- •Мазмұны
- •I тарау. Неонатологияға кіріспе. Қазақстандағы неонатологиялық қызметтің ұйымдастырылуы.Терминалогия және статистикалық көрсеткіштер .
- •1.3 Гестациондық жасты бағалау
- •II тарау. Антенаталды патология Құрсақ ішілік өсу мен дамудың тежелуі
- •1 Кесте. Нәрестелердің туылған кезіндегі негізгі параметрлерінің гестациялық жасқа сәйкетігі
- •III тарау. Нәрестелердің постнаталды бейімделуі. Шекаралық жағдайлар. Жаңа туылған нәрестелердің күтімі және тамақтануы.
- •3.1 Жаңа туған нәреселердің шекаралық жағдайлары
- •3.2. Нәрестенің мүшесі мен жүйелерінің анатомо- физиологиялық ерекшеліктері
- •3.3. Нәрестелердің күтімі.
- •1 Қадам- Босануға бөлме дайындау
- •2 Қадам- Нәрестені кептіріп- сүрту:
- •Жаңа туылған нәрестелер бөлімшесінде іріңді-септикалық аурулар мен госпиталды инфекцияны алдын-алу.
- •Жаңа туған нәрестелердің тамақтануы.
- •IV тарау. Жаңа туылған нәрестелерді клиникалық тексеру
- •Шолып қарау
- •Жүйелер бойынша қарау.
- •Нәрестелердің шартсыз(туа біткен) рефлекстерін бағалау.
- •V тарау.
- •VI тарау. Шала туылған нәрестелер
- •VII тарау. Тыныс алу мүшелерінің патологиясы
- •7.1. Респираторлы дистресс синдромы
- •7.2. Нәрестелер пневмониясы.
- •ViiIбөлім.Жаңа туылған нәрестелердің жүйке жүйесінің патологиясы.
- •8.1. Тұншығу перинаталды церебралды бұзылыстардың факторы ретінде.
- •8.2. Бас миы мен жұлынның жарақаттық және интранаталды зақымдалуы. Туыт жарақаты.
- •8.1.Бассүйек ішілік қан құйылулар
- •Біққ клиникасы
- •Эпидуралды қанқұйылулар
- •Субарахнойдалды қанқуйылулар
- •Ми қарыншаларына қанқуйылулар (перивентрикулярлы-интравентрикулярлы)
- •Пиқ патофизиологиясы
- •Миішілік (паренхиматозды) қанқуйылулар
- •Босану кезіндегі жұлын жарақаттары
- •Акушерлік салдану
- •Зақымдалу механизмі
- •Акушерлік парездердің ағымы
- •Басқа да туыт жарақаттары
- •Жұлынның туылу жарақатының емі
- •8.3. Гипоксия-ишемиялық энцефалопатия
- •Ми зақымдалуының локализациясы
- •Нейросонография мәләметтері бойынша пвл дәрежелері
- •Дамып келе жатқан мидың перинаталды зақымдалулардың неврологиялық салдары: ликвородинамика бұзылыстары бар жағдайлар мен аурулардың диагностикасы.
- •Мерзіміне жетіп туылған нәрестенің бас шеңберінің өсу қарқыны
- •Гипоксиялық-ишемиялық энцефалопатия (гиэ) кезіндегі ес бұзылыстары.
- •Гиэ болжамы
- •Балалардағы жүйке жүйесінің (жж) зақымдалуы (Маслова о.И., 1999 г.)
- •Неонатальды тырысулар
- •Пайда болу уақытына байланысты неонатальды тырыспалардың болжам себептері (ю.И. Барашнев, 2001г.)
- •IX тарау. Жаңа туылған нәрестелердің сепсисі және бактериальді инфекциялары.
