- •Мазмұны
- •I тарау. Неонатологияға кіріспе. Қазақстандағы неонатологиялық қызметтің ұйымдастырылуы.Терминалогия және статистикалық көрсеткіштер .
- •1.3 Гестациондық жасты бағалау
- •II тарау. Антенаталды патология Құрсақ ішілік өсу мен дамудың тежелуі
- •1 Кесте. Нәрестелердің туылған кезіндегі негізгі параметрлерінің гестациялық жасқа сәйкетігі
- •III тарау. Нәрестелердің постнаталды бейімделуі. Шекаралық жағдайлар. Жаңа туылған нәрестелердің күтімі және тамақтануы.
- •3.1 Жаңа туған нәреселердің шекаралық жағдайлары
- •3.2. Нәрестенің мүшесі мен жүйелерінің анатомо- физиологиялық ерекшеліктері
- •3.3. Нәрестелердің күтімі.
- •1 Қадам- Босануға бөлме дайындау
- •2 Қадам- Нәрестені кептіріп- сүрту:
- •Жаңа туылған нәрестелер бөлімшесінде іріңді-септикалық аурулар мен госпиталды инфекцияны алдын-алу.
- •Жаңа туған нәрестелердің тамақтануы.
- •IV тарау. Жаңа туылған нәрестелерді клиникалық тексеру
- •Шолып қарау
- •Жүйелер бойынша қарау.
- •Нәрестелердің шартсыз(туа біткен) рефлекстерін бағалау.
- •V тарау.
- •VI тарау. Шала туылған нәрестелер
- •VII тарау. Тыныс алу мүшелерінің патологиясы
- •7.1. Респираторлы дистресс синдромы
- •7.2. Нәрестелер пневмониясы.
- •ViiIбөлім.Жаңа туылған нәрестелердің жүйке жүйесінің патологиясы.
- •8.1. Тұншығу перинаталды церебралды бұзылыстардың факторы ретінде.
- •8.2. Бас миы мен жұлынның жарақаттық және интранаталды зақымдалуы. Туыт жарақаты.
- •8.1.Бассүйек ішілік қан құйылулар
- •Біққ клиникасы
- •Эпидуралды қанқұйылулар
- •Субарахнойдалды қанқуйылулар
- •Ми қарыншаларына қанқуйылулар (перивентрикулярлы-интравентрикулярлы)
- •Пиқ патофизиологиясы
- •Миішілік (паренхиматозды) қанқуйылулар
- •Босану кезіндегі жұлын жарақаттары
- •Акушерлік салдану
- •Зақымдалу механизмі
- •Акушерлік парездердің ағымы
- •Басқа да туыт жарақаттары
- •Жұлынның туылу жарақатының емі
- •8.3. Гипоксия-ишемиялық энцефалопатия
- •Ми зақымдалуының локализациясы
- •Нейросонография мәләметтері бойынша пвл дәрежелері
- •Дамып келе жатқан мидың перинаталды зақымдалулардың неврологиялық салдары: ликвородинамика бұзылыстары бар жағдайлар мен аурулардың диагностикасы.
- •Мерзіміне жетіп туылған нәрестенің бас шеңберінің өсу қарқыны
- •Гипоксиялық-ишемиялық энцефалопатия (гиэ) кезіндегі ес бұзылыстары.
- •Гиэ болжамы
- •Балалардағы жүйке жүйесінің (жж) зақымдалуы (Маслова о.И., 1999 г.)
- •Неонатальды тырысулар
- •Пайда болу уақытына байланысты неонатальды тырыспалардың болжам себептері (ю.И. Барашнев, 2001г.)
- •IX тарау. Жаңа туылған нәрестелердің сепсисі және бактериальді инфекциялары.
