Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
перевод1.docx
Скачиваний:
9
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3 Мб
Скачать
☆

Этиологиясы

Ең алғаш ЦМВИ 1881ж. неміс патологоанатомы М. Риббертпен сипатталған, ол туа біткен мерез кезінде цитомегалия жасушаларын тапқан. Э. Гудпасчер және Ф. Тэлбот 1921ж. «балалар цитомегалиясы» атауын ұсынған, ол бүгінгі күні де қолданыста бар. Жасушалардан ЦМВ 1956 ж. М. Смитпен анықталған.

ЦМВ вирионының диаметрі 120-150нм. құрайды. Вириион гликопро- теинолипидті қабықшамен қапталған. ЦМВ вирус иксаэдр пішінді, оның белокты қабықшасы(капсид) симметриялы орналасқан 162 капсомерден тұрады. ЦМВ геномы - 2 спиралды ДНК . ЦМВ термолабилді, +56°С белсенділігін жояды, қолайлы рН 7,2-8,0. казіргі уақытта ЦМВ үш штаммы анықталған : Davis, AD 169, Kerr.

Инфекцияның эпидемиологиясы мен берілу жолдары.

Табиғатта ЦМВ-ның резервуары тек адам. Инфицирленген ағзадан вирус, зәрмен, сілекеймен және шаспен шығады.

ЦМВИ адамдардың әлеуметтік-экономикалық және гигиеналық жағдайларына қарай таралған. Әлемде ЦМВИ-мен нәрестелер 2% дейін, ал өмірінің алғашқы жылындағы балалар 45-60% дейін инфицирленеді. (Туки А., Пекхем С. et al; 2004;). БДҰ-ның мәліметі бойынша әлемде әлеуметтік-экономикалық жағдайға байланысты адамдардың әр түрлі топтарында ЦМВ антиденелер 40-100% табылады.

Қазақстан республикасының акушерия және гинекология атты ҒЗИ-ң ауқымды зеріттеулерінің салдарынан келесі мағұлматтар анықталды: біріншілік ЦМВИ – жүктіліктің үзілу қаупі бар -31,2% , өздігінен түсік тастаған әйелдердің -39,5%, көп суы бар әйелдерде-53,4%, жетілмеген жүктілікпен 35,4% табылған. Анамнезінде жыныс мүшелерінің созылмалы инфекциялары бар, жиі ЖРВИ және баспа мен ауыратын әйелдер ЦМВ-пен инфицирленуге бейім болып келеді(Орехов К.В., 2004). Серопозитивті әйелдерде инфекцияның реактивациясы салдарынан ЦМВИ бар нәрестелер туылу мүмкін.

Балалардың негізгі инфекция көзі болып- ЦМВ тасымалдаушы аналар болып саналады. Құрсақішілік инфицирлену антенаталды дамудың кез келегн кезеңінде даму мүмкін. Ұрықтың трансплацентарлы, гематогенді жолмен инфицирленуі, жүкті әйелдің ЦМВИ-сының реактивациясы немесе плацентарлы тосқауылдың жеткіліксіздігі салдарынан болады. Серопозитивті әйелдерден жұққан ЦМВИ, әдетте инфекцияның симптомыз ағымымен немесе айқын емес клиникалық көрінісімен жүреді. Инфекцияның плацента арқылы өту қаупі- ұзақ вирусемия кезінде және инфекцияның созылмалы сипаты кезінде жоғарлайды. Кіру қақпасы -ұрық инфицирленген қағанақ суын жұтқанда және оның сыртқы жамылғысы болу мүмкін. Интранаталды 5% нәрестелер инфицирленеді. Құрсақішілік кезеңнің ерте кезеңдерінде инфицирлену өте қауіпті, ол өздігінен түсік тастау немес органо және гистогенездің бұзылысымен сипатталады. Жүктіліктің кеш кезеңдерінде инфицирленгендерде цитомегалия синдромы, өршімелі сарғаю, гепатоспленомегалиямен сипатталады. Уақыт өте осы балалардың 10-30% -да вентикулярлы кальцинозға әкелетін микроцефалиямен көрінетін -бас ми зақымдалуы, есту жүйкесінің атрофиясы және ақыл-есінің кемістігімен зардап шегеді.

Емшек жастағы балалар ана сүті арқылы инфицирлену мүмкін. Нәресте плацента арқылы өтпейтін және постнаталды кезеңнің алғашқы айларында ағзасында әлі синтезделмейтін секреторлы IgA-ны сүтпен бірге қабылдап алады. Секреторлы IgA нәрестелердің вирустар мен бактерияларға деген тұрақтылығын күшейтеді, сондықтан ана сүті арқылы инфицирленген нәрестелерде ЦМВИ-ң тек жасырын түрі ғана кездеседі.

Ана бен бала арасындағы тығыз жанасуда, нәрестеге вирус сілекей арқылы да жұғу мүмкін. Бала бақшасына қатысатын 3 жасқа дейінгі балалардың жартысы өз құрдастарынан жұқтырып алып, аналарын инфицирлейтін туралы мәліметтер бар.

Ересектер мен нәрестелер үшін инфекция көзі болып , ауру адам немесе вирус тасымалдаушының зәрі болу мүмкін.

Жиі жұқтыру жолы болып, жныстық жол саналады, себебі вирус ұзақ уақыт бойы спермада жоғары концентрацияда сақталады.

Сонымен бірге ауа-тамшы арқылы жұқтыру жолы да бар. Ауыр түрде өтетін ЖРВИ бар науқастардан, жиі оның себебі ЦМВИ болады, олардың мұрын-жұтқыншағынан цитомегаловирус табылады.

Қан құю, инфузионды ем, мүшелер мен тіндердің трансплантациясы да өте қауіпті , себебі рецепиент ағзасына ЦМВИ мен науқас донордың биологиялық препараттары немесе тіндері еңгізііледі. Әдебиеттерде , осындай манипуляциялардан кейін инфицирлену туралы мәлімет көп. Мүшенің трансплацентациясы болған науқастардың иммунодепресанттар мен цитостатиктерді қабылдауы, осы инфекцияның реактивациясы мен ЦМВИ мен біріншілік инфицирленуге жол ашады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]