Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
biletter_kaz_innov_menedzh (2).docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
189 Кб
Скачать
☆

Емтихан билеті №7

  1. Инновацияның бақылау функциялары

Инновациялық менеджментте бақылау функциясының мəні берілген жобалық тапсырмалардың орындалуымен жəне қабылданған мақсаттарды дамытумен қамтамасыз ету болып табылады. Инновациялық қызметті бақылау міндеттері:

  • инновациялық қызметтің жəне оның жетістіктері туралы ақпараттың жүйелендірілуі жəне жиналуы;

  • жағдайға жəне қызметтің алынған нəтижесіне баға беру;

  • қызмет нəтижесіне əсер ететін факторлар;

  • шешімдердің жүзеге асырылуы мен дайындығы

Сондықтан да, инновациялық қызметті бақылау – басқару шешім дерін жүзеге асыратын инновациялық бағдарламаларды, жоспарларды орындау, жазбаша жəне ауызша тапсырмалар, құжаттар бойынша менеджмент функциясы болып табылады.Жүйеде бақылау инновацияны басқару процесінде кері байланыс функциясын орындайды: ақпараттық ағымдар, басқару объектісінен басқару субъектісіне бағытталған кері байланыс басқару жүйесінің алдын алуды қамтамасыз етеді.Онда бақылау толық жүйеде құрылады жəне өзінің ұйымдық құрылымы, орындаушы органы, баға беру əдістері, талдауы жəне ақпараттық базасы болады.

Инновациялық жобаның негізгі параметрін бақылаудың бастылары:

уақыт; тиімділік; рентабельділік; шығындар; сапа.

Менеджмент жүйесіндегі кəсіпорында бақылаудың сан алуан түрі орындалуы керек. Кəсіпорынның ұйымдық бақылауының белгілері бар: бақылау мақсаты, заттардың көлемі, бақылаудың көлемі мен формасы.

  1. Қазақстан Республикасындағы инновациялық менеджменттің стратегиясы

2 Қазіргі əлемде мемлекеттер дамуының негізгі үш түрлі үлгісі бар: инновациялық, технологиялық жəне шикізаттық. Инновациялық үлгіні қолданса мемлекет бірінші орынға жаңа білімді өндіруді қояды. Бұл процесс іргелі ғылыми зерттеулерден басталады. Сол зерттеулердің нəтижесін пайдалану арқылы əлемдік нарыққа бірегей жəне өте қымбат тауарлар шығарылады. Қазақстан əлемдік нарықта ойдағыдай бəсекеге қабілетті болу үшін өзінің ұлттық менеджерінің абыройын көтеруі керек. Олар кəсіби тұрғыдан алғанда сапалы жəне бейстандартты шешімдер қабылдауға бейім болуы қажет. Мемлекеттің инновациялық саясатының негізгі мақсаты – 12-15 жылдың ішінде экономиканың экспорттық мүмкіндігін арттыру арқылы елдің өндірістік əлеуетін күрделі өсіру. Сондықтан бұл мəселе инновациялық басқарудың өзекті проблемасы. Индустриялық-инновациялық даму стратегиясын іске асы-ру тетігі мен кезеңдері əр түрлі. Бұл стратегия жалпы «Қазақстан- 2030» стратегиясының нақты бір бөлігі болып табылады. Бұны əзірлеудегі мақсат – экономиканы əртараптандыру мен жаңарту негізінде өндірістің бəсекеге бейімделген өнім түрлері мен экспортты дамытуға жағдай жасау. Басқару процесінде осы күрделі мəселелерді шешу үшін 2003 жылдың 17 маусымында Республика

Президентінің Индустриялық-инновациялық стратегияны бекіту туралы Жарлығы қабылданды. Стратегияның басты мақсаты –мемлекеттің жекеменшік сектормен серіктестігі. Сайып келгенде,өте қажетті мəселе экономиканы əртараптандыру мен оның қазіргі шикізаттық бағдарын өзіміздің кəсіпорындарда жоғары қосымша құнымен өнімдер шығаруға бағыттау. Инновациялық менеджменттің қазіргі жəне келешектегі басты мəселелерінің бірі – бəсекеге қабілетті экономиканың үлгісін таңдай отырып, бəсекеге қарымы мол басым салаларды дамыту, сол арқылы қазақстандық кластерлер жүйесін дамытуға жол ашу.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]