- •Мазмұны
- •I тарау. Неонатологияға кіріспе. Қазақстандағы неонатологиялық қызметтің ұйымдастырылуы.Терминалогия және статистикалық көрсеткіштер .
- •1.3 Гестациондық жасты бағалау
- •II тарау. Антенаталды патология Құрсақ ішілік өсу мен дамудың тежелуі
- •1 Кесте. Нәрестелердің туылған кезіндегі негізгі параметрлерінің гестациялық жасқа сәйкетігі
- •III тарау. Нәрестелердің постнаталды бейімделуі. Шекаралық жағдайлар. Жаңа туылған нәрестелердің күтімі және тамақтануы.
- •3.1 Жаңа туған нәреселердің шекаралық жағдайлары
- •3.2. Нәрестенің мүшесі мен жүйелерінің анатомо- физиологиялық ерекшеліктері
- •3.3. Нәрестелердің күтімі.
- •1 Қадам- Босануға бөлме дайындау
- •2 Қадам- Нәрестені кептіріп- сүрту:
- •Жаңа туылған нәрестелер бөлімшесінде іріңді-септикалық аурулар мен госпиталды инфекцияны алдын-алу.
- •Жаңа туған нәрестелердің тамақтануы.
- •IV тарау. Жаңа туылған нәрестелерді клиникалық тексеру
- •Шолып қарау
- •Жүйелер бойынша қарау.
- •Нәрестелердің шартсыз(туа біткен) рефлекстерін бағалау.
- •V тарау.
- •VI тарау. Шала туылған нәрестелер
- •VII тарау. Тыныс алу мүшелерінің патологиясы
- •7.1. Респираторлы дистресс синдромы
- •7.2. Нәрестелер пневмониясы.
- •ViiIбөлім.Жаңа туылған нәрестелердің жүйке жүйесінің патологиясы.
- •8.1. Тұншығу перинаталды церебралды бұзылыстардың факторы ретінде.
- •8.2. Бас миы мен жұлынның жарақаттық және интранаталды зақымдалуы. Туыт жарақаты.
- •8.1.Бассүйек ішілік қан құйылулар
- •Біққ клиникасы
- •Эпидуралды қанқұйылулар
- •Субарахнойдалды қанқуйылулар
- •Ми қарыншаларына қанқуйылулар (перивентрикулярлы-интравентрикулярлы)
- •Пиқ патофизиологиясы
- •Миішілік (паренхиматозды) қанқуйылулар
- •Босану кезіндегі жұлын жарақаттары
- •Акушерлік салдану
- •Зақымдалу механизмі
- •Акушерлік парездердің ағымы
- •Басқа да туыт жарақаттары
- •Жұлынның туылу жарақатының емі
- •8.3. Гипоксия-ишемиялық энцефалопатия
- •Ми зақымдалуының локализациясы
- •Нейросонография мәләметтері бойынша пвл дәрежелері
- •Дамып келе жатқан мидың перинаталды зақымдалулардың неврологиялық салдары: ликвородинамика бұзылыстары бар жағдайлар мен аурулардың диагностикасы.
- •Мерзіміне жетіп туылған нәрестенің бас шеңберінің өсу қарқыны
- •Гипоксиялық-ишемиялық энцефалопатия (гиэ) кезіндегі ес бұзылыстары.
- •Гиэ болжамы
- •Балалардағы жүйке жүйесінің (жж) зақымдалуы (Маслова о.И., 1999 г.)
- •Неонатальды тырысулар
- •Пайда болу уақытына байланысты неонатальды тырыспалардың болжам себептері (ю.И. Барашнев, 2001г.)
- •IX тарау. Жаңа туылған нәрестелердің сепсисі және бактериальді инфекциялары.
- •Стафилодермиялардың емі
- •Стрептодермиялар
- •Стрептодермиялардың емі
- •Нәрестелердегі бактериальді инфекцияның жайылмалы түрге айналуына ятрогенді факторлардың қауіпті факторлары
- •X тарау. Құрсақішілік инфекциялар Құрсақішілік инфицерлену туралы түсінік
- •Туа біткен токсоплазмоз
- •Туа біткен токсоплазмоздың клиникасы
- •1 Кесте. Туа біткен токсоплазмоздың жиі кедесетін клиникалық түрлері
- •Диагностикасы
- •Ажыратпалы диагноз
- •Алдын-алу
- •Балалардың құрсақішілік вирусты инфекциялары қызамық.
