Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
перевод1.docx
Скачиваний:
9
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3 Мб
Скачать
☆

Туа біткен токсоплазмоздың клиникасы

Туа біткен токсоплазмоз- құрсақішілік даму кезіндегі ұрықтың инфицирленуі салдарынан болатын нәрестелердің індеті.

Құрсақішілік инфицирленген нәрестелердің,тек үштен бірінде ғана туыттан соң токсопазмоздың клиникалық көрінісі болады.қалған жағдайда (2/3)- бұл туа біткен токсоплазмоздың симптомыз өтетін түрлері, бірақ айлар немесе жылдар өткен соң олар әдетте кеш клиникалық көрініс береді. Клиникалық көріністің айқындығы , ұрықтың құрсақішілік зақымдалу кезеңіне байланысты. Егер анасы I триместрде инфицирленсе ОЖЖ мен көздің ауыр зақымдалуары болады. III триместре инфицирленген жағдайда, токсопазмоздың симптомсыз түрі басым болады.

Тальхаммер бойынша (Thallhammer, 1957) туа біткен токсопазмоздың үш клиникалық түрін бөледі, олар үрдістің даму бойынша жүйелік кезеңдері:

  1. жедел жайылмалы кезең- гепатоспленомегалия сарғаюмен бірге

  2. жеделдеу- энцефалит немесе менингоэнцефалит көрінісімен

  3. созылмалы- постэнцефалиттік ақау көрінісімен

Егер инфицирлену туыт алдында аз уақытта болса, онда құрсақішілік кезеңде басталған-жайылмалы кезең, туылған соң да жалғаса береді. Нәрестеде әртүрлі симптомдардардың көрінісі болады, ең бастысы ішкі мүшелер жағынан. Жағдайы ауыр болса дене қызуы әдетте төмен болады, бірақ ол субфебрильді немес жоғары деңгейге дейін көтерілуі мүмкін. Тұрақты симптомдарға- бауыр мен көкбауырдың ұлғаюы жатады. Олар нәрестенің алғашқы күндерінде – ақ пайда болады, немес өмірінің алғашқы айында және созылмалы сарғаюмен бірлесіп жүреді. Сонымен бірге миокардит , пневмония, нәрестеледің салмақ қосуының тежелуі болады. Жиі кезедесетің симтомдарының бірі- терінің эксантема қанталаулар, ісінулер, аяқ-қолда кезеңмен пайда болып кейін жойылатын дақты-папулезді бөрітпелер түрінде зақымдалуы болады. Петехиалды қанталаулар менингококкцемия кезіндегіге ұқсас болады.

Бұл кезеңде ОЖЖ зақымдалуы анықталмауы немесе айқын емес симтомдар көрінісімен өту мүмкін. Әдетте бас қаңқасының рентгенограммасында әктену ошақтары мен хориоретинит болмайды. Туа біткен токсоплазмоздың жедел түрімен туылатын нәрестелер әдетте шала туылғандар.

Ұрықтың инфицирленуі ерте кезеңдерде болса, жайылмалы кезең құрсақішілік кезде аяқталып, ал нәресте айқын ОЖЖ зақымдалу симптомдарымен жеделдеу кезеңде – энцефалит немес менингоэнцефалит көрінісімен , ми қабықшаларының ошақты немес жайылмалы зақымдалуымен туылу мүмкін. өмірдің алғашқы айларындағы ең жиі кездесетің клиникалық көріністерге: құсу, мазасыздық немесе керісінше ұйқышылдық немес босаңдық, бұлшықет тонусының бұзылыстары, тремор, парездер, салдану, тырыспалар жатады. Қабынулық үрдіс пен жұлынның қайтуының бұзылыстарының салдарынан болатын өршімелі гидроцефалия тән. Екінші жағынан ми тінінің зақымдалуы салдарынан оның өсуі тоқтап ішкі гидроцефалиямен біруақытта микроцефалия дамуы мүмкін . Бас қаңқасының рентгенограммасында әдетте кальцификаттар көрінеді. Кейде олар өте ұсақ болады, сондықтан оларды компьютерлі томографияда немес патогистологияда ғана көреді. әдетте, бұл кезеңде көру мүшелерінің зақымдалуы байқалады:хориоретинит, көру жүйкесінің атрофиясы. Нистагм , қылилық амблиопатия немес орталық зақымдалу салдарынан болады.

Егер , алғашқы екі кезеңі- құрсақішілік кезеңде өтсе, нәресте токсопазмоздың созылмалы түрімен туылады. Әдетте бұл кезеңде ОЖЖ мен көздің өрескел зақымдалулары болады. Үштік симптомы тән- гидроцефалия, миішілік кальцификаттар, хориоретинит. Сонымен бірге ішкі гидроцефалиямен өтетін микроцефалия да болу мүмкін. Моторлы бұзылыстардан- әртүрлі дәрежелі спастикалық парездер, орталық салданулар, эпилептикалық ұстамалар яғни энцефалиттен кейінгі жағдайдың айқын клиникалық көрінісі. Көру мүшесі жағынан да өрескел ақаулар болады, хориоретиниттен -микрофтальм және көз алмасының толық болмауына дейін.

Туа біткен токсоплазмоз кезінде көз жағынан болатын өзгрістер әртүрлі. Ерте кезеңде инфицирлену- анофтальмға әкелу мүмкін. Жиі микрофтальм, микрокорнеа, қарашық айналасының және тамырлы қабықшаның колобамасы болады. Көз түбіне тән, жиі кездесетін патологияға- сары дақтың псевдоколобомасы жатады. Бұл құрсақішілікте өткен қабыну үрдісінің салдарынан дамитын үлкен атрофиялық ошақ. . Көз түбінің шеттерінде жиі атрофиялы сипаттағы хориоретинит ошақтары кездеседі.

Туа біткен токсоплазмоз кезіндегі эндокринді бұзылыстар аурудың барлық кезеңдерінде болу мүмкін. Ол энцефалит салдарынан немесе жайылмалы үрдіс кезінде, эндокринді аппаратың зақымдалу салдарынан болады.

Туа біткен токсоплазмоздың симптомсыз түріінің кеш көрінісі- өмірінің бірінші жылының соңында (өршімелі гидроцефалия)немесе кешірек: 4-7 жасында хориоретинит, тырыспалар, 10-12 жасында имбецильдік айқындалу мүмкін. Десмон (Desmonts) бойынша 19% нәрестелерде инфекцияның айқын көрінісі болса, 26%- латентті түрі болады.

Туа біткен токсоплазмоздың клиникалық түрлері 1 кестеде көрсетілген.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]