- •1 Өсімдік шаруашылығы өнімдерін сақтау кезіндегі зиянкестермен күресудің профилактикалық & жойу шараларының жүйесі.
- •2 Бидай аурулары. Бидайды аурулар кешенінен қорғау шаралары.
- •3 Өсімдік қорғауда пайдалы бунақденелілерді қолданудың қағидалары.
- •1Қамба зиянкестерінің түр құрамы & ол-ң қамбаға ену жолдары.
- •2 Арпа аурулары. Арпаны аурулар кешендерінен қорғау шаралары.
- •3.Зиянды бунақденелілерге қарсы қолданылатын бактериялық препараттар.
- •1 Рапс дақылының зиянкестері & олармен күресу шараларының кешені.
- •Рапс гүлжемірі – Meligethes aeneus f.(Coleoptera отр. Nitidulidae – жылтырақтар тұқ.).
- •2 Жүзім аурулары. Жүзімді аурулар кешенінен қорғау шаралары.
- •1. Бүлдірген зиянкестері & олармен күресу шараларының кешені.
- •2 Қара бидай аурулары. Қара бидайды аурулардан қорғау шаралары.
- •Бидайдың қатты немесе сасық қаракүйесі
- •Таңқурай зиянкестері & олармен күресу шараларының кешені.
- •2 Тары аурулары. Тарыны аурулардан қорғау шаралары.
- •3.Вирусты препараттар, ол-ң сипаттамасы & қолдану ерекшеліктері.
- •1 Қарақат, тұшала зиянкестері & олармен күресу шараларының кешені.
- •2 Қарақұмық аурулары. Қарақұмықты аурулардан қорғау шаралары
- •Система защитных мероприятий против болезней гречихи.
- •Көкөніс дақылдарына зиян келтіретін нематодтар мен кенелер. Олармен күресу шаралары.
- •1 Алхоры зиянкестері & олармен күресу шараларының кешені.
- •2 Жүгері аурулары. Жүгеріні аурулардан қорғау шаралары.
- •№ 9 Емтихан билеті
- •1 Алманың зиянкестері & олармен күресу шараларының кешені.
- •2 Күріш аурулары Күрішті аурулардан қорғау шаралары.
- •Күріштің пирикуляриозы
- •1 Бақша дақылдарының зиянкестері & олармен күресу шараларының кешені.
- •3 Трихограмма мысалында энтомофагтарды жаппай көбейту әдістері.
- •1 Жабық грунттағы көкөніс дақылдарының зиянкестері & олармен күресу шараларының кешені.
- •2.Ас бұршақ аурулары. Ас бұршақ ауруларына қарсы жүйелі қорғау шаралары.
- •2 Қызылша аурулары. Қызылшаны аурулардан жүйелі қорғау шаралары.
- •3 Ішкі карантин.
- •3 Қр аумағында шектеулі таралған карантиндік зиянкестер.
- •2 Мақта аурулары. Мақтаны аурулардан жүйелі қорғау шаралары.
- •Карантинге жатқызылған өнімді, жүктер мен көлік құралдарын тексеру
- •1 Қызылша зиянкестері & олармен күресу шараларының кешені.
- •2.Рапс аурулары. Рапсты аурулардан қорғау шаралары.
- •3. Қр аумағында шектеулі таралған карантиндік арамшөптер.
- •1.Күнбағыс зиянкестері & олармен күресу шараларының кешені.
- •Күресу шаралары:
- •Таңқурай аурулары. Аурулардан жүйелі қорғау шаралары.
- •1 Жүзімнің зиянкестері & олармен күресу шараларының кешені.
- •Күресу шаралары
- •2. Күнбағыс аурулары. Күнбағысты аурулардан қорғау шаралары.
- •№19 Емтихан билеті
- •1 Көпжылдық бұршақ тұқымдас шөптердің зиянкестері & олармен күресу шараларының кешені.
- •2Картоп аурулары. Вегетация кезінде & сақтау мерзімінде картопты аурулардан қорғау шаралары.
