- •Мазмұны
- •I тарау. Неонатологияға кіріспе. Қазақстандағы неонатологиялық қызметтің ұйымдастырылуы.Терминалогия және статистикалық көрсеткіштер .
- •1.3 Гестациондық жасты бағалау
- •II тарау. Антенаталды патология Құрсақ ішілік өсу мен дамудың тежелуі
- •1 Кесте. Нәрестелердің туылған кезіндегі негізгі параметрлерінің гестациялық жасқа сәйкетігі
- •III тарау. Нәрестелердің постнаталды бейімделуі. Шекаралық жағдайлар. Жаңа туылған нәрестелердің күтімі және тамақтануы.
- •3.1 Жаңа туған нәреселердің шекаралық жағдайлары
- •3.2. Нәрестенің мүшесі мен жүйелерінің анатомо- физиологиялық ерекшеліктері
- •3.3. Нәрестелердің күтімі.
- •1 Қадам- Босануға бөлме дайындау
- •2 Қадам- Нәрестені кептіріп- сүрту:
- •Жаңа туылған нәрестелер бөлімшесінде іріңді-септикалық аурулар мен госпиталды инфекцияны алдын-алу.
- •Жаңа туған нәрестелердің тамақтануы.
- •IV тарау. Жаңа туылған нәрестелерді клиникалық тексеру
- •Шолып қарау
- •Жүйелер бойынша қарау.
- •Нәрестелердің шартсыз(туа біткен) рефлекстерін бағалау.
- •V тарау.
- •VI тарау. Шала туылған нәрестелер
- •VII тарау. Тыныс алу мүшелерінің патологиясы
- •7.1. Респираторлы дистресс синдромы
- •7.2. Нәрестелер пневмониясы.
- •ViiIбөлім.Жаңа туылған нәрестелердің жүйке жүйесінің патологиясы.
- •8.1. Тұншығу перинаталды церебралды бұзылыстардың факторы ретінде.
- •8.2. Бас миы мен жұлынның жарақаттық және интранаталды зақымдалуы. Туыт жарақаты.
- •8.1.Бассүйек ішілік қан құйылулар
- •Біққ клиникасы
- •Эпидуралды қанқұйылулар
- •Субарахнойдалды қанқуйылулар
- •Ми қарыншаларына қанқуйылулар (перивентрикулярлы-интравентрикулярлы)
- •Пиқ патофизиологиясы
- •Миішілік (паренхиматозды) қанқуйылулар
- •Босану кезіндегі жұлын жарақаттары
- •Акушерлік салдану
- •Зақымдалу механизмі
- •Акушерлік парездердің ағымы
- •Басқа да туыт жарақаттары
- •Жұлынның туылу жарақатының емі
- •8.3. Гипоксия-ишемиялық энцефалопатия
- •Ми зақымдалуының локализациясы
- •Нейросонография мәләметтері бойынша пвл дәрежелері
- •Дамып келе жатқан мидың перинаталды зақымдалулардың неврологиялық салдары: ликвородинамика бұзылыстары бар жағдайлар мен аурулардың диагностикасы.
- •Мерзіміне жетіп туылған нәрестенің бас шеңберінің өсу қарқыны
- •Гипоксиялық-ишемиялық энцефалопатия (гиэ) кезіндегі ес бұзылыстары.
- •Гиэ болжамы
- •Балалардағы жүйке жүйесінің (жж) зақымдалуы (Маслова о.И., 1999 г.)
- •Неонатальды тырысулар
- •Пайда болу уақытына байланысты неонатальды тырыспалардың болжам себептері (ю.И. Барашнев, 2001г.)
- •IX тарау. Жаңа туылған нәрестелердің сепсисі және бактериальді инфекциялары.