- •Туа біткен қызамық
- •Диагностикасы
- •Этиологиясы
- •Инфекцияның эпидемиологиясы мен берілу жолдары.
- •Патогенезі
- •Патанатомия
- •Клиникасы
- •Диагностикасы.
- •Құрсақішілік цмви
- •Виферонмен ем
- •Комбинирленген ем
- •Алдын-алу
- •Герпесвирусты инфекция
- •Қорғаныс механизмдері
- •Арнайы арнайы емес
- •Неонатальды герпес.
- •Диагностикасы
- •Хламидиялы инфекция
- •Нәрестелерде хи емі
- •Құрсақішілік микоплазмалы инфекция
- •Құрсақішілік листериоз
- •Құрсақішілік листериоз диагностикасы
- •Туа біткен мерез
- •Диагностикасы.
- •XI тарау. Жаңа туылған нәрестелердің сарғаюы
- •Билирубиннің алмасуы
- •Неонатальды сарғаюлар
- •Нәрестелердің физиологиялық сарғаюы
- •Нәрестелердің патологиялық гипербилирубинемиясы және патологиялық сарғаюы
- •Криглер-Найярсиндромы (I және II типті)
- •Нәрестелердің гемолитикалық сарғаюлары
- •Нәрестенің гемолитикалық ауруы (нга)кезіндегінәрестені жүргізу тактикасы
- •Нәрестенің дене салмағына қарай өмірінің 24-168 сағат өмірінде фотоем және қан алмастырып құюға көрстелім
- •Өмірінің бірінші тәулігінде нга даму қауіпі бар нәрестені жүргізу тактикасы
- •Коньюгациялы гипербилирубинемия кезіндегі нәрестені жүргізу тактикасы
- •Жүректік:
- •Тамырлық :
- •XII тарау. Нәрестелердің геморрагиялық ауруы.
- •Туа біткен жүрек ақаулары
- •Сол жақ коронарлы артерияның өкпе артерисынан аномальды ауытқуы(Блайд-Уайт-Гарленд синдромы)
- •Миокард аурулары
- •Нәрестелердегі жүрек ырғағының бұзылыстары
- •Синусты түйіннің әлсіздік синдромы (стәс)
- •Жыпылықтамалы аритмия(жа).
- •Толық ав блокада (тавб)
- •Экс имплантациясына көрсетілім
- •Ұзарған qt синдромы (ұqtс)
III тарау. Нәрестелердің постнаталды бейімделуі. Шекаралық жағдайлар. Жаңа туылған нәрестелердің күтімі және тамақтануы.
Нәрестенің бейімделуі- бұл нәрестенің алғашқы минуты мен күндеріндегі анасының ағзасынан тыс өмір сүру үшін ағза жүйелерінің, өзгерген шарттарына қарай бейімделуі.Ерте неонаталды кезеңде бейімделу реакциясына қарай келесі фазаларға бөледі:
I –өмірінің алғашқы 30 минөт(жедел респираторлы- гемодинамикалық бейімделу)
II- 1-6 сағат(негізгі функционалды жүйелердің тұрақтануы мен біркелкіленуі)
III- 3-4 тәулік (метаболикалық бейімделудің қиындауы)
3.1 Жаңа туған нәреселердің шекаралық жағдайлары
Босану мен өмірдің жаңа жағдайларына бейімделу үрдістерін көрсететін процесстерді, реакцияларды нәрестелердің шекаралық(ауыспалы, өтпелі, физиологиялық) жағдайлары деп аталады, ұзақтығы 2,5-3,5 аптасына дейін созылады, ал ШТН одан да ұзағырақ. Олар :
Босану катарсисі- өмірінің алғашқы секундында нәресте летаргия жағдайында болады;
«Жаңа туылған нәресте» синдромы- келесі 5-10 минөт ішінде, көп мөлшерде катехоламиндер синтезі болады, осы ішкі және сыртқы тітіркендіргіштердің арқасында нәресте белсенді болады.
Транзиторлы гипервентиляция , келесі түрде байқалады:
Босану кезінде өтпелі болып туындайтын гипоксия, гиперкапния, ацидоз арқасында тыны салу орталығы белсендіріледі. Нәресте алғашқы тыныс алуы, терең дем алып, қиналған дем шығарумен сипатталады, ол өз алдына өкпенің ашылуына әкеледі
Өкпе ауамен толады және функционалды қалдық сыйымдылық пайда болады
Өкпе сұйықтықтан босап, оның қайта секрециясы тоқтайды
Өкпенің артерияларық тамырлары кеңейіп және өкпедегі тамырлардың қарсыласуы төмендейді, өкпенің қан айналымы жоғарлап, феталды шунттар жабылады.