- •3. Қамбалар мен көкөніс қамбаларында зиян келтіретін кеміргіштер. Олармен күресу шаралары.
- •Қамба мен қоражайларда тіршілік ететін кеміргіштермен күресу шаралары
- •№20 Емтихан билеті
- •1 Дәндібұршақ дақылдарының зиянкестері & олармен күресу шараларының кешені.
- •2 Қырыққабат аурулары. Қырыққабатты аурулардан қорғау шаралары.
- •3 Өсімдік иммунитетінің санаттары.
- •№21 Емтихан билеті
- •№22 Емтихан билеті
- •2 Алма мен алмұрт аурулары. Алма мен алмұртты аурулардан қорғау шаралары.
- •2 Сүйекті жеміс дақылдарының аурулары. Аурулардан жүйелі қорғау шаралары.
- •№24 Емтихан билеті
- •2.Бақша дақылдарының аурулары. Бақша дақылдарын аурулардан жүйелі қорғау шаралары.
- •Қара мойнаққа шалдыққан түйнектің өзегі шіриді. Түйнектің шіруі столонға бекіген жерінен басталады.
- •2 Тұшала аурулары. Аурулардан жүйелі қорғау шаралары.
- •№26 Емтихан билеті
- •Дәннің кәдімгі көбелегі – Обыкновенная зерновая совка
- •№27 Емтихан билеті
- •2.Қияр аурулары. Ашық & жабық жайлардағы қиярды аурулардан жүйелі қорғау шаралары.
- •№28 Емтихан билеті
- •1 Жүгері зиянкестері & олармен күресу шараларының кешені.
- •2 Сәбіз аурулары. Вегетация кезінде & сақтау мерзіміңде сәбізді аурулардан жүйелі қорғау шаралары.
- •№29 Емтихан билеті
- •№30 Емтихан билеті
- •2.Қызанақ аурулары. Ашық & жабық жайлардағы қызанақты аурулардан жүйелі қорғау шаралары.
- •Топырақ арқылы инфекциялау
2.Ас бұршақ аурулары. Ас бұршақ ауруларына қарсы жүйелі қорғау шаралары.
Аскохитоз. Қоздырғыштары –Ascochita (А. pisi Lib., A. pinodes Jones & басқалары) тектес саңырауқұлақтарға, Deuteromycetes класына, Sphaeropsidales қатарына жатады. Асбұршақтың & басқаларының барлық жер үсті мүшелерін зақымдайды. Пикнидтері бар сары-қоңырқай жиектелген дақтар түрінде байқалады. Зақымдалған дән солғын, жеңіл салмақты, дақтарымен болады. Ауру тұқыммен & өсімдік қалдықтарынан тарайды.
Ақ ұнтақ. Қоздырғышы –Erysiphe pisi Syd. (Ascomycetes класы, Erysiphales қатары) саңырауқұлағы. Қоздырғыштың бейімделген түрлері асбұршақты залалдайды. Ауруға ұшыраған өсімдіктің жапырақтары мен сабақтарында мицелиден, конидиитүзгіштен, конидиялардан тұратын, алғашқыда ақ түсті өңез п.б. Кейін өңез тығызданып қараяды, қоздырғыштың өсімдік қалдықтарында қыстап шығатын сатысы клейстотецилер түзіледі. Ө-ң өсу кезеңінде ауру конидилермен тарайды. Аурудың таралуына өсу кезеңінің екінші жартысында ө-дегі тургорлық қысымның төмендеуі, жоғары температура & орташа ауа ылғалдылығы қолайлы жағдай туғызады.
Тат ауруы. Қоздырғыштары Uromyces (Basidiomycetes класы, Uredinales қатары) текті саңырауқұлақтар. Сиыржоңышқа, бұршақ, аңқа, үрме бұршақта тат ауруы қоздырғышының барлық даму сатылары өтеді. Қоздырғыш бір қожалы, толық жолмен дамиды. Өсімдік қалдықтарында телии қыстайды.Uromyces рisi Schrot қоздырғышы асбұршақ пен ноғатықты зақымдайды. Бұл дақылдарда урединилер мен телии дамиды. Аралық қожасы – сүттіген.
