
- •Дамып келе жатқан мидың перинаталды зақымдалулардың неврологиялық салдары: ликвородинамика бұзылыстары бар жағдайлар мен аурулардың диагностикасы.
- •Мерзіміне жетіп туылған нәрестенің бас шеңберінің өсу қарқыны
- •Гипоксиялық-ишемиялық энцефалопатия (гиэ) кезіндегі ес бұзылыстары.
- •Гиэ болжамы
- •Балалардағы жүйке жүйесінің (жж) зақымдалуы (Маслова о.И., 1999 г.)
- •Неонатальды тырысулар
- •Пайда болу уақытына байланысты неонатальды тырыспалардың болжам себептері (ю.И. Барашнев, 2001г.)
- •IX тарау. Жаңа туылған нәрестелердің сепсисі және бактериальді инфекциялары.
- •Стафилодермиялардың емі
- •Стрептодермиялар
- •Стрептодермиялардың емі
- •Нәрестелердегі бактериальді инфекцияның жайылмалы түрге айналуына ятрогенді факторлардың қауіпті факторлары
- •X тарау. Құрсақішілік инфекциялар Құрсақішілік инфицерлену туралы түсінік
- •Туа біткен токсоплазмоз
- •Туа біткен токсоплазмоздың клиникасы
- •1 Кесте. Туа біткен токсоплазмоздың жиі кедесетін клиникалық түрлері
- •Диагностикасы
- •Ажыратпалы диагноз
- •Алдын-алу
- •Балалардың құрсақішілік вирусты инфекциялары қызамық.
- •Туа біткен қызамық
- •Диагностикасы
- •Этиологиясы
- •Инфекцияның эпидемиологиясы мен берілу жолдары.
- •Патогенезі
- •Патанатомия
- •Клиникасы
- •Диагностикасы.
- •Құрсақішілік цмви
- •Виферонмен ем
- •Комбинирленген ем
- •Алдын-алу
- •Герпесвирусты инфекция
- •Қорғаныс механизмдері
- •Арнайы арнайы емес
- •Неонатальды герпес.
- •Диагностикасы
- •Хламидиялы инфекция
- •Нәрестелерде хи емі
- •Құрсақішілік микоплазмалы инфекция
- •Құрсақішілік листериоз
- •Құрсақішілік листериоз диагностикасы
- •Туа біткен мерез
- •Диагностикасы.
- •XI тарау. Жаңа туылған нәрестелердің сарғаюы
- •Билирубиннің алмасуы
- •Неонатальды сарғаюлар
- •Нәрестелердің физиологиялық сарғаюы
- •Нәрестелердің патологиялық гипербилирубинемиясы және патологиялық сарғаюы
- •Криглер-Найярсиндромы (I және II типті)
- •Нәрестелердің гемолитикалық сарғаюлары
- •Нәрестенің гемолитикалық ауруы (нга)кезіндегінәрестені жүргізу тактикасы
- •Нәрестенің дене салмағына қарай өмірінің 24-168 сағат өмірінде фотоем және қан алмастырып құюға көрстелім
- •Өмірінің бірінші тәулігінде нга даму қауіпі бар нәрестені жүргізу тактикасы
- •Коньюгациялы гипербилирубинемия кезіндегі нәрестені жүргізу тактикасы
- •Жүректік:
- •Тамырлық :
- •XII тарау. Нәрестелердің геморрагиялық ауруы.
- •Туа біткен жүрек ақаулары
- •Сол жақ коронарлы артерияның өкпе артерисынан аномальды ауытқуы(Блайд-Уайт-Гарленд синдромы)
- •Миокард аурулары
- •Нәрестелердегі жүрек ырғағының бұзылыстары
- •Синусты түйіннің әлсіздік синдромы (стәс)
- •Жыпылықтамалы аритмия(жа).
- •Толық ав блокада (тавб)
- •Экс имплантациясына көрсетілім
- •Ұзарған qt синдромы (ұqtс)
IV тарау. Жаңа туылған нәрестелерді клиникалық тексеру
Нәрестенің клиникалық тексеруіне неврологиялық және соматикалық статусты бағалау жатады. Неврологиялық статусты бағалау статусы қосымшада көрсетілген (Ю. И. Барашнев, 2005). Неврологиялық статусын бағалау әр бір нәрестенің күнделікті тексеруінің маңызды бөлігі болып есептеледі.
