Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
biletter_kaz_innov_menedzh (2).docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
189 Кб
Скачать
☆
  1. Қаржылық талдау

Қаржылық талдау

Инвестициялық жобаның берілген бөлімі аса көлемді əрі

еңбекті қажет етеді. Инвестициялық жобаның қаржы бөлімінің

жалпы сызбасы қарапайым түрде жүргізіледі:

Кəсіпорынның алдағы 3 жылдағы (5 жылдағы) қаржы

жағдайына талдау жасау.

Инвестициялық жобаның дайындалу кезеңіндегі кəсіп-

орынның қаржы жағдайына талдау жасау.

Кəсіпорынның негізгі өнімінің шығынсыздығына талдау.

Инвестициялық жобаның жүзеге асырылу процесінде та-

быс пен қаржы ағынының болжамы.

Инвестициялық жобаның тиімділігін бағалау.

Инвестициялық жобаның қаржылық бөлімінің маңызды мəсе-

лелеріне қысқаша шолу жасайық.

Кəсіпорынның бұрын жүргізген жұмыстарының қаржылық

талдауы мен оның қазіргі жағдайы əдетте, негізгі қаржылық ко-

эффициенттерді есептеу мен түсіндіруге əкеледі, яғни олар

өтімділікті, несиені төлеу қабілеттілігін, кəсіпорынның табыс-

тылығын жəне оның менеджментінің тиімділігін сипаттайды.

Əдетте, бұл қиындық туғызбайды. Сонымен қатар қаржылық

бөлімде кəсіпорынның алдыңғы бірнеше жылдарға жасалған не-

гізгі қаржылық есептерін беру жəне негізгі көрсеткіштерді жылдар бойынша салыстыру аса маңызды.

Емтихан билеті №20 «Инновациялық менеджмент» пәнінен

  1. Инновация

Инновация (жаңалық жарату) - қазіргі ойлау үлгісі мен дәстүрлі таным ерекшелігіне ұқсамайтын жаңа ойлау жүйесін тауып шығару, кезектегі білім мен материалдық мүмкіндіктерді пайдалана отырып көнені өңдеу, бар нәрсені тіпті де жақсарту, кем нәрсені толықтыру, жаңа нәрсені тапқырлау, тың нәрсені байқау, жаңа зат, жаңа әдіс, жаңа жол, жаңа орта жаңалығымен өмірді жаңарту, сөйтіп адамға және адамзатқа бақыт жарату. , Инновация» термині көптеген зерт-теушілердің тұжырымдаулары бойынша, ХV ғасырдың бірінші жартысында ағылшынның «innovation» – «жаңару» немесе «зат жасаудың жаңа жолы» деген сөзінен шыққан. Австриялық ғалым Й. Шумпетер ХХ ғасырдың 30-жылдары тұтынушылық тауардың жаңа түрлерін, жаңа өндірістік жəне транспорт құралдарын пай-далануды, өндірістегі нарықтар мен ұйым нысандарын талқылап, экономика ғылымына енгізген «инновация» термині əлемдік экономикалық əдебиеттерде жалпыға ортақ категория болды. Й. Шумпетердің көзқарасы бойынша, инновация – тек жаңадан енгі-зу ғана емес, сондай-ақ өндірістің жаңа қызметі.

Өздерінің техникалық-экономикалық динамикасын зерттеген кезде ғалымдар келесі əдістемелік қорытынды шығарған:

1,инновация негізіндегі бəсе келестік экономикалық дина-мика мен экономикалық өсудің қоз ғаушы факторы болып табылады;

2,экономиканың дамуындағы маңызды рөлді білім мен ин-теллект атқарады;

3,иннновациялық қызметтің институционализациясы оның мазмұны мен құрылымына тікелей əсер етуші факторға ай-налуда.

Й. Шумпетер инновация ретінде қолда бар өндіріс фактор-лары мен күштерінің бірігіуін білдіретін өндіріс факторларының жаңа комбинациясын, яғни кəсіпкерлердің инновациялық қызметін түсінді.

  1. Инновациялық қызметті жоспарлау

Инновациялық қызметті жоспарлау – сыртқы орта фактор-

лары мен жағдайлары бойынша талдау жұмыстарының кешенді

мақсатына жету үшін баламаны таңдау мен оңтайландырудың

жақсы нұсқауын таңдаудағы менеджемент функциясы.

Жоспарлау инновациялық менеджмент функциясы ретінде

нарықта белгілі бір сұранысты қамтамасыз ету мүмкіндіктеріне,

қалыптасқан мақсатта дамуға сəйкес инновациялық қызмет

пропорциясы мен негізгі бағыттарды қалыптастыруға негізде-

леді. Инновациялық жоспарлау мəні: инновациялық кəсіпкерлік

мақсатта оны орындаушылар мен звено құрылымдарына жеткі-

зу; жүзеге асырылатын жобалар құрамын бекіту; иннова циялық

жобаға қатысушылар міндетін бөлу; қажетті ресурстар құрамын

анықтау; уақыттың əрбір кезеңінде бекітілген міндеттерді орын-

дау. Инновацияның мақсаты – жоспарлаудың бұл инновациялық

қызметтегі мақсаттарын қал ыптастыру жəне ол мақсаттарды же-

келеген құрылымдық топтар мен жүзеге асырушыларға жеткізу.

Инновациялық жобалаудағы қатысушыларға міндеттемелерді

бөліп беру, қажетті ресурстардың құрамын анықтау, жекелеген

жұмыстардың мерзімін, кезектерін анықтау жəне міндеттердің уақытқа сай орындалуына қажетті жағдайлар жасау.__

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]