Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
biletter_kaz_innov_menedzh (2).docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
189 Кб
Скачать
☆
  1. Жобалауды талдау

Жобаны талдау. Жобаны іске асырудың алдында оның

кəсіби талдауы жобаның өмірлік циклінің керекті кезеңі болып са-

налады. Егер жобаны қаржыландыру стратегиялық инвестордың

(тікелей немесе несиелік) көмегі арқылы жүзеге асса, инвестор осы

сараптаманы өзі өткізеді, мысалы, жобаның орындалу процесінде

қаржының көп бөлігін жоғалтпас үшін, осы кезеңде қаражаттың бір

бөлігін жұмсай отырып, беделді консалтингтік фирманың көмегін

пайдаланады. Егер кəсіпорын инвестициялық жобаның іске асы-

рылу ын жеке қаржы есебінен жоспарласа, жобаның негізгі ережелерінің дұрыстығын тексеру үшін жобаны талдау қажет..

Емтихан билеті №18 «Инновациялық менеджмент» пәнінен

  1. Зерттеулер мен жасап шығарудың стратегиясы

Ұзақ мерзімді мақсаттарға жетудегі басқару іс-əрекеті, яғни

стратегия лық басқару қазіргі менеджменттің басты бағыттарының

бірі болып табылады.

Стратегияны таңдау – бұл инновациялық іс-əрекеттің дұрыс

орындалуының кепілі.

Стратегия дегеніміз – кəсіпорынның бəсекелестерге қарағанда

күш-қуатын нығайтудағы бір-бірімен байланысты кешенді іс-

əрекеті, қойылған мақсаттарға жету үшін жан-жақты қамтитын

түбегейлі жоспары.

Осы көрсетілген инновациялық əрекетті ұйымдастырудың

формаларын таңдау жəне оны іске асыру инновациялық шаралар-

дың мақсаттарына, міндеттеріне жəне көмегіне байланысты. Оның

мақсаты:

1. Инновациялық əрекеттер кезекпен түрлі бөлімдерде іске

асырылады.

Артықшылығы: қаржылық тəуекелді төмендетіп, зерттеу жұм-

ыстарын бақылауды оңайлатады.

Кемшілігі: жаңа өнімдер жасауды жəне инновациялық процес-

терді созып жібереді.

2. Инновация кезеңдерінің бір бөлімінде аяқталуын талап ет-

пейді, себебі ол бір уақытта бірнеше бөлімде іске асуы мүмкін.

Артықшылығы: инновациялық процестің іске асу уақытын

қысқартады.

Кемшілігі: қаржылық тəуекелдің деңгейі жоғарылайды.

3. Бұл жаңа тауар мен қызметтерді жасауға байланысты

жұмыстарды біріктіріп, қатар жүргізуге негізделген. Мұнда бел-

гілі жұмыс бағдарламалары бар мамандандырылған адамдар тобы

құрылады.

Артықшылығы: инновациялық процестің іске асу уақытын

қысқартады; инновациялық шаралардың біртұтас тізбегі құры лады;

өзгерістерге жедел жауап беру мүмкіндігі артады; инновациялық

процестерге қатысушылардың барлығының белсенді əрекет ету-

леріне жағдай жасай отырып, олардың іс-əрекеттерін үйлестіруге

мүмкіндік береді.

Инновациялық іс-əрекетте төмендегідей терминдерді білу шарт:

Авторлық құқық – ғылымның, өнердің, əдебиеттің жетістік-

теріне байланысты қоғамдық қарым-қатынасты реттейтін құқық

нормаларының жиынтығы.

  1. Инновациялық менеджмент

инновациялық менеджмент – инновациялық процестерді басқаруға бағытталған және жүйелі әрекеттерден құралған ғылым. Олар: иницияция, инновацияның маркетингі, өндіріс, нарыққа шығу, диффузия. Сонымен қатар олар жүйелік, жинақтылық және қозғалыстық принциптерді қолданады.

Инновациялық менеджмент – ұйым мен өңдеу процестерін жоспарлау (дәлел мен бақылауды ала отырып) және әртүрлі  деңгейдегі  объектілерге жаңалықтар еңгізу мен осы  объектілердің  инновациялық мақсаттарының орындалуын қадағалайтын шама. (Аньшин В.М., Дагаев А.A. анықтамасы)

Инновациялық менеджмент- функционалдық менеджметтің бір түрі. Оның негізгі объектісі- бүкіл ауылшаруашылық саласындағы болып жатқан инновациондық процестер (Л.Н. Оголева).

Инновациялық менеджмент — ғылым және инновациялық қызметті басқару өнері; қызметтің бір түрі және инновацияда басқару шешімдердің қабылдау процесі; инновациялардың басқару аппараты (П.Н Завлин ).

Инновациялық менеджмент- инновациялық қызметтің басқару процесі. Жүйе құрылымында  олар мына эллементерден тұрады: жүйенің кіруі мен шығуы, кері байланыс, фирманың сыртқы және микроортасы, жүйенің элементтері, яғни ғылыми қосталған ішкі жүйе, басқарылатын және басқарушы  ішкі жүйе, қамтамалы және мақсаттық ішкі жүйе (Р.Фатхутдинов).

Инновациялық менеджмент жүйе түрінде формалды әрі формалды емес ережелерінен,  принциптерінен, мөлшерлерінен, орнатулардан,  құнды ақпараттардан тұратын және түрлі инновациялық қызметтерін реттейді.

Жалпы менеджмент ғылымы сияқты инновациялық менедж-

ментке негізгі теориялық жағдайлар мен тұжырымдамалардың

эволюциялық даму сипаты тəн. Инновациялар экономикалық

жүйеде бірқалыпты емес, кластерлер түрінде пайда болады деген

ғылыми болжамды алғаш болып Й. Шумпетер мен Г. Менш айт-

ты жəне негізгі инновациялар туралы мəліметтерді жүйелендірді, яғни экономикалық жүйенің дамуына айтарлықтай əсерін тигізді

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]