Нәрестенің клиникалық қарауын- бөлме температурасы 22°С төмен емес, емізіп болған соң 30 мин бұрын емес, табиғи жарықтанған, жылытқышы бар құндақталған үстелде немесе кювезде жүргізіледі.
Шолып қарау
Дені сау ЖТН-ніңбет әлпеті жайбарақат, өздеріне тән бет-қимылы (мимикасы)өткір,бейнелі болып келеді, ашық эмоционалды айқай тән. Қимыл қозғалысы көп, кординирленген, жиі атетезтәрізді. Нәрестенің өзіне тән дене қалпын қамтамасыз ететін бүккіш бұлшықеттердің тонусы физиологиялық күшейген болады (флексия қалпы, эмбрионалды қалпы): басы аздап кеуде қуысына қарай бүгіліп, саусақтары жұдырыққа жұмылған, аяқтары тізе және жамбас- ортан жілік буындарында бүгілген қалыпта болады.
Дені сау ЖТН бет бейнесі және қалпы, ұрықтың туылу кезіндегі жатқан жағдайына, қалпына байланысты.
Егер ол туылу жолдарында шалқайып (маңдай, бетпен келсе) келетін болса, беті ісінген, петехиялары көп, бет- қимылы (мимикасы ) аз, басы әдетте шалқайған күйде болады. Ал жамбаспен келген болса, аяқтары жамбас –ортан жілік буынында бүгіліп, керісінше тізе буындарында жазылған. Бет бейнесіндегі : ырзықсыз, «ауырсынған» көріністер болса- нәрестелердің көптеген ауруларына тән, беттін беймаз бейнесі және «үрейленген» көзқарас болса- субарахнойдалды қан құйылулар, бет-қимылы (мимикасы) аз болса- субдуралды гематома және энцефалопатиялары бар нәрестелерде кездеседі.
Нәрестенің айқайы- күшімен, ұзақтығымен, модуляциясымен бағаланады. Әлсіз айқай- терең жетілмеген ШТН-де байқалады, афония –кеңірдекті жарақаттап интубация жүргізу салдарынан немесе ОЖЖ зақымдалуында- субдуралды гематома, ми қарыншаларына қан құйылулар, сонымен бірге ауыр соматикалық аурулар нәтижесі деп қарастыру керек. Тітіркенген (милық) айқай -субарахнойдалды қан құйылуларға, бассүйекішілік қысым жоғары болуына тән. Туа біткен гидроцефалия айқайы –монотонды сипатта болады.
Нәрестелердің қимыл белсенділігі - ОЖЖ зақымдалуында және соматикалық ауруларда төмен болады.
Нәрестені жалпы шолып қарауында келесі жүйке-рефлекторлы қозу белгілерін байқауға болады: қолының және төменгі иектің ұсақөрісті жайылмалы дірілі, әдетте ОЖЖ-нің зақымдалған белгісі болып есептелмейді, керісінше тыныштық кезінде, басқа да патологиялық белгілермен қатар, қол- аяқтың бірінші күннен бастап ұсақ дірілін гиперқозғыштық синдромының көрінісі, ал іріөрісті жайылмалы діріл- билирубинді энцефалопатияға тән.
Науқас нәрестелердің бұлшық ет тонусы әдетте төмен болады. Бұлшық ет тонусының төмендеуі немесе болмауы көбіне босану кезіндегі жарақаттардың диагностикалық критериі болып есептеледі. Бұлшық ет гипотониясы сонымен бірге ШТН мен жетілмеген нәрестелерге тән. МТН-дің бұлшық ет тонусының төмендігі, олардағы ауыр дәрежелі гипоксия, субдуралды қан құйылулардың, жедел бүйрек үсті безінің жетіспеушілігінің, гипогликимияның, ацидоздың, тұқым қуалау ауруларының (Даун ауруы және т.б.) болғандығын айқындайды. Бұлшық ет тонусының жоғары болуы субарахнойдалды қан құйылуларға, іріңді менингитке, билирубинді энцефалопатияға тән. Бұлшық ет тонусын – тракцияға сынама қортындысымен және құндақтаушы беткейінің үстінде, зерттеуші алақанында бетпен төмен жатқызғанда көлденең қалыпта денесін ұстай алуын, сонымен бірге «әлсіз иық» симптомымен бағалайды. Бұл кезде зерттелетін нәрестеге тік қалып беріп, қолтық астынан ұстап тұрады, егер нәресте басы «иық ішіне кіріп кетсе»- ол бас миының белгілі бір аймақтарының ишемиясының көрсеткіші.
