Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
biletter_kaz_innov_menedzh (2).docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
189 Кб
Скачать
☆
  1. Тəуелді стратегия

Тəуелді.Мұндай стратегия тұтынушылар немесе мемлекеттік органдар жаңа өнімді не технологияны күшпен ендірген кəсіпорындарда байқалады. Ол қосалқы мердігер жағдайында істейтін ұйымда кеңінен қолданылады. Мысалға, экспортқа жұмыс істейтін ірі кəсіпорын өзінің барлық жабдықтаушы кəсіпорындарына халықаралық мөлшерді қанағаттандыратын сапа менеджементі жүйесінің енгізілуін талап етеді

Емтихан билеті №9

  1. Инновациялық кəсіпкерліктегі корпоративтік мəдениет

Корпоративтік мəдениет жалпы мінез-құлық ережелері,

қарым-қатынас тілі, бизнес идеологиясы, сапа стандарттары, əлеу-

меттік этикет үлгілері, əріптестер арасындағы қарым-қатынас

дəстүрлері, субординация, талғам, яғни компания ішіндегі əрбір

жеке тұлғаның «сəйкесінше» мінез-құлқын анықтайды.

Корпоративтік мəдениет – қызметкерлердің қоршаған ор-

таны қабылдау түсінігі. Міне, сондықтан да əрбір қызметкер

өзінің жұмыстағы орнын шынайы бағалайтын болғандықтан,

инновацияларға байланысты революциялық өзгерістерді, сонымен

қатар инновациялық кəсіпкерлікке қатысудың өзін қызметкерлер

өзінің ұлттық мəдениетіне, кəсіпқойлығына, жұмыс орнына бай-

ланысты əр түрлі қабылдайды.

Көбінесе, ұйым мəдениетінің мəнін келесі сипаттамалар

айқындайды:

жаңашылдық жəне тəуекелділікті қолдау;

талдаудың дəлдігі, ұсақ тиектерге көңіл бөлу;

нəтижеге бағыттылық (нəтижеге қол жеткізу əдістері мен

процестеріне емес);

адамдарға бағыттылық (басқарушылық шешімдерді орын-

дау нəтижелерінің ұйым қызметкерлеріне тигізетін əсерін

есепке алу);

командалық тəсіл (жеке қызметкерлердің əрекеттеріне

қарағанда команда əрекеттерінің басымдығы);

қызбалық (қызметкерлердің _______тыныш жұмысқа емес,

бəсекелестік күреске бағытталуы);

тұрақтылық (ұйымның өсу стратегиясының алдында кво

дəрежесін сақтап қалуға ұмтылысының басымдығы).

Инновацияға ашық мəдениет дегеніміз не? Осы тұрғыда SONY

компаниясының тарихына көз жүгіртейік. Кезінде 1945 жылы Мсари Ибука SONY компаниясын құрған кезде, жұмыс топтарының

күш-жігерінің бірігуіне көп көңіл бөлетін идеологияны енгіз-

ген болатын жəне өзін компанияның технологиялық тұрғыдан

жетістікке қол жеткізу үшін жұмысқа арнаған еді. Корпоративтік

идеологияның енгізілу мақсаттары – технологиялық инновация-

ларды қолданғаннан инженерлер тек рахатқа бөленетіндей жұмыс

жағдайын жасау жəне қоғамдағы өздерінің миссиясын сезіну.

Ибуканың жас фирмасы Жапония мен ұлттық мəдениетті қайта

қалпына келтіру үшін жаңа технологияларды енгізу жəне өндіру

саласында белсенді жұмыс істеуге ұмтылды. Осы мақсаттарға

жету үшін фирма басқарушылық тұрғыдан техникалық жетілдіру-

лерге ынталандырулар тағайындап, нарықта үлкен сұранысқа ие

күрделі өнімнің шығарылу көлеміне байланысты емес өндірілуіне

ден қойды. Компания менеджменті өзінің негізгі назарын жекеле-

ген қызметкерлердің қасиеттеріне, олардың нəтижелілігі мен жеке

ерекшеліктеріне, олардың өз қабілеттері мен шеберліктерін керемет деңгейде көрсете алуына бөлді.

  1. Инновациялық қызметті жаңа кезеңде басқару

Қазақстан Республикасында инновациялық басқаруға ерек-

ше көңіл аударылады. Бұл заңды жəне ғылыми-тəжірибелік негізі

бар. Қазақстанда 2003-2015 жылдарға арналған Индустриялық-

инновациялық стратегияны іске асырудың нақты жолдарының

бірі – инновациялық қызметті тиімді басқару. Осыған байланысты

«Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» ҚР Заңы

қабылданды (23.03.2006 ж.). Бұл құжаттың басқару процесін-

де жəне басқару мамандарын дайындауда алатын орны бөлек.

Сондықтан осы заңның мазмұнын, оның басқарудағы алатын ор-

нын білу қажет.Басқару теориясын іс жүзінде қолдану үшін оның негізгі

ұғымдарының мəнін жете білу керек. Осыған орай аталмыш заңда

пайдаланылған негізгі ұғымдар төмендегідей:

инновация – өндірісті жəне қоғамды басқарудың түрлі са-

лаларына енгізілуі экономикалық тұрғыдан тиімді жəне

əлеуметтік, экологиялық тұрғыдан маңызды зияткерлік

меншік объектісі болып табылатын ғылыми жəне ғылыми-

техникалық қызметтің нəтижесі;

инновациялық жоба – инновацияларды енгізуге бағыттал-

ған жəне инвестицияны көздейтін, сондай-ақ белгілі бір

уақыт мерзімі ішінде іске асырылатын жəне аяқталған си-

паты бар іс-шаралар кешені;

инновациялық инфрақұрылым – Қазақстан Республикасы

инновациялық қызметінің бір-бірімен өзара іс-қимыл жасайтын мамандандырылған субъектілерінің жүйесі;

Инновациялық басқару мынадай негізгі нысан дарда жүзеге

асырылады:

инновациялық қызметтің мамандандырылған субъекті ле-

рін құруға қатысу;

мемлекеттік даму институттарын құру, қызметін үйлестіру

жəне жұмыс істеп тұрғандарын одан ары дамыту;

инновациялық жобаларды бюджет қаражаты есебінен іске

асыру;

инновациялық қызметті кадрлық қамтамасыз етуді, соның

ішінде инновациялық менеджмент негізінде оқыту арқылы

ұйымдастыру;

инновациялық қызмет саласында мемлекеттік саясатты

іске асыру үшін инвестициялар тартуды қамтамасыз ететін

қажетті ұйымдық, құқықтық жəне экономикалық жағдайлар

жасау

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]