Өтпелі қанайналым- өмірінің алғашқы 2 күнінде қанның оңнан солға және керісінше шунтталуы мүмкін, өкпе жағдайы мен үлкен қан айналым шеңберіндегі ерекшеліктерімен шартталған
Дене салмағының өтпелі салмақ жоғалтуы,ол сүттің жетіспеуімен, емшекпен емізу уақытымен, мекониймен және зәрмен сұйықтықты жоғалтумен шартталған. Дені сау нәрестелерде 3-4 күні дене салмағының максималды жоғалтуы 6% аспау керек.
Терморегуляцияның өтпелі бұзылыстары:
Өтпелі гипотермия- алғашқы 30 минөтта нәресте температурасы 0,30С қа минөт сайын түсіп, 35,5-35,8 ке жетеді, дене қызуы өмірінің 5-6 сағатына қарай қалпына келеді. Ол ағзаның компенсаторлы- бейімделу реакциясының ерекшеліктерімен шартталған.
Өтпелі гипертермия- өмірінің 3-5 күнінде пайда болады, 38,5-39,5 0С және одан жоғары болып көтеріледі. Негізгі себебі- сусыздану, үрдістердің катаболикалық бағытта жүруі, шамадан тыс жылытылуы, сұйықтықты аз беру болып есептеледі.
7. Жай эритема- терінің реактивті қызаруы, тактилды қоздырғыштар шектен тыс көп болғанда. 2 тәулікте эритема өте айқын, 1 тәуліктің соқында жоқ болып кетеді, ШТН 2-3 аптаға дейін сақталады.
8. Токсикалық эритема-аллергоидты үрдістің салдарынан, өмірінің 2-5 күндерінде- орталығында көпіршіктері бар сұр-сарғыш эритоматозды дақтардың пайда болуы(үлкен жасушалардың дегрануляциясы және аллергиялық үрдістің медиатрларының шапшан бөлінуі). Бөріткендер 2-3 күннен соң жойылады.
9. Өтпелі гипербиллирубинемия(физиологиялық сарғаю). Бұл өотпелі жағдай МТН 60-70%, ал ШТН-90-95% кездеседі.
Физиологиялық сарғаюдың пайда болуының негізінде, нәрестелердің билирубин алмасуының ерекшеліктері жатыр, олар:
1.Тік емес биллирубиннің көп мөлшерде шығарылуы
а) құрамында феталды гемоглобин (HbF) бар эритроциттердің өмір сүру уақытының 70 күнге дейін қысқаруы
б) туылған кездегі физиологиялық полицитемия(Нb - 220г/л)
в) эритропоездың жетілмегендігі
г) цитохром мен миоглобиннен қосымша тік емес биллирубиннің түзілуі
д) катаболизм процесстерінің басым болуы
2.Гипоальбуминемия салдарынан қан ағымында тік емес билирубиннің байланысу қасиетінің төмендеуі.
3.Бауырдың қызметінің төмендеуі салдарынан:
Мембраналық белок – легандиннің төмен деңгейінің салдарынан, гепатоциттермен тік емес билирубинмен байланысу қызметінің төмендеуі
Глюкуронилтрансфераза белсенділігінің төмендеу салдарынан глюкуронирлеу қызметінің төмендеуі
Өт жолдарының жіңішке болу салдарынан, гепатоциттерден конюгерленген билирубиннің төмен экскрециясы
4.b-глюкуронидаза әсерімен пайда болатын тік емес билирубиннің ішектен, ішек- бауыр шунты (Аранцев жолдары менішектің шырышты қабаты) арқылы, қан ағысына төменгі қуыс венасы арқылы v.porte- ны айнала өтіп түсуі.
Өтпелі гипербилирубинемия клиникасында дене терісі 2-3 тәулікте сарғайып, өмірінің 7-10 күні жоғалады. Сарғаюдың толқын тәрізді ағымының болуы тән емес. Бұл нәрестелердің жалпы жағдайы нашарламаған, гепатолиеналды синдромы болмайды. Шеткері қандағы билирубиннің максималды мөлшері 3 тәулікте 205 мкмоль/л аспайды, туғанда кіндік қанында оның мөлшері 50-60 мкмоль/л аспайды, сағаттық өсуі 5-6 мкмоль/л/сағ , билирубиннің тәуліктік өсуі-86 мкмоль/л, тік билирубин деңгейі- 25 мкмоль/л.
