- •Мазмұны
- •I тарау. Неонатологияға кіріспе. Қазақстандағы неонатологиялық қызметтің ұйымдастырылуы.Терминалогия және статистикалық көрсеткіштер .
- •1.3 Гестациондық жасты бағалау
- •II тарау. Антенаталды патология Құрсақ ішілік өсу мен дамудың тежелуі
- •1 Кесте. Нәрестелердің туылған кезіндегі негізгі параметрлерінің гестациялық жасқа сәйкетігі
- •III тарау. Нәрестелердің постнаталды бейімделуі. Шекаралық жағдайлар. Жаңа туылған нәрестелердің күтімі және тамақтануы.
- •3.1 Жаңа туған нәреселердің шекаралық жағдайлары
- •3.2. Нәрестенің мүшесі мен жүйелерінің анатомо- физиологиялық ерекшеліктері
- •3.3. Нәрестелердің күтімі.
- •1 Қадам- Босануға бөлме дайындау
- •2 Қадам- Нәрестені кептіріп- сүрту:
- •Жаңа туылған нәрестелер бөлімшесінде іріңді-септикалық аурулар мен госпиталды инфекцияны алдын-алу.
- •Жаңа туған нәрестелердің тамақтануы.
- •IV тарау. Жаңа туылған нәрестелерді клиникалық тексеру
- •Шолып қарау
- •Жүйелер бойынша қарау.
- •Нәрестелердің шартсыз(туа біткен) рефлекстерін бағалау.
- •V тарау.
- •VI тарау. Шала туылған нәрестелер
- •VII тарау. Тыныс алу мүшелерінің патологиясы
- •7.1. Респираторлы дистресс синдромы
- •7.2. Нәрестелер пневмониясы.
- •ViiIбөлім.Жаңа туылған нәрестелердің жүйке жүйесінің патологиясы.
- •8.1. Тұншығу перинаталды церебралды бұзылыстардың факторы ретінде.
- •8.2. Бас миы мен жұлынның жарақаттық және интранаталды зақымдалуы. Туыт жарақаты.
- •8.1.Бассүйек ішілік қан құйылулар
- •Біққ клиникасы
- •Эпидуралды қанқұйылулар
- •Субарахнойдалды қанқуйылулар
- •Ми қарыншаларына қанқуйылулар (перивентрикулярлы-интравентрикулярлы)
- •Пиқ патофизиологиясы
- •Миішілік (паренхиматозды) қанқуйылулар
- •Босану кезіндегі жұлын жарақаттары
- •Акушерлік салдану
- •Зақымдалу механизмі
- •Акушерлік парездердің ағымы
- •Басқа да туыт жарақаттары
- •Жұлынның туылу жарақатының емі
- •8.3. Гипоксия-ишемиялық энцефалопатия
- •Ми зақымдалуының локализациясы
- •Нейросонография мәләметтері бойынша пвл дәрежелері
- •Дамып келе жатқан мидың перинаталды зақымдалулардың неврологиялық салдары: ликвородинамика бұзылыстары бар жағдайлар мен аурулардың диагностикасы.
- •Мерзіміне жетіп туылған нәрестенің бас шеңберінің өсу қарқыны
- •Гипоксиялық-ишемиялық энцефалопатия (гиэ) кезіндегі ес бұзылыстары.
- •Гиэ болжамы
- •Балалардағы жүйке жүйесінің (жж) зақымдалуы (Маслова о.И., 1999 г.)
- •Неонатальды тырысулар
- •Пайда болу уақытына байланысты неонатальды тырыспалардың болжам себептері (ю.И. Барашнев, 2001г.)
- •IX тарау. Жаңа туылған нәрестелердің сепсисі және бактериальді инфекциялары.
- •Стафилодермиялардың емі
- •Стрептодермиялар
- •Стрептодермиялардың емі
- •Нәрестелердегі бактериальді инфекцияның жайылмалы түрге айналуына ятрогенді факторлардың қауіпті факторлары
- •X тарау. Құрсақішілік инфекциялар Құрсақішілік инфицерлену туралы түсінік
- •Туа біткен токсоплазмоз
- •Туа біткен токсоплазмоздың клиникасы
- •1 Кесте. Туа біткен токсоплазмоздың жиі кедесетін клиникалық түрлері
- •Диагностикасы
- •Ажыратпалы диагноз
- •Алдын-алу
- •Балалардың құрсақішілік вирусты инфекциялары қызамық.
- •Туа біткен қызамық
- •Диагностикасы
- •Этиологиясы
- •Инфекцияның эпидемиологиясы мен берілу жолдары.
- •Патогенезі
- •Патанатомия
- •Клиникасы
- •Диагностикасы.
- •Құрсақішілік цмви
- •Виферонмен ем
- •Комбинирленген ем
- •Алдын-алу
- •Герпесвирусты инфекция
- •Қорғаныс механизмдері
- •Арнайы арнайы емес
- •Неонатальды герпес.
- •Диагностикасы
- •Хламидиялы инфекция
- •Нәрестелерде хи емі
- •Құрсақішілік микоплазмалы инфекция
- •Құрсақішілік листериоз
- •Құрсақішілік листериоз диагностикасы
- •Туа біткен мерез
- •Диагностикасы.
- •XI тарау. Жаңа туылған нәрестелердің сарғаюы
- •Билирубиннің алмасуы
- •Неонатальды сарғаюлар
- •Нәрестелердің физиологиялық сарғаюы
- •Нәрестелердің патологиялық гипербилирубинемиясы және патологиялық сарғаюы
- •Криглер-Найярсиндромы (I және II типті)
- •Нәрестелердің гемолитикалық сарғаюлары
- •Нәрестенің гемолитикалық ауруы (нга)кезіндегінәрестені жүргізу тактикасы
- •Нәрестенің дене салмағына қарай өмірінің 24-168 сағат өмірінде фотоем және қан алмастырып құюға көрстелім
- •Өмірінің бірінші тәулігінде нга даму қауіпі бар нәрестені жүргізу тактикасы
- •Коньюгациялы гипербилирубинемия кезіндегі нәрестені жүргізу тактикасы
- •Жүректік:
- •Тамырлық :
- •XII тарау. Нәрестелердің геморрагиялық ауруы.
- •Туа біткен жүрек ақаулары
- •Сол жақ коронарлы артерияның өкпе артерисынан аномальды ауытқуы(Блайд-Уайт-Гарленд синдромы)
- •Миокард аурулары
- •Нәрестелердегі жүрек ырғағының бұзылыстары
- •Синусты түйіннің әлсіздік синдромы (стәс)
- •Жыпылықтамалы аритмия(жа).
- •Толық ав блокада (тавб)
- •Экс имплантациясына көрсетілім
- •Ұзарған qt синдромы (ұqtс)
V тарау.
VI тарау. Шала туылған нәрестелер
Шала туылған нәрестелер
Мерзімінен ерте босану (шала туылған нәрестенің туылуы) – бұл жүктіліктің 37 аптасына дейін жетпей босану. Жүктілік мерзімі (гестация мерзімі) соңғы менструация циклінің алғашқы күнінен бастап есептеледі.
Сонымен қатар «постконцептуалді жас» деген термин қолданылады – шала туылған нәрестенің жалпы жасын аптамен есептеу (бұл гестационды жасқа постнатальді жасты қосады). Барлық нәрестелердің дене салмағы 2500гр. аз болса – оны аз дене салмақты ЖТН деп есептейді.
Олардың ішінде келесі топтарға бөледі:
-2500-1500гр – салмақғы аз нәрестелер
-1500-1000гр - өте төмен дене салмағы
-1000г аз - экстремальді – төмен дене салмағы
ДДҰ ұсынысы бойынша, неонатологтар жаңа критерияларға келді. Жүктіліктің 22 аптасында және одан асқаннан кейін туылған кездегі дене салмағы 500гр, дене ұзындығы 25см асқан барлық тірі немесе өлі туылған нәрестелерді тіркеуге алады.
Жіктелуі.
2009 жылы Хазанов А.И. шала туылған нәрестелердің туылған кездегі дене салмағына және гестацияның мерзіне байланысты келесі жіктемені ұсынды.
Шала туылған нәрестелердің туылған кездегі дене салмағына және гестацияның мерзіміне байланысты жіктеме (Хазанов А.И., 2009)
Туылған кездегі дене салмағы, г |
Жетілмеудің дәрежесі |
Гестация мерзімі, апта |
2001-2500 1501-2000 1001-1500 751-1000 750 дейін |
I Ⅱ Ⅲ Ⅳ Ⅴ
|
35-37 32-34 29-31 26-28 26 дейін |
Мерзіміне жетпеген дәрежесі бойынша жіктелуді қолдану тиімді емес (Шабалов Н.П.), себебі нәрестелерді дене салмағына байланысты бөлінген топтар жетілмеудің шынайы дәрежесін көрсете алмайды (дене салмағы гестация мерзіміне сай келмеуі мүмкін).
Қазіргі кезде «жетілмеген» деген диагноз міндетті түрде гестация мерзімін көрсетілумен жүреді, егер нәрестенің дене салмағы мерзімге сай келмеген кезде диагноз жатыр ішілік гипотрофия дәрежесімен толықтырылады. (Хазанов А.И.)
Шала туылған нәрестенің дамуының барлық көрсеткіштерін, барлық жүйелер мен ағзалардың клиникалық жағдайын бағалау үшін оның гестационды жасын білу керек.сонымен қатар нәресте қай топқа жататынын анықтау керек. (ГЖҮ, ГЖО, ГЖК).