Фузариоз. Қоздырғышы Fusarium oxysporum Schl. (Deuteromycetes класы, Hyphomycetales қатары). Асбұршақты залалдайды. Өсімдік дамудың барлық кезеңінде зақымданады. Зақымданған ө-ң тамыры мен тамыр мойны қоңырланып, шіриді. Тамыр қиындысында өткізгіш ұлпалардың қарайып кеткендігі байқалады. Өсімдіктің өсуі баяулайды. Жерден жеңіл жұлынады. Аурудың қоздырғыштары өсімдік қалдықтары мен топырақта сақталады.
Тамыр шірігі. Қоздырғышы Pythium debarianum Hesse. (Oomycetes класы) саңырауқұлағы, Fusarium (Deuteromycetes класы) текті саңырауқұлақтар & басқалары. Өс-р дамудың барлық кезеңдерінде зақымданады. Ауру өскіндер топырақ бетіне шықпастан, өліп қалады. Зақымданған өскіндерде тамырларының, тұқым жарнағы жапырақтарының, сабақтарының шіруі байқалады. Дамудың соңғы кезеңдерінде өсімдіктің тамыры мен сабақтарының түбі қараяды. Қатты зақымдану егістердің сиреуіне әкеп соқтырады. Аурудың қоздырғыштары өсімдік қалдықтары мен тұқымда сақталады.
Аңқаның фузариозды-вертициллезді солуы. Қоздырғыштары Fusarium oxysporum Schlect, Verticilium albo-artum Reinke., Berth (Deuteromycetes класы, Hyphomycetales қатары) саңырауқұлақтары .Ауру өсімдіктің тамыр жүйесін зақымдайды. Жапырақтар сарғайып, өсімдік солады. Тамыр кесіндісінде өткізгіш ұлпалардың қарайғандығын байқауға болады. Фузариозбен ксилема тамыр мойыны деңгейінде зақымданады, ал вертициллезбен зақымданғанда ашық-қоңыр түске боялады. Қоздырғыш ұзақ уақыт бойы егін орағынан кейінгі қалдықтар мен топырақта сақталады.
Антракноз. Қоздырғышы Colletotrichum (Deuteromycetes класы, Melanconiales қатары) текті саңырауқұлақтар. Барлық бұршақ тұқымдас дақылдар зақымданады.Ауру өсімдікті өсіп даму кезеңінде зақымдайды & жер үстіндегі мүшелерінің бәрінде байқалады. Көктеу кезінде тұқым жарнақтарында ортасында қызғылт жастықшаларға ұқсас спроратүзгіштері бар қызғылт-қоңыр дақтар п.б. Жапырақтарда орталық бөлігі ақшыл болып келетін қара дақтар, ал бұршақтарда дөңгелек жиектелген дақтар п.б. Қоздырғыш тұқымды зақымдап, оның көктеуін төмендетеді. Аурудың қоздырғыштары зақымданған өсімдік қалдықтары мен тұқымда сақталады.
Пероноспороз. Қоздырғыштары: Peronospora manchurica Syd,. P. pisi Syd. (Oomycetes класы, Peronosporales қатары). Аурудың шектеулі & диффузиялық түрлері бар. Шектеулі пероноспороз жапырақтың жекелеген бөліктерін зақымдайды. Пероноспороздың диффузиялық жолмен дамитын түрі жапырақты, сабақты & бұршаққаптарды зақымдайды. Оларда сарғыш-қоңыр дақтар п.б. Жапырақтың астыңғы бетінде киізге ұқсаған саңырауқұлақ өңезі түзіледі. Диффузиялық жолмен дамығанда аурудың қоздырғыштары тұқымды да зақымдайды. Ауру зақымданған тұқым мен өсімдік қалдықтарынан тарайды. Ауру өс-р нашар өсіп, жапырақтары өледі & өнім түсімі азаяды.
