Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
перевод1.docx
Скачиваний:
9
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3 Мб
Скачать
☆

Гиэ болжамы

ГИЭ-ның резидуальды кезеңіндегі неврологиялық дефицит әр түрлі факторларға байланысты (анте- және интранатальды периодтың ағымы, қышқыл сілтілік жағдайдың параметрлерімен дәлелденген өткерген гипоксияның ауырлығы, энцефалопатия ерекшеліктеріне, неонатальды периодтың өзіне байланысты) және жеке синдром бойынша қарастырылады.

ГИЭ салдары минимальды неврологиялық дисфункция (МНД) ретінде мардымсыз, және қозғалыс және сенсорлы бұзылыстар (балалар церебральды салдануы), жалпы дамудың кідіруі, эпилептикалық ұстамалар, гидроцефалия, назардың дефициті және гипербелсенділік, көз және есту анализаторларының зақымдалуы, қылилық түрінде ауыр болуы мүмкін.

Минимальды неврологиялық дисфункция (minor neurological dysfunction)келесі критерийлер бойынша бағаланады:нәрестенің қалпы, пассивті бұлшықет тонусы, терең рефлекстер, тұлғаның координациясы, ірі және майда моторика.

Астеникалық (церебрастеникалық) синдром ОЖЖ зақымдануының жеңіл дәрежесіне тән. Бұл синдромның клиникалық көріністері болып табылады: жоғарылаған эмоционалды лабильділік, қимыл мазасыздығы, нәрестелік кезеңнің физиологиялық рефлекстерінің жоғарылауы, селк ету, мазасыз ұйқы.

Вегето-висцеральды дисфункиялар синдромынәресте ағзасының вегетативті-висцеральды реакцияларының диэнцефальды реттелуінің бұзылуын көрсетеді. Алайда, әдеби мәліметтерге сәйкес, бұл синдром тек диэнцефальды (гипоталамикалық) дисфункциямен ғана емес, сонымен қатар бағаналық, сегментарлы спинальды және перифериялық бұзылыстармен шартталуы мүмкін. Симпатико- немесе парасимпатикотонияның басым болуы жүйке жүйесінің зақымдалуының деңгейіне байланысты.

Бұл синдромның клиникалық симптоматикасы: тері жабындыларының мәрмәрлігі, өтпелі цианоз, термореттелудің бұзылысы, асқазан-ішек бұзылыстары (пилороспазм, жоғарылаған перистальтика, метеоризм, лоқсу, құсу), тыныс алу ритмінің және жұрек қызметінің бұзылуымен көрінеді.

Қимыл қозғалыс бұзылыстары синдромының көрінісі:қимыл белсенділігінің жоғарылауы немесе төмендеуі, бұлшықет гипо- немесе гипертониясы, парездер немесе гиперкинездер.

Сөйлеудің дамуының кідіруі және дизартриялар түрінде көрінетін сөйлеу бұзылыстары ПВЛ өткерген балалардың 44% анықталады,ал ПВЛ-ң кистозды түрінің фонында көру бұзылыстарының жиілігі66%,ол көру өткірлігінің төмендеуімен және көру өрістерінің тарылуымен көрінеді (көру нервтерінің атрофиясы болған кезде соқырлыққа дейін).

3-ші кесте

Балалардағы жүйке жүйесінің (жж) зақымдалуы (Маслова о.И., 1999 г.)

Зақымдалу деңгейі

Көрінісі

1

Жүйке жүйесінің жасушасы

Дегенеративті өзгерістер, нейрондардың өлімі (некроз, апоптоз)

2

Жүйке жүйесінің тіні

Қан, ликвор, гемато-энцефалдық тосқауылмен (ГЭТ) қарым-қатынас кезіндегі цитоархитектониканың бұзылуы (порэнцефалия, тыртық, киста, дизонтогенез, дизморфия)

3

мүше

Бас миы мен жұлынның функциясының бұзылуы

4

Жүйке жүйесі

Қимыл, сөйлеу, сенсорлы, психикалық салалардағы бұзылыстар

5

тұлға

Тәуелсіз өмірдің бұзылуы (парциальды немесе тотальды), қосалқы патологияның болуы, интеллектуальды жетіспеушілік, соқырлық, кереңдік және т.б.

6

жанұя

Өмір жоспарларының, жұмыстың, жанұя құрудың, балалы болудың өзгеруі

7

қоғам

Өмірдің десоциализациясы (оқудың, жұмыстың, қозғалудың, қарым қатынастың)

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]