Мысалы: Шала туылған нәресте – 28 апталық, ГЖҮ (гестационды жасынан үлкен).
Постнатальді бағалау үшін нәрестенің физикалық дамуы оның гестационды жасына сай арнайы кесте қолданады (Дементьевой Г.М., Любченко Л.)
Мерзімінен ерте босанудың жиілігі әр түрлі. Көптеген дамыған елдерде соңғы екі он жылдықта тұрақты және туылған нәрестелердің 5-10% құрайды. (Шабалов Н.П.)
Неонатальді өлім көрсеткіші мерзіміне жетіп туылғандардан қарағанда шала туылған нәрестелер ішінде жоғары. Бұл көрсеткіш медициналық көмек көрсетудің эффективлігіне байланысты.
Шала туылған нәрестенің өмір сүруі туылған кездегі гестацияның мерзіміне және дене салмағына байланысты. Дене салмағы 1500гр. және одан аз нәрестелер (гестация мерзімі 30-31 аптадан төмен) тірі туылғандардың ішінен тек 1% құрайды, бірақ неонатальді кезеңде 70% өлім жағдайы осы нәрестелерде болады (Шабалов Н.П.)
Шала туылған нәрестелердің өліміне алып келетін қауіп қатер факторлары:
1. босану алдында анасынан қан кету;
2. көп ұрықты жүктілік;
3. нәрестенің жамбасымен келуімен босану;
4. анада стероидты терапияның болмауы (СДР алдын алу);
5.перинаталді асфиксия;
6. ер жынысты;
7.гипотермия;
8. тыныс алу бұзылыс синдромы 1 типі (СДР, РДС- респираторлы дистресс-синдром, гиалинді мембрана ауруы)
Жүктіліктің мерзіміне дейін жетпеуінің себебі.
Жүктіліктің мерзіміне дейін жетпей босану жиілігінің басты бес топ себептерін ажыратады:
1) Әлеуметтік –экономикалық және демографиялық (жанұя табысы және үй мәселесі, жүкті әйелдің тамақтануы, әйелдің істейтін жұмысы, медициналық көмек көрсету деңгейі, әйелдің жүктілікке деген көз қарасы және т.б.)
2) Әлеуметтік – биологиялық (ата-ананың жасы, жүктіліктің реттік саны, босану аралығындағы интервал, алдыңғы жүктіліктік нәтижесі, көп ұрықты жүктілік, мезгілдің әсері және т.б.)
3) Клиникалық – ананың инфекциялық және инфекциялық емес аурулары, жүктіліктік токсикоздар, түсік жасауда жатырдың жарақаттары, ана мен бала қанының изосерологиялық сәйкес келмеуі, әйел жыныс ағзаларының даму аномалиясы, ананың нейроэндокринді патологиясы, баланың хромосомды аномалиясы, темекі тарту, ананың алкоголизмі, дәрілік заттарды қабылдау және т.б.
4) Экстракорпоральді ұрықтану жиі мерзіміне жетпеген нәрестелердің туылуына алып келеді.
5) Көп ұрықты жүктіліктің тең жартысы ерте босанумен бітеді.
Шала туылған нәрестелердің жалпы сипаттамасы.
Сыртқы белгілері – шала туылған нәрестелер денесінің кішкентай көлемділігімен өзіне көңіл аудартады.
Шала туылған нәрестелердің сыртқы белгілеріне жатады:
1) Нәрестенің кіші өлшемдері, бойы төмен және барлық шала туылған нәрестелерге арықтық (жеткіліксіз қоректену) тән, 2500гр. жоғары салмақпен туылғандар
2) Дене бітімі пропорционалді емес; шала туылған нәрестеде салыстырмалы түрде басы мен кеудесі үлкен, аяқтары қысқа, кіндік төмен орналасқан; бұл ерекшеліктер болуы жүктіліктің екінші жартысында аяқтардың өсуі қарқынының ұлғаюымен сипатталады;
3) Бас миының бет үстілік бөлігінің басымдығы; бұл бастың салыстырмалы өлшемінің үлкен болуыныңда шегі бар; үлкен бас және бас сүйегінің милы бөлігінің басым болуы жатыр ішілік гипотрофияның көрінісі болуы мүмкін, гидроцефалия немесе тұқымқуалаушылық;
4) Лануго – иық және арқада нәзік мамықты түктік болуы, аз мөлшерде бетте де болады;
5) Жыныс саңылауларының ашылып тұруы (үңіреюі); шала туылған қыз балада үлкен жыныс еріні толық жетілмеуінің нәтижесінде жыныс саңылауының жабылмауына алып келеді;
6) Бос ұма; шала туылған ұл балаларда ұмада аталық безінің болмауымен туылады, өте аз салмақтыларда аталық без шап аймағында анықталады, кейде іш қуысында орналасады; аталық бездің шап арнасынан ұмаға түсу үрдісі 28-30 аптада басталады; шала туылған ұл балада ұма қатпары жоқ және өзіне тән түсі жоқ; ұманың бірінші қатпары гестацияның 36 аптасында пайда болады, ал оның толық жетілуі, сонымен қатар түсінің болуы 39-40 аптада дамиды;
7) Жетілмей қалған сүт бездері; өте аз салмақты нәрестелерде тек емізікше бар, кейінірек сүт безінің құрамдық түзілуісіз ареола пайда болады;
8) Жұмсақ құлақ қалқаны – шала туылған нәрестеге тән белгі; өте аз салмақтыларда шеміршек тінінің жетілмеуінен құлақ қалқаны жиі ішке қайырылып және жабысып қалады;
9) Жетілмеген тырнақтар; нәрестенің туылу кезінде және өте аз салмақты нәрестелерде де қол саусақтарынының тырнақтары жақсы дамып, тырнақ ұясы толық жабылады, бірақ кейде саусақ ұшына жетпей қалады; бұл кеңістік ақырындап 30-34 аптада жабылады.
Гестационды жетілу және оны анықтау критерийлары. Жетілген жаңа туылған бала деп, оның ОЖЖның морфологиялық және функционалді дамуы, асқазан-ішек жүйесі және тыныс алу жүйесі нәрестенің гестационды жасына сай болуын айтады. Жетілудің біріншілік бағалау өмір сүрудің алғашқы 3-5 күнінде жүргізіледі, яғни нәрестенің сыртқы ортаға бейімделуі кезеңі.
Кестеде жаңа туылған нәрестенің жетілуінің Рetrussa бойынша бағалауы берілген
Кесте Рetrussa бойынша жаңа туылған баланың жетілу бағасы
Белгілері Ұпайлары 1 2 3 |
Құлақ қалқаны формасыз, жұмсақғарыға қарай оралған формалы, тығыз Емізікшелердіңқызғылт нүкте5 ммаз 5 мм көп ареоласы Табан жүдеуі 1-2сызық дисталді дисталді бөлігі толықтай Тері түсі қызыл, жұқа қызыл және ісінулі қызғылт Аталық бездер ұмаға түспеген ұма кіреберісінде ұмада Үлкен жыныс ерінікішіден кіші кішімен бірдей кішіден үлкен |
Petrussa бойынша гестационды жастың бағалау шкаласы Ұпайлар: 5 10 15 20 25 30 35 40 45 50 Гестация 26 28 30 32 34 36 38 40 42 44 аптасы: |
Жаңа туылған нәрестенің жетілгендігінің үлгісі ол сау, мерзіміне жетіп туылған нәресте. Онымен салыстырса барлық шала туылған нәрестелер, гестация мерзімінің 36-37 аптасынан бастап жетілмеген деп есептелінеді, бірақ бұл өзінің гестация мерзімі бойынша жетілмеген деп айтпайды.
Гестационды жетілудің сипаттау үшін келесі белгілерді қолданылады: тірек-қимыл белсенділігін бағалау, бұлшықет тонусы, жаңа туылған нәрестенің рефлекстерінің болуы және олардың айқындығы, температуралық тәртіпте дене температурасын сақтау, осы дене салмағына сай регламентирленуі, ана уызын емуінің белсендігі және оның пайда болу мерзімі, қарап тексеруге эмоциялық реакциясы. Бұл кезде гестация мерзіміне сай дене салмағында ескерілуі керек.
Мысалы: Шала туылған нәресте гестацияның 27 апталық мерзімінде, дене салмағы 1350 грамм басқада тең жағдайларда бұл нәресте 900 грамм салмақты нәрестеден қарағанда жетілген болып келеді.
Сонымен, шала туылған нәрестені объективті бағалау үшін қандай салмақта, жалпы жағдайы және жүйке жүйесінің деңгейін оның гестация мерзіміне сай болуын аңғарған дұрыс.
Жаңа туылған нәрестенің физикалық парамертлерін анықтау үшін (салмағы, бас өлшемдері) оның гестациялық мерзіміне сай кестелер мен перцентилей принципіне немесе Ms± орташа статистикалық көрсеткішіне сүйеніп графикалық қисықтарды қолданылады. Перцентилей әдісінің негізінде алынған мәліметтердің үлестік бөлінуі 10%, 25%, 50%, 75% және 90% жатыр. 10-90% арасындағы көрсеткіштер, статистикалық ережелер бойынша осы гестация мерзіміне қалыпты деп есептелінеді, ал қалыптан тыс 10% төмен немесе 90% жоғары немесе М±2σ жоғары немесе төмен шықса, бұны патологиялық жағдай деп қарастырылады. Жүктіліктің мерзіміне байланысты туылған кездегі дене салмағын (Л.Любченко) АҚШ жатырішілік гипотрофияны анықтау үшін Л.Любченко және оның соавторларының берген мәліметтерін қолданылады. (1963).