Бұлшық ет тонусының өзгерістері келесі патологиялық қалыптар негізінде жатады:
«Бақа» қалпы- қолдары денесінің бойында дәрменсіз келтірілген , аяқтары құндақтайтын үстел үстінде, ұршық буынында кең екі жаққа жазылған, тізе буынында бүгілген болып орналасады. Бұл қалып терең жетілмеген ШТН үшін физиологиялық болып есептеледі, керісінше МТН-де бұлшық ет тонусының күрт төмен екенін көрсетеді. Әдетте бұндай қалып бассүйек ішілік қан құйылулар мен бүйрек үсті безінің жетіспеушілігінде дамиды.
Опистотонус- шүйде бұлшық еттердің тартылуына байланысты басы шалқайған , қолдары дене бойында ұзына бойына тіктеліп келтірілген , саусақтары жұдырыққа жұмылған, аяқтары тізе буындарында жазылған, сирақтың төменгі үштен бір бөлігінің тұсында айқасқан болады. Бұл қалып экстензор-бұлшықеттер тонусының күрт жоғарлауында туындайды және іріңді менингитке, субарахнойдалды қан құйылуларға, билирубинді энцефалопатияға тән.
«Сайысшы(фехтовальщик)» қалпы- басы бетімен иығына қарай бұрылып келтірілген, сол беті бұрылған жағында қолы мен аяғы жазылған күйде болады, қолы кеудеден алшақтаған. Екінші қолы иық буынында әкетілген, ал шынтақ буынында бүгілген болады. Басы сәл шалқайған, аяқтары ұршық буынында аздап алшақтаған және тізе буындарында бүгілген және ішке қарай әкелінген. Бұл қалып іріңді менингитке тән.
Гемитип бойынша ассимитриялық қалып- бір жақтың аяқ-қолы физиологиялық қалыпта болса, ал екінші жақтың аяқ-қолы жазылған, бұлшық ет тонусы төмендеген болады: параплегия түрі бойынша (бұлшық ет тонусының аяғы мен қолында бірдей төмен болуы).
Монотип бойынша ассимитриялық қалып- бір жақтың аяқ-қолының қимыл белсенділігінің төмендеуі
Ассимитриялық қалыптар көбіне ОЖЖ зақымдалуларына тән.
Білезіктердің патологиялық қалпы- «тырнақты алақан», салбыр қол ұшы, « маймыл» білезігі-ОЖЖ әртүрлі генезді зақымдалуларына тән.
Аяқтардың патологиялық қалпы- варустық қалып- аяқ басының қол-аяқ өсі бойынша медиалды бағытта бұрылуы, вальгусты қалып- аяқ басының қол-аяқ өсінен латералды жаққа ауытқуы. Аяқтардың патологиялық қалпы ортопедиялық патологиямен байланысты болу мүмкін. Табандық қалып-аяқтың ішке қарай бүгілуі, салбыраған аяқ жұлын миының жарақаттарына тән. Нәрестенің басының қалпы дене өсінен ығысып , тіпті иыққа өте жақын бұрылып орналасуы мүмкін. Нәрестенің дене пропорциясы мерзімнен ерте босануда, микроцефалияда, гидроцефалияда бұзылуы мүмкін. Құрсақішілік дамудың ерекшеліктерін дене салмағының өзгерістері де сипаттайды.
Макросомия диабеттік фетопатиясы бар және мерзімінен асып туылғандарда кездеседі; туылу мерзіміне сәйкес ЖТН-нің дене салмағының аздығы жүктіліктің екінші кезеңіндегі ауыр гестоз,жүкті әйелдің құнарлы тамақтанбау жағдайларында, хромосомды ауруларда және т.б. кездеседі.
Құрсақішілік даму бұзылыстарын нәресте денесіндегі дизэмбриогенезді стигмалар айғақтайды. Бес және одан да көп стигмалардың болуы ауруларды анықтауда маңызды орын алады.
Жаңа туылған нәрестеден шығатын иіс, тұқым қуалайтын аурулардың ерте белгісінің бірі болу мүмкін: «тышқан иіс»- фенилкетонурияға; «пісірілген көкөніс»- валин мен лейцин алмасуының бұзылысына тән.