Сұр шірік. Қоздырғышы кең бейімделген Botritis cinerea Pers. (Deuteromycetes класы, Hyphomycetales қатары) саңырауқұлағы. Көбіне өсімдік сабағы мен бұршақтарын зақымдайды. Өсімдіктің ауру мүшелерінде сұр киіз сияқты өңезі бар қоңыр дақтар түзіледі. Кейін қара түсті саңырауқұлақ қарамықтары п.б. Ауру өнім түсімі мен тұқым сапасын төмендетеді. Ауру топыраққа түскен бұршақ дәндерінде сақталатын саңырауқұлақ мицелийі мен қарамықтардан тарайды.
Асбұршақтың кәдімгі мозаикасы. Қоздырғышы - Bean common mosaic вирусы. Ауру асбұршақта, жемдік бұршақта, бедеде & басқаларында байқалады. Белгілері – жапырақтардың мозаикалануы, өзгеріске түсуі, өсімдіктің өсуі мен дамуының нашарлауы. Қоздырғыш көпжылдық бұршақ дақылдарында сақталады. Бітелер арқылы тарайды.
Күресу шаралары: Бұршақ тұқымдас дақылдардың микоздарымен күресу шаралары: бұршақ тұқымдас дақылдарды 2-3 жылға дейін бұрынғы орнына қайтаруға, көпжылдық бұршақ тұқымдас дақылдарға жақын отырғызуға болмайды; өсімдік қалдықтарын жою; тұқым алу үшін 2-3-ші жылғы көпжылдық шөптерден алу дұрыс; көпжылдық бұршақ дақылдарының тұқымдарын мұқият тазалау қажет (оны флотация әдісімен тазалайды, яғни ас тұзының қаныққан ерітіндісінің бетіне өнбейтін тұқымдар қалқып шығады да, қалған тұқымдарды жуып, кептіріп тұқымдыққа пайдаланады); себер алдында тұқым дәріленеді; өсу кезеңінде жапырақ, сабақ ауруларының қатты дамуы болжанғанда егістік «Тізім...» бойынша фунгицидтердің бірімен өңделедіБұршақ тұқымдас дақылдардың бактериоздарымен күресу шаралары: ауыспалы егісті пайдалану; тұқымдық & азықтық егістіктерді бір бірінен алыс отырғызу; минералды тыңайтқыштарды қолдану; тұқымды кептіріп, тазалап, іріктеп, «Тізім...» бойынша дәрілеу; өсу кезеңінде қажет болған жағдайда фунгицидтерді пайдалану. Бұршақ дақылдарының вироздарымен күресу шаралары: ауыспалы егісті пайдалану; тұқымдық егістіктер мен мал азықтық егістіктерді бір бірінен алыс отырғызу (1км); тұқымды дәрілеу & фунгицидтерді пайдалану «....Тізім » бойынша; ерте егу; минералдық тыңайтқыштармен қоректендіру; вирустарды таратушы жәндіктермен күресу; өсімдік қалдықтарын жою; сүдігер жырту.