Жүктілік мерзіміне қарай дене салмағының кестесі (Л.Любченко) (кесте)
Жүктілік мерзімі, апта.
24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 |
Туылған кездегі дене салмағы, гр. |
||||
10% |
25% |
50% |
75% |
90% |
|
530 605 685 770 860 960 1060 1170 1290 1440 1600 1800 2050 2260 2430 2550 2630 |
660 740 830 925 1025 1140 1250 1380 1520 1685 1880 2130 2360 2565 2720 2845 2930 |
840 880 955 1045 1150 1270 1395 1540 1715 1920 2200 2435 2710 2900 3030 3140 3230 |
1025 1070 1140 1220 1340 1485 1645 1815 2020 2290 2595 2370 3090 3230 3360 3435 3520 |
1260 1305 1360 1435 1550 1690 1840 2030 2280 2600 2940 3200 3390 3520 3640 3735 3815 |
|
Шала туылған нәрестенің анатомия-физиологиялық ерекшеліктері.
Жүйке жүйесі: шала туылған нәрестелерге әлсіздік және тез физиологиялық рефлекстердің сөнуі тән (өте шала туылғандарда – ему және жұтуы да әлсіз); қоздырғышқа баяу реакция береді; термореттелудің толық жетілмеуі; бұлшықеттік гипотония.
Шала туылған нәрестенің ми морфологиясы жүлгелерінің тегістеуімен, ақ және сұр затының әлсіз дифференцациясымен, жүйке талшықтарының толық емес миелинизациясымен сипатталады. Шала туылған нәрестенің әртүрлі реакцияларға қозғыштық генерализациясымен, тежелудің белсендігінің әлсіздігімен, қозу үрдісінің ирродиациясымен ерекшелінеді, ми қыртысының жетілмеуі қыртыс астының үстем болуына байланысты: қозғалыстары хаотипті (хаотичны), кейде діріл, қолдың треморы, табан клонусы болуы мүмкін.
Шала туылған нәрестелердің термо реттеуі толық жетілмегендіктен оларды тез суықтатып алуға болады (жылудың төмендеуі мен жылу берудің жоғары болуы), оларда инфекциялық үрдістерге адекватты дене температурасының көтерілуі жоқ; және де олар кувездерде жылдам денесі қызып кетеді. Дененің қызып кетуі (перегревания) тер бездерінің жетілмеуіне алып келеді.
Шала туылған нәрестелердің тыныс алу ерекшеліктері.
Шала туылған нәрестелерге тыныс алу бұлшықеттерінің толық емес дамуы, кеуде торының доғалдануы (қабырға аралықтың кеңеюімен бірге жүреді) тән. Шала туылған нәрестелерде тыныс алу жиі, үстіртті, аритмиялық және лабильді (бала мазасызданғанда, тынымсыздықта және жылауда ТЖ жоғарлайды). Сау шала туылған нәрестелерде ТЖ минутына 40тан -80ге дейін тыныс алу тербеледі. Өте шала туылғандарда кейде тыныс алудың тоқтау (апноэ), жиі емізудің кезінде және максимальді айқын тыныс алу бұзылыстарында және ОЖЖның перинатальді зақымдануында тыныстың тоқтауы болады. Шала туылғандарда мерзіміне жетіліп туылғандарға қарағанда жаңа туылған кезеңнің аяғында тыныс алу ауа көлемі мен минуттық тыныс алу көлем көрсеткіші төмен болады.
Шала туылған нәрестелерде кейде сурфактантті–альвеолярлы комплекстің (САК) сапалық және көлемдік сәйкессіздік кездеседі. Сонымен қатар сурфактант синтезінің бұзылысы жатырішілік гипоксияға және гестационды кезең ағымының бұзылуына байланысты (жүктілік кезіндегі токсикоздар және т.б.)
Шала туылған нәрестелердің жүрек-қан тамыр жүйесінің ерекшеліктері.
Басқа функционалды жүйелерге қарағанда біршама жетілген болады. Себебі онтогенездің ерте кезеңдерінде дамиды. Соған қарамастан, шала туылған нәрестелерде пульс өте лабилді, әлсіз толымды, жүрек соғысының жиілігі 120-160 рет минутына. Аса жетілмеген балаларды пульс суреті эмбриокардиялық түрмен сипатталады. Аускультацияда жүрек тоны салыстырмалы бәсең болуы мүмкін; эмбриональді шунттаудың персистенция кезінде (боталлов өзегі, сопақша терезе) шуылдардың болуы мүмкін. Шала туылған нәрестелердің мерзіміне жеткен нәрестелерге қарағанда артериальді қан қысымы (АҚ) төмен; систолалық 50-80 мм.с.б., диастолалық 20-30 мм.с.б. Шала туылған нәрестелердің жүректерінің оң жақ бөлігіне күш түскендіктен ЭКГда оң жақтық белгілер мен төменгі волтажда Р тісінің жоғары болуы және S-Т интервалының тегістелуі тән.
Шала туылған нәрестелердің асқазан – ішек жолдарының ерекшеліктері.
Шала туылғандарда асқазан – ішек жолдарының барлық бөліктері толық жетілмеген, асқазан аз көлемді және тігінен орналасқан. Асқазанның кардиальді бөлігінің бұлшықеттері салыстырмалы түрде жетілмегендіктен шала туылғандар кекіруге бейім. Ас қорыту каналдарының шырышты қабаттары нәзік, жұқа, тез жарақаттанады, васкуляризацияға бай. Асқазан сөлінің белсендігі төмен протеолитикалық, панкреатикалық және ішектік ферменттер түзілуінің және де өт қышқылының жеткіліксіздігі. Бұның бәрі қорыту және сіңу үрдістерінің қиындауына, метеоризмге және дисбактериозға алып келеді. Шала туылған нәрестелердің 2/3де, табиғи тамақтандырудағыларда да ішектің шартты-патогенді флораның және ішек бифидофлорасының жетіспеушілігі бар. Баланың үлкен дәреті тамақтандыру ерекшеліктерін анықтайды. Шала туылған нәрестелердің копраграммасында нейтралды майлар көп.
Эндокринді жүйенің ерекшеліктері.
Шала туылған нәрестелердің эндокринді жүйенің қызметі оның жетілу дәрежесін және ананың мерзімінен бұрын босануға ықпал еткен эндокриндік бұзылыстарды көрсетеді. Көбінесе эндокриндік жүйенің координациялық қызметінің бұзылуы гипофиз – қалқанша без – бүйрек үсті безі осьімен болады. Жаңа туылғандарда бүйрек үсті безінің қыртысты қабатының фетальді зонасының кері даму үрдісі тежелген, гормондардың циркадті ырғақтылығы тұрақсыз. Бүйрек үсті безінің функционалді және морфологиялық жетілмеуі оның тез қажуына алып келеді. Шала туылған нәрестелерде қалқанша бездің резервті мүмкіндігі төмен, себебі оларда транзиторлы гипотериоз болуы мүмкін. Шала туылған нәрестелерде жыныс бездері белсенділігі төмен, сондықтан оларда өмірінің алғашқы күндерінде жыныстық криз сирек болады.
Метаболикалық бейімделу үрдістері шала туылған нәрестелерде баяу, 4-5 күндік жаста жиі қан плазмасында метаболикалық ацидоз алколоздың жасуша ішіне қарай компенсаторлық жылжуымен қатар болады; өмірдің 2-3 аптасында жасуша сыртқы ацидоз жасуша ішілік қалыпты бағытты реакциялармен компенсацияланады. Шала туылған нәрестелерде (шартты сауда да) жиі гипогликемия, гипоксемия, гипербилирубинемия байқалады.
Зәр шығару жүйесінің ерекшеліктері. Бүйректік қышқылды-негізгі жағдайды реттеу және электролиттік құрамды реттеу толық жетілмеген; сулы-тұзды алмасу лабилді, сондықтан ісінулер пайда болады, және патологиялық жағдайларда немесе дұрыс күтім жасамағанда тез сусызданады. Шала туылған нәрестелердің алғашқы З күнінде бүйрек қызметінің толық жетілмеуі қандағы қалдықты азоттың мөлшері жоғары (34,4 моль/л дейін), келесі күндері бұл көрсеткіштер төмендейді және шала туылғандарда салыстырмалы тұрақты диурез қалыптасады. Зәр әлсіз тығыз, себебі бүйректің концентрациялық қызметі төмен. Зәрдің жиілігі – мерзіміне жеткен нәрестелерге қарағанда шығаруы қалыптыдан жоғары, себебі метаболизмнің интенсивтілігі және су-тағам күштемесі салыстырмалы түрде көп.
Шала туылған нәрестелерді күту ерекшеліктері. Жаңа туылған нәрестелерге ұқыпты, аяулы, мамандырылған күтім жасау біріншіден өте шала туылған және ауыр ауру мерзіміне жеткен нәрестелерді күтуде қажет. Жаңа туылған нәрестеге ыңғайлы жағдай жасау (ауаның адекватты температурасы мен ылғалдылығы, жеткілікті оксигенация, тыныштық, дұрыс тамақтандыру, ретті суландыру (регулярное питьё), аяулы (щадящие) тексеру әдісі мен ем) жаңа туған нәрестеге сыртқы ортаның жаңа жағдайына бейімделуге көмек теседі, бұзылған алмасу үрдістерін өзі реттеуге ықпал етеді және интенсивті ем әдісін қолданбауға көмек теседі.
