Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
biletter_kaz_innov_menedzh (2).docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
189 Кб
Скачать
☆
  1. Инновацияның басқару объектісі ретіндегі мəні

Нарық жағдайындағы бəсекелестік қарқынының күшейе түсуі

кəсіпкерлерді ғылым мен тəжірибеге негізделген жаңалықтар

жүйесін пайдалана отырып инновациялық қызметті жетілдіруге

ықпал етеді. Бұл жағдай соңғы кезеңдерде əлемдік экономика-

да бəсекелестік бағытының бағаны төмендету мен ресурстарды

үнемдеу саласынан ғылыми-техникалық прогресс саласына ауы-

суымен де байланысты.

Инновациялық қызмет бұл техникалық-экономикалық өнді-

рістің біртұтастығы. Инновация мəні ғылыми ой-пікірлерді, жаңа-

лықтарды жүзеге асырып, тиімділікке қол жеткізу болып табыла-

ды.

Инновация ағылшын тілінен аударғанда «жаңалықты енгізу»

деген мағынаны береді. Ал жаңалық деп біз жаңа тəртіп, жаңа

əдет-ғұрып, жаңа тəсіл, жаңа ой-пікір жəне жаңа құбылысты ай-

тамыз. «Жаңалықты енгізу» дегеніміз Й. Шумпетердің ұйғарымы

бойынша, келесі жағдайларды құрайды:

жаңа затты, өнімді жасап шығару;

жаңа технологияны, техниканы өндіру;

жаңа өткізу нарығын игеру;

жаңа шикізат көздерін пайдалану;

өндірістің рөлін жаңа талапқа сай ұйымдастыру.

Сонымен, инновациялық қызмет дегеніміз – ғылыми-техникалық

шешімдерді тəжірибе жүзінде пайдалану, нақты жаңа техника мен

технология түрлерін қолдану жəне де өндірісті ұйымдастыруды

жетілдіру. Инновацияның осындай мəні оның кəсіпорын мен жалпы

••••• экономикадағы рөлін айқындай түсіп, қазіргі заманғы басқарудың

бірден-бір қажетті құралы болып табылатынын көрсетеді.

Инновация жаңа ғылым жəне даму үстіндегі іс-əрекет. Осын-

дай шарт тиімді орындалу үшін əрдайым дамуға тиіс. Сол себеп-

ті мақсатқа жетудегі жаңалықтарды орындауда инновацияның

қайнар көздерін ашып көрсеткен жөн.

Басқару теоретигі П. Друкер жаңалықты енгізудің 7 қайнар

көзін көрсетті:

a) күтпеген оқиға немесе жағдай;

ə) біздің көзқарасымыздың ақиқатпен сəйкес келмеуі;

б) процестік қажеттілік;

в) демографиялық жəне əлеуметтік-мəдени факторлардың

өзгерісі;

г) қажетті нұсқаулар жəне тəрбиедегі өзгерістер;

ғ) экономикалық жəне құрылымдық өзгерістер;

д) жаңа білім.

П. Друкер сондай-ақ, инновацияның қағидалары мен мін-

деттерін белгілеген. Қағидалар: мүмкіндікті талдау, тұжырым-

дамалық, қарапайымдылық жəне нақтылық, дəйектілік, мақсат-

тылық. Инновацияның міндеттері: мақсатқа бағытталған ізденіс-

терді жүргізу, жағдайға бейімделу, кəсіпкерлік стратегияны

қалып тастыру. Осы бағытта іс-əрекетті күрделендіру мен көпмақ-

саттылық қажет емес.

Инновация басқарушылық қызметтің барлық салаларын

қамтиды, яғни оның менеджмент жүйесінде өз орны бар. Инно-

вация жіктемесі төмендегідей негізгі инновациялық процестердің

сипат тамаларынан тұрады:

1. Құрамы бойынша: а) техникалық; ə) ұйымдастырушылық;

б) əлеуметтік; в) экономикалық.

2. Жаңашылық сипаты бойынша: а) абсолютті; ə) салыс-

тырмалы; б) шартты; в) жекелік.

