Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
перевод1.docx
Скачиваний:
9
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3 Мб
Скачать
☆

3.2. Нәрестенің мүшесі мен жүйелерінің анатомо- физиологиялық ерекшеліктері

Жүйке жүйесі. Нәресте туған кезде оның орталық және шеткері жүйке жүйесі толық жетілмеген болады.

Бас миы. Бас миының салмағы туылған кезде салыстырмалы түрде үлкен, бірак ми қатпарлары мен сайлары толық жетілмеген, мидың сұр заты ақ затынан дифференцирленуі қиын, миелин қабаты жоқтың қасы. Ми тіні суға бай, арнайы органикалық заттары аз. Мидың сайлары мен қатпарларының интенсивті дамуы өмірінің бірініші жылында жүреді. Ми талшықтарының толығымен миелинизациялануы орта жаста аяқталады.

Жұлын.ол ертерек дамиды және құрлымы мен қызметі жағынан анағұрлым жетілген; ересек адамның жұлынына қарағанда ұзынырақ болады, бұны жұлын пункциясын жасағанда ескеру қажет.

Сезім мүшелерінің дамуы. Нәрестелерде дәм сезу мен сипап сезуі жақсы дамыса, ал иіс сезуі нашарлау дамыған болады. Есту мен көру ең қиын дамиды.

Алғашқы 1,5 жылда бас миы қыртысының негізгі қызметтері түзеледі, алғашқы шартты рефлекстерден екіншілік белгілік жүйеге дейін- ол бас миының ең жоғарғы қызметі.

Шартсыз және шартты-рефлекторлы қызмет. Нәресте көптеген шартсыз рефлекстермен туылады(сору, жұту, қорғаныс).Нәрестеде уақыт өте келе жойылытын кейбір қарапайым рефлекстер байқалады( тірек, Моро және т.б.). Нәрестелік кезеңде шартты рефлекстердің дамуы шектелген, себебі бас миының қыртысына сыртқы тітіркендіргіштердің әсері өте күшті болады, орталық жүйке жүйесі тез шаршап, нәресте тежеліп, ұйқыға кетеді.

Тері жамылғысы. Нәрестенің тері жамылғысын, ересектікінен айыратын бірқатар морфологиялық және функционалды ерекшеліктері болады. Бұл айырмашылықтар, ерте жастағы тері зақымдануының жиілігі мен ағымының ерекшеліктерін түсіндіреді.

Тері және тері асты шел қабаты.Дені сау нәрестенің терісі тегіс, бархыт тәріздес, ашық-күлгін түсті. Оның қанмен қамтамасыз етілуі ,жақсы дамыған капилярлық тор есебінен қан тамырлары кең және өткізгіштігі жоғары. Мүйізді қабаты жұқа , ол бір-бірімен әлсіз байланысқан 2-3 қабаттан және үнемі ысылатын жасушалардан тұрады. Негізгі (үрықтық) қабаты жақсы дамыған. Нәресте терісінің қалпына келу (регенерациясы) қабілетінің жоғары болуы осыған байланысты. Дерма емізікті және ретикулярлы қабаттардан тұрады, оның дәнекер негізі мен бұлшыетті талшықтары әлсіз дамыған. Эпидермис пен дерма аралығында босаңсыған клетчатка түрінде- базалды мембрана орналасқан, ол терінің негізгі қабаттарына тығыз байланыс бермегендіктен, тері аурулары кезінде , эпидермис пен дерманың оңай ажырауы болады.

Тері қызметі. Морфологиялық жетілмегендігіне байланысты, оның қорғаныс қызметі жеткіліксіз- тері тез жараланғыш және ажырауға бейім, химиялық тітіркендіргіштердің кері әсерін қабылдағыш, оңай инфицирленеді, инфекцияларға жиі кіру қақпасы болады. Сондықтан да, нәрестенің күтімінде анасы мен туысқандары оны тазалықта ұстап, ерте жаста құрамында тітіркендіргіштер бар және оңай сіңетін заттары бар жағындыларды (мази) қолданудан мейілінше бас тартқан жөн.

Нәрестелерде терінің жылу реттеуші қызметі жақсы дамымаған.

ОЖЖ-нің жылу реттеуші қызметі жеткіліксіз дамуы және тері жамылғысының беткейі арқылы жылу мен ылғалдың белсенді бөлінуі салдарынан, 1 жасқа дейінгі балалар денесінің тұрақты температурасын нашар ұстайды: нәресте денесі оңай қызып немесе тоңады. Ағзаның жылу реттеуіне тері бездері қатысады. Алайда, нәресте өмірінің алғашқы күндерінде, бас миының терібөліну орталықтарының жетілмегендігінен олар қызмет етпейді, олардың өзектері әлсіз дамыған және эпителиалды жасушалармен жабылған. Нәрестелерде терінің жылу реттеуші қызметі жеткіліксіз дамығандықтан, оны тоңазыту мен қызып кетуінен аялау керек.

Терінің бөлу қызметі- жұқа эпидермис қабаты, жақсы қанайналымы мен дене терісінің салысытрмалы түрде үлкен көлемі арқасында жақсы дамыған.

Терінің тыныс алу қызмті ересектерге қарағанда нәрестелерде маңыздырақ. Терінің тыныс алу мүшесі ретінде толық қызмет етуі, күнделікті гигиеналық шомылдырулармен нәрестенің тиянақты күтімін жүргізгенде болады. Теріде ультракүлгін сәулелер әсерімен , фосфор- кальций алмасуында маңызды рол атқаратын D дәрумені синтезделеді.