Гестационды жасы 30 аптадан төмен және дене салмағы 1500г. аз нәрестелер тобы сыртқы орта факторларының ықпалдарына өте байланысты. Олар күтімді ғана емес сонымен қатар ары қарай дұрыс дамуы үшін өте жақсы жағдайлы күтімді қажет етеді. Көптеген зерттеулерде интенсивті жарақтың, дыбыстың әсері жетілмеген ОЖЖ, көру және есту ағзаларының бейімделу үрдістеріне әсері дәлелденген. Шала туылған нәрестелер арналған күту бөлімдерінде және интенсивті терапияда жарықтық және дыбыстық қоздырғыштардан сақтайды (инкубаторларға және төсектерге арнайы жапқыштар). Сонымен қатар манипуляция көлемін шектеу керек екендігі бойынша ғылыми деректер бар. Олардық зақымдайтын іс-әрекеттері өмірінің алғашқы 2 аптасында айқын байқалады.
Интенсивті жарықтықты, дыбыстық қоздырғыштығын, терінің қысқа тітіркендіргішін және қоршаған орта ауасының температурасын ескере отырып, постнатальді өмірдің әр түрлі кезеңдеріне әлі де толық белгісіз, оны есептеу өте ауыр.(Шабалов Н.П.)
Жылу тәртібі (температуралық қорғаныш)
Шала туылғандарды жақсы күтудің бастысы жылулық тәртібі мен рационалді тамақтандыру.
Өмірлік қызметтерді бақылау немесе жүргекті ауыстыру сияқты жай процедуралар дене салмағы аз және дене жылуын жоғалту қауіпі бар нәрестелер үшін маңызды. Өз кезегінде шала туылған нәрестелердің жылуы жоғалуы өте жиі немесе пролонгирленген болады, себебі олардың жылу көзі өте аз сондықтан бұның бәрі суықтық стресске алып келеді. Суықтық стресс өз алдына физиологиялық үрдістердің өзгерістеріне алып келеді. Ол ауру қауіпіне немесе нәрестенің жазылуына ықпал етеді.
Энергияны қолдануға жылуды алу үшін оттегіні қажет етеді. Жаңа туылғандарда оксигенация жақсы дамыған, глюкозаның бір молекуласынан 38 АТФ молекуласы түзіледі. Егер нәресте гипоксия жағдайында болса, глюкозаның бір молекуласынан тек екі АТФ молекуласы түзіледі.
Өте шала туылған нәрестелердің ішінде аз мөлшерде оттегіні тасымалдайтындарда метоболиз үрдісі өте баяу өтеді. Гипоксияның және ацидоздың дамуын алдын алу үшін оларға бөлмедегі жағдай керек.
Шала туылған нәрестелерге инкубатордағы ауаның температурасын тағайындау (термонейтралді зона) жасы мен дене салмағына байланысты (Шабалов Н.П.)
Жасы мен дене салмағы |
Температура |
Жасы мен дене салмағы |
Температура |
0-6 сағат 1200 г. аз 1200-1500 г 1501-2500 г 2500 (36 апта) 6-12 сағат 1200г аз 1200-1500 г 1501-2500 г 2500 (36 апта) 12-24 сағат 1200г аз 1200-1500г 1501-2500г 2500 (36<апта) 24-36 сағат 1200г аз 1200-1500 1501-2500 2500 (36 апта) 36-48 сағат 1200г. аз 1200-1500г 1501-2500г 2500 (36 апта) 48-72 сағат 1200г аз 1200-1500г 1501-2500г 2500г (36 апта) |
34,4-35,4 33,9-34,3 32,8-33,8 32,0-33,8
34,0-35,4 33,5-34,4 32,2-33,8 31,4-33,8
34,0-35,4 33,3-34,2 31,8-33,8 31,0-33,7
34,0-35,0 33,1-34,2 31,6-33,6 30,7-30,5
34,0-35,0 33,0-34,1 31,4-33,5 30,7-33,3
34,0-35,0 33,0-34,0 31,2-33,4 30,1-33,2 |
72-96 сағат 1200г аз 1200-1500г 1501-2500г 2500г(36 апта) 4-12 күн 1500г аз 1501-2500г 2500 (36 апта) 4-5 күн 5-6 күн 6-8 күн 8-10 күн 10-12 күн 12-14 күн 1500г аз 1501-2500г 2500 г (36 апта) 2-3апта 1500г аз 1501-2500г 2500г (36 апта) 3-4 апта 1500г аз 1501-2500г 4-5 апта 1500г аз 1501-2500г 5-6 апта 1500г аз 1501-2500г |
34,0-35,0 33,0-34,0 31,1-33,2 29,8-32,8
33,0-34,0 31,0-32,2 29,5-32,6 29,4-32,2 29,0-32,2 29,0-31,8
29,0-31,4
32,6-34,0 31,0-33,2 29,0-30,8
32,2-34,0
30,5-33,0
31,6-33,6 30,0-32,7
31,2-33,0 29,5-32,2
30,6-32,3 29,0-31,8 |
Жылу көзі үш жолмен түзіледі:
1) ерікті бұлшықет белсендігі;
2) еріксіз тоникалық немесе ырғақты бұлшықет белсендігі (жоғарғы интенсивті, бұлшықет дірілі – тремор);
3) «бұлшықетсіз» термогенез. Соңғы жол – суықтың ықпалынан жылу мен оттегінің қажеттілігі жоғарлайды да, бұлшықет белсендігін алдын алу үшін кураренің тежелуі болмайды.
Егер үлкендерде жылудың реттелу механизмі бұлшықет діріліне байланыс, ал жаңа туылғандарда термогенездің үшінші жолы маңызды. Жаңа туылғандарда бұлшықетсіз жылудың көп үлесі қоңыр май қорының ыдырауында пайда болады. Ол осындай атты мол васкуляризациядан алған. Жаңа туылғандарда үлкендерден қарағанда қоңыр май көп мөлшерде болады. Ол дене салмағынан 6%-тен 8%-ке құрайды. Шала туылғандарда ол аз, себебі оның жиналуы жүктіліктің соңғы аптасында жүреді.
Жылуды жоғалту және оның жоғалуын болдырмау.
Жаңа туылған нәрестелердің гипотермиясы бүгінгі күнге дейін ең басты мәселелердің бірі болып келеді, ал аз салмақты нәрестелер топтарына суықтық стресстің алдын алу олардың өміріне әсер етеді. Үлкендермен салыстырғанда жаңа туылған нәрестелерде ішкі жылуды беруі олардың тері асты май қабатының жұқа және үлкен көлемді дене беті мен оның салмағына қатынасы.
Өте аз салмақты нәрестелерде тамыр қабырғасында «оқшаулы май қабатының» болмауы жылуды беруді жеңілдетеді.
Дене бетінен қоршаған ортада жылуды жоғалту төрт жолмен жүреді: сәулеленумен, жылу өткізгіштікпен, конвенциямен және буланумен.
Шала туылған нәрестелердің жетілу дәрежесіне қарай туылғаннан бастап қосымша жылыту күтімнің бір жағдайы. Бөлмедегі шала туылған нәрестелерді алғашқы өңдеуге арналған үстел қосымша жылытқышпен жабдықталуы керек. Шала туылған нәрестелерді залалсызданған жылы жүргекке орайды.
Шала туылған нәрестені босану палатасынан интенсивті терапия постына дейін қолда тасымалдау көрпеге оралған болсада оның жылу жоғалту қауіпі бар. Ондайды болдырмау үшін босану бөлімдерінде тасымалдаушы кувездермен жабдықталуы тиіс. Инкубаторларда нәрестені жылыту конвекциялық әдіспен жүргізіледі. Сонымен қатар нәрестенің үстіне қосымша пластикалық жабқыш, бас киім, арнайы жатқыштар қолданылады, нәрестеге флексорлы қалып жасайды. Инкубатордың жаман жағы, ол шала туылған нәрестелерге қауіпті инфекция қоздырғыштарының көбеюіне алып келеді. Аз салмақты нәрестелерге әр түрлі грелкаларды қолдану өте сирек және өте сақтақпен қолданылады, себебі олардың терілері өте жұқа және сезімтал сондықтан төменгі температуралы жылытудың өзі кейде термиялық күюіне алып келеді. Жылыту температурасы 390С аспауы керек.
Шала жаңа туылғандар манипуляция жасау үшін немесе тексеру жүргізу үшін кувезден шығарғанда жылытусыз қалмауы керек. Бұл кезде жылуды жоғалту барлық 4 жолмен жүреді және нәресте өзінің энергиялық потенциалын жоғалтады.
Жылу жоғалтуы:
- 850гр және төмен салмақты нәрестелерде жылу жоғалту кейде өлімге алып келеді;
- қандағы оттегі деңгейінің төмендеуі;
- гипогликемияның дамуы;
- тура емес билирубин деңгейінің өсуі;
- метоболикалық ацидоздың дамуы;
- липолиз үрдісінің күшеюі;
- егер салқындау жалғасса, ол «берік айналымның түйісуіне», ауыр гипоксияның дамуына және өлімге де алып келеді. (Шабалов Н.П.)
Шала туылған нәрестені жылыту әдістері.