3. Инновациялық əлеуеті бойынша: а) түбегейлі; ə) қиыс-

тырылған__

Емтихан билеті №17 «Инновациялық менеджмент» пәнінен

  1. Жобаларды таңдау

Жобаларды таңдау

Нақты жобаға қатысты кəсіпорынның инвестициялық қыз- метін реттеудің жалпы процедурасы жобалық цикл түрінде кел- тіріледі. Ол келесі кезеңдерден тұрады:

1. Жобаның дəлелдемесі (кейде «идентификация» термині пайдаланылады). Осы кезеңде кəсіпорын басшылығының жоғары құрамы кəсіпорынның ағымдағы жағдайын талдайды жəне оның ары қарай дамуының басым бағыттарын анықтайды. Осы талдаудың нəтижесі қандай да бір бизнес-идея түрінде ресімделіп, кəсіпорынның маңызды мəселелерін шешуге бағытталады. Бұл кезеңде идеяның орындалуына қатысты сенімді дəлелдер болуы керек. Осы кезеңде кəсіпорынның ары қарай дамуына байланысты бірнеше идеялар туындайды. Егер олардың барлығы бір дəрежеде керек жəне іске асырылатын болса, онда бірнеше инвестициялық жобалар қатар ұсынылып, олардың ішінде қорытынды кезеңінде ең ыңғайлысын қолдануға шешім қабылданады.

2. Жобаны дайындау (ұсыну). Жобаның бизнес-идеясы өзінің бірінші тексеруінен өткеннен кейін оны нақты шешім қабылданғанға дейін дамыту қажет. Бұл шешім оңтайлы жəне оңтайлы емес болуы мүмкін. Осы кезеңде жобаның жоспа- рын біртіндеп жетілдіру мен нақтылау оның коммерциялық, техникалық, қаржылық, экономикалық, институционалдық жəне т.б. өлшемдерінде анықталуы қажет. Жобаның кейбір мəселелерін шешуде ақпаратты жинау жəне іздеу, жобаны ұсыну кезеңіндегі күрделі жəне маңызды мəселе болып саналады.

3. Жобаны талдау. Жобаны іске асырудың алдында оның

кəсіби талдауы жобаның өмірлік циклінің керекті кезеңі болып саналады. Егер жобаны қаржыландыру стратегиялық инвестордың(тікелей немесе несиелік) көмегі арқылы жүзеге асса, инвестор осысараптаманы өзі өткізеді, мысалы, жобаның орындалу процесіндеқаржының көп бөлігін жоғалтпас үшін, осы кезеңде қаражаттың бірбөлігін жұмсай отырып, беделді консалтингтік фирманың көмегін пайдаланады. Егер кəсіпорын инвестициялық жобаның іске асырылуын жеке қаржы есебінен жоспарласа, жобаның негізгі ережелерінің дұрыстығын тексеру үшін жобаны талдау қажет.

4. Жобаны іске асыру. Іске асыру кезеңі жобаны пайдаланғанға дейінгі мерзімді қамтиды. Бұл жерге оларды орындау мерзіміне байланысты қызметтердің барлық түрлерін талдау мен қадағалау, отандық немесе шетелдік инвесторды мемлекеттік мекемелер тарапынан қадағалау кіреді. Осы кезең, сонымен қатар жобаны іске асырудың негізгі бөлігін қамтиды. Оның негізгі мақсаты

инвестор қаражаттарының қайтарымдылығы мен берілген инвестицияларды жабу үшін ақша ағындарының жеткіліктілігін тексеру болып табылады.

5. Нəтижелерді бағалау. Нəтижелерді бағалау жобаның орындалуы барысында жəне оның аяқталуы кезінде іске асады. Бұл қызметтің негізгі мақсаты – жобаны енгізген ойлар мен олардың нақты орындалу деңгей арасында нақты кері байланыс орнату.

Көрсетілген салыстыру жобаны əзірлеушілердің мінсіз тəжірибесін сипаттап, басқа жобаларды іске асыру жəне ұсыну барысында оны пайдалануға мүмкіндік береді.

  1. Инновациялық ғылыми-техникалық негіздер жəне оларды енгізу процесі

Ғылыми өріс бұрыннан дəстүрлі түрде мемлекеттік саясаттың

негізгі саласы болып есептелінген. Қазіргі жағдайда мемлекет

бизнесті ең алдымен қажет ресурстардың бірі – білім жəне иде-

ялармен қамтамасыз етуді өз міндетіне алып отыр. Сондықтан

алдыңғы қатарлы дамыған елдерде ғылыми-техникалық саясат

бірыңғай мақсат ретінде қаралады жəне ол төмендегідей салалар-

ды қамтиды:

ғылыми идеялар мен оларды жетілдіру;

инновациялық бизнес;

кең көлемде ғылымды пайдалану.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік ғылыми-техника-

лық саясатының мақсаттары:

ғылым мен техниканың республика экономикасының да-

муына қосатын үлесін арттыру;

материалдық өндіріс өрісін үдемелі өзгерістермен қамта-

масыз ету;

жаңа өнімнің əлемдік нарықта бəсекелестік деңгейінің

жоғары болуын қамтамасыз ету;

