Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
biletter_kaz_innov_menedzh (2).docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
189 Кб
Скачать
☆

Емтихан билеті №26 «Инновациялық менеджмент» пәнінен

  1. Инновациялық кəсіпкерліктегі тəуекелдердің сипаттамасы жəне олардың түрлері

Белгісіздік шаруашылық жүргізудің міндетті шарты болған-

дықтан, тəуекелдер кез келген шаруашылық шешім нің орын далу

нəтижесінің элементі болып табылады. Иннова ция лық кəсіпкерлік

тауарлар мен ақшаға, өндіріс факторларына деген сұраныс пен

ұсыныс тұрақсыздығының, капитал салу салаларының көп

нұсқалылығы мен қаражаттарды инвестициялау кри терий лері көп-

түрлілігінің, инновациялық қызмет салалары туралы ақпараттың

шектелгендігінің салдары болып табылатын эконо ми калық конъ-

юнктураның белгісіздігімен байланысты.

Тəуекел мазмұны бойынша, ашылу формасы бойынша да əр

түрлі болып келетін белгісіздіктің болуымен тікелей байланыс-

ты. Бірінші кезекте, сыртқы ортаның белгісіздігі. Сыртқы ортаға

объективті экономикалық, əлеуметтік жəне саяси жағдайлар

кіреді, олардың шеңберінде инновациялық қызмет жүзеге асыры-

лады жəне ол бұл жағдайлардың қарқынына бейімделуі тиіс. Бұл

қоғамдық қажеттіліктер мен тұтынушылық сұраныстағы мүмкін

қозғалыстар, техникалық жəне технологиялық жаңалықтардың

пайда болуы, инновациялық қызметке ықпал ететін саяси жағ-

дай дың өзгеруі, бəсекелестердің əрекеттері, күтпеген табиғи

құбылыстар жəне т.б.

Инновациялық қызмет жүзеге асырылатын жағдайлардың

белгісіздігі көптеген айнымалыларға, əрекеттерін нақты бол- жау мүмкін емес контрагенттер мен тұлғаларға байланысты.

Нəтижесінде əр кəсіпкер оның нарықтағы сəттілігін қамтамасыз

ететін нарықтағы кепілді қатысу үлесі, бекітілген бағалар бойынша

қажетті ресурстарға қолжетімділік, ақша бірліктерінің сатып алу

қабілеттілігінің тұрақтылығы, экономикалық басқару нор маларының,

нормативтерінің жəне басқа да құралдарының бір қалыптылығы

сияқты белгіленген параметрлерді алдын ала білмейді.

Осылайша, белгісіздіктің негізгі себептері жəне соған сəйкес

тəуекелдердің пайда болу көздері келесілер.

1. Табиғи процестер мен құбылыстардың белгісіздігі, сти-

хиялық жағдайлар. Табиғаттың стихиялық күштерінің көрінісі

– жер сілкіністері, су тасқындары, борандар, дауылдар, сонымен

қатар аяз, тайғақ, найзағай, бұршақ, қуаңшылық жəне т.б. сияқты

жағымсыз табиғи құбылыстар кəсіпкерлік қызметтің нəтижелеріне

ықпал етуі, күтпеген шығындарға əкелуі мүмкін.

2. Кездейсоқтық. Көптеген əлеуметтік-экономикалық жəне

технологиялық процестердің ықтималды мəні, кəсіпкерлік қыз-

мет тің субъектілері қатысатын материалдық қатынастардың көп

нұсқалылығы ұқсас жағдайларда бір құбылыстың əр түрлі болуы-

на əкеледі, яғни кездейсоқтық элементі орын алады.

Инновациялық қызметтің нəтижесіне əр түрлі апаттар,

жабдықтардың істен шығуы жəне т.б. үлкен əсер етеді.

Тəжірибе көрсеткендей, кездейсоқ жағдайлардың пайда болу

ықтималдылығын төмендетуге жəне оларға кететін шығындардың

көлемін азайтуға бағытталған қоғам мен инновациялық ұйымдар

қолданылатын шараларға қарамастан, жоғарыда айтылған

кездейсоқ жағдайлар əрқашан орын алады, оларды ең қымбат ин-

женерлік-техникалық шаралар да жоя алмайды.