Нәрестені жылыту жылу жоғалту мехазиміндей, буланудан басқасы. Шала туылған нәресте айналасына «жылулық ыңғайлы зонаны» жасау инкубатордың көмегімен және сәулелік жылулықпен ашық төсектерде және реанимациялық үстедің көмегімен жүзеге асырылады. Нәрестенің термонейтральділігін бақылауда және интенсивті жылытуды реттеуде терілік датчиктер қолданылады. Шала туылған нәрестелерді жылыту әдістері. (кесте)
Кесте. Өте аз салмақта туылған нәрестелерді жылыту әдістері (Шабалов Н.П.)
Жылыту әдістері |
Артықшылықтары |
Кемшіліктері |
Сәулелі жылумен жылыту |
Нәрестеге оңай жету; күшті, эффективті; жылыту қарқындығын тез ауыстыру мүмкіндігі; жылыту қарқындығы |
Сұйықтық жоғалту; желдену, палаталық ауа ағымен нәрестені суытуы мүмкін; термодатчикті алу жылудың жоғалуынан немесе ысып кетуіне алып келуі мүмкін |
Экрандау |
Нәрестені бақылау мүмкіндігі; нәрестеге кірі мүмкіндігі және көру мүмкіндігі сақталады |
Нәрестеге кіру мүмкіндігі аз (сәулемен жылытудан қарағанда) басқа әдістерге қарағанда аз эффективті |
Конвекция Ауалық бақылауымен инкубатор |
Тері температурасы тұрақты сақталады; жеңіл, қауіпсіз; ылғалдылықты қамтамасыз етеді; қоршаған ортаның төменгі температурасында термонейтральді жағдай сақталады |
Ылғалдандыру бактериялардың көбею орны болуы мүмкін; нәрестенің қажеттілігіне қарай температураның реттелмеуі; нәрестеге күтім жасағанда ауа температурасы тербеледі |
Терілік бақылаулы инкубатор(терілік датчикпен) |
Тағайындалған тері температурасы сақталады; ылғалдылықты қамтамасыз етеді; нәрестеге оңай жете алу |
Датчиктің жылжып кетуі температураның тербелуіне алып келеді; күтім кезінде – ауа температурасының тербелуі; ылғалдандыру бактерияның көбеюіне алып келеді |
Палатаны жылыту |
Оңал сақталады |
Персоналдар мен ата-аналарға ыңғайсыз, киімде болғандықтан |
Жылу өткізгіштік Жылытатын матрас |
Тез тасымалдауда қолданылады |
Күю болуы мүмкін; басқа әдістермен бірге ғана қолданылады |
Алдын алу жүргекті жылыту |
Оңай қол жетімді |
Жылыту аспабы үлкен болуы мүмкін; ұзақ (уақыт жұмсауы) |
Неонатальды суықтық травма.
Неонатальді суықтық зақымдану – бұл гипотермияның соңғы дәрежесі, үйде босану кезінде, дұрыс тасымалдамағанда дамиды. Көбіне ОНМТмен, ЭНМТмен жаңа туылғандар, бас ішілік қан құюлылармен шала туылған нәрестелерде, ОЖЖ маңызды зақымдалуымен туылғандарда болады.
Клиникалық көрінісі. Жаңа туылғандардың гипотермиясының ерте белгілері: белсенділіктің төмендеуі, әлсіз жылау, нашар ему, нәресте өте селқос, табандары суық, тері жабындысының «мәрмәр» түстес.
Егер нәрестені жылыту шараларын қолданбаса, гипотермия 2 дәрежеге – декомпенсацияға өтеді. Бұл кезде зат алмасу үрдістерінің белсендігі және оттегіге қажеттілік төмендейді. Тыныс алудың және қан айналымның бұзылыстары оттектік ашығуға, гипоксияның өршуіне, ОЖЖ қызметінің тежелуіне (комаға) алып келеді. Гипогликемия және аралас ацидоз жоғарлайды. Ары қарай созылған гипотермия метаболикалық бұзылыстарға, сурфактанттардың инактивациясына, аяқ-қолдың ісінуіне, склереме, сарғыштануға алып келеді. Жүрек-қан тамыр және тыныс алу жетіспеушілігі дамиды.
Емі. Жаңа туылғандарға тез арады жылыту керек. Нәрестені суығаннан кейін, суықтық стресс алғаннан кейін жылыту дәрежесі орташа қарқынды:
Инкубатор ішіндегі ауа температурасы нәресте температурасынан 10С жоғары болуы керек.
Нәрестенің басына бас киім кигізу, арнайы жатқызу арқылы флексорлы поза жасау.
Нәрестенің температурасын бақылау әр 15 минут сайын қайталайды. Нәресте мен қоршаған орта температура өзгерісі 10С аспау керек.
Әр 30минут сайын тері жабындысының түсін, тыныс алу және жүрек ырғағын тіркеу. Нәресте температуралық өзгерісті қалай көтеретінін бақылау.
Тері температурасы 36 – 36,50С болуы жеткілікті.
Ауыр суықтық стресстен кейінгі жылыту дәрежесі:
1. 1-4 дәреже қайталады
2.Егер біріншілік көмек жеткіліксіз болса, инкубатор қабырғасын сыртына жылытуға болады. Бірақ ішкі температурадан 1-20С ғана жоғары болуы керек. Бұл конвекциялық жылыту әдісіне сәулелік жылыту әдісі қосылады. Жылытудың ерте кезеңінде өлім жиілігін төмендету үшін жылытуға қосымша оксигенотерапия, қандағы қанттың мониторлық деңгейін және метаболикалық ацидозды коррекциясы, тамыр ішіне натрий хлоридінің изотоникалық ерітіндісін (20 мл/кг болюсно) тағайындалады.
Шала жаңа туылған нәрестелерге сенсорлы қоздырғыштарының әсері (тактилді, жарықтық, дыбыстық қоздырғыштар)
Аз салмақты нәрестелерге тактильді қоздырғыштардың әсері туралы көптеген көз қарастар бар (Шабалов Н.П., 2006). Көптеген зерттеушілер егер шала туылған нәресте күнделікті жанасуды ынталандырса, жиі бұрылтса, тербетсе, ораса, онымен сөлессе оның жоғарғы жүйке жүйесінің қызметі тезірек дамиды және бұл үрдіс ауруханадан шыққан кейінгі айлар бойы жалғасады деп есептейді.
Шала туылған нәрестені 2 апта бойы 5 минуттан әр 2 сағат сайын жай сипалау ішектің перисталтикасын жақсартады, адекватты жылау шақырады, белсенділік жоғарлайды және де нәрестенің өсуі. Зерттеулердің нәтижесінде, бір жұмыртқалы егіздердің біріншісін жиі қолда тербетсе, ал екіншісін жоқ. Біріншісі тезірек өсті.
Бірақта басқада мәліметтер бар, осыған сәйкес барлық манипуляциялар (осының ішінде жай сипалау) қысқа уақытты гипоксияға алып келеді. Сонымен шала туылған нәрестелерге жасалынатын процедуралар стресстік жағдайға алып келуі мүмкін.
Қарқынды терапия бөлімінде әр нәрестеге жүргізілетін манипуляция санын жеке есептеуі керек. Әр кезде қысқа уақытты гипоксиялық криз болатнын есте сақтау керек. Әр осындай нәрестені қарар алдында өзіңізде сұраңыз – қарау кезіндегі алынатын ақпараттар РО2 төмендеуіне тұрады ма. Егер тұратын болса ғана онда гипоксияның дәрежесін азайтуды да ойлану керек.
Шырышты сору (жоғарғы тыныс алу жолдарын санациялау) – күтімнің ең маңызды аспектісі, бірақ өте қауіпті процедураның бірі. Ол кейде брадикардиямен, миға қан баруын жоғарлатумен және бас ішілік қысымның жоғарлауымен, өкпенің «гиперүрленуімен», гипероксиямен, ателектаздардың дамуымен, пневмоторакспен, сонымен қатар транзиторлы бактериемия мен трахея тінінің зақымдалуымен қатар жүреді.
Әрқашан санация қатаң көрсеткіштер кезінде ғана жүргізіледі. Процедуралар екі адам жүргізеді, бұл нәрестенің жағдайын жақсы тұрақтандыруға мүмкіндік береді. Өте тұрақсыз нәрестелерге қырлық тесікті адаптер қолданылады. Бұл санация кезінде өкпенің жасанды желдеткішті қосу қажеттілігі жоқ. Санациядан кейін нәресте өкпесі бұрынғы қалпына келуі тиіс. (ӨЖЖ (ИВЛ) көрсеткіштері).
Шала туылған нәрестенің жылулық қорғанышын сақтай отырып күнделікті салмағын өлшейді.
Нәресте қалпы. Егер мүмкіншілік бар болса, нәресте сәл басы көтеріңкі қалыпта іште жатуы керек.
Күтімнің негізгі қағидасының бірі – жиі дене қалпы ауыстырып отыру, ағзада іркілістерді болдырмау үшін. Постнатальді өмірдің алғашқы 1-2 апталарда манипуляцияның зақымдайтылығын және жетілмеген ағзаны көп мөлшерде ынталандыру қауіпін ескеру керек.
«Кенгуру» әдісі - «тағамсыз» емізуге қою – ЭНМТсі бар шала тылғандар үшін де эффективті.
Жарықтың әсері. Кейбір зерттеушілердің мәліметтері бойынша шала туылғандардың ретинопатия ағымына жоғарғы жарықтық кері әсер етеді. Дене салмағы 1000гр болатын нәрестелер жиі және тез зақымдалады. Өте жарықтықтағы нәрестелер тобында тәртіптік бұзылыстар байқалады.