Дәрументүзуші қызметін атқару үшін нәрестенің таза ауада жеткілікті демалуымен өтетін күн тәртібін ұстану қажет.

Нәресте терісі тұңғыш майлаумен жабылған. Ол нәрестенің анасының босану жолдарынан өтуіне көмектесіп, сыртқы әсерлерден қорғайды. Нәресте басының шашатары әдетте жақсы дамыған, бірақ жүрекшесі болмағандықтан жұмсақ болады.

Тері асты шел майы. МТН-лерде жақсы дамыған, өмірінің алғашқы 6 айында қарқынды дамиды. ЖТН-лерде ол ұрты, аяқ-қолдарында жақсы, ал ішінде нашар дамыған. Нәрестелердің шел майынын құрамы ересектердікіне қарағанда химиялық құрамы бойынша ерекшеленеді. Онын құрамында жоғары нүктеде еритін қатты май қышқылдары көп. Сонын әсерінен тері асты шел майы нәресте суықтағанда тығыздалып, склерема мен склередема жағдайлары даму ықтимал.

Сүйек –бұлшық ет жүйесі. Нәресте қаңқасынын негізін шеміршекті тін құрайды, ол нәресте өсе келе сүйекті тінмен алмасады. Нәрестенің сүйек тіні құрамында су көп, ал минералдарды тұздары аз болады. Осыған байланысты сүйектері жұмсақ, эластикалық және тез деформацияға ұщырағыш болады. Балалық шақтағы сүйектің серпімділігіне байланысты , ересектермен салыстырғанда аз сынатынын түсіндіреді. Нәрестелерде сүйек үсті тіні қалын болады, онын қалындай түсіп дамуы ерте жастағы сүйек үсті сынықтардың болуын түсіндіреді.

Бас қаңқасы. ЖТН-дің басының өлшемі салыстырмалы түрде үлкен болады, дене ұзындығының ¼ бөлігін құрайды. Бас қанқасының милық бөлігі беттік бөлігіне қарағанда жақсы дамыған.бастың тігістері кең, бітіспеген, оңай сипап-сезіледі. Олар 2-3 айға қарай жабылады.нәрестелік жастағы балалрдың бас қанқасының ерекшелігі болып еңбектің болуы есептеледі. Еңбек өзінің эластикалық қасиетіне байланысты қанқа ішілік қысымға байланысты томпайып немесе ішке тартылып тұруы мүмкін. Үлкен еңбек ромб формасында, самай және маңдай сүйектерінің арасында орналасқан, орташа өлшемі-2х2,5-3см. Кіші еңбек үшбұрыш формада, самай және шүйде сүйегінің арсында орналасқан.туған кезде көбінесе ол жабық болады, кейде алғашқы 1 ай ашық болады. Бүйір еңбектер құрсақішілік кезеңнің соңында, немесе туылған cоң жабылады. Бас қаңқасының жарғақты қалдығы босану жолдарынан өткенде бастың едәуір жылжуын қамтамасыз етеді.

Кеуде қуысы. 1 жасқа дейінгі нәрестелерде кеуде қуысы цилинр тәрізді немесе кесілген конус тәріздес болады. Қабырғалары көлденең орналасқан, дем алу қалпында омыртқаға тік бұрыш қалпында болады. Бұл кеуде қуысының қозғалысын шектеп, өкпенің ашылуын қиындатады. Ерте жастағы балалардың тыныс алу тереңдігі көбінесе диафрагма экскурсиясымен қамтамсыз етіледі.

Омыртқа . Нәрестеде түзу болады , кішкене ғана артқа қарай томпаюы болады. Физиологиялық бүгілімдер статикалық қызметтердің пайда болуымен қалыптасады: 2 айлық жаста (нәресте басын ұстай бастайды)- мойын лордозы, 6 айында (нәресте отыра бастайды)- кеуде кифозы, 1 жасқа қарай (нәресте жүреді)- бел лордозы пайда болады.

Қуысты сүйектер. Қуысты сүйектердің диафизі мен эпифизі арасында ұзақ уақыт бойы эпифизарлы шеміршек сақталады. Шеміршекті кеңістіктің , қан тамырларының қалың торының болуы, жасушалардың қарқынды дамуы остеомиелитке алғышарттар жасайды. Нәресте буындарының қозғалғыштығы - бұлшықет пен байланыс аппараттарының әлсідігінен жоғары болады.

Бұлшықет жүйесі. Нәрестелерде өмірінің алғашқы айларында ОЖЖ-ң қызметінің ерекшеліктеріне байланысты, бұлшықет тонусы жоғары болады. Бүккіштердің тонусы жазғыштарға қарағанда басым болады. Уақыт өте бұлшық еттердегі жоғары тонус жойылады(2-2,5 айда қолдардан, 3-4 айда аяқтардан). Нәрестелердің бұлшық еттері әлсіз дамыған. Бұлшық еттің дамуында жыныстық ерекшеліктер бар.