- •Стафилодермиялардың емі
- •Стрептодермиялар
- •Стрептодермиялардың емі
- •Нәрестелердегі бактериальді инфекцияның жайылмалы түрге айналуына ятрогенді факторлардың қауіпті факторлары
- •X тарау. Құрсақішілік инфекциялар Құрсақішілік инфицерлену туралы түсінік
- •Туа біткен токсоплазмоз
- •Туа біткен токсоплазмоздың клиникасы
- •1 Кесте. Туа біткен токсоплазмоздың жиі кедесетін клиникалық түрлері
- •Диагностикасы
- •Ажыратпалы диагноз
- •Алдын-алу
- •Балалардың құрсақішілік вирусты инфекциялары қызамық.
- •Туа біткен қызамық
- •Диагностикасы
- •Этиологиясы
- •Инфекцияның эпидемиологиясы мен берілу жолдары.
- •Патогенезі
- •Патанатомия
- •Клиникасы
- •Диагностикасы.
- •Құрсақішілік цмви
- •Виферонмен ем
- •Комбинирленген ем
- •Алдын-алу
- •Герпесвирусты инфекция
- •Қорғаныс механизмдері
- •Арнайы арнайы емес
- •Неонатальды герпес.
- •Диагностикасы
- •Хламидиялы инфекция
- •Нәрестелерде хи емі
- •Құрсақішілік микоплазмалы инфекция
- •Құрсақішілік листериоз
- •Құрсақішілік листериоз диагностикасы
- •Туа біткен мерез
- •Диагностикасы.
- •XI тарау. Жаңа туылған нәрестелердің сарғаюы
- •Билирубиннің алмасуы
- •Неонатальды сарғаюлар
- •Нәрестелердің физиологиялық сарғаюы
- •Нәрестелердің патологиялық гипербилирубинемиясы және патологиялық сарғаюы
- •Криглер-Найярсиндромы (I және II типті)
- •Нәрестелердің гемолитикалық сарғаюлары
- •Нәрестенің гемолитикалық ауруы (нга)кезіндегінәрестені жүргізу тактикасы
- •Нәрестенің дене салмағына қарай өмірінің 24-168 сағат өмірінде фотоем және қан алмастырып құюға көрстелім
- •Өмірінің бірінші тәулігінде нга даму қауіпі бар нәрестені жүргізу тактикасы
- •Коньюгациялы гипербилирубинемия кезіндегі нәрестені жүргізу тактикасы
- •Жүректік:
- •Тамырлық :
- •XII тарау. Нәрестелердің геморрагиялық ауруы.
- •Туа біткен жүрек ақаулары
- •Сол жақ коронарлы артерияның өкпе артерисынан аномальды ауытқуы(Блайд-Уайт-Гарленд синдромы)
- •Миокард аурулары
- •Нәрестелердегі жүрек ырғағының бұзылыстары
- •Синусты түйіннің әлсіздік синдромы (стәс)
- •Жыпылықтамалы аритмия(жа).
- •Толық ав блокада (тавб)
- •Экс имплантациясына көрсетілім
- •Ұзарған qt синдромы (ұqtс)
1 Кесте. Туа біткен токсоплазмоздың жиі кедесетін клиникалық түрлері
|
|
|
-тұрақты құсу, лоқсу синдромы -милық кома -гидроцефальды синдром -бұлшықеттік гипотония |
Көрінісі: -обструктивті бронхит -пневмония + өкпенің, асқорыту жүйесінің, жүректің туа біткен ақаулары |
Көрінісі: -сепсиске тән (аралас шартты патогенді флора) |
ОЖЖ-нің патоморфологиясы: -үлкен көлемді некроздар, көптегн ізбестену ошақтары, кистозды трансформациялар, әртүрлі локализациядағы қан құйылулар |
ОЖЖ-нің патоморфологиясы: -энцефалит көрінісінің орташа болуы |
ОЖЖ-нің патоморфологиясы: -мидық жұмсақ қабықшасының фиброзымен, ізбестенумен жүретін энцефалит |
Туа біткен және жүре пайда болған токсоплазмоз сияқты қайталамалы (рецидивті) ағымы болады. Хориоретиниттің рецедиві офтальмоскопияда оңай көрінеді. Жасы есейе келе кездесетін ОЖЖ зақымдалуының симптоматикасы немесе кеш көрініс , мидағы рецетивті үрдіс жайлы айтады.