Дыбыстың әсері. Қарқынды терапия бөліміндегі шулар деңгейі де зақымдайды. Сонымен қатар дыбыстық қоздырғыштардың жоғарғы дәрежесі ототоксикалық дәрілердің зақымдаушы әсерлерін потенциялайды.
Шала туылған нәрестелерді тамақтандыру.
Өте шала туылған нәрестелерді энтеральды тамақтануға көп кеңіл бөлген. Олар бірінші тамақтандыру керек және оны қалай беру, оның оптимальді энергетикалық және ақуыздық күштемені бала жасына сай келуін, кекіруден сақтауын, аспирациядан сақтауына стационар жағдайында емшек емізуді сақтау және оны адаптацияланған қоспаларға ауыртыруға көп көңіл бөлуде. (Хазанов А.И).
Шала туылған нәрестелерге энтеральді тамақтандырудың қиындықтары – АІЖ толеранттылығы төмендейді, ол асқазанның қызметін бұзып, іш қату болады, ішектің перисталтикасы әлсіз және іштің үрленуіне алып келеді.
Шала туылған нәрестелердің ас қорыту жүйесінің толеранттылығына гестационды жетілмеуі, перинатальді кезеңдегі әр түрлі патологиялық жағдайларда ықпал етеді.
Шала туылғандарды тамақтандыруда пайда болатын қиындықтардың ерекшеліктері:
1. Сору және жұту рефлекстерінің болмау немесе төмендеуі, әсіресе гестацияның 34 аптаға дейінгілерде.
2. Ішек перисталтикасының төмендеуі іштің керуіне, ішектің қатты созылуына алып келеді;
3. Асқазанның көлемі кіші және асқазан ішіндегілерді эвакуация кезінде оның ұзаруы;
4. Лактаза белсенділігінің төмендеуі (транзиторлы, себебі энтеральді тамақтануды бастағаннан кезінде фермент белсендігі тез артады);
5. Өт қышқыл өнімінің және эмульгациялаудың төмендеуінен майлардың сіңуі төмен;
6. Кальцийдің, фосфордің, ақуыздың, А, С, Е дәрумендердің, микроэлементтердің және темірдің жатыр ішілік қоры мерзіміне жетіліп туылғандарға қарағанда аздығы нәрестенің өсу кезінде олардың дифицитіне алып келеді;
7. Кейбір ағзалардың функционалді белсендігінің төмендеуі, бауыр, бүйрек, өкпе сияқты ағзалар;
8. Ішектегі иммуноглобулиндер секреция және иммунологиялық жауаптың төмендеуі;
9. Ішек қабырғасындағы жасушалардың пролиферация және миграция деңгейі төмен;
10. Ақуыздардың толық емес ыдырауы.
Энтеральді тамақтандыруды бастау өте сақтықпен жүргізілуі керек: нәрестенің бірінші тамақтандыруға реакциясын бағалау, асқазанда іркілдің бар-жоқтығын тексеру, іш керілу көріністерін байқау және үлкен дәреттің болуын қадағалау, аз мөлшерлі сүтті (микроструйный)енгізу және арығындап сүттің көлемін көбейту.
АІЖ энтеральді тамақтандыруға дайындау үшін трофикалық тамақтандыру әдісін қолданады (минимальды, бастапқы, гипокалориялық). Шала туылған нәрестелерге емшек сүті дұрыс, бірақ кейде жартылай араласқан арнайы қоспа қолдануға болады. Әлемдік әдебиеттерде бастапқы көлем 0,1-ден 20 мл/кг/күн, бірақ жиі 10-14мл/кг/күн көлем тағайындайды.
Трофикалық тамақтанудың артықшылықтары:
- АІЖ-ның морфологиялық және функционалді дамуын жақсартады;
- гастриннің және АІЖ гормандарының бөлінуі жоғарлатады;
- гипербилирубинемияны төмендетеді (тура емес билирубин);
- сүйектің метаболикалық аурулар жиілігі азаяды (шала туылғандардың остеопениясы);
- холестатикалық сарғыштану жиілігі төмендейді.
Энтеральді тамақтанудан ұзақ уақыт бір немесе бірнеше апта бойы бас тарту антифизиологиялық, ол кері әсерлерге алып келеді: ішектің шырышты қабатының атрофиясы, оның өтімділігінің жоғарлауы, ішек перистатикасының азаюы, лактаза белсенділігінің төмендеуі, аминқышқылдар сорылуының және глюкозаның сіңуінің бұзылуы болады. Осыларды қатаң ескеру керек.
Өте шала туылғандардың көбіне біріншілік тамақтандыру алғашқы 10-14 сағатқа келеді. Оның орындалу мүмкінділігін 3 критерийлармен анықталады:
- нәрестенің жағдайы;
- туылған кездегі салмағы;
- гестация мерзімі.
Бастапқы тамақтандыруды өмірінің 2-ші тәулігіне ауыстыру мәселесі жағдайдың тұрақтылығына байланысты және оны болмауы келесі күндерге шегеріледі.
Өте шала туылған нәрестелерде асқорыту жүйесінің функционалды қабілеті жетілмеген, ал асқазанның физиологиялық сыйымдылығы шектелгендіктен жаймен және біртіндеп тағам мөлшерін көбейтеді. (Хазанов А.И.)
1000-1250гр салмақты нәрестелерді ең алғашқы тамақтандырудың бастапқы көлемі 2-3мл құрайды, 1250-1500гр салмақтыларға – 4-5мл, 1501гр-нан 2000г-ға дейінгі салмақтағы нәрестерге – 5-7 мл және 2001 – 2500г дейінгі салмақтыларға – 7-10мл.
2-2,5 апталық өте шала туылған нәрестелердің көбінде энергиялық қажеттілік 120 ккал/(кг/тәу) құрайды. Энергиялық құндылықты жоғарлатуға себепші салмақтың қоспауы және оны жақсарту үшін жоғарғы құндылықты, 125-130 ккал/(кг/тәу) немесе 140-145 ккал/(кг/тәу).дейін жететін тағамдарға жүгіну керек. Тамақтандыру түрі калориялық қажеттілікке әсер етеді. Парентеральді тамақтанудың 90 ккал/кг энетеральді тамақтанудың 120ккал/кг тең.
Кесте. Асқазанның алғашқы 10 күнде физиологиялық сыйымдылығы (no Scammon u Doyle [Silverman W., 1961])
Күндер |
Асқазанның сыйымдылығы, мл/кг |
Күндер |
Асқазанның сыйымдылығы, мл/кг |
1 2 3 4 5 |
2 4 10 16 19 |
6 7 8 9 10 |
19 21 23 25 27 |
Тамақтандырудың сипаты.
Шала туылған нәрестелер үшін оптимальді тамақ – ол ана сүті. Ана сүті – бұл нәрестеге барлық керек тағамдық заттар көзі ғана емес, ол жерде оптимальді теңестірілген және тез сіңімді, оның құрамында көп мөлшерде биологиялық белсенді және қорғаныштық факторлар (иммуноглобулин, гормондар, өсу факторлары, полинуклеотидтер, таурин, бифидогенді факторлар, т.б.) болады.
Ана сүті мерзіміне жетіп босанған әйелдерден қарағанда мерзімінен ерте туғандарда өзгеше. Туылғаннан кейін алғашқы 3-4 аптада шала туылған нәрестеге ол энергиялық құнды, көп мөлшерде құрамында ақуыздар, натрий, магний, жоғарғы тығыздықта IgА болады. Сонымен қатар құрамында аз мөлшерде кальций, фосфор, ал бір айдан кейін онда ақуыз азаяды және оның энергетикалық құндылығы төмендейді. Осыған байланысты әлемдік практикада шала туылған нәрестелерге ана сүтіне қосымша тамақтандыру («жылыту» - «күшейткіш», «фортификаторлар») жүргізеді: дозаланған ұнтақ түрде шығады, 25 мл сүтті араластырылуын ұсынылады.
Егер емшекпен тамақтандыру мүмкін болмаған жағдайларда шала туылған нәрестені арнай шала туылғандаға арналған қомпамен тамақтандырады. Фрисопре, Пре-Нан, Пре-Пилти, Хумана О, және т.б. қоспаларды қолданады.
Тамақтандыру әдістері.
Гестационды жасы 33 аптадан төмен нәрестелерде шала туылғандарды тамақтандырудың негізгі қағидасы – жаймен және бірте-бірте. Гестацияның 32-33 аптасына дейін тулған нәрестелерге аспирация қауіпін болдырмау үшін зонд арқылы тамақтандырады. ОНМТ бар шала туылған нәрестелерге (1500г төмен) тұрақты зонд қойылады, ол асқазанда 3-7 күн тұра алады. Зондты асқазанға енгізудің 2 түрі бар: мұрын арқылы және ауыз арқылы. Жиі назогастралді зонд қойылады, себебі ол жақсы фиксацияланады және асқазаннан шықпайды пероральдіден қарағанда, сонымен қатар тыныс алудың қиындығы жоқ. (Хазанов А.И.). тамақтандырдан кейін зондты 1-2мл 5% глюка ерітіндісімен шаяды. Келесі тамақьандыру алдында асқазан ішін тексереді. Асқазанды тексеру кекіру мен аспирацияны болдырмайтын негізгі манипуляция.
Адекватты энтеральді тамақтандырудың критериялары дене салмағының қисығына байланысты. Өте шала туылған нәрестелерде салмағын бір айға есептейді. Бастапқы салмақтың қалпына келуі және тұрақты салмақ қосуы ескерілуі керек (орташа 15г/кг/теу). Егер энтеральді енгізу мүмкін болмаса, парентеральді тамақтандыру қосарланады. Калораж мен барлық құрам бөліктері есептелінеді.