- •Стафилодермиялардың емі
- •Стрептодермиялар
- •Стрептодермиялардың емі
- •Нәрестелердегі бактериальді инфекцияның жайылмалы түрге айналуына ятрогенді факторлардың қауіпті факторлары
- •X тарау. Құрсақішілік инфекциялар Құрсақішілік инфицерлену туралы түсінік
- •Туа біткен токсоплазмоз
- •Туа біткен токсоплазмоздың клиникасы
- •1 Кесте. Туа біткен токсоплазмоздың жиі кедесетін клиникалық түрлері
- •Диагностикасы
- •Ажыратпалы диагноз
- •Алдын-алу
- •Балалардың құрсақішілік вирусты инфекциялары қызамық.
- •Туа біткен қызамық
- •Диагностикасы
- •Этиологиясы
- •Инфекцияның эпидемиологиясы мен берілу жолдары.
- •Патогенезі
- •Патанатомия
- •Клиникасы
- •Диагностикасы.
- •Құрсақішілік цмви
- •Виферонмен ем
- •Комбинирленген ем
- •Алдын-алу
- •Герпесвирусты инфекция
- •Қорғаныс механизмдері
- •Арнайы арнайы емес
- •Неонатальды герпес.
- •Диагностикасы
- •Хламидиялы инфекция
- •Нәрестелерде хи емі
- •Құрсақішілік микоплазмалы инфекция
- •Құрсақішілік листериоз
- •Құрсақішілік листериоз диагностикасы
- •Туа біткен мерез
- •Диагностикасы.
- •XI тарау. Жаңа туылған нәрестелердің сарғаюы
- •Билирубиннің алмасуы
- •Неонатальды сарғаюлар
- •Нәрестелердің физиологиялық сарғаюы
- •Нәрестелердің патологиялық гипербилирубинемиясы және патологиялық сарғаюы
- •Криглер-Найярсиндромы (I және II типті)
- •Нәрестелердің гемолитикалық сарғаюлары
- •Нәрестенің гемолитикалық ауруы (нга)кезіндегінәрестені жүргізу тактикасы
- •Нәрестенің дене салмағына қарай өмірінің 24-168 сағат өмірінде фотоем және қан алмастырып құюға көрстелім
- •Өмірінің бірінші тәулігінде нга даму қауіпі бар нәрестені жүргізу тактикасы
- •Коньюгациялы гипербилирубинемия кезіндегі нәрестені жүргізу тактикасы
- •Жүректік:
- •Тамырлық :
- •XII тарау. Нәрестелердің геморрагиялық ауруы.
- •Туа біткен жүрек ақаулары
- •Сол жақ коронарлы артерияның өкпе артерисынан аномальды ауытқуы(Блайд-Уайт-Гарленд синдромы)
- •Миокард аурулары
- •Нәрестелердегі жүрек ырғағының бұзылыстары
- •Синусты түйіннің әлсіздік синдромы (стәс)
- •Жыпылықтамалы аритмия(жа).
- •Толық ав блокада (тавб)
- •Экс имплантациясына көрсетілім
- •Ұзарған qt синдромы (ұqtс)
Құрсақішілік листериоз
Аурудың қоздырғышы Listeria monocytogenes –ұсақ қозғалмалы таяқша, споралар құрмайды және Грамм әдісі бойынша жақсы боялады.
Соңғы жылдары листериалар мүшелер мен несеп жыныс жолдарының бөліністерінде ұзақ сақталатыны анықталған. Осының салдарынан анасынан ұрыққа инфекция құрсақішілік (бала жолдасы арқылы) немесе босану кезінде өтеді.ұрықтың зақымдалуы кез келген кезеңде болу мүмкін, бірақ ең жиі соңғы айларда болады. Жүкті әйелдердің листериозы симптомсыз немесе тұмаутәрізді өтеді, ол түсіктің, мерзімінен ерте босанудың, өлітуылудың себепшісі болу мүмкін. Құрсақішілік инфицирленген мерзімінде туылған нәрестелер ішінде өлім саны 70%құрайды, ал ШТН ішінде ақыр соңы әрқашан өліммен аяқталады.Taese A.L. (1999), мәліметі бойынша АҚШ-та листериоз салдарынан болатын перинаталды өлім 1- 7% құрайды.