3. Қарама-қарсы тенденциялардың болуы, қарама-

қайшы мүдделердің қақтығысы. Бұл тəуекел көзінің пайда бо-

луы аса көп түрлі соғыстар мен ұлтаралық қайшылықтардан бас-

тап бəсекелестік пен қарапайым мүдделердің келіспеуіне дейінгі

жағдайды қамтиды

  1. Инновациялық ұйымдардағы көшбасшылық

Бүгінгі күні көшбасшылық тұжырымдамасы менеджмент

тұжырымдамасы сияқты толық зерттелмеген. Барлық зертте-

ушілер тарапынан қолдау тапқан тек жалпы түсінік қана бар:

көшбасшылық басқару жүйесі ретінде ұйымдастырудың барлық

деңгейлеріндегі жаңа білімдердің үнемі пайда болуын жəне

қолдануын қамтамасыз ететін қызметкерлердің инновациялық мі-

нез-құлқын ынталандыруы қажет. Сөйтіп, жаңа басқару жүйесінің

басқарудың кем дегенде екі сипаттамасын атап өтуге болады:

1) компания қызметшілерінің инновациялық іс-əрекеттерін

қамтамасыз ету;

2) ұйымдастырудың барлық деңгейлерінде көшбасшылар-

дың ұдайы өндірісін қамтамасыз ету. танымал болды.

Инновациялық компаниялардағы көшбасшылық одан да

көп білімдерді, дағдыларды қажет етеді, себебі инновациялық

іс-əрекеттерді жүзеге асыру үшін кəсіпорынның инновациялық

əлеуеті болуы қажет. Ол əр түрлі ресурстардың жиынтығымен си-

патталады, оның ішінде:

интеллектуалдық (технологиялық құжаттама, патенттер,

лицензиялар, жаңалықтарды меңгеру бойынша бизнес-

жоспарлар, кəсіпорынның инновациялық бағдарламасы);

материалдық (тəжірибелік-жабдықтық база, технологиялық

жабдықтау, алаңдар ресурсы);

қаржылық (жеке, несиелік, инвестициялық, федералдық,

гранттық);

кадрлық (көшбасшы-новатор; инновацияларға қызыққан

қызметкерлер; ҒЗИ жəне жоғары оқу орындарымен

қызметкерлердің жеке жəне серіктік байланыстары; ҒЗЖ

жəне ТҚЖ-ны жүргізу тəжірибесі; жобаларды басқару

тəжірибесі);

инфрақұрылымдық (ҒЗТҚЖ-ның жеке бөлімшелерінің бо-

луы, жаңа өнімнің маркетинг бөлімі, патенттік-құқықтық

бөлім, ақпараттық бөлім, бəсекеге қабілеттілікті барлау

бөлімі);

инновациялық қызметті жүзеге асыру үшін қажетті жаңа

ресурстар.

  1. Инновациялық тəуекелдерді басқару

Инновациялық тəуекелдерді басқару нақты инновациялық

кəсіпорын үшін экономикалық негізделген, тəуекелдің бастапқы

деңгейін оңтайлы деңгейге дейін төмендетуге бағытталған ұсы-

ныстар мен шараларды жасауды жəне жүзеге асыруды қарас-

тырады. Тəуекелдерді басқару тəуекелдерді бағалау, инно вация-

лық кəсіпорынның мүмкіндіктері мен қызмет ету орта сын тех-

никалық-технологиялық жəне экономикалық талдау, шаруа шы-

лықтың əрекеттегі нормативті базасын талдау, эконо микалық-

математикалық талдау əдістерінің жəне басқа да зерттеу лердің

нəтижелеріне жүгінеді.

Тəуекелді басқару инновациялық фирмаға мүмкіндіктер береді:

фирма үшін құбылыстардың жағымсыз дамуына байланыс-

ты ықтимал əлеуетті жағдайларды, яғни нəтижесі қойыл ған

мақсаттарға жетпей қалу болатын тəуекелдермен байла-

нысты жағдайларды анықтауға;

жағдайлардың қолайсыз дамуымен байланысты ықтимал

шығындардың сипаттамасын алуға;

шешімдерді дайындау барысында уақытылы жоспарлауға

жəне қажет болған жағдайда тəуекелдерді қолайлы деңгейге

дейін төмендету бойынша шараларды жүзеге асыруға;

алдын ала бағалауға жəне тəуекелдерді басқаруға қатысты

шығындарды шешім қабылдау барысында ескеруге

мүмкіндік береді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]