Тыныс алу мүшелері. Тыныс алу мүшелерінің жүйесін ауаөткізгіш жолдар мен газалмасу аппараты құрайды. Жоғарғы тыныс алу жолдарына - мұрын қуысы, жұтқыншақ және көмей жатады. Төменгі тыныс алу жлдарына- трахея мен брлнхтар жатады. Атмосфералық ауа мен қан арасындағы газалмасу өкпеде жүзеге асады. Нәресте туылған кезде тыныс алу мүшелері морфологиялық әлі толық жетілмеген болады. Өмірінің алғашқы жылдарында олар қарқынды түрде дамып, дифференцияцияланады. Тыныс алу мүшелерінің морфологиялық құрылымының ерекшеліктері :

  • жіңішке, щңай жараланғыш шырышты қабаты

  • бездері жеткіліксіз дамыған

  • иммуноглобулин А мен сурфактанттың продукциясы төмен

  • шырыш асты қабаты капилярларға бай, көбіне борпылдақ клетчаткадан тұрады

  • төменгі тыныс жолдарының жұмсақ, иілгіш шеміршекті каркасы

  • өкпе мен тыныс алу жолдарының эластикалық тіннің аз мөлшері.

Мұрын қуысы жетілмеген, мұрын жолдары жіңішке, қалқаншалары қалын. Төменгі мұрын жолы болмайды. Нәрестелерде мұрын қабынуы кезінде, шырыштың ісінуі оңай дамиды, салдарынан мұрын жолдарының өтімсіздігіне, емуді қиындауына , етігуге әкеледі. Мұрынның шырыш асты қабатының үңгірлі тіні нашар дамыған, осымен мұрынның сирек қанайтыны түсіндіріледі. Нәресте туылғанда мұрынның қосалқы қуыстары жетілмеген. Сонда да ерте жаста синуситтер дамуы мүмкін. Жас- мұрын өзегі кең болғандықтан, инфекция мұрыннан коньюктивалды қапшыққа оңай өтеді.

Жұтқыншақ ерте жастағы балаларда салыстырмалы түрде жіңішке және кішірек болады. Ересектеу баларға қарағанда Евстахиев түтігі қысқа және кең , көлденеңдеу орналасқан, шығатын өзегі хоаналарға жақын болады. Бұл жағдай ринит кезінде жарғақ қуысының оңай инфмцмрленуіне әкеледі.

Көмекей. Нәрестелерде жұмсақ, оңай иілгіш болады, сондықтанда трахеяның кіре берісін толық жабу қасиетін жоғалтады. Құсу мен лоқсу кезіндегі асқазан ішіндегімен аспирациялану қаупі осымен түсіндіріледі. Көмекей шеміршегінің жұмсақтығы мен дұрыс орналаспауы көмей кіреберісінің функционалды тарылуы мен стридорозды тыныстың пайда болуына себепші болуы мүмкін.

Көмей нәрестелерде ересек адамдарға қарағанда жоғары орналасқан, сондықтанда ол арқасында жатып сұйық тамақты жұта алады. Көмей фомасы воронка тәріздес. Буын асты кеңістік аймағында тарылу айқын көрінеді. Нәрестелерде осы жерде көмей диаметрі 4мм ғана құрайды. Көмейдің тар саңылауы, шырышасты қабаттың оңай ісінуі, буын асты кеңістіктегі нерв рецептрлерінің көп болуы салдарынан тегіс бұлшықеттерінің спазмы- респираторлы инфекция кезінде көмей тарылуына ( стенозына ) әкелу мүмкін.

Трахея . Нәрестеде салыстырмалы түрде кең болады, бітпеген шеміршекті сақиналар мен кең бұлшықетті мембранамен ұстап тұрады.Бұлшықет талшықтарының кеңеюі мен тарылуы оның саңылауын өзгертеді. Трахея өте жылжымалы, оның саңылауының өзгергіштігі мен шеміршектерінің жұмсақтығымен қатарласуы, дем шығарған кезде оның баслуына әкеліп және экспиратолы ентігу немесе дөрекі қорылды тыныстың (тума стридор) себебі болады.

Бронхиалды тал. Нәресте туылған кезде толық жетіледі. Бронхтардын негізін трахеянікі сияқты фиброзды пленкамен қосылған жартылай сақиналар құрайды, сондақтанда бронхтар жіңішке, ал олардың шеміршектері жұмсақ және иілгіш болады. Ерте жастағы балаларда бронхтардың трахеядан шығатын бұрышы бірдей, сондықтан бөгде денелер оң жақ және сол жақ бронхыға бірдей түсуі мүмкін. Ерет жаста бронхиалды тал тазартқыш қызметін толық атқармайды. Өзіндік тазару механизмдері- бронхтардың шырышты қабатының жыпылықтайтын эпителиінің толқынды қозғалысы, бронхиолдадың перистальтикасы, жөтелу рефлексі- ересектерге қарағанда едәуір әлсіз дамыған. Шырышты қабаттың ісінуі мен қызаруы, инфицирленген шырыштың жиналуы бронхтардың саңылауын тарылтып, оның толық бітелуіне әкелу мүмкін, ол өз алдына ателектаздардың дамуы мен өкпе тінінің инфицирленуіне әкеледі. Ұсақ бронхтарда спазмның оңай дамуы нәрестелерде бронхит пен пневмония кезіндегі демікпелік компонент пен демікпенің жиі кездесетінің түсіндіреді.