3.Өсімдік карантинінің маңыздылығы. өс-р карантині (фитосанитариялық қорғау) - Қазақстан Республикасының өсімдік ресурстары мен өсімдіктен алынатын өнімін карантинді объектілерден қорғауға бағытталған, өс-р карантині жөніндегі іс-шаралар жүйесін көздейтін құқықтық режим; Өсiмдiктер карантинi жөнiндегi іс-шараларды жүзеге асыру принциптерi
Қазақстан Республикасының аумағында өсiмдiктер карантинi жөнiндегi іс-шараларды жүзеге асырудың принциптерi мыналар болып табылады: 1) Қазақстан Республикасының азық-түлiк & шикiзат қауiпсiздiгiн сақтап тұру & мүлiктi сақтау мақсатында өсiмдiк ресурстары мен өсiмдiк тектi өнiмдердi карантиндi объектiлердiң бүлдiруiнен & жоюынан қорғауды қамтамасыз ету; 2) өс-р карантині саласындағы мемлекеттік реттеу, мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылау & қадағалау, Қазақстан Республикасының өс-р карантині саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық; 3) өсiмдiк ресурстары мен өсiмдiк тектi өнiмге карантиндi объектiлердiң ықтимал әсерiн объективтi, ғылыми негiздеп бағалау & ол-ң ықтимал зиянын болғызбау; 4) халықтың, жеке & заңды тұлғалардың, ұйымдардың, мемлекеттiк басқару & жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының өсiмдiктер карантинi жөнiндегi шараларды орындауға белсене қатысуы; 5) өсiмдiктер карантинi саласындағы халықаралық ынтымақтастық. Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 ақпандағы N 344-I Заңы
Өсімдік карантині еліміздің өсімдік байлығын аса қауіпті карантин зиянкестері мен ауру қоздырғыштардың & арам шөптердің басқа мемлекеттерден біздің елге әкеліуінен & еніп кетуінен қорғауға, ал карантин объектілері еніп кеткен жағдайда ол-ң ошақтарын кеңейтпеуге & жоюға бағытталған мемлекеттік шаралар жүйесін алдын ала қарастырады. Осы міндеттерге байл ол сыртқы & ішкі өсімдік карантині болып екіге бөлінеді.
№ 12
1 Мақта дақылының зиянкестері & олармен күресу шараларының кешені. Мақта дақылына (қозаға) көптеген омыртқасыз зиянкестер зақым келтіреді.Негізгі зиянкестері көбінесе полифаг бітелер, темекі трипсі, күздік көбелек, карадрина (кішкене жер көбелегі), мақта көбелегі, кәдімгі өрмекші кене, т.б. болып табылады.
Бітелердің бақша (мақта)-Aphis gossypii Glov., жоңышқа-A. craccivora Koch., үлкен мақта-Acyrtosiphon gossypii Mordv. түрлері кең тарағандары & ерекше зиянды. Бақша бітесі дернәсіл немесе имаго түрінде арамшөптердің түбіндегі жапырақтарда қыстайды. Жоңышқа бітесі ұрықтанған жұмыртқа түрінде жоңышқа мен жұмыршақ шөптерінде қыстап шығады. Үлкен мақта бітесі бітелердің ең ірісі. Жұмыртқалары қыстайды. Ерте көктемде
жұмыртқадан дернәсілдер шығып партеногенетикалық ұрғашыларға айналады. Барлық бітелер көктемде алғашында қыстайтын орындарына жақын арамшөптерде қоныстанады & сонда қоректенеді. Кейін мақта көгі шығысымен бітелер оларды мекендей бастайды. Бітелер әдетте өсімдіктің үстіңгі өскіндері мен жаңа жайылған жапырақтарына қоныстанып, қозаның шырынын сорып қоректенеді. Осының салдарынан өсімдіктің дамуы тежеледі, түйіншелері мен көсектерін төгеді, жапырақтар бүрісіп, сабағы бұралып қалады, түсі де өзгере бастайды. Зақымданған қозаның берер өніміне бітелер көп шығын келтіреді. Шығаратын сұйықтық «балтамшы» жапырағына, мақта талшығына жайылады & желімдеп тастайды. Сапрофитті құрым саңырауқұлақтар өсіп шитті мақта сапасын төмендетеді. Талшықтың бұлайша бүлінуін қусырылу (шиыру) дейді. Бітелер өте тез өсіп-көбейеді. Жаз бойы олар ұрықтандырусыз партеногенетикалық жолмен көбейеді. Маусым кезеңінде бітелер 20 ұрпақ бере алады.
Темекі трипсі (Thrips tabaci Lind.) - макталыққа үлкен зиян келтіре алады. Ересек трипстер ұсақ, ұзындығы 1 мл. Ұрғашылары өсімдіктің жапырақтарына 100 шамасындай жұмыртқа салады. 3-5 күнде олардан дернәсілдер п.б. Дернәсілдер мен ересектері мақта жапырақтарының шырынын сорып тіршілік етеді. Бір ұрпағының өсіп-жетілуі 12-20 күнге дейін созылады. Маусым кезеңінде мақталықта трипстер 8-10 ұрпақ беріп дамиды.
