Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
biletter_kaz_innov_menedzh (2).docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
189 Кб
Скачать
☆

Емтихан билеті №34 «Инновациялық менеджмент» пәнінен

  1. Ұйымның инновациялық саясаты

Ұйымның дамуы əр түрлі инновациялық жаңалықтарды енгі-

зу арқылы жүзеге асырылады. Бұл жаңалықтар ұйымның барлық

өрісіне əсер етуі мүмкін. Назар аударатын нəрсе, ұйымның бір

өрісіндегі кез келген маңызды инновация, əдетте, бір-бірімен бай-

ланысты бөлімшелерде тез арада өзгерістерді, кейде ұйымның

жалпы менеджментінің қайта құрылымын қажет етеді.

Ұйымның инновациялық саясатының негізі – инновацияны

шығарудың басты мақсатын қалыптастыру, оны жүзеге асырудың

мерзімін анықтау, нəтижеге нақты тəжірибелік мақсаттар түрінде баға беру, жаңа өнімді енгізудің мерзімін қысқарту

Қорыта келгенде, өнеркəсіп мекемелеріндегі инновациялар-

ды басқаруды тиімді ұйымдастыру үшін қажетті жəне жеткілікті

жағдайларды жасау жалпы ұйым үшін оның шығаратын өнімінің

бəсекеге қабілеттілігі мен тиімділік қызметін арттыруға мүмкін дік

береді.

  1. Қазақстанда инновацияны басқару мəселелері

  2. Баламалы энергия.

Баламалы энергетика — энергияны дәстүрлі қазба көздерінен (көмір, мұнай, газ)емес, Күннен, геотермиялық көздерден әрқалай температураны және т.б. пайдалану арқылы алу. Оған энергияның аралас көздері де енеді. Бір жағдайларда баламалы энергетикаға атом энергетикасын қосса, екінші бір жағдайда қоспайды. Дәстүрлі энергетикаға қарағанда, баламалы энергетика көздерінің бір бөлігіне экологиялық сыйысу тән.

Емтихан билеті №35 «Инновациялық менеджмент» пәнінен

  1. Нанотехнологиялардың болашағы

Нанотехнология – бұл адамның көзіне көрінбейтін майда бөлшектерді белгілі бір ретке келтіре отырып, оның ерекшеліктерін алдын-ала белгілеп беру арқылы әлдебір құрылымды қарастыруға қажетті жекелеген атомдарды ыңғайлап орналастыру. Нанометр дегеніміз бір метрді миллиардқа бөлгендегі ұсақ бөлігі (1 нанометр=10-9 метр). Нанотехнология – осындай кішігірім өлшемдермен айналысатын ғылым. 1986 жылы сол кездегі студент Эрик Дрексел «Жасампаз машина» атты футуристік эссесінде алғаш рет «молекулярлы технология» деген сөз тіркесін қолданған болатын. Эрик Дрессел фантаст-жазушы Станислав Лемнің тұжырымдамаларына өз ойындағы қиялдарды үстей отырып, «Саналы тіршілік ортасының» негізгі бейне-кескінін ойлап шығарған. Осы болжамға сәйкес, XXI ғасырда нанороботтар мен технологиялар әрбір ағзаның, заттың құрамына енгізіледі де, адамзат өзін қоршаған әлеммен бірге тұтастай саналы суперкомпьютерге айналады. «Нанотехнология» деген сөзді өзіміздің қазақ тілінде түсіндіретін болсақ, «кішкентай өлшемді технология» дегенді білдіреді. Бұл жерде «нано» сөзі «миллиардтың бір бөлшегі» деген мағынаны береді. Қысқасы, кез келген заттың миллиардтан бір бөлшегі бастапқы тегінен ерекшеленді де, басқа физикалық қасиеттерге ие болады. Міне, осы заңдылық арқылы, яғни, материяның белгілі бір күйден екіншісіне өту кезіндегі өзгерістер арқылы өмірге, бұрын ешкімге белгісіз жаңа технология еніп жатыр. Қазіргі заманауи «сандық» технологиялармен үйлесімді жұмыс істейтін электронды құрылғылар – осы нанотехнологияның жемісі десек, қателесіп отырған жоқпыз. Бұған мысал ретінде байланыс саласындағы талшықты-оптикалық жүйелерді жатқызуға болады. Яғни, ешқандай сым-баусыз ақпараттарды бір нүктеден екінші нүктеге ауа ағынындағы талшықтарды өз еркіміз бойынша басқару арқылы оп-оңай жеткізе аламыз. Менделеев кестесіндегі көптеген химиялық элементтер нанотехнологияның әсерінен өзгерістерге ұшырап, басқа да бір қасиетке ие болып жатқаны осылайша анықталған болатын. Қысқасы, на­нотехнология адамзат өмі­рін­дегі ең төңкерісті жаңалықтардың бірі болды десек, артық айтқандық емес. Ал оның бүгінгісінен бола­ша­ғы әлдеқайда «жемісті». Нанотехнология саласы енді ғана дамып келе жатқанымен, оның жемістері әскери, әуе және космонавтика салаларында баяғыдан бері қолданылып келеді. Бірақ, құпиялық жағдайға байланысты, бұл технология туралы ақпарат тек ғалымдар мен әскер басшыларына ғана белгілі болатын. Кейінгі кездерде алынған нанотехнология нәтижелерін өндірісте (медицина, электроника, ауыл шаруашылығы, машина құрастыру тб.) көптеп қолдану мүмкіндігінің ашылуына байланысты, алдыңғы қатарлы дамыған мемлекеттерде көптеген зерттеу жұмыстары жүргізілумен қатар, сол зерттеулерге байланысты қолданылатын техникалар өндіріліп жатыр.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]