Өкпе. Нәрестенің өкпесі толық жетілмеген. Терминалды бранхиолалар ересектердікіндей бір жұп альвеоламен аяқталмай, қапшықтынып келіп, шеттерінен жаңа алвеолалар қалыптасады. Өкпенің интрерстециалді тіні борпылдақ, дәнекерұлпалық тіні және эластикалық талшықтары аз, бірақ өзек пен тамырларға бай. Осыған байланысты нәрестенің өкпесі ересектерге қарағанда толық қанды және менее воздушный-үлпілдек. Эластикалық талшықтардың бозғылттығы - эмфиземаның оңай дамуы мен өкпе тінінің ателектаздануына мүмкіндік туғызады. Ателектазға бейімділік сурфактант жетіспеушілігінен күшейеді, ол алвеоланың ішкі қабатын жұқа пленкамен қаптайтын, беткейлік белсенді зат . Ол дем шығарған кезде олардың жабысуына кедергі жасайды. Сурфактант жеткіліксіздігі кезінде алвеолалар толық жазылмағандықтан тыныс жеткіліксіздігі дамиды. Ателектаздар жиі өкпенің артқы төменгі бөлігінде дамиды, оның әлсіз вентиляциялану салдарынан. Ателектаздардың дамуы мен өкпе тінінің оңай инфицирленуіне , нәрестенің еріксіз көлденең қалыпта болғанда - қан айналымның әлсіреуі мүмкіндік туғызады. Ерте жастағы балалардың өкпе паренхимасы тыныс жолдарындағы ауа қысымының аз мөлшерге көбейген кезінде де жыртылуы ықтимал. Бұл жасанды өкпе вентиляциясының техникасын бұзған кезінде болады. Өкпе тамыры ірі бронхтар, тамырлар мен лимфалық түйіндерден тұрады. Лимфалық түйіндер инфекцияның кіргенін сезінеді. Плевра- қан және лимфа тамырларымен жақсы қамтамасыз етілген , салыстырмалы қалың, оңай созылмалы. Плевраның париеталды жапырағы әлсіз фиксацияланған. Плевра қуысында сұйықтықтың жиналуы , көкірек қуыс мүшелерінің ығысуына әкеледі.

Кеуде қуысы, диафрагма, көкірек қуысы. Диафрагма жоғары орналасқан. Оның жиырылуы кеуде қуысының тік өлшемін үлкейтеді. Өкпе вентиляциясын, диафрагма қозғалысын қиындататын жағдайлар нашарлатады (метиоризм, паринхиматозды мүшелердің көлемі үлкейгенде). Балалардың кеуде қуысының иілгіштігі -тыныс алу кезінде қабырға аралықтың пародоксалды тартылуына әкелу мүмкін.

Өмірдің әртүрлі кезедерінде тыныс алудың өзіндік ерекшеліктері болады:

  • Тыныс алу сипаты -беткейлі және жиі.

Нәресте жасы кіші болған сайын тыныс алу жиілігі соғұрлым жоғары.

Ең жоғары тыныс алу жиілігі ЖТН-де болады -40-60 минөтіне, кейде оны нәрестенің «физиологиялық демікпесі » деп те атайды.

  • Нәрестенің тыныс алу жиілігінің тамыр соғысына қатынасы 1:2,5-3 құрайды.

  • Нәресте өмірінің алғашқы 2-3 аптасында тыныс аритмиясы болады. Ол тыныс алу мен шығару арасындағы үзілістің дұрыс кезектеспеуінен болады. Дем алу дем шығаруға қарағанда анағұрлым қысқа. Кейде үзіп-үзіп тыныс алу болады. Ол тыныс орталығының қызметінің толық жетілмегендігіне байланысты.

  • Тыныс алу түрі -жас пен жынысқа байланысты. Ерте жаста құрсақтық тыныс байқалады (диафрамалды).

Жүрек-тамыр жүйесі. Нәресте жүрегі салыстырмалы түрде үлкен, дене салмағының 0,8 % құрайды. Доғал пішінді, ол қарыншалардың жеткіліксіз дамуы мен жүрекшелердің салыстырмалы үлкен көлемімен байланысты. Диафрагманың жоғары орналасуына байланысты, жүрек көлденең орналасқан. Оң және сол жақ қарыншалар қалыңдығы бірдей десе болады. Кейде жүректің оң және сол жақ бөлімдерінің қан тамырлары арасында әртүрлі байланыстар сақталу мүмкін: жүрекше аралық пердедегі жұмыр саңылау, артериалды ағым, кіші қан айналым шеңберіндегі артериоло-венулярлы анастамоздар және т.б. Осы байланыстар нәтижесінде қан, жоғары қысымды камералардан, кіші қысымды камераларға лақтырылады. Кейбір жағдайларда , өкпе артериясы мен жүректің оң жақ бөлімшелерінің қысымы , үлкен қан айналым шеңберіндегі артериялардың қысымынан жоғарлап , қан ағысының бағытын өзгертіп (оңнан солға қарай шунт), артерия мен вена қанының араласуына әкеледі.

Нәресте жүрегінің миокард құрлымы келесі ерекшеліктерге ие:

  • Бұлшық ет талшықтары жіңішке, миофибрилл мөлшерінің аздығына байланысты , әлсіз иректелген.

  • Миозиннің изомері басым- АТФ тың және Са каналдар қызметінің төмен белсенділігімен.

  • Митохондрийлер мөлшері аз

  • Бос май қышқылдарының метаболизміне қатысатын митохондрий ферменттерінің белсенділігі төмендеген (карнитин жеткіліксіздігі).

  • Жүректе эластикалық тінге қарағанда строма басым. Миокардтың осы аталған ерекшеліктері аз инотропты белсенділікті, вентрикулярлы дезадаптивті ремоделирлеудің тез дамуы арқасында жүрек камералары кеңеюге бейімділігінен сфералық , «шар тәрізді» миокард формасынының құрылуын, сол жақ қарыншаның эксцентрикалық гипертрофиясының дамуын, атрио- вентрикулярлы клапандардың салыстырмалы жеткіліксіздігін шарттайды.