Кәдімгі өрмекші кене – Tetranychus turcestany Ug.et.Nilk. Микроскопиялық ұсақ зиянкес, ересек аналықтардың ұындығы - 0,3-0,6мм, аталықтардың ұзындығы - 0,2-0,3мм. Түстері жазда сарғыш-жасыл, күзге сары-кызыл, қысқа қарай - қызыл-қоңыр. Өрмекші кене мақта өс-рі жапырағының астыңғы бетінде тіршілік етеді. Ауыз аппараттары шаншып - сорғыш. Жапырақта закымданған жерлері астынан қоңырланады, үстінен қызарып кетеді. Зақымдалған өсімдіктің өсуі тежеледі, жапырақтары, түйіншелері мен көсектері түсіп, ал қауашақтары жеңілдеп калады. Қатты закымданғанда бұталар өнім бермейді. Өрмекші кене тез өсіп-өніп көбейеді. Аналықтары 100-140 жұмыртқа салады. Бір маусымда кене 15-18 ұрпақ беріп дамиды. Ұрықтанған аналық кенелер топырақтың үстіңгі қабатында, өсімдік қалдықтарының астында, ағаштардың қуыстары мен жарықтарында қыстайды. Ерте көктемде, күн 8-10°С жылысымен кенелер қыстаған жерінен шығып, арамшөптерде үйір-үйір болып көбейеді. Содан соң әр түрлі жолмен мақта өс-ріне ауысады.
Мақта көбелегі(Helicovera armigera Hubn.)— қанаттарында бүйрек теңбілдері мен жолақтары бар қоңырқай сары түсті көбелек. Өсімталдығы жалпы 500, кей кезде 1000 жұмыртқа & одан да астам. 5-7 күннен кейін жүмыртқадан жұлдызқұрттар шығып 25- 30 күнде өсіп-жетіледі. Маусымда 2-3 ұрпақ беріп дамиды. Мақта көбелегі қуыршақтар түрінде жұлдызқұрттары қоректенген алқаптарда қыстайды. Бірінші ұрпақтың жұлдызқұрттары арамшөптерде, жонышқада, ноқатта, темекіде, қызанақта, жүгеріде қоректенеді. Екінші ұрпақ көбелектерінің жаппай жұмыртқалауы мақта шанақтану & гүлдену кезіне келеді. Көбелек мақта жапырақтарына & генеративтік мүшелеріне жұмыртқа салады. Алғашында жұлдызқұрт гүл түйнектерін, содан кейін көсектерді кеміріп зақымдайды, дөңгелектеп қуыс жасайды. Жұлдызқұрт 20-ға дейін жемістік мүшесін зақым келтіре алады. Үшінші ұрпағының жұмыртқа салуы тамыз айында басталады; кейбір жылдары мақта көбелегі жылына төрт ұрпақ береді.
Күресу шаралары. Мақта егістігінің, тікелей өзінде жүргізілетін агротехникалық шараларға жататындар: мақтаны жинап алу, жерді сүдігер терең жыртып көктемде тамыр жая бастаған арамшөптерді құрту, қыста суару, ауыспалы егіс жүйесін енгізеді. Бұл шаралар қыстап шыққан ұрпақтарды қорегінен айырады, қыстаған жерінде егіс алдындағы кезеңде жояды.
Мақта дақылы зақымдана бастаған алғашқы кезеңде, яғни зиянкестер әлі қаулап көбеймей тұрғанда, оны химиялық жолмен өндеу керек. Бүл үшін кәдімгі өрмекші кенеге қарсы қолданылатын жүйелі & қоспалы фосфорлы-органикалық препараттар (инсектоакарицидтер: БИ-58, 40% э.к., золон, 35% э.к., нурел Д э.к., акарицидтер: омайт, 57% э.к., неорон, 50% э.к. & т.б.) қолданылады.
