Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
100 экзамен.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
457 Кб
Скачать
☆

2 Мақта аурулары. Мақтаны аурулардан жүйелі қорғау шаралары.

Вилт-вертициллезды солу. А.қ – Verticillum dahliae Kleb. саңырауқұлағы. Үнемі топырақта кездесетін 700-ге жуық өсімдік түрлерін залалдайтын саңырауқұлақ. Жіпшумағы перделі, түссіз, конидия тасушылары күлтеленіп, ұштары бірнеше тарамға бөлінеді. Тарамдар ұшында конидиялар топтасып жинақталады. Конидиялар эллипс тәрізді, бір клеткалы, бір ядролы, көлемі 3-6 х 1,5-2 мкм. Саңырауқұлақ өзінің даму циклында хламидоспоралар мен микросклероцийлар түзеді. Микросклероцийлар сопақтау, сыртқы қабығы қалың, кара-қоңыр түсті ішкі бөлігі жіңішке түссіз жіпшелерден тұрады. Олар өсімдік сола бастағанда п.б. Склероцийлар көктемде 7оС температурада өсе бастайды (қолайлы даму температурасы 24-26°С, ылғалдылығы 60-70%). Бірақ бұл саңырауқұлақ тіршілік қабілетін аса жоғары (+ 80°С) & төмен температурада (- 30°С) сақтайды.Өсімдік көбінесе тамыр жарақаты арқылы залалданады. Залалдану жіпшумақ немесе оның үзінділері, конидиялары, хламидоспораларымен жүреді. Түтіктер арқылы саңырауқұлақ өсімдіктің барлық бөлігіне тарайды да, жапырақка, жеміс сағағына, өсу нүктесіне жетеді. Инфекция қоры – топырақ, әсіресе дара дакылды мақта егісі. Кеселдің негізгі белгісі – түтіктер қоңырланып, оған жақын ұлпалар күңгірттенеді.

Фузариозды солу. А.қ – Fysarium oxysporum Schl. F.vasinfectum Sn.et Han. саңырауқұлағы. Қоздырғыш жіпшумағы түссіз, перделі, өсімдік түтікшелерінде дамиды. Микроконидиялары бір клеткалы майда, эллипс тәрізді, түссіз. Макроконидиялары орақ тәрізді, үш перделі, көлемі 33-43 х 4,2-4,5 мкм. Хламидоспоралары бір клеткалы, қалың кабықты, температураның күрт өзгеруіне төзімді. Саңыраукұлақ 10-35°С температура аралығында дамиды, бірақ онын қарқынды дамуы 18-27°С температура мен 40-70% ылғалдылықта өтеді. Қоздырғыш ылғалдылық 20% төмен 80% жоғары жағдайда өсуін тоқтатады.Бұл саңырауқұлақ алғаш өсімдік қалдығында мол жіпшумақ түзіп, кейін топырақта сапрофиттерше өмір сүруі мүмкін. Топырақтан өсімдікке саңырауқұлақ тамыр жарақаттары немесе кутикула арқылы еніп, оның барлық мүшелеріне (сабақ, жапырақ, жеміс сағағы, тұқым) түтіктермен тарайды. Аурудың негізгі қоры – тұқым & залалданған өсімдік калдықтары. Қоздырғыш қолданылатын құралдар, су & т.б. арқылы да таралуы мүмкін. Егіс көлемі 20-50% дейін төмендейді. Жапырақ бетінде алғаш майда сарғыш дақтар түзіліп, ұлғайып, жапырақты түгел алады. Жапырақ солып, кеуіп түседі, ал жас өс-р қурайды.Залалданған жас ө-ң тамыр мойны ұлпалары қалыңдап, буынаралықтары қысқарып, жоғарғы бөлігінде жана шыққан жапырақтары қыртыстанады. Гүл түйнегі байланған кезеңде залалданған өсімдіктің жапырақгары, түйіндері, гүлдері түсіп, сабақтары қурайды. Қауашақтану кезеңінде залалданса, онда ол ашылмай, сабағы күңгірттенеді.

Гоммоз. А.қ – Xanthomonas malvacearum Dow. бактериясы. Қоздырғыш мақтаға бейімделген. Бактерияның дамуына қолайлы температура – 26-28°С. Оның төменгі даму температурасы 10°С. Паразит төмен (-28°С) & жоғары (+72°С) температураларға өте төзімді. Деректер бойынша мақта талшығын аталған жоғары температурада ұзақ уақыт (36 сағат) қыздырғанда, паразит тіршілігін сақтайды.Жапырақ бетінде бұрышты, майлы, қошқыл-жасыл дақтар түзіледі. Дақ беті шырыштанып кеуіп кабыршақтанады. Егер жапырақ жүйкесі залалданса, онда жүйкені бойлап шырыш бөлінеді. Жапырақтан кесел сағағына, кейін өсімдік сабағына көшеді.Сабақ гоммозы аса зиянды. Бактериялар гүл сағағы мен гүл табанына одан әрі қауашаққа жылжып, мақта талшықтарын залалдайды. Сабақтағы дақтардың пішіні мен көлемі әртүрлі. Дақтар кейде сабақты түгел орайды. Бұл жағдайда сабақ қисайып, сынады да өсімдік қурайды. Гоммозға өсу нүктесі шалдығуы мүмкін. Аурудың бұл түрінде негізгі сабақ дамымай ергежейлі болып немесе қарайып қурайды. Дақ шетіндегі үлпалар дөңестеніп өседі де, сабақ шытынайды.Қауашақ бетінде қошқыл-жасыл майлы дақтар түзіліп, кейін сәл ішке қарай басылып, ойық жара п.б. Ерте (жас кезінде) залалданған қауашақтар өспей, сұрланып қурайды. Дақ тұсында мақта талшығы қоңыр-сары тұсті болып, бір-біріне жабысып катты түйіндер құрып, кауашақгар ашылмауы мүмкін, кейде талшықтар мүлдем түзілмейді. Қауашақ кейде қисайып өседі, себебі оның ауру бөлігі өспей кеуіп, ал сау жағы өсе береді. Қатты залалданған қауашақ ашылмай үзіліп түсіп, тұқымдардың өнуі төмендейді.

Қорғау шаралары – ауруга төзімді сорттар енгізу, тұқымдық материал сау ө-ден жиналып, тазартып, себер алдында 80% ТМТД с.ұ (6-7 кг/га) ж2не т.б преп-мен өңдеу. Танапты мұқият тегістеп тұқымды даярлау. Ауыспалы егісте жоңышқа, жүгері, бидай, қара бидай, рапс, күріш