Нәресте жүрегі

Тамырлар. Ерте жастағы балалардың тамырлары салыстырмалы кең болады. Веналардың саңылауы артериялардың саңылауымен шамамен тең. Капилярлар жақсы дамыған. Олардың өткізгіштігі ересектікілерге қарағанда анағұрлым жоғары . Капилярлардың кеңдігі мен көптігі қан ағымының төмендеуіне икемдейді, салдарынан 1жасқа дейінгі нәрестелерде жиі пневмония, остеомиелит сияқты аурулар даму мүмкін. Балаларда қан ағысымының жылдамдығы жоғары, есейген сайын ол баяулайды, бала өскен сайын тамыр арнасының ұзаруына , жүрек соғу жиілігінің баяулауына байланысты. Балалардың артериалды тамыр соғуы ересектерге қарағанда жиірек, бұл баланың жүрек бұлшық етінің тез жиырылуымен, жүрек қызметіне кезбе нервінің әсерінің төмендігі мен зат алмасу деңгейінің жоғарлығымен байланысты. Ең жоғары жүректің соғу жиілігі нәрестелерде 120-140 мин. Балалардың тамыр соғуына тыныстық аритмия тән: дем алғанда- жиілейді, дем шығарғанда- баяулайды. Балалардың артериалды қысымы төменірек, ол сол жақ қарыншаның кішірек көлемімен, тамырлардың кең саңылауымен және артериалды қабырғалардың созылғыштығымен шартталған.

АҚ бағалау үшін жастық АҚ көрсететін кестелерді қолданады. МТН систолалық (жоғарғы) АҚ 65-85мм.сын.бағ. құрайды. 1 жасқа дейінгібалалардың АҚ келесі формуламен есептейді : 76+2n, n- айлар саны, 76- нәрестелердегі орташа АҚ көрсеткіші.

Асқорыту мүшелері. Құрсақішілік даму кезінде ұрықтың тамақтануы анасынан келіп түсетін тағамдық заттар арқылы жүзеге асатын. Туылған соң нәресте тамақтанудың жаңа түріне ауысады. Нәрестенің ас қорыту мүшелері толық жетілмеген және тек қана ана сүтін қорытуға бейімделген.

Ауыз қуысы. Нәрестенің ауыз қуысы салыстырмалы түрде кішірек. Шырышты қабаты нәзік және қан тамырларға бай. Сілекей бездері аз мөлшерде сілекей шығарады. Қан тамырлардың көптігі мен шырышты қабаттың құрғақтығы, оның оңай жаралануына мүмкіндік береді. Сору актісіне - жақсы дамыған тілдің, еріннің, шайнау бұлшық еттері, ұртта орналасқан майлы Биш түйіршіктері, еріннің шырышты қабатының көлденең иреленуі, қызыл иек шырышты қабатының валик тәрізді қалың болуы көмектеседі. Нәрестеге ана емшегін бергенде, ол еріндерімен емшектің ұшы мен ареоланы қамтиды. Ауыз қуысы мен сыртқы ауа арсындағы байланыс тоқтайды. Нәресте тілі таңдайға жанасып, төменгі жақ түсіп, ауызда теріс қысым пайда болады. Ауыз қуысының сиретілген кеңістігіне сүт келіп түседі. Бірнеше сору қимылының нәтижесінде жиналған сүт сілекеймен араласып, жұтылады.

Өңеш. Ерте жастағы нәрестелерде ол салыстырмалы түрде ұзынырақ, кардиалды сфинктер әлсіз дамыған.

Асқазан. Асқазан көлемі салыстырмалы кішкентай. Нәрестелерде оның сыйымдылығы 30-35 мл. Нәресте көлденең жатқанда асқазанның пилорикалық бөлігі түбіне қарағанда жоғары орналасады. Қақпасы жақсы жабылады, бірақ асқазанның кең кіреберісі толық жабылмайды, ол құсу мен лоқсудың оңай туындауына әкеледі. Алты айға дейінгі нәрестелерде асқазан сөлінің қышұылдығы мен ферменттерінің белсенділігі төмен, ол 6 айдан кейін бірте-бірте жоғарлайды. Ана сүті асқазанда 2-3 сағатқа, ал сиырдікі 3-5 сағатқа кідіреді, оның қиын қортылатынын көрсетеді.

Бауыр. Нәресте туылған кезде бауырдың көлемі айтарлықтай болғанымен, қызметі бойынша жетілмеген, әсіресе бұл антитоксикалық және сыртқы секреторлы қызметтерінде білінеді. Бауырдың уландырғыш заттарды бейтараптайтын -кедергілік қызметінің жеткіліксіздігінен, әр түрлі аурулар кезінде токсикоздарға жиі әкеледі. Өттің мөлшерінің аздығынан майлардың қортылуы шектеліп, нәжіспен бірге бөлінеді.

Ұйқы безі. Нәрестелерде анатомиялық қалыптасқанымен, сыртқы секреторлы қызметі жетілмеген.

