Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
перевод1.docx
Скачиваний:
9
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3 Мб
Скачать
☆

Неонатальды сарғаюлар

Неонатальды сарғаю – қандағы жалпы билирубиннің көбеюі салдарынан тері мен кілегей қабаттардың көзге көрінетін сарғаюының пайда болуы. Нәрестелердегі өмірінің алғашқы күндерінде гипербилирубинемияның дамуына бейімдеуші физиологиялық ерекшеліктері:

  1. Төменде келтірілген факторлардың есебінен билирубиннің түзілу жылдамдығының жоғары болуы:

а) физиологиялық полицитемияның;

б) фетальды гемоглобині бар эритроциттердің өмір сүру ұзақтығының салыстырмалы түрде қысқа болуы;

в) зат алмасудың билирубиннің эритроциттен басқа заттардан (миоглобин, бауырлық цитохром, т.б.) түзілуімен жүретін катаболикалық бағытталуы.

  1. Бауырдың билирубинді шығарудағы функционалды мүмкіндігінің төмен болуы:

а) гепатоциттің билирубинді қармап алуы төмендеген

б) глюкуронилтрансфераза және гепатоциттердің басқа да ферменттік жүйелерінің белсенділігі төмендеген (ГТФ-ң белсенділігі алғашқы аптада 50%-ға жоғарылайды, ал ересектердің деңгейіне өмірінің 1-2 айында жетеді).

  1. Тура емес билирубиннің ішектен қанға қайта түсуі жоғарылаған, ол төмендегі факторларға байланысты:

а) ішектегі р-глюкоуронидаза ферментінің белсенділігінің жоғары болуы

б) қанның бір бөлігінің бауырдан тыс, ішектен көктамырлық (аранциев) түтік арқылы кіші қуыс венасына түсуі

в) ішектің транзиторлы дисбиозы.

Ерте неонаталды бейімделу кезеңінде жайсыз патологиялық факторлардың әсер етуі, нәрестелердегі гипербилирубинемия айқындылық дәрежесін жоғарлауына қауіп туғызады.

Нәрестелердің физиологиялық сарғаюы

Нәрестелердің физиологиялық сарғаюы- өтпелі (уақытша) коньюгациялық сарғаю, дені сау нәрестелердің көбінде өмірінің алғашқы күндері пайда болады- құрамында феталды гемоглобині бар эритроциттердің ыдырауы салдарынан (ұрық эритроциттерінде, ерекше F гемоглобині бар гемоглобин кіреді); билирубиннің бауыр жасушалары арқылы өтуіне көмектесетін-альбуминнің тапшылығы(глюкоуронил-трансфераза) ; билирубиннің тік емес қалпынан тік қалпына айналуына көмектесетін бауырдың ферментативті (глюкоурон қышқылы) жүйесінің жетілуінің кешігуі; нәрестелердің бауырының бөліп шығару жүйесінің төмен болуы салдарынан .

Нәрестелердің физиологиялық сарғаюы, терісінің сары түске ,өмірінің 3-4 күндері боялуымен білінеді. Бауыр мен көкбауыр ұлғаймайды, эритроциттердің ыдырауының жеделдеуі (гемолиз) мен анемия белгілері болмайды. Билирубинді шығару жүйесінің жұмысы жақсарған соң және қан жүйесінен артық қан жасушалары жоғалған соң сарғаю кетеді (әдетте 1-2 аптадан соң) және оның нәрестеге зияны болмайды.

Клиникалық критерийлері:

Сарғаю динамикасы

  • Туыттан соң 24-36 сағаттан кейін білінеді

  • Алғашқы 3-4 күнде үдей бастайды

  • Өмірінің 2-3 аптасында жойылады

Клиникалық сипаттамасының ерекшеліктері

  • Тері жамылғысы күңгірт сары түсті

  • Нәрестенің жалпы жағдайы қанағаттанырлық

  • Бауыр мен көкбауыр көлемі ұлғаймаған

  • Нәжіс пен зәр түсі қалыпты

Лабороториялық критерийлері:

  • Кіндік қанындағы билирубин мөлшері – 51 мкмоль/л төмен

  • Кіндік қанындағы гемоглобин концентрациясы қалыпты (220-240 г/л)

  • Өмірінің бірінші тәулігінде билирубиннің сағаттық өсуі 5,1 мкмоль/л/сағ

  • Жалпы билирубиннің максималды өсуі мерзімінде туылған нәрестелерде 3-4 тәулікте шеткері көктамырда 256 мкмоль/л, ал шала туылған нәрестелерде 171 мкмоль/л аспайды.

  • Жалпы билирубин тікемес фракция арқылы жоғары болады.

  • Тік фракция 10% аспайды

  • Қанның клиникалық анализінде гемоглобин, эритроциттер және ретикулоциттер саны қалыпты

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]