- •Стафилодермиялардың емі
- •Стрептодермиялар
- •Стрептодермиялардың емі
- •Нәрестелердегі бактериальді инфекцияның жайылмалы түрге айналуына ятрогенді факторлардың қауіпті факторлары
- •X тарау. Құрсақішілік инфекциялар Құрсақішілік инфицерлену туралы түсінік
- •Туа біткен токсоплазмоз
- •Туа біткен токсоплазмоздың клиникасы
- •1 Кесте. Туа біткен токсоплазмоздың жиі кедесетін клиникалық түрлері
- •Диагностикасы
- •Ажыратпалы диагноз
- •Алдын-алу
- •Балалардың құрсақішілік вирусты инфекциялары қызамық.
- •Туа біткен қызамық
- •Диагностикасы
- •Этиологиясы
- •Инфекцияның эпидемиологиясы мен берілу жолдары.
- •Патогенезі
- •Патанатомия
- •Клиникасы
- •Диагностикасы.
- •Құрсақішілік цмви
- •Виферонмен ем
- •Комбинирленген ем
- •Алдын-алу
- •Герпесвирусты инфекция
- •Қорғаныс механизмдері
- •Арнайы арнайы емес
- •Неонатальды герпес.
- •Диагностикасы
- •Хламидиялы инфекция
- •Нәрестелерде хи емі
- •Құрсақішілік микоплазмалы инфекция
- •Құрсақішілік листериоз
- •Құрсақішілік листериоз диагностикасы
- •Туа біткен мерез
- •Диагностикасы.
- •XI тарау. Жаңа туылған нәрестелердің сарғаюы
- •Билирубиннің алмасуы
- •Неонатальды сарғаюлар
- •Нәрестелердің физиологиялық сарғаюы
- •Нәрестелердің патологиялық гипербилирубинемиясы және патологиялық сарғаюы
- •Криглер-Найярсиндромы (I және II типті)
- •Нәрестелердің гемолитикалық сарғаюлары
- •Нәрестенің гемолитикалық ауруы (нга)кезіндегінәрестені жүргізу тактикасы
- •Нәрестенің дене салмағына қарай өмірінің 24-168 сағат өмірінде фотоем және қан алмастырып құюға көрстелім
- •Өмірінің бірінші тәулігінде нга даму қауіпі бар нәрестені жүргізу тактикасы
- •Коньюгациялы гипербилирубинемия кезіндегі нәрестені жүргізу тактикасы
- •Жүректік:
- •Тамырлық :
- •XII тарау. Нәрестелердің геморрагиялық ауруы.
- •Туа біткен жүрек ақаулары
- •Сол жақ коронарлы артерияның өкпе артерисынан аномальды ауытқуы(Блайд-Уайт-Гарленд синдромы)
- •Миокард аурулары
- •Нәрестелердегі жүрек ырғағының бұзылыстары
- •Синусты түйіннің әлсіздік синдромы (стәс)
- •Жыпылықтамалы аритмия(жа).
- •Толық ав блокада (тавб)
- •Экс имплантациясына көрсетілім
- •Ұзарған qt синдромы (ұqtс)
ViiIбөлім.Жаңа туылған нәрестелердің жүйке жүйесінің патологиясы.
8.1. Тұншығу перинаталды церебралды бұзылыстардың факторы ретінде.
Казіргі таңда мидың неонаталды зақымдалуының келесі түрлерін бөледі:
Неонаталды жарақаттық;
Гипоксикалық –ишемиялық энцефалопатия;
Мидың немесе оның қабықшаларынынң инфекциялы зақымдалулары;
Ми дамуының туа біткен ақаулары;
Дисметоболикалық энцефалопатиялар.
8.2. Бас миы мен жұлынның жарақаттық және интранаталды зақымдалуы. Туыт жарақаты.
Туыт жарақаты-бұл нәрестенің тіндері мен мүшелерінің бүтіндігі мен қызметінің босану үрдісінің кезінде пайда болған бұзылыстары.