Ішек. Асқорыту жүйесіндегі мүшелердің толық жетілмегендігі бірқатар құрылымдық және қызметтік ерекшеліктермен компенсацияланады. Олар нәрестеге тамақтану түрінің өзгерістерісіне қарамастан зат алмасуды жоғары деңгейде сақтап, бейімделуге көмектеседі. Бұл ерекшеліктерге: ішектің шырышты қабатының жөғары өткізгіштігі, қан тамырларының көптігі, оның салыстырмалы үлкен ұзындығы, тамақтың бір компоненті көбейгенде (белоктар, майлар немесе көмірсулар) ферменттердің белсенділігінің өзгеруі жатады. Нәрестелерде қуысты асқорту дамымаған, ана сүті бұл асқорыту түрін қажет етпейді.Ішек қабырғаларының жоғары өткізгіштігінен , тамақтың толық қорытылмаған өнімдері және токсиндер тамырларға оңай өтіп, токсикоз дамиды. Асқазан-ішек жолдарының анатомиялық құрылымының толық аяқталмауы , жиі ішектің перистальтикасының бұзылыстары мен жарақаттануына әкеледі. Фертентті жүйелердің белсенділігінің төмендігі немесе кейбір ферменттердің жоқ болуы , асқорыту қызметінің әртүрлі бұзылыстарына әкеледі. Соқыр ішек пен аппендикулярлы өсіндінің қозғалғыштығы, оның жиі атипиялық орналасуы қабыну кезінде диагностиканы қиындатады. Шажырқайдың созылғыштығы мен үлкен ұзындығы , ішек ілгегінің түйілуіне (инвагинация) мүмкіндік береді. Сигма тәрізді ішектің терең бүгілісі , жиі іш қатудың себебі болады. Нәрестелердің тік ішегінің шырышты қабатының әлсіз бекітілуі , нәжістің тұрақсыз кездерінде (іш қату немесе диарея ) оңай шығып кетуіне әкеледі.

Асқазан-ішек жолдарының микрофлорасы. Нәрестенің АІЖ алғашқы тамақтандыруға дейін стерильды болады. Туылған соң алғашқы сағаттарда микрофлора ауыз қуысында, кейінірек меконийде (алғашқы нәжіс) де табылады . АІЖ жоғары бөліктерінде әдетте аз болады. Тоқ ішектегі микрофлора сипаты көбіне тамақтану түріне байланысты. Емшекпен тамақтану кезінде - бифидумфлора, ал сүт қоспаларын енгізгенде- ацидофилді таяқшалар мен энтерококктар басым болады. Ішектің қалыпты микрофлорасы келесі үш негізгі қызметті атқарады:

  • Иммунологиялық кедергі құру

  • Тамақтың қалдықтарын соңына дейін қорыту

  • Дәрумендер мен ферменттерді синтездейді

Ішектің қалыпты микрофлорасы - инфекция , қате тамақтану, микробтарға қарсы емді орынсыз қолдану кезінде оңай бұзылады.

Нәжіс сипаттамасы. Нәжістің сипаты, жиілігі мен көлемі - тамақтану түрі мен ішектің микрофлорасына тәуелді. Ана сүтімен тамақтанатын балалардың нәжісі быламық тәрізді, сары, қышқылдау иіспен. Алғашқы жарты жылдықта нәжістің жиілігі – 2-4 рет күніне, екінші жартысында- 1-2 рет. Нәжістің көлемі шамамен – тәулік ішінде жеген тамақ пен ішкен сұйықтықтың 2 % құрайды, pH төменгі шекарасы 5,8. Жасанды тамақтандыру кезінде нәжіс паста тәрізді, қиқымды, ақ-сары түсті, шіріткіш жағымсыз иісті болады. Нәжістің жиілігі сирегірек, тәулігіне 1-2 рет. Нәжістің көлемі шамамен – тәулік ішінде жеген тамақ пен ішкен сұйықтықтың 5 % құрайды. Нәжістің pH 6,8-7,5. Бұл- сиыр сүтінің белогы нашар сіңірілуі мен ішектегі шіру үдерісінің дамуымен байланысты.

Несепшығару мүшелері. Нәресте туылған кезде несеп шығару мүшелері жетілген, бірақ құрылымдық және қызметтік ерекшеліктерге ие.

Бүйректер. Нәрестелердің бүйректерінің салмағы ересектердікіне қарағанда жоғары болады. Нәрестелердің бүйректері ересектерге қарағанда 1-1,5 омыртқаға төмен орналасқан. Бүйректердің салыстырмалы үлкен салмағы мен төмен орналасуы, ерте жастағы нәрестелерде дені сау бүйректерді сипап сезуге мүмкіндік береді.

Нәрестелердің бүйрек астауы мен несепағары салыстырмалы кең, қабырғаларының тонусы - бұлщық еттік және эластикалық талшықтардың жеткіліксіз даму салдарынан төмен болады. Нәрестелердің несепағарының шырышты қабатына иреңдік мен қыртыстық тән. Несепағардың иреңдігі, қабырғалардың тонусының төмендігі , бүгілістің болуы - несептің ағымының баялауына, бүйрек астауында қабыну үдерістерінің дамуына мүмкіндік туғызады.

Қуық. Нәрестелерде ересектерге қарағанда жоғары орналасқан. Толмаған күйінде ол кіндік маңайында немесе одан жоғарыда сипап – сезіледі. Қуықтың шырышты қабаты нәзік, бұлшық еттік қабаты және эластикалық талшықтары әлсіз дамыған.Нәресте қуығының сиымдылығы шамамен 50 мл.

