Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
biletter_kaz_innov_menedzh (2).docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
189 Кб
Скачать
☆

Емтихан билеті №28 «Инновациялық менеджмент» пәнінен

  1. Тəуекелді басқару

Тəуекелді басқару – мақсаты қате шешім қабылдау қаупін,

кəсіпкермен қабылданған шешімдерді жүзеге асыру барысындағы

жағдайлардың қолайсыз дамуының мүмкін болатын жағымсыз

салдарларын азайту болып табылатын шараларды дайындау

жəне жүзеге асыру процесі ретінде анықталады. Инновациялық

кəсіпорын жағдайында тəуекелді басқару оңтайлы тəуекел

тұжырымдамасына негізделеді, ол тəуекел деңгейіне дұрыс əсер

етуге жəне оны кəсіпорынға қолайлы мəнге дейін жеткізуге

мүмкіндік береді. тəуекелдің пайда болу ықтималдығы туралы білу

аса маңызды. Бірақ оның инновациялық кəсіпорын қызметінің

нəтижелеріне ықпалын анықтау, кейбір жағдайлардың фирманың

экономикалық жағдайына əсер ету ықтималдығын бағалау

одан да маңыздырақ. Инновациялық қызметті жүзеге асыру

барысындағы тəуекелдерді басқаруға концептуалды көзқарас бұл

қызметтің тəуекел жағдайындағы мүмкін салдарларын анықтауға;

тəуекелдердің əсерінен болатын шығындарды жою, олардың ал-

дын алу немесе азайту бойынша шараларды жасауға; қызметтің

тəуекелдерге бейімделу жүйесін құруға негізделеді. Олардың

көмегімен ықтимал қолайсыз нəтижелер жойылады не месе

орны толтырылады, сонымен қатар инновациялық қызмет тен

жоғары кəсіпкерлік табыс алу мүмкіндіктері максималды түрде

қолданылады.

Біздің ойымызша, тəуекелді басқаруды кəсіпорын қызметінен

бөлек қарастыруға болмайды, себебі ол бұл қызметтің ажы-

рамас құрамдас бөлігі болып табылады. Өйткені тəуекелді

басқару – инновациялық қызметтің мақсаттарына жету жолында басқарушылық құрылымдарға көрсетілетін көмек.

  1. Инновациялық кəсіпкерліктегі тəуекелдер жəне олардың алдын алу

Қазіргі экономикалық əдебиеттерде тəуекелділіктер бойынша

тəуекелдерді басқарудың келесідей əдістері бар. Олар:

тəуекелдердің алдын алу;

тəуекелдерден құтылу;

тəуекелді беру;

тəуекелді төмендету.

Тəуекелдердің алдын алу сияқты басқарудың мұндай əдістері

ең алдымен ұйымның инновациялық қызметінде туындайтыншкі тəуекелдерді басқаруға бағытталған. Əсіресе, осы əдіс

кəсіп орынның инновациялық қызметімен байланысты ішкі тəуе-

келдерді төмендетуге мүмкіндік береді. Бірақ бұл əдісті тəуе келді

басқарудың басқа əдістер кешенімен бірге қолдану керек.

Инновациялық ұйымдардың қызметінде туындайтын

тəуекелдердің алдын алуға бағытталған іс-шаралар ретінде ке-

лесілерді қолдану ұсынылады:

сыртқы кəсіпкерлік ортаны дамытуды болжау;

инновациялық жоба бойынша ұсынылатын серіктестерді

тексеру;

инновациялық ұйымның қызметін жоспарлау;

белсенді, мақсатты бағытталған маркетингті жүргізу;

өртке жəне апатқа қарсы қарапайым іс-шараларды жүр-

гізу;

инновациялық ұйым персоналының біліктілігін көтеру;

персоналды ішкі тəртіппен таныстыру;

ұйым қызметі нəтижесінде персоналды ынталандыру;

өндірілетін өнімнің сапасын бақылау;

серіктестердің төлем қабілеттілігін талдау;

дебиторлық жəне кредиторлық қарыздарды бақылау;

жаңа өнім мен ұйымның тауар маркасын патенттік қорғауды

өз уақытында ұйымдастыру;

кəсіпорынның коммерциялық ақпаратының қауіпсіздігін

ұйымдастыру;

кəсіпорынның ақпаратпен қамтамасыз етілуін ұйымдастыру

Ұлттық инновациялық жүйе Ұлттық инновациялық жүйе дегеніміз – инновациялық қыз-

мет жасайтын субъектілер жиынтығын, сонымен қатар олар дың

қатынастары арқылы жаңа білімді дамыту, тарату жəне пайда лану

процесін қамтамасыз ету. Сапалы жаңа бəсекелес экономи ка – тиім-

ді ұлттық инновациялық жүйені қалыптастырудың негізгі тетігі.

Алайда, бүгінгі жағдайда Қазақстанның ұлттық инновациялық

жүйесі теңгерімсіз, оның негізгі элементтері – ғылыми-техника-

лық ая, кəсіпорындар мен инновациялық инфрақұрылымдар бір-

бірінен алшақ жатыр. Экономикалық тұрақсыздық жағдайында

өнеркəсіп секторының стратегиясы инновациялық дамуға, отандық

  1. зерттеу нəтижелері мен əзірлемелеріне бағдарлануы қажет.

Ұлттық инновациялық жүйе жəне оның құрылымы

Нарықтық экономикасы дамыған елдердің ғылыми-ин-

новациялық жүйесі негізінен үш топ компоненттен тұрады:

бір мемлекет шеңберінде ғылымды ойлап, білімді шығару-

шылар мен тұтынушылар арасындағы өзара əрекеттестік;

экономиканың мемлекеттік жəне жекеменшік сектор-

ларындағы институционалдық құрылымдар саны. Осылар

арқылы кəсіпорын деңгейінде жəне ұлттық деңгейде қолда

бар ресурстарды ұйымдастыру мен басқару іске асады;

мемлекеттік ғылым мен технологиялық саясат.

Ұлттық инновациялық жүйенің үш үлгісін (тип) ерекше бөліп

көрсетуге болады. Олар өздерінің ұйымдастырылу тəсілдерімен

айшықталады.

Инновациялық құрылымның шешуші позицияларына

техно логияны жеткізу орталықтары жатады. Олар аймақтарда,

облыс тарда жергілікті биліктің жəне ғылымдардың қолдауымен

қалыптасады. Бұл орталықтар алдымен техникалық деңгейі жо-

ғары аймақтарда құрылуы керек. Мысалы, Қарағанды, Алматы,

Өскемен жəне т.б. Бастапқы кезде бұл орталықтарға орталық жəне

жергілікті бюджеттерден қолдау көрсету қажет. Кейін олар өзін-өзі

дамытуы тиіс.

Орталықтардың негізгі мақсаты: инновациялық процестерді

ұйымдастыру, инновациялық субъектілерге құқықтық, ақпараттық

жəне басқа қызмет көрсету

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]