Әдетте туыт жарақаты акушердің мардымсыз тәжірбиесімен байланысты болады. Туыт жарақаттар жиі перинаталды орталықтарда кезедеседі, себебі ол жерлерде жоғарғы қауіпті жүкті әйелдер ортақталады, оларды босандыру үшін акушер жиі нәрестені жарақаттау қауіпін тудыратын әдістер қолдануға мәжбүр болады.Босану кезіндегі перинаталды гипоксия мен тұншығу жиі туыт жарақатына әкеледі және оның туындауна әкелетін патологиялық тізбегінің бір бөлігі болу мүмкін. Туы жарақаттары ұрықтың аномалды жату, оның қиыншылықпен шығуы салдарынан болады.Ұрық тіндерінің механикалық зақымдалуларына(«таза» акушерлік жарақаттар) сынықтар(қаңқа, бұғана, аяқ -қол сүйектерінің) жатады. Қалған жағдайларда ,әңгіме босану әрекеті кезіндегі ұрық басына, мойын аймағына және омыртқаның басқа бөліктеріне түсетін күш ми құрылымының, тамырларының, қабықшаларының, жүйке тамырларының төзімділігінінен асып түскенде болатын механикалы-гипоксиялық жарақаттанулар . Жаншу, қысу және тіндердің жыртылуы салдарынан қаңқаішілік қанқұйылулар дамиды. Шынайы туу жарақаттардың кездесу жиілігі анықталмаған, статистика мәліметтері бойынша ол жоғары емес: өлім себебі ретінде ол 3.2% аспайды , ал ерте неонаталды кезеңдегі өлім себебі ретінде -2.5% [ 11] .
Бас қаңқасының сүйегі мен скальптің жарақаттары
Кефалогематома-қанның субпериосталды кеңістікте жиналуы (бас қаңқасының қайсы бір сұйек бөлігінің сүйекүсті кеңістігіне қанқұйылулар)- туыттан соң бірнеше сағаттан кейін пайда болу мүмкін, жиі бір немес екі самай сүйектерінде орналасады( сирек- шүйде сүйекте), барлық нәрестелердің 0.3%-2.5% жиілікпен кездеседі. Ісік жұмсақ немесе керілген консистенциалы , ауырсынбайды, пальпация кезінде флюктуация мен шеттерінде «валик » анықталады. Алғашқы күндері кефалогематома көлемі үлкеюі («қан ағуының жалғасуынан») мүмкін, жиі тамырдан тыс биллирубиннің түзілуі салдарынан сарғаю байқалады. Өмірінің 2-3 –ші аптасында кефалогематома көлемі кішірейеді, ал 6-8-ші аптасында толық резорпция болады.
Бұл кезде ем тактикасына геморрагияға қарсы ем шараларын (К дәрумені, бұлшыкетке ангиопротекторлар) қолдану жатады. Егер кефалогематома диаметрі 6-8 см асса , онда оны өмірінің алғашқы аптасының соңында пункциалау керек.
Апоневрозастына қанқұйылу-сырттай кефалогемтомаға ұқсайтын , қанның скальптің астына жиналуымен жүретін оқшауланған түзілім. Көлемі 1см жуық болғанның өзінде құрамында қанайналым көлемінің 30% болады, салдарынан нәрестеде жедел анемиялық синдром дамиды, шок болып өлімге де әкелу мүмкін. Бұл қанқұйылудың түрі жиі қысқыштарды қолдану және тері асты көктамырларының жыртылуы салдарынан болады. Бастың қалпына байланысты,қан кез келген жерде жиналу мүмкін. Томпайып тұратын ісік тәрізді түзілім флюктуациялы, краниограммада тін тығыз болып көрінеді. Негізгі ем шараларына- қан жоғалту салдарынан болған жағдайларды түзету және қан кетуге қарсы ем жүргізу.
Бас қаңқа сүйектерінің сынықтары. Сызықты сынықтар әдетте нәрестенің келешек дамуына кері әсер етпейді , өздігінен емсіз жазылады. Ал патологиялық үрдіске арахноидалды қабықша қосылғанда, яғни дефект жеріне кіргенде, лептоменингиалды кисталар дамуы мүмкін.бұл сирек кездестен асқыну , құламында жұлын ми бар пульсацияланып тұрған масса ретінде көрінеді, қасында жатқан ми қыртысына қысым келтіру салдарынан тырысу белсенділігінң себепшісі болуы мүмкін.