Несеп жолы. Нәрестелік кезеңде ер балалардың несеп жолы 5-6 см, қыз балалардыкі қысқа- 1-1,5 см. Қыз балаларды анальды тесікке жақын орналасқан кең және қысқа үрпі бүйрекке инфекцияның еніп,таралуына алғышарттар туғызады. Нәрестелерде қайта сорылу (реабсорбция), секреция, диффузия үдерістері толық жетілмеген, сондықтан да бүйректің несепті концентрациялау мүмкіндігі шектелген. өмірінің алғашқы күндері нәресте 10-20 мл несеп бөледі, несеп шығару жиілігі тәулігіне 4-6 реттен аспайды. Келесі күндері диурез күрт жиілейді. Нәрестелердің несеп шығару саны 20-25 жетеді. Несеп алғашқы күндері ашық түсті(интенсивті түсті), кейде бүйрек капилярларының жоғары өткізгіштігінен құрамында – белок болады. Несептің реакциясы- қышқыл,кейін әлсіз қышқыл болып, келешекте тамақтың сипатына байланысты . Туылғаннан кейін несептің салыстырмалы тығыздығы 1006-1018. өмірінің алғашқы айларында нәресте еріксіз зәр шығарады, себебі несеп шығару шартсыз рефлекске жатады. 5-6 айлығына қарай несеп шығаруға шартты рефлекс қалыптаса бастайды, оны бекіту қажет.

Қан жүйесі. Қан жүйесіне: шеткері қан, қан жасау және қан бұзу мүшелері жатады(қызыл жілік май,бауыр көк бауыр, лимфалық түйіндер және т.б. лимфоидты құрылымдар ).

Эмбрионалды кезеңде қан жасаушы мүшелерге- бауыр, көк бауыр және лимфоидты тін жатады. Туылғаннан соң, нәрестенің қан түзілуі негізінен жілік майында топтанады, ерте жастағы балаларда барлық сүйектерінде өтеді.

Лимфа түйіндері көптеген жас формалары бар лимфа тамырлары мен лимфалық элементтерге бай. Лимфа түйіндерінің морфологиялық және қызметтік толық жетілмегендігі- кедергілік қызметінің жеткіліксіздігіне әкеледі, осыған байланысты нәрестелерде инфекционды агент қан ағымына оңай өтеді. Бұл кезде лимфа түйіндерінде көрнекті өзгерістер байқалмайды. Дені сау балаларда мойын (жақ асты, алдыңғы-, артқы мойын, желке), қолтықасты және шат лимфа түйіндері сипап-сезіледі. Олар жеке, жұмсақ, қозғалмалы, өзара және айналасындағы тіндермен жабыспаған, көлемі тарыдан жасымыққа дейін.

Айыр без нәресте туылған кезде жақсы дамыған.

Көк бауыр. Иммунитеттің шеткері мүшелерінің бірі. Оның ішінде - лимфоциттердің түзілуі, эритроциттердің, тромбоциттердің бұзылуы, темірдің жиналуы, иммуноглобулиндер синтезі жүреді. Қанды депонирлеу көкбауыр қызметіне кіреді.

Нәрестелердің бадамша безі терең орналасқан және шағым көлемді. Бадамша бездің құрылымдық және қызметтік толық жетілмегендіктен, 1 жасқа дейінгі балалар баспамен сирек ауырады.

Нәрестенің қан жасаушы жүйесіне айқын қызметтік тұрақсыздық тән, оңай жараланғыш, патологиялық жағдайларда қанжасаудың эмбрионалды түріне қайта ауысуы мүмкін.

Гемотологиялық белгі бойынша балалар жасын 3 кезеңге бөледі:

  1. нәрестелік

  2. емшек еметін

  3. 1 жастан кейін

Нәрестенің қаны. Бұл жастық кезеңде шеткері қанда- эритроциттер санының көптігі мен гемоглобиннің жоғары деңгейі тән. Қанның 60-80% құрсақішілік гемоглобин (феталды) құрайды. ШТН-де оның деңгейі 80-90 % жетеді. Плацентарлы қанайналым жағдайында оттегіні тасуға бейімделген, ересектердің гемоглобиніне қарағанда , феталды гемоглобин оттегімен тезірек байланысады, бұл нәрестелерге өмірінің жаңа жағдайларына бейімделуінде маңызды рол атқарады. Бірте – бірте алғашқы 3 айда оның ересектер гемоглобинімен алмасуы жүреді. Нәрестелік кезеңде түсті көрсеткіш 1-ден асады(1,3 ке дейін). Нәрестенің қанында өмірінің алғашқы күндерінде нейтрофилдер басымырақ болады (60-65%). Лимфоциттер саны 16-34%, 5-6 күнге қарай нейтрофилдер мен лимфоциттер саны теңеседі(лейкоцитарлы форманың бірінші физиологиялық айқасуы). Өмірдің алғашқы айының соңында нейтрофилдер саны 25-30% дейін төмендеп, ал лимфоциттер саны 55-60% дейін көбееді.

Нәрестенің қан ұйыту жүйесі бірқатар ерекшеліктерге ие. Нәрестелік кезеңде қанның ұйуы төмендеген, ол протромбинді комплекстің компоненттері :II,V,VII факторлардың белсенділігінің төмендеуімен шартталған. 1 жасқа дейінгі нәрестелерде тромбопластин түзілуі баяу. Келешекте бауырдың жетілгендігіне қарай қан ұю факторларының белсенділігі жеткілікті болып, күрделі гомеостаз жүйесіндегі тепе-теңдікті қамтамасыз етеді.

Эндокринді жүйе - ағзаның өсуі мен дамуының басты реттегіші. Эндокринді жүйеге : гипофиз, эпифиз, қалқанша безі, ұйқы безі, қалқанша маңы безі, айыр безі, жыныстық бездер, бүйрек үсті бездері жатады. Кейбір эндокринді бездер эмбрионалды кезеңде қызмет атқара бастайды. Нәрестенің өсіп- дамуында ана ағзасының гормондарының маңызды әсері бар, оларды құрсақішілік кезеңде және ана сүтімен бірге алады.