Листериоздың клиникасы, ағымы, ақыр соңы алуан түрлі болып келеді.
Нәрестелер листериозы-бұл түрді басқаша септика-грануломатозды деп те атайды. Туа біткен листериоз әдетте ауыр ағыммен сипаииалады және жиі баланың өліміне әкеледі. Бүл септикалық ауру, әр түрлі мүшелерде арнайы гранулемалардың түзілуімен жүреді. Ұрық инфицирленген кезде, өлі немесе шала туылған нәресте туылады, ол өмірінің алғашқы 2 аптасында өледі. Егер нәресте туыт кезінде инфицирленсе туа біткен листериоз клиникасы туылған соң 1-2 аптадан кейін пайда болады.
2006 ж Алматы қаласында жүкті әйелдер арасында жүргізілген зеріттеулер нәтижесі өте қауіпті сандарды көрсетті. 2 тәуелсіз ауруханаларда 3000жүкті әйелдерге жүргізілген эеріттеулер ,олардың 10-11% оң нәтиже көрсеткен, бұл ұрықтың құрсақішілік ламуына қауіпті екенін көрсетеді.
Біздің бақылауларымыздың салдарында құрсақішілік листериоз тек 7 балада анықталған.барлық жағдайларда ауру ауыр түрде , құрсақішілік пневмония, гепатоспленомегалия, кардиопатия, ОЖЖ зақымдалу белгілерімен менингит және энцефалит түрінде өткен. 2жағдайда өліммен аяқталған.
Құрсақішілік листериоз диагностикасы
Листериоз диагностикасы, клиникасының алуан түрлігі мен жиі кездесетін аурулармен ұқсастығына байланысты , қиынға соғады (токсоплазмоз, мерез, герпестік, цитомегаловирустық, стафилококкты инфекция, иерсиниоз және т.б.). Листериоз диагностикасына келесі әдістер жатады:
Бактериологиялық әдіс-аңқадан, лимфа түйіндерден, көз бөліністерінен, қан , жұлын ми материалдарын, ал нәрестелерде кіндік қан, меконий, бала жолдасының материалдарын зеріттейді. Материалды алуға тиімді уақыт , аурудың 7-10 күндері. Бактериологиялық зеріттеудің оң нәтижесі, зеріттеуге материал алынғаннан кейін 2аптадан бұрын дайын болмайды. Соңғы теріс нәтиже зеріттеудің басынан 30 күннен кейін дайын болады.
Биологиялық әдіс-кішкентай-тышқандарға жасалатын биосынама немесе теңіз шошқасына жасалатын коньюктивалды тест. Бұл әдіс те ұзақ уақытты, көп жұмысты және арнайы жағдайларды талап етеді.
Серологиялық әдіс- бұл иммуноферментті анализ, ол тез жасалады, көп жұмысты талап етпейді және жоғарыспецификалы болып саналады. ИФА үшін қанды шынтақ көктамырынан 5-10 мл көлемінде, нәтиженің шынайлығы үшін екі рет (аурудың 8-9, 16-18 күндерінде) алады. Егер антиденелер саны 4есе және одан көп өссе, листериоз диагнозын дәлелдейді.
Листериоздың жоғары қауіптілігіне байланысты оны ерте диагностикалау керек. Диагностикалық зертханаларда жасалатын классикалық әдістер азақпаратты, көп уақытты талап ететін болғандықтан, листериозды анықтайтын экспресс-диагностика әдісі қажет.