Сұйықтық. Жаңа туылғандарға сұйықтық дотациясы жеткілікті дәрежесі жеке және адаптация фазасына байланысты (кесте).
Кесте. Жаңа туылған нәрестенің сұйықтар мен электролиттердің қажеттілігі
|
Ауыспалы фаза ** (алғашқы 3-5 күн) |
||||
|
Дене салмағын жоғалту/қосу |
Су* (мл/кг/тәу) |
Na*** мэкв/кг/тәу |
Cl*** мэкв/кг/тәу |
К *** мэкв/кг/тәу |
<1000 |
-15-20% |
90-140 |
0-1 |
0-1 |
0 |
1000-1500 |
-10-15% |
80-120 |
0-1 |
0-1 |
0-1 |
1500-2000 |
-5-10% |
70-100 |
0-1 |
0-1 |
0-1 |
>2000 |
-5-10% |
60-80 |
0-1 |
0-1 |
0-1 |
|
* Егер нәресте инкубаторда болса, қажеттілігі 10-20% төмендейді |
||||
|
**Ауыспалы фаза диурездің ырқыны 1 мл/кг/сағ тұрақталғанда, зәрдің салыстырмалы тығыздығы > 1012 болғанда және натрийдің экскрециясы төмендегенде аяқталады |
||||
|
Тұрақтану фазасы (< 14 күн) |
||||
< 1000 |
0 |
80-120 |
2-3 |
2-3 |
1-2 |
1000-1500 |
0 |
80-120 |
2-3 |
2-3 |
1-2 |
1500-2000 |
0 |
80-120 |
2-3 |
2-3 |
1-2 |
>2000 |
0 |
80-120 |
2-3 |
2-3 |
1-2 |
|
Өсу фазасы (> 14күн) |
||||
<1000 |
+10-15 г/күн |
150-180 |
3-5 |
3-5 |
2-3 |
1000-1500 |
+10-15 Г/күн |
150-180 |
3-5 |
3-5 |
2-3 |
*** Бірвалентті иондарға 1 мэкв=1 ммоль |
|||||
Натрий
Натрийдің көлемін есептеу парентеральді тамақтандыруды жүргізгенде қажет. 1мл 0.9% (физиологиялық) натрий хлорид ерітіндісінде 0,15 ммоль Na бар. Сондықтан физиологиялық ерітіндінің көлемін келесі формуламен есептейді.
V физ.ерітінді (мл) = дене салмағы * Na қажеттілігі (ммоль) 0,15
Мысалы: жаңа туылған нәрестенің салмағы 2,5 кг парентеральді тамақтандыру бойынша біз Na 3 ммоль/кг беруді ұйғардық. Физиологиялық ерітіндінің дозасы тең болады
Гипонатриемияны коррекциялау үшін (Na<125 ммоль/л) 5% натрий хлоридін қолдануға болады, оның көлемі формуламен есептелінеді:
V (мл 5% NaCl) = (135– аурудыңNa мөлшері) *дене т * 0,35
Калий
Қажетті парентеральді тамақтандыру үшін калий көлемін есептейді. 7,5% калий хлорид ерітіндісінің 1 мл 1 ммоль калий бар. Егер калийдің дотациясына біз 4% калий хлоридін қолдансақ, онда 4% KC1 2 мл К+ моль бар. 4% К+ есептеу формуласы:
V(мл 4% KC1) = К+ қажеттілігі (моль) * дене т * 2
Мысалы: Жаңа туылған нәрестенің салмағы 2,5 кг парентеральді тамақтандыру бойынша біз К+ 2 ммоль/кг беруді ұйғардық. 4% KC1 ерітіндісі тең
V= (мл 4% KC1) = 2*2.5 *2=10 мл
Глюкоза
Глюкозаны негізінен жаңа туылған нәрестеге утилизацияны жылдамдығына байланысты тағайындайды. Шала туылған нәрестелерде утилизацияның бастапқы жылдамдығы 4-5 мг/кг/мин тең, ал мерзіміне жетіп туылғандарда 6-7мг/кг/мин тең. Кейін глюкоза мөлшері қандағы қанттың деңгейіне байланысты ұлғаяды (≥3 ммоль/л, бірақ ≤8-9 ммоль/л). Күнделікті 0,5-1 мг/кг/мин-қа максимальді дозасы 11-12 мг/кг/мин дейін. Бұл дозадан жоғарласа майлардың қалыпты утилизациясын бұзады және бауырдың майлы дистрофиясына алып келеді. Каллорияны есептегенде 1г глюкозада 3,4 ккал бар. Глюкоза мөлшерін есептеу парентеральді тамақтандару жүргізу үшін келесі формулады қолданады:
Глюкоза дозасы (г/тәу) = глюкозаның утилизациялау жылдамдығы(мг/кг/мин)*дене m * 1,44
Аминқышқылдары
Жаңа туылған нәрестелерге арналған ақуыз көзі ретінде арнайы аминқышқылдарның кристаллдары бар адаптацияланған парентеральді тамақтандыру қолданылады (Ваминолакт, Аминовеноз-Инфант, Аминоплазмаль). Адаптацияланбаған аминқышқылды ерітінді қолданғанда (Аминоплазмаль, Инфезол), дәрәнің дозасын біртіндеп көтеру қажет. Бастапқы доза 0,5 г/кг/тәу құрайды. Кейін аминқышқылының дозасын 2,5-3 г/кг/тәу дейін көбейтеді.
Аминқышқылының дозасы миллилитрде есептеу үшін келесі формуланы қолданылады:
V аминқышқылы(мл) = дене салмағы * аминқышқылының дозасы (г/кг) * 100
Концентрацияланған аминқышқылы (%)
1г. аминқышқылында 4 ккал бар.
Майлар
Шала туылған нәрестелерге парентеральді тамақтандыру қолданғанда тек 20% липидтер ерітіндісі қолданылады. Шала туылған науқастарға интралипидтер тағайындайды. Егер қарсы көрсеткіштері жоқ болса үшінші күннен бастап 0,5 г/кг/күн дозасында бере бастайды, өмірінің 5-7 күніне дейін беріледі. Сосын, егер нәресте липидтерге толерантты болса, ол дозаны 0,5 г/кг/күнінен максимальді – 3 г/кг/күніне дейін көтереді. (15 мл/кг/күн 20% липидтер ерітіндісі).
1г майда 9 ккал бар.
Карнитин
Карнитинді енгізу көрсеткіші – оның жетіспеушілінің клиникалық белгілері мен биохимиялық зерттеулер нәтижесінде байқалған жағдайда беріледі. Клиникалық көрінісінде: бұлшықеттің әлсіздігі, кардиомиопатия, гипогликемия, бауырдың дисфункция және энцефалопатия болады. Карнитинді тамыр ішіне енгізеді (глюкоза немесе аминқышқыл ерітіндісінде 10мг/кг/күн) немесе пероральді береді.
Шала туылғандардың апноэсы
Апноэ – тыныстың тоқталуы. Клиникада апноэ деп тыныс алуды 20сек. Және одан көп уақытқа тоқтауын немесе тыныс алудың ұзақ үзілісі айтады, брадикардиямен (100 рет/мин аз) немесе цианоздың болуымен, немесе терінің кенеттен бозаруымен қосарланып жүреді.
Апноэ ұстамасын анықтау үшін тыныс алудың 20сек. Тоқталуын босқа алмады. Мұндай тыныс алу үзілісі бас миын зақымдайтын гипоксия дамиды. Жиі қайталанатын, 1-2 сағат бойы 10-15сек созылатын «қатуы» ұстамасын апноэның ұстамасы деп саналады және соған байланысты «апноэлық тыныс» деп атайды. Төменде кесте түрінде шала туылған нәрестелердің апноэ ұстамасы кезіндегі терминдер берілген (кесте)
Кесте Шала туылған нәрестелердің апноэ ұстамасындаға терминдер
Терминдер |
Анықтамасы |
Апноэ ұстамасы «Қатуы»
Апноэлық тыныс
Шала туылғандардың апноэсы
Қайталама апноэ синдромы |
Брадикардиямен, цианозбен, терінің бозаруымен бірге жүретін 20сек жоғары тыныс алу үзілісі Брадикардиясыз, цианозсыз, терінің бозаруысыз 10-15сек дейін жедел пайда болатын тыныс тоқтауы. Нәресте тактильді қоздырғышсыз өзі бұл жағдайдан шығады.
Жиі қайталанатын «қату» 1-2 сағат боына
Гестация мерзімі 30-32 аптадан төмен нәрестелердің алғашқы 1-2 аптасында белгілі бір патологиялық үрдіспен байланыссыз қайталамалы апноэ ұстамасы
Гестация мерзімі 27-28 аптадан төмен, туылғанда дене салмағы 1000-1250г дейінгі нәрестелердің алғашқы 11/2-2 ай бойы белгілі бір патологиялық үрдіспен байланыссыз жиі қайталамалы апноэ ұстамасы |
Апноэ патогенезі мен ұзақ «тыныс қатуы» тынысалу орталығының жетілмеуіне байланысты. Оларға сопақша мида орналасқан респираторлы нейрондар жатады.