Гипофиз. Қалқанша, бүйрек үсті, жыныстық бездердің қызметі мен құрылымыкөбіне гипофиздің қызметіне тәуелді. Туылу кезінде гипофиздің айқын секреторлы белсенділігі бар. Гипофиздің алдыңғы бөлімінің қызметінің күшеюі( гиперфункция) өсуге ықпал етеді, ол гипофизарлы гигантизмге, өсу кезеңі аяқталғанда акромегалияға әкеледі. Гипофункция гипофизарлы нанизмге әкеледі (карликтікке). Гонадотропты гормондардың жеткіліксіз бөлінуі жыныстық дамудық кідірісімен қоса жүреді. Гипофиздің артқы бөлігінің қызметінің жоғарлауы , жыныстық жетілудің кідірісімен жүретін май алмасуының бұзылысына әкеледі. Антидиуретикалық гормонның жеткіліксіз бөлінуі кезінде қантты емес диабет ауруы дамиды.

Эпифиз. Ересектерге қарағанда оның көлемі үлкенірек, жыныстық циклге, лактацияға, көмірсу және су-электролиттік алмасуға әсер ететін гормондар бөліп шығарады.

Нәрестелерде қалқанша бездің құрылымы аяқталмаған. Туылған кездегі салмағы 1-5 гр. Бездің негізгі гармондарына : тироксин, трийодтиронин, тиреокальцитонин жатады. Қалқанша бездің қызметін гипофиз бен бүйрек үсті бездердің гормондары бақылайды(кері әсер механизм түрі бойынша). Тироксин және трийодтиронин гормондары ағзаның зат алмасуы, өсу мен дамуының негізгі ынталандырушылары болып келеді. Ұрықта қалқанша без қызметінің жетіспеушілігі оның дамуына әсер етпеуі мүмкін, себебі плацента аналық тиреоидты гормондарды жақсы өткізеді.

Қалқанша маңы безі. Ересектерге қарағанда оның көлемі кішірек. Безде паратгормон синтезі жүреді , оның D дәруменімен қосындысы фосфор- кальций алмасуының реттеуінде үлкен маңызы бар. Нәресте өмірінің алғашқы апталарында қалқанша маңы безінің жетіспеушілігінен гипокальцемия дамиды, жиі ШТН-де кездеседі.

Нәрестелерде айыр безі(тимус) аз салмақты . Иммунитеттің орталық мүшесі ретінде тимус Т-лимфоциттер папуляциясын қалыптастырады, олар жасушалық иммунитет үдерісін іске асырады. Айыр безінің алдын ала инволюциясы нәрестелерді инфекционды ауруларға бейім етеді және нерв-психикалық дамуында артта қалады. Айыр безінің қызметімен жыныс безі қызметінің тежелуі мен өсудің белсендірілуі байланысты. Айыр безінің - көмірсулар және кальций алмасуы мен нерв- бұлшықеттік импульстердің өтуінде қатысы бар екені анықталған.

Нәрестелердің бүйрек үсті бездері ересектерге қарағанда үлкенірек. Оның қыртысты бөлігі 60-тан астам биологиялық активті заттар мен гормондар өндіріп шығарады, олар алмасу үдерістеріне әсер етуіне қарай глюкокортикостероидтар, минералокортикоидтар, андрогендер және эстрогендер болып бөлінеді . Глюкокортикостероидтар көмірсулар алмасуын реттейді, айқын қабынуға қарсы және гипосенсибилиздеуші әсері бар. Минералокортикоидтар су-тұз алмасуын реттеуі мен көмірсулар метоболизміне қатысады. Бүйрек үсті безінің қыртысты бөлігі қызметтік тұрғыдан, адренокортикотропты гормондарымен және жыныстық және т.б. эндокринді бездерімен тығыз байланыста. Милық заттың гормондары – адреналин мен норадреналин артериалды қысым деңгейіне әсер етеді. Нәрестелер мен емшектегі балардың бүйрек үсті безінің қыртысты бөлігі ағзаға қажетті барлық кортикостероидтарды бөліп шығарады, бірақ олардың жалпы зәрмен шығуы төмен.Бүйрек үсті безінің қызметі- лимфатико- гипопластикалық диатезбен ауыратын , улағыш әсер болған , қанқұйылулар, ісікті үдерістер, туберкулез, ауыр дистрофиясы бар балаларда төмендеуі мүмкін. Ауыр бүйрек үсті безінің жеткіліксіздігі- дисфункцияның бір түріне жатады.

Ұйқы безі. Бұл без ішкі және сыртқы секреция қызметеріне ие. Оның салмағы 4-5 гр. Ұйқы безінің гормондары Лангерганс аралшықтарында синтезделеді: бета – жасушалар инсулиді өндіреді, ал альфа- жасушалар глюкагон өндіреді. Туылу кезінде ұйқы безінің гормоналды аппараты анатомиялық дамыған және жеткілікті секреторлы қызметке ие.

Жыныс бездері. Оларға аталық және аналық бездері жатады. Бұл бездер тек жыныстық жетілген кезеңде қызмет ете бастайды. Жыныс мүшелерінің өсіуі мен дамуына ,екіншілік жыныстық белгілерінің қалыптасуына жыныс гормондарының айқын әсері бар.

Нәрестелердің анатомо-физиологиялық ерекшеліктері біле отырып, ересектер тарапынан ерекше күтім мен үлкен көңіл бөлгенді қажет етеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]