Визуалды сарғаю МТН-лерде билирубин деңгейі -86 мкмоль/л, ШТН-де - 80-100 мкмоль/л болғанда байқалады.
10. Жыныстық криз(гормоналды) емшек бездерінің ісінуімен, десквамативті вульвовагинитпен, метроррагиямен, милиямен байқалады. Бұл жағдайдың негізінде: ұрықтың гиперэстрогенді фоны және өмірінің 1-ші аптасында эстрогендердің тез шығарылуы жатады.
11. Несептіқышқыл инфаркт негізінде катоболизм үрдістерінің жоғарлауы жатыр, ол несепті қышқылдың пуринды айналымының өршуінен түзеліп, бүйрек түтікшелерінде жиналады, салдарынан несептің түсі сары- қоңыр түске ие болады. Көріну уақыты – өмірдің 1 аптасы.
Кестеде, неонаталды кезеңдегі ағзаның негізгі функционалды жүйесіндегі, босану және туғаннан кейінгі кезеңіндегі физиологиялық қайтақұрылуының адаптациялық өзгерістері(шекаралық жағдайлар) және патологиялық үрдістер , патогенетикалық негізінде нақты бір шекаралық жағдай жату мүмкін екнін атап өтілген.
Кесте . неонаталды кезеңнің үрдістері (Шабалов Н.П., 2006)
Жүйе |
Босану мен ерте неонаталды кезеңдегі физиологиялық қайтақұрылу |
Өтпелі үрдістер (шекаралық жағдайлар) |
Патологиялықүрдістер, патогенетикалық негізінде нақты бір шекаралық жағдай жату мүмкін |
Орталық жүйке жүйесі |
Сыртқы ортаның күрт өзгерген жағдайларына, (температура, жарық,дыбыс, гравитация және т.б..- сенсорлы атака), босану кезіндегі ауырсыну күштемесіне адаптация. |
Босану катарсисі «Жаңа ғана туылған нәресте» синдромы. Импритинг. Өтпелі неврологиялық дисфункция. |
Босану кезіндегі депрессия Апноэ (біріншілік және екіншілік) Әртүрлі аурулар кезіндегі жалпылама симптомдар (қозу немесе тежелу) |
Сыртқы тыныс алу |
Басталуы . Феталды өкпе сұйықтығының ыдырауы. Өкпенің ашылуы. Альвеолалардың және аэрогематологиялық барьердің жетілуі |
Өтпелі гипервентиляция. Ттыныс алу жиілігінің өтпелі жиілеуі, «гасп» типті тыныс |
Өтпелі тахипноэ Өкпелік гипертензия Респираторлы бұзылыстар |
Қан айналым |
Қан айналымның қайтақұрылуы, ең алдымен кіші қан айналымның, газ алмасудың өзгерісі мен плацентарлы-кіндіктік қанайналымның тоқтауы (алты феталды коммуникациялардың жабылуы) |
Өтпелі қанайналым(сол-оңжәне бидиректоралды шунтталу) Өтпелі полицитемия және гиперволемия (микроциркуляция бұзылыстары бар, жоқ) Өтпелі гиперфункция және миокард метаболизмнің бұзылыстары |
Жүрек – тамыр жүйесінің дезадаптация синдромы Жүрек – тамыр жеткіліксіздігі, сонымен бірге феталды шунттар реактивация салдарынан ААА (ОАП) синдромы Тромбоздар Ісіну синдромы |
Асқорыту |
Гемо- және амнитрофты қоректенудің лактотрофтыға ауысуы,ішектің бактериалды флорамен толтырылуы |
Өтпелі ішек катары Өтпелі функционалды өтімсіздік Өтпелі дисбактериоз |
Құсу, лоқсу. Дұрыс тамақтанбау , шартты патогенді микрофлорамен инфицирлену салдарынан асқазан-ішек трактісінің аурулары |
Дене терісі |
Сыртқы ортаның төменгі температурасына, тактилды қоздырғыштарға, микробты айналаға бейімделу |
Жай эритема Токсикалық эритема Физиологиялыққабыршықтану Милиа Миллиария Пустулярлы меланоз Акне Өтпелі дисбиоценоз |
Пайда болған инфекционды және инфекционды еместері, тері асты шел майының аурулары Күйіктер оңай пайда болады |
Зат алмасу |