Қалыпты жағдайда тыныс алу орталығын орталық және перифериялық хеморецепторлардың афферентті импульстары қоздырады. Бас ми қыртысында ретикулярлы формацияға ұшырап, эфферентті жолдары арқылы жоғарғы тыныс алу жолдары мен өкпенің механорецепторларынан көкет бұлшықеттердің, қабырға аралық бұлшықеттердің, жоғарғы тыныс алу жолдарының, тыныс алуға тікелей қатысатындардың қызметін ынталандырады. Айтылған жолдардың біреуінде импульстің өтуінің әр түрлі бұзылуы тыныс алу бұзылыстарына алып келеді.
Тыныс алудың белгілі бір ықпалы нәрестенің ұйқысы. Ұйқының екі фазасын ажыратады: тез немесе белсенді және баяу. Ұйқының патогенетикалық байланысы апноэның дамуына себепші болады. Себебі тез ұйқыда қабырға аралық бұлшықеттің тонусы төмен және тыныс алудың орталық реттелуі тежелген болады және барлық ұйқы кезінде жоғарғы тыныс алу бұлшықеттерінің белсендігі тежелген, көмейдің дилатациясы болады.
Шала туылған нәрестелердің тыныстың регуляторы ретінде гипоксияға адекватты емсе жауап қайтарады. Жетілген балаларда гипоксия кезінде тыныс алу қимылдары тездетіледі, ал шала туылғандарда жетілгендерден қарағанда тыныстың тежелу ретінде кері реакция жүреді. [NICU,1994].
Шала туылған нәрестелерде апноэның даму механизіміне қарай 3 түрге бөледі:
орталық, бұл кезде көкет белсендігі жоқ және тыныс алу қозғалысы тоқтайды;
обструктивті, бұл кезде жоғарғы тыныс алу жолдарының өтімділі бұзылады, көкет белсендігі және кеуде торының қимылы сақталған;
аралас, бұл кезде жоғарғы тыныс алу жолдарының обструкциясы орталық апноэмен біре немесе артынан болады.
Өте шала туылған нәрестелерде апноэ ұстамасының негізгі себептері (Хазанов А.И.)
Бірінші аптада:
гестация мерзімі 26-27 аптаға дейін нәрестелердің гестационды жетілуі.
жетілмеуі, 28-31апталық мерзімдегі нәрестелердің гестационды жетілмеуі шектен тыс шығуы;
Тыныс алу бұзылыстар синдромы;
Гипоксиялық – ишемиялық бас миының зақымдалуы;
Субэпендимальді жәнеқарыншаішілік қан құйылулар;
Жатырішілік, интранатальді және ерте постнатальді инфекция;
1000-1300г дейінгі нәрестелердің алғашқы күндердегі энтеральді тамақтандыру;
Аспирация кезіндегі энтеральді тамақтандыру
гипогликемия.
7-10 күннен жоғары жастағылар:
инфекциялық токсикоз;
гестация мерзімі 27-28аптаға дейінгі нәрестелерде қайталамалы апноэ синдромы;
энтеральді тамақтандыру кезіндегі аспирация.
Апноэ ұстамасының клиникалық көрінісі бір түрлі емес,ол дамуы мүмкін:
баяу, тыныстың ұсталуынан толық тоқтауына дейін, сол сияқты тері түсінің біртіндеп сұр немесе цианотипті колоритке дейін өзгеруі;
жедел, кенеттен тыныстың тоқтауы, терінің бозаруы немесе көгеруі;
белгілі бір себептен, патологиялық жағдайға байланысы жоқ (тамақтандыру,дефекация);
спонтанды, объективті себепсіз.
Өте шала туылған нәреселерде апноэ ұстамасы жеке нозологиялық бірлік ретінде немесе қандайда бір аурудың көрінісі ретінде болуы мүмкін. Апноэ ұстамасы күн ішінде бір реттік, қайталамалы немесе әр түрлі аралықта қайтадан пайда болуы мүмкін. Ұстаманың қайталануы жағдайдың ауырлығына, патологиялық жағдайына және гестационды жетілмеу дәрежесіне байланысты.
Апноэ ұстамасының емі мен алдын алуы
Барлық 1200-1250г дейінгі салмақты нәрестелерге алғашқы күндерінде келесі шаралар көрсетілген:
- пульсоксиметрмен тыныстың мониторингі;
- инфузионды ерітіндіге 2,4% эуфиллин ерітіндісінің 0,2 мл/(кг∙тәу) мөлшерін қосу;
- алғашқы энтеральді тамақтандыру кезінде 5% глюкоза ерітіндісін микротамшылап жіберу.
Емдік мақсатта тағайындалады:
- 20% кофеин ерітіндісі (бензоат натрия) 10 мг/кг, 2,5 мг/(кг∙тәу); мөлшерде 24сағ. кейін енгізу; басқа схеманы да қолдануға болады: кофеинді бірлік дозда 2,5-3 мг/кг 2-3 рет күніне 8 сағаттық ара қашықтықпен салынады, тамыр ішіне немесе бұлшықетке;
- 5 мг/кг 2,4% эуфиллин ерітіндісін салады, кейін әр 12 сағ. сайын 2 мг/кг тамыр ішіне салынады
Шала туылғандардың ретинопатиясы
Шала туылғандардың ретинопатиясы – бұл торлы қабаттың тамыр-пролиферативті зақымдануы, қайтымсыз соқырлыққа алып келуі мүмкін. АҚШта жыл сайын ретинопатиямен шала туылған нәрестелердің 500 жуық көру қабілетін жоғалтуда.
Ғылыми-экспериментальды жұмыстармен ретинопатияның пролиферативті дәрежесінің дамуына гипоксияның зақымдау ролі дәлелденген.
Патогенезі. Ретинопатияның патогенезінің классикалық теориясы 1953ж. А. Пэтзом және Н.Аштоном шығарған; онда даму үрдісінің реттілігі төменде келтірілген:
Бастапқы тетігі – қан тамырдың вазоконстрикциясы,нәрестенің туылғаннан кейін тыныс алу өкпелік түріне өтуі және жатыр ішік өмірге қарағанда қосымша оксигенациялануы, және де қосымша оксигенотерапия жүргізу нәтижесінде шел тінінің жетілмеуінен қанда Ро2 жоғарлауы.
Тамыр өзегінің тарылуы және кейін тамырдың перманентті окклюзиясы, егер вазоконстрикция сақталса.
Артерия қанының қоршаған орта ауасымен тыныс алғанда оттегімен байтылуына байланысты резидуальді қан тамырлық өрімнің эндотелийінің пролиферациясы болады.
Жіктелуі. 1987 жылы шала туылған нәрестелердің ретинопатиясының халықаралық жіктемесі қабылданды. Бұл жіктеме аурудың екі параметрін анықтауға мүмкіндік береді: оның орналасуы және қан тамырлық реакцияның дамуы дәрежесі.
Аурудың жедел фазасының жіктеме бойынша 5 дәрежесі бар:
I – демаркационды сызық(шала туылғандар ретинопатиясының алғашқы белгісі) тар, торлы қабаттың алдыңғы аваскулярны бөлігін васкулярлы артқы бөліктен бөліп тұрады;
II – демаркационды сызық ұлғайған, жоғары және кең болып келеді, демаркационды вал деген атқа ие;
III – демаркационды вал экстраретинальді фиброваскулярлі пролиферациямен.Аурудың бұл сатысында демаркационды валға қосымша тінде фиброваскулярлы пролиферация көрінуде. Осы сатыда диагностика жасау өте маңызды, себебі криотерапияның әсерін зерттеудегі жаңа мәліметтер бойынша осы саты криотерапияны жүргізуге ең қолайлы;
IV – торлы қабаттық бөліктік ажырауы;
V – торлы қабаттың толық ажырау.
Сосын тыртықтану фазасы болады.
Диагностикасы. Шала туылғандардың офтольмологиялық бақылау аспекті тиімдісі – ретинопатиялық скринингі, ауруды анықтау, жедел фазада криопексиямен, лазерокоагуляциямен емдеу. Тура емес офтальмоскопия 3-4 апталық жаста жүргізілуі керек.
Алдын алу. Оксигенотерапияны мұқият бақылауы (қанның Ро2 мониторлау, тыныс алу қоспасының Fio2) ретинопатия ауруларының жиілігін алдын алады, бірақ бұл аурудың дамына тек оттегі ғана әсер етпейді. Бірінші орында гестационды жасы кіші нәрестелерде ретинопатиямен ауырып қалу қауіпі жоғары болғандықтан мерзіміне ерте босанудың алдын алса, аурудын дамуының алдын аламыз.
Сонымен қатар, ретинопатияның ауыршаңдылық жиілігі мен көбеюі қан құю кезінде, Е және А витамині жетіспегенде, гиперкапния және ацидоз, инфекция, дәрілік заттар (индометацин), шала туылғандардың перинательді анемиясы себепші болады.
Ретинопатияның жедел фазасын емдеуде лазеропексия кезінде криотерапияны қолдануы керек. Бұл әдіс аурудың ІІ-ІІІ сатысына жеткен науқастарда қолданылуы тиіс.
Шала туылған нәрестелердің физикалық дамуы.
Шала туылған нәрестелердің орташа айлық салмақ қосуы (Шабалов Н.П.)
Жасы, ай |
Орташа айлық салмақ қосу, грамм |
|||
Туылған кездегі салмағы |
800-100 |
1001-1500 |
1501-2000 |
2001-2500 |
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 |
180 400 600-700 600 550 750 500 500 500 450 500 450 |
250 650 600-700 600-700 750 800 950 600 550 500 300 350 |
300 700-800 700-800 800-900 800 700 600 700 450 400 500 400
|
400 800-1000 700-800 700-800 700 700 700 700 700 400 400 350
|