Адам қан сарысуы мен плазмасын бірінші рет листериоз қоздырғышына қарсы Gклассты антиденеге - Listeria monocytogenes-ке зеріттеген де, листериозды инфекция кезінде протективті иммунды жауап төмен болатынын естен шығармау керек.Инфекция дами бастаған кезде қанда антиденелер циркуляциясы болады. Ағзадан листериалар элиминациясынан кейін, иммуноглобулиндер титрі 24-36 күннен кейін төмендей бастайды, ал 5-6 айдан кейін науқастың қанында антиденелер тіпті табылмауы да мүмкін.листериоз диагностикасы үшін, ЗАО «ИмДи» иммуноферментті тест- жүйені қолдануға болады, ол арқылы, Listeria monocytogenes қарсы G классты антиденеле анықталады. Бұл тест жүйенің ерекшелігі, инфекционды үрдіс нәтижесінде адам ағзасында синтезделетін листериалрдың негізгі токсиндері –О л. истериолизинді анықтайды.
Листериоз диагностикасының алгоритмі
I кезең. Перинаталды факторларды анықтаған кезде эпидимиологиялық анамнезін де ескереді: шикі қырықжапырақ салатын, жұмсақ ірімшікті, еттен жасалған жартылай фабрикаттарды, сонымен бірге құс етінен жасалған және т.б.жиі тамақта қолдану. Акушерлік анемнезі асқынған болу мүмкін: тұмаутәрізді ауыру, себепсіз дене қызуының көтерілуі, осы жүктілік кезінде лимфа түйіндерінің ұлғаюы, сонымен неонаталды кезеңнің ауыр өтуі: сепсистәрізді жағдайы,құрсақішілік пневмония, менингит, энцефалит, ұсақпапулезді гепоррагиялық бөрітпелер, гемограммада- лейкоцитоз, нейтрофиллез. Болжам коэфиценті 13жоғары болса→құрсақішілік инфекция қауіпі бар→келесі кезеңге көшу.
II кезең. О листериолизиніннің ангигеніне қарсы антидене мен арнайы IgG, IgM антиденелер табумен TORCH -комплексіне ИФА жүргізу. Егер листериаларға қарсы IgM немесе О листериолизиніннің ангигеніне қарсы антиденелер саны жоғары болса, құрсақішілік листериоз диагнозы қойылады. Егер листериозға қарсы IgG табылса→келесі кезеңге көшу.
III кезең. Листериозды инфекцияны дәлелдеу үшін ПТР жүргізіледі. Биологиялық орта ретінде қан, зәр, жұлын ми (ОЖЖ зақымдалуында) қолданылады.
1 нұсқа. Инфекцияның даму қаупінің болжамды факторлары+клиникасы+ИФА (листериозға қарсы IgM )=құрсақішілік листериозды инфекция.
2 нұсқа. Инфекцияның даму қаупінің болжамды факторлары+клиникасы+ИФА (листериозға қарсы IgG антиденелер)=8-9 күннен кейін ИФА немесе ПТР қайталау. IgGантиденелер титрінің жоғарлауы «+»ПТР кезінде= құрсақішілік листериозды инфекция.
3 нұсқа. Инфекцияның даму қаупінің болжамды факторлары+клиникасы+ИФА ( О листериолизинін антигеніне қарсы антиденел саны «+» ) немесе «+» ПТР=құрсақішілік листериозды инфекция.
Диагнозды тек клиникасына жүгініп қойюға болмады анамнез ақпараттары мен эпидемиологиялық мағұлматтар , тән қлиникасымен бірге тек диагнозды болжай алады. Диагнозды негіздеу үшін қан сарысуында арнайы антиденелер табылу керек және олардың деңгейі динамикада өсу керек.
ЕМІ
Ампициллин мен гентамицин комбинациясы
Емнің ұзақтығы клиникалық синдромға байланысты, мысалы, сепсис кезінде 7-10 күн болса, менингит кезінде 14 күн.
Кейбір авторлар пенициллин немесе ампициллимен моноем ұсынады.
Барлық листериаларда пенициллин тобының анибиотиктеріне тұрақтылық дамиды, сондықтан бактериоцидті әсерді күшейту үшін аминогликозидттерді қоса тағайындау керек.