Босану кесіндегі стресске, гипоксемияға , гормоналды фонға, газалмасудың өзгерістеріне , туылғаннан кейін гипероксияға, тамақтанудың жаңа түріне және алғашқы күндердегі аштыққа байланысты қайтақұрылу |
Белсендірілген гликолиз,гликогенолиз, липолиз , глюконеогенез Өтпелі гипогликемия Өтпелі теріс азотты баланс Өтпелі гипербилирубинемия, гипокальциемия , гипомагнемия, гипераммониемия, гипертирозинемия Өтпелі ацидоз Өтпелі дене салмағының алғашқы жоғалтуы (6-8%) Несепқышқыл инфаркт Өтпелі липидттердің перекисті қышқылдануының белсендендірілуі Өтпелі жылу балансының бұзылыстары (гипотермия, гипертермия) |
Симптоматикалық гипогликемия, гипокальциемия, гипомагнемия, гипераммониемия,жүрек жеткіліксіздігі Энергетикалық жеткіліксіздік синдромы Суықтық стресс Өтпелі қызба Тырысу Шала туған нәрестелердің «Босрадикалды» аурулары Ми ісінуі Респираторлы бұзылыстар, склерема Билирубинді энцефалопатия |
Гемопоэз |
Қантүзілу пласттарының және феталды гемоглобиннің ересек түріне ауысуы Иммуниттетің күрт белсендірілуіне байланысты лимфопоэздың белсендірілуі |
Эритродиерезбен эритропоэздің күшеюі Өтпелі гипербилирубинемия Өтпелі лимфоцитолиз және лимфоциттердің тінге қарай миграциясы Өтпелі миелопоэдың белсендірілуі |
Гипербилирубинемия (сарғаю) Анемия Лейкопения Анемия, тромбоцитопения және ауыр инфекциялар кезіндегі лейкомоидты реакциялар |
Гемостаз |
Босану кезіндегі тромбопластикалық заттардың қанға өтуі, тамыр қабырғасыныңөткізгіштігінің жоғарлауы және эритроциттер мен лейкоциттердің өлімінің фазалық жағдайлары |
Өтпелі: белсендірілгенфибринолиз, К тәуелді қан ұю факторларының жеткіліксіздігі, тромбоциттердің агрегациялық қызметінің төмендігі |
Нәрестелердің геморрагиялық ауруы Қандайда болса аурулар кезінде қанағыштық пен тромбоздарға бейім: «Сцила мен Харибда арасында» |
Несеп шығару мүшелері |
Өзгерген гемодинамика мен гормоналды фонға, үлкен көлемде су жоғалтуларға бейімделу |
Өтпелі олигоурия , протеинурия Несепқышқыл инфаркт |
Ісіну синдромы Азотемия Несеп шығару жолдарының инфекциясы |
Эндокринді жүйе |
Босану кесіндегі стресске, фетоплацентарлы комплекс пен анасының гормондарынан «айыру» |
Симпатоадреналды комплкстің ,гипофиз, бүйрекүсті безінің , ұйқы безінің, ренин-ангиотензин- альдостерон жүйесінің белсендірілуі. К тәуелді қан ұю факторларының жеткіліксіздігі ,тромбоциттердің агрегациялық қызметінің төмендігі |
Симпатикоадреналды криз Бүйрекүсті безінің жеткіліксіздігі Өтпелі гипотиреоидизм Неврологиялық бұзылыстары бар симптоматикалық гипокальциемия , гипомагнемия, гипогликемия ТАБС( СДР) Мастит |
Иммуни тет |
Стрессті гормоналды фонның фонында массивті антигенді агрессия, плацента арқылы иммунитеттңің гуморалды факторларының енуінің тоқтауына байланысты қайтақұрылу(әлі құрылмаған тосқаулдарсыз кезіндегі зарасыз емес жағдайында өмір сүру, лактотрофты тамақтану ) |
Босану стрессі кезіндегі жүйелік қабыну жауап синдромы (инфекционды емес генезді) Өтпелі иммундытапшылық, әсіресе туылғаннан кейін алғашқы күндері Өтпелі хемотаксис, мононуклерлар мен полиморфоядролы лейкоциттер, фибронектин тапшылығы Өтпелібактериемия |
Нәрестелерге ғана тән В стрептококты инфекцияның жайылмалы (септикалық) ағымы Жиі инфекционды аурулар Персистирленген және баяу ағымды аурулар ШТН-дің -сепсисі |
