Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
biletter_kaz_innov_menedzh (2).docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
189 Кб
Скачать
☆
  1. Инновациялық менеджмент теорияларының қалыптасуы

Инновациялық менеджмент мазмұны инновациялық шара-

ларды ұйымдастыру кезінде жүзеге асырылатын функциялармен

жəне басқару процестерімен анықталады. Инновациялық менедж-

мент функциясын басқару саласындағы еңбекті мамандандыру

мен өнім процесін бөлу сияқты басқару қызметінің ерекше түрі

ретінде қарастыруға болады. Инновациялық менеджмент функ-

циясы өндірістің кез келген саласында жаңашылдықты, жаңа ен-

гізілімді қолдануға негізделген басқару қызметінің жаңа түрлерінің

жиынтығы ретінде түсіндіріледі. Мұндай басқару тапсырмалары

инновациялық жобаның белгілі бір ерекшелігіне ең аз мөлшерлі

деңгейде тəуелді (оның масштабына, сала түріне жəне т.б.) жəне

кез келген басқару процесінің мазмұнын құрайды. Инновациялық

процестің көптүрлілігі, олардың күрделілігі жəне оларды жүзеге

асырудағы əр түрлі жағдайлар олардың кез келген процесін не-

месе оларды басқаруды қиындатады. Теориялық жұмыстар мен

тəжірибелік қызметте инновациялық менеджменттің əр түрлі жүйе-

лендірілген функциялары қолданылады. Инновациялық менед-

жменттің келесі негізгі функциялары мынадай: стратегиялық

мар кетинг, жоспарлау, ұйымдастыру, мотивация жəне бақылау.

Байқағанымыздай, барлық аталған функциялар барлық менедж-

мент жүйесіне жəне инновацияны жүзеге асырудың кез келген түрі

мен жағдайында ортақ болып келеді. Берілген жүйеде стратегиялық

маркетинг негізгі функция ретінде бөліп қарастырылған, себебі

оның іске асуы үшін жаңа идеяларды іздеу негізгі қадам бо-

лып табылады.

Емтихан билеті №30 «Инновациялық менеджмент» пәнінен

  1. Инновациялық қызметті жаңа кезеңде басқару

Қазақстан Республикасында инновациялық басқаруға ерек-

ше көңіл аударылады. Бұл заңды жəне ғылыми-тəжірибелік негізі

бар. Қазақстанда 2003-2015 жылдарға арналған Индустриялық-

инновациялық стратегияны іске асырудың нақты жолдарының

бірі – инновациялық қызметті тиімді басқару. Осыған байланысты

«Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» ҚР Заңы

қабылданды (23.03.2006 ж.). Бұл құжаттың басқару процесін-

де жəне басқару мамандарын дайындауда алатын орны бөлек.

Сондықтан осы заңның мазмұнын, оның басқарудағы алатын ор-

нын білу қажет.

Басқару теориясын іс жүзінде қолдану үшін оның негізгі

ұғымдарының мəнін жете білу керек. Осыған орай аталмыш заңда

пайдаланылған негізгі ұғымдар төмендегідей:

инновация – өндірісті жəне қоғамды басқарудың түрлі са-

лаларына енгізілуі экономикалық тұрғыдан тиімді жəне

əлеуметтік, экологиялық тұрғыдан маңызды зияткерлік

меншік объектісі болып табылатын ғылыми жəне ғылыми-

техникалық қызметтің нəтижесі;

инновациялық жоба – инновацияларды енгізуге бағыттал-

ған жəне инвестицияны көздейтін, сондай-ақ белгілі бір

уақыт мерзімі ішінде іске асырылатын жəне аяқталған си-

паты бар іс-шаралар кешені;

инновациялық инфрақұрылым – Қазақстан Республикасы

инновациялық қызметінің бір-бірімен өзара іс-қимыл жасайтын мамандандырылған субъектілерінің жүйесі;

  1. Пионерлік стратегия

Пионерлік стратегия.

Бұл стратегияны басыңқы стра тегияның ерекше түрі ретінде

ерекше атап көрсетуге болады, ол нарықтың жаңа не ескі сегмент-

терін толық өзгертумен байланысты. Мұнда сөз тек қана тауар не-

месе қызметтерді жетілдіру туралы ғана емес, сонымен қатар өте

тəуекелді (алайда жетістік мағынасында өте пайдалы) түбегейлі

шешімдер табу туралы болып отыр

  1. Функционалдық стратегия

Функционалдық стратегия – кəсіпорын бөлшектерінің

арнайы бөлінген əр түрлі іс-шаралары мен бағдарламалары. База-

лық стратегияның іс жүзінде жүзеге асуына тікелей ықпал ететін

ресурстардың бірі. Барлық инновациялық стратегиялар барлық

бағалы заттардың жүйесі негізінде дайындалады, яғни əкімшіліктің

жəне ішкі жаңашаландыру нормаларының əлеуметтік жауап-

кершілігіне қарай құрылады. Жоғарыда ай тылған мəселелерге

орай кəсіпорын ережеге сай төмендегідей стратегияның түрлерін

таңдайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]