Зиянды көбелектерінің санын реттеуге биологиялық әдіс кең пайдаланады. Мақталықтарға жұмыртқа жегіш трихограмманы көбелектер жұмыртқа салған кезде 3 қайтара (60-80 мың дарақ) шығарады. Энтомофаг браконды ІІІ жастағы жұлдызқүрттарға қарсы жібереді.ЭЗШ биттер жиынтығы 100 жапыраққа 50 дарақтан, темекі битесі 100 өсімдік 40 данадан.
2 Май бұршақ аурулары. Май бұршақ ауруларына қарсы жүйелі қорғау шаралары. Септориоз.Қоздырғышы – Septoria glinices Hemmi.Ауру белгілері: Жапырақтарда шектеулі талшықтармен қапталған қызыл-қоңыр үлкен дақтар п.б. Тұқымның өсу кезеңінде бұршақтағы дақтар сәл қаралау болып келеді, піскен кезінде дақтар үлкен болады. Сабақатарымен шеткі жапырақтарында ұзыншақ қара қоңыр дақтар п.б.Аурудың сақталу көзі & таралуы: Тұқым арқылы залалданады, ауру өсімдік қалдықтарында сақталады. Саңырауқұлақ (5-300С) температурада дамиды.
жалған ақ ұнтағы.Қоздырығышы – Perenospora manshuria (Naum.) Syd.Ауру белгілері: Ауру өскіндерді, жапырақатарын, бұршағын & тұқымын зақымдайды. Жапырақтарында хлорлы дақтар п.б, зақымданаған ұлпалар қоңыр түске айналып,жарылып кетеді.Жапырақтың төменгі жағынан сүр күлгін саңырауқұлақтардың дамуы көрінеді. Бактериоз & вирусты мозайка аурулары бар. ЗАБОЛЕВАНИЕ: Бактериальный ожогВОЗБУДИТЕЛЬ: бактерии Pseudomonas glycineum Соегрег. Они сохраняются на семенах и остатках пораженных растений.поражает все органы молодых и взрослых растений. На листьях с верхней стороны появляются мелкие угловатые темные маслянистые пятна с желтоватой каймой. С нижней стороны листа в местах пятен во влажную погоду выступают капельки слизи, которые при подсыхании превращаются в блестящие чешуйки. При сильном развитии болезни пятна сливаются, охватывая половину дольки листа.
На пораженных черешках листьев и стеблях образуются черные полосы различной длины, а на бобах — расплывчатые маслянистые светло-коричневые пятна. Зерна в таких бобах недоразвиты, тусклые, с морщинистой оболочкой.
Бактериальный ожог вызывает изреживание всходов и гибель взрослых растений. Пораженные семена теряют всхожесть. Меньше поражаются сорта Букурия, Зарница.
3 Сыртқы карантин. Өсімдік карантині, мемлекет аумағын немесе оның жеке бір бөлігін карантинді аурулар мен зиянкестер & арамшөптердің таралуынан сақтау үшін ұйымдастырылады. Осыған байл ол сыртқы & ішкі карантин болып екіге бөлінеді. Сыртқы карантиннің негізгі мақсаты – еліміздің аумағын карантиндік маңызы бар нысандардан қорғау. Осы мақсат үшін шет елдермен шекаралардағы арнайы бекеттерде елімізге әкелініп жатқан өсімдік өнімдерінің (дән, жеміс-жидек, орман & жеміс ағаштары, сәндік дақылдардың көшеттері мен тұқымдары, т.б.) барлығы карантиндік тексеруден өтеді. Оларды басқа елге тасымалдау үшін арнайы карантиндік сертификат болуы қажет. Карантиндік нысандардың бірі байқалған жағдайда барлық жүк зарарсыздандырылады немесе жойылып жіберіледі, жіберілген елге кері қайтарылады. Әр мемлекет үшін карантиндік нысандардың тізімдері жасалынып, бекітіледі. Қазақстанда оларға бунақ денелілерден колорадо & капр қоңыздары, комсток құрты, қан-қызыл біте, американың ақ көбелегі; аурулардан – үнді қаракүйесі, күріштің бактериоздары, жүгерінің гельминтоспориоздары, арпаның сарғыш қуыршақтануы, қашқаргүлдің бұйралануы; ал арамшөптерден – сары шырмауық, кекіре, жабайы күнбағыс, т.б. жатады. Внешний карантин растений – карантин, направленный на предотвращение ввоза и импортным и вывоза с экспортируемым подкарантинным материалом карантинных объектов и других опасных вредных организмов растений, обусловленных страной-импортером.За внешний карантин растений ответственна служба пограничного карантинного фитосанитарного контроля (карантинная служба.