республикамыздың қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетін

нығайту;

экологиялық жағдайды дұрыстау;

қалыптасқан ғылыми-техникалық мектептерді сақтап қалу жəне оларды дамыту

Инновацияларды ұйымдастырудың орындалу кезеңдері, ре-

сурстар құрылымы, уақытылы орындалу мен тоқтатылуы, ұйым-

дастырушылық байланыстары бойынша топтауға болады. Бұл

шарт ты топтау аталған қызметтің дəйекті, бағытталған, шығын-

дар ды талап ететін жан-жақты сипаттарына негізделеді. Ғылыми-

зерт теу саласындағы бейресми байланыстар, шығармашылық із-

деністер, адамдардың ғылыми негіздерге сүйенулері ин но вациялық

процестердің ерекшелігі болып табылады.

Ұйымдастыру нысандары ретінде өзіндік құрылымы, қажетті

ресурстары, басқару тетіктері жəне технологиясы бар жекеле-

ген кəсіпорындар мен арнаулы бөлімдер, олардың бірлестіктері

инновация процесін жүргізеді. Ғылым мен техниканы дамы-

ту тəжірибесінде, оларды өндіріспен байланыстыруға қатысты

қызметтерде инновацияларды ұйымдастыру төмендегідей ерек-

шеленуі мүмкін:

жасалынатын инновация сипатына орай (жаңа техника, жа-

ңа технология, жаңа материалдарды өндіру, экономикалық-

ұйымдастырушылық шешімдер жəне т.б.);

инновациялық процестің қамту дəрежесіне орай (іргелі

зерттеулер, қолданбалы ғылыми зерттеулер, тəжірибелік

өндіріс жəне т.б.);

қатысушылардың иерархиялық байланыстарына орай (тігі-

нен, көлденеңінен, араласқан еңбек бөлінісі);

ұйымдық нысандарға жіктелуіне орай (мемлекеттік ғылы ми

орталықтар, ғылыми кеңестер мен қорлар, бірлестіктер, тех-

нопарктер, бизнес-инкубаторлар, технополистер жəне т.б.);

Инновациялық процестерді ұйымдастыру «ғылым-өндіріс»,

«шығындар-нəтиже» байланыстарына, ірі өндірістің қуаттылығы

мен шағын бизнестің икемділігіне негізделеді. Құрылымдық си-

паты жағынан инновацияларды орындау сызықтық, функционал-

дық, бейімділік, икемділік қағидаларына сүйенеді. Сыртқы орта

факторларының əсері мен ішкі байланыстары негізінде инно-

вацияларды ұйымдастыру зерттеулер мен жасап шығарулар

бағыттарының өзгерісін, ғылыми-техникалық прогресс нəтиже-

лерін, мамандарға деген талаптардың жетіле түсуін жан-жақты

ескереді.

–

–

–

–

Инновациялық процестерді ұйымдастырудың 3 түрі белгілі.

1. Дəйектілікпен ұйымдастыру. Мұнда инновация лық əре-

кеттер кезекпен түрлі бөлімдерде іске асырылады.

Артықшылығы: қаржылық тəуекелді төмендетіп, зерттеу

жұмыстарын бақылауды жеңілдетеді.

Кемшілігі: жаңа өнімдер жасауды жəне инновациялық процес-

терді созып жібереді.

2. Қатар ұйымдастыру. Инновация кезеңдерінің бір бөлімде

аяқталуын талап етпейді, себебі ол бір уақытта бірнеше бөлімде

іске асуы мүмкін.

Артықшылығы: инновациялық процестің іске асу уақытын

қысқартады.

Кемшілігі: қаржылық тəуекелдің деңгейі жоғарылайды.

3. Интегралды ұйымдастыру. Бұл уақыт бойы жаңа тауар мен

қызметтерді жасауға байланысты жұмыстарды біріктіріп, қатар

жүргізуге негізделген. Мұнда белгілі жұмыс бағдарламалары бар

мамандандырылған адамдар тобы құрылады.

Артықшылығы: инновациялық процестің іске асу уақытын

қысқартады; инновациялық шаралардың біртұтас тізбегі құры лады;

өзгерістерге жедел жауап беру мүмкіндігі артады; инновациялық

процеске қатысушылардың барлығының белсен ді əрекет ету-

леріне жағдай жасай отырып, олардың іс-əрекеттерін үйлестіруге

мүмкіндік береді.

Осы көрсетілген инновациялық əрекетті ұйымдасты рудың

формаларын таңдау жəне оны іске асыру инновациялық шаралар-

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]