Диагностикасы
Токсоплазмоздың клиникалық көрінісінің полиморфиздігіне және ағымының әртүрлілігіне байланысты диагнозды тек клиникалық көрінісіне жүгініп қоюға болмайды, осыған орай құрамына паразитологиялық және иммунологиялық әдістер кіретін , лабороториялық зеріттеулердің ролі жоғары.
Паразитологиялық зеріттеу әдісі арқылы, қоздырғышты ішкі ағзалардың гистологиялық кесіндісінде немесе сезімтал жануарларға биосынама жасау арқылы материалдың микроскопиясынан табады . Бұл мақсатта қанды, ликворды, плевралды сұйықтықты, сүйек кемігі мен лимфа түйіндерінің пунктатын, алып тастағанбадамша бездерін, биопсия жасалған лимфа түйіндерін, бауырды, бұлшықетті, жатыр қуысынын соскобын, түсік ұрықтың, өлі туылған нәрестелердің мүшелерін, ал леталды жағдайларда- бас миын, бауырды, көкбауырды, лимфа түйіндерді және басқа мүшелерді пайдаланады. Тік микроскопия үшін, зеріттелетін материалдан пәндік- шыныға жағым-таңба дайындайды, оны кептіріп, 3-5 минутқа метил спиртімен немесе этил спирті мен эфирден тең құралған Никифоров қоспасымен -20минутқа қойып тұрақтандырады. Содан кейін препаратты Романовский бойынша бояп, иммерсионды жүйемен микроскоптайды (5х90). Препараттарда токсоплазма табылса(эндозоиттер, ооцистернемесе цисталар) және белгілі клиникалық көрінісі болса диагнозды расталады. Тік микроскопия әдісі оңай әрі қолайлы , бірақ әрдайым нәтижелі емес.
Токсоплазмаларды биосынама әдісімен ажыратып алу. Бұл сынаманың мәні- зеріттелетін материалмен сезімтал жануарларды жұқтыру.бұл кезде жануар ағзасында қоздырғыштың саны көбейіп, оны ажыратып алу оңайға түседі. Зерітханалық жануарлар ішінде биосынама үшін ең жарамдысы ақ тышқандар, бірақ теңіз шошқасын, қоян мен атжалманды пайдалануға болады.
Биосынамалық әдісті инфекционды үрдістің әртүрлі кезеңдерінде қолдануға болады, бірақ ең тиімдісі аурудың жедел кезеңінде. Биосынама мен тік микроскопия әдісіне бірдей субстраттарды қолданады. Материалға міндетті түрде антибиотик қосылған суспензия (1 мл өлшемге 1 000 ед. пенициллин және 0,05 гр. стрептомицин ) дайындап 0,5-1 мл-ден тышқандарға тері астына және қарын ішіне еңгізеді. жануарларға бақылау жүргізеді. Оң жағдайда жануарларда үрдістің жайылуы басталып, ауру дамып өлімге әкеледі. Бұл тышқандардың іш пердесінде құрамында токсоплазмалар бар эксудат пайда болады. Токсоплазмалар бауыр, көкбауыр, өкпеден жасалған жағым-таңбада оңай ажыратылып анықталады.2 аптадан кейін немесе одан кеш өлген тышқандардың бас миын, токсоплазмалардың цисталарын табу үшін зеріттеуге алады.
Жұмысы көп және тірі қоздырғышпен жұмыс істеген кезде режимдік жағдайларды ұстану керектігіне байланысты паразитологиялық әдіс кең қолдана бермейді. Тік микроскопия мен биосынама абсолютті дәлелді мәні жоқ, себебі оның теріс нәтижесінде токсоплазмалы инфекция болуы да мүмкін.
Иммунологиялық зеріттеу. Коп жағдайда токсоплазмоз диагностикасында серологиялық зеріттеудің нәтижесіне (Сэбина- Фельдман –бояуымен жасалған реакция-РК, комплементті байлау реакциясы - КБР, тік емес гемагглютинация реакциясы - ТЕГАР, агглютинация реакциясы - АР, тіе емес иммунофлюоресценция реакциясы -ТЕИФР, иммуноферментті анализ реакциясы -ИАР) жүгінеді, бұл кезде зеріттелетін адам қан сарысуында арнайы антиденелер табылады.
Серологиялық реакция үшін зеріттелетін адамнан ашқарынға 5-10 мл көктамыр қанын консервантсыз, антикоагулянтсыз пробиркаға жинап алады. Қаны бар пробирканы 37 °С термостатқа 1-2 сағатқа қояды, содан соң ұю үшін тоңазытқышқа қояды. Қан сарысуын зарасыз құрғақ пробиркаға құйып алып, зеріттеу басталғанша +4-6°С тоңазытқышқа қояды. Егер ұзақ сақтау керек болса, сарысуды -20-70°С градуста сақтаған жөн . реакцияға өспеген және гемолизденбеген сарысуларды қолданады.
Токсоплазмоз кезінде РК серологияның алтын стандарты болып саналады. Бұл тесттерде авторлар ең алғаш токсоплазмалық антиденелер болған жағдайда токсоплазмалардың ,метилен көкке боялмайтынын қолданды. РК мен ажыратып алынған антиденелер, әдетте жұқтырған соң бірнеше күннен кейін пайда болады, кейінгі бірнеше аптада жоғары титрлі болып, ұзақ жылдарға, ал сәл төмендеу титрмен өмір бойына сақталады. Дауланбайтын қадырларына қарамастан, РК-ның да кемшіліктері бар, осыған орай оның қолданысы да шектелген: ол қиын, жұмысы көп және тірі токсоплазмаларды қажет етеді, ал ол барлық зертханалардың мүмкіншілігінде блмайды.
КБР, АР, ТЕГАР сияқты әдістер де токсоплзмоздың серологиялық диагностикасы үшін қолданылады. ТЕИФР және ИФА серодиагностикалық әлемдегі көп қолданатын әдістері, себебі тәптiштiлiк пен дәлдiгi орындаудың жеңiлдiгiмен қосарланған. . ТЕИФР өзінің артықшылықтарымен РК –ға жақын. . ТЕИФР соңғы жылдары кең қолдана басталды және өзін жоғары сезімтал тест ретінде көрсетті, ол люминисцентті микроскоп бар кез келген зертханада жасала береді. . ТЕИФР пен ажыраты алынған антиденелер бірінші аптаның соңында пайда болып, ұзақ уақытқа сақталады. әдістің мәні- токсоплазмалық антиген мен маркирленген антисарысу арқылы зеріттелетін сарысуда токсоплазмалы антигендерді табу.
Иммуноферментті анализ. Соңғы жылдары тәжірибиеде кең қолданылатын анализ. Европаның (Франция, Нидерланды, Швеция) үш зертханасында барлық токсоплазмоздың диагностикасында қолданылатын серологиялық тесттердің құндылығы салыстырылды. Нәтижелердің жақсы корреляциясы алынды. Тесттердің сезімталдығы келесі тізбекте көрсетілген : ИФА>РК>РНГА>РНИФ>РСК. Кейінгі зеріттеулер ИФА-дің жоғары сезімталдығы мен өндіргіштігін көрсеткен.
Полимеразды тізбек реакциясы. Соңғы жылдары токсоплазмалы инфекцияны инфекцияны дәлелдеу үшін ПТР-сын қолдануда. Бұл тест иммуносупрессиясы бар пациенттерде маңызды, яғни әр түрлі мүшелерді алмастырып салғанда, АИВ-инфекциясы барларда, онкологиялық және вирусты ауруларда.СПИД-пен ауыратын науқастарда жиі токсоплазмалы энцефалит дамиды, ал серологиялық тесттерде төмен антидене титрін көрсетеді. ПТР көз тәжірбиесінде ед жиі қолданады. Көз сұйықтығын ПТР-мен зеріттегенде дұрыс диагноз қоюға көмектеседі. Амниотикалық сұйықтықты пренаталды диагностика үшін ПТР мен зеріттегенде оң нәтиже берген.