№ 13
1 Лалагүлді дақылдардың зиянкестері & олармен күресу шараларының кешені.
Пияз шыбыны – Hylemyia antiqua Mg. (Diptera отряды, Muscidae тұқымдасы).Шыбынның ұзындығы 5-7 мм, түсі сұрғылт, арқа жағы жасыл реңкі. Еркек шыбынның құрсағында қара түсті, ұзынша келген жолағы болады. Дернәсілдерінің ұзындығы 10 мм шамасында, түсі ақ, пішіні цилиндр тәрізді, бас жағы жіңішкерген.Топырақта 10-20 см тереңдікте қуыршақтары қыстайды. Ұшып шыққаннан кейін (мамырдың екінші жартысында) ұрғашысы жұмыртқаларын жапырақтарға, бадананың қабықшасының астына & пияз бен сарымсақтың айналасындағы топырақ түйірлерінің астына салады. Жұмыртқадан 5-7 күннен кейін дернәсілдер шығып, баданаға түпше жағынан енеді. Дернәсілдер 15-25 күн қоректенгеннен кейін топырақта қуыршақтанады. Зақымданған баданалар тез шіриді, ол-ң жапырақтары сарғайып қурап қалады. Пияз шыбыны 1-3 ұрпақ береді.
Пияздың ызылдақ шыбыны – Eumerus strigatus Fall. (Diptera отряды, Syrphidae тұқымдасы)Шыбын жасыл-қола түстес. Құрсағының екі жағында үш-үштен ашық жартылай ай тәрізді дақтары болады. Оның ұзындығы 5-9 мм. Құрттары сұрғылт-сары, ұзындығы 7-11 мм. Денесінің артқы жағында қоңырқай түтік тәрізді өскіні бар, екі жағында бір-бірден ірі терісі болады.Құрттар егістік танаптағы жуашықта немесе сақтау қоймаларында қыстайды. Шыбындардың ұшуы мамырдың ортасында байқалады. Ұрғашы жәндіктер жұмыртқаларын жуашықтың үстіне, қабыршақтарының астына, жуашық мойнына немесе жуашық маңындағы топыраққа салады. Құрттар жуашық мойны мен жуашықтың өзіне кіріп, ішкі бөліктерін түгел жеп қояды. Зақымданудың салдарынан түтік тәрізді жапырақтар сарғаяды, ал пияз мойны шіріп кетеді. Одан кейін жуашық түгелдей шіриді де, едәуір зақымдануы нәтижесінде қара шіріген массаға айналады. 18-25 күннен кейін екінші ұрпақ шыбындары ұшып шығады. Көбінесе 2 ұрпақ дамиды.
Күресу шаралары. Дақылдарды кезек орналастыру, өсімдік қалдықтарын жою. Өткен жылы пияз егілген жерлермен ара-қашықтықты сақтау. Пиязды ерте отырғызу. Пияз бен сәбізді қатар егу. Егер пияз жуасының өсуі кезінде зиянкестер саны ЭЗШ- тен (1 өсімдікте 3 жұмыртқадан болса & пияз егістігінің 25% қоныстанылса немесе аулағышты 100 рет сілтегенде 50-80 данадан астам шыбын түссе) асып кетсе, онда химиялық өңдеу жүргізу қажет (Қосымша).