Күні жетіп туылған нәрестенің терісі қолға нәзік, серпімді, барқыт тәрізді, оны жиырып қабаттап жинағанда ол дереу қалпына келеді. Оның құрғақтығы тері бездерінің қызметінің әлі де болса төмендігіне байланысты. Нәрестенің тері жамылғысын қарағанда бір қатар ерекшеліктерді анықтауға болады:
-milia-тері бетінен шығыңқы тұратын ақ- сары түйіршіктер, олар көбіне мұрын ұшында, желбезегінде, сирек мұрын- ерін ұшбұрышында орналасқан. Бұлар терідегі май бездерінің ретенциялық кисталары, олар әдетте жаңа туылғандық кезеңнің ортасына немесе аяғына қарай жойылады, емдеуді қажет етпейді.
-ЖТН-нің туылу жолдарына жақын тұрған бөліктердің терісі мен склерасына азғантай петехиалды қан құйылулар, олардың пайда болуы қан тамырлардың жоғары деңгейдегі өткізгіштігіне байланысты болады, туылу кезінде білінеді.
-телеангиоэктазиялар-қызыл-көкшіл тамырлы дақтар әдетте мұрынның қырында, үстіңгі қабақтарда, бастың шашты бөлігінің жиегінде және мойының артқы бетінде орналасқан. Ажыратып анықтау тұрғысынан қарағанда гемангиомадан ерекшелігі басқан кезде жойылады; манголоидты дақтар- жиі сегізкөз бен жамбас аймақтарында , көк түсті болып келеді(пигмент түзетін клеткалардың есебінен).
-туылу дақтары кез елген жерде орналасқан қоңыр,немесе қызыл-көкшіл түсті болады.
- milliaria crystalline- нүкте тәріздес көпіршіктер, «таңертеңгілік шыққа» ұқсас- тері бездерінің бітелуі салдарынан пайда болады. Әдетте бетте кездеседі, әдейі емде талап етпейді.
Дені сау нәрестелердің тері жамылғысың түсі. Туылғаннан кейін алғашқы минуттарда жалпы цианоз, акроционз, пероралды (ауыз айналасының) цианозы байқалады. Нәрестені алғашқы өңдегеннен кейін , немесе бірнеше сағаттан кейін көпшілік балардың тері жамылғысы қызыл болады. Бұл нәрестенің шеткері қан тамырларының қызу мен тактилді тітіркендіргіштерге жауабынан дамиды. Тері жамылғысың бейімделу кезеңіндегі осындай өзгерісін «физиологиялық эритема» деп атайды.МТН –де 1-2 күн бойы, ал ШТН және жетілмеген нәрестелерде 1-1,5 аптадай сақталады. Өмірінің екінші аптасының ортасынан, жиі 3 тәуліктен бастап балалардың 60-70% терісі сарғыш ( иктериялық) ала бастайды. Терінің сарғыштығы бірінші аптаның соңында, екінші аптаның ортасында жойылады, шекаралық жағдайларға жатады. Сарғаюдың ерте пайда болуы, оның өте қанықтығы, ұзақ немесе толқын тәрізді сипатта өтуін, патологиялық деп қарастыруға болады.
Терінің патологиялық өзгерістері. Ұзақ өздігінен кетпейтін цианоз бір қатар аурулардың белгісі болуы ықтимал. Цианозды тудыратын себептерді шартты үш топқа бөледі:
А) Орталық сипаттағы-асфиксияда, басүйекішілік туылу жарақатында, жұлын-мойын жарақатында, ОЖЖ зақымдалуымен өтетін құрсақішілік инфекцияларда.
Б) Өкпелік- пневмония, пневмопатия, көкет жарығында, өкпе аплазиясында және т.б. ауруларда кездеседі.
В) Кардиалды сипаттағы- «көкшіл» сипаттағы туа біткен жүрек ақауларында, жабылмаған артериалды өзек және т.б.
Мойынына кіндік бауының тығыз оралып туылған нәрестелерге бет цианозы тән. Ол бірнеше тәулікке дейін созылады.
Акроцианоз және дисталды цианоз ерте неонаталды кезеңде және күні жетіп туылған дені сау нәрестелерде, бөлме температурасының тәртібі бұзылғанда, айқайдан және мазасыздықтан пайда болады. Ал ұзақ пероралды цианоз жиі туабіткен кардиогенді патологияға тән.
Цианоз және аяқтардың аздаған ісінуі жамбаспен(жиі аяқпен келгенде) туылғандарда және жұлын миының зақымдалуы бар нәрестелерге тән;ал тек қана қолдың оқшауланған цианозы ұрық көлденең келгендегі оның туылу жолдарына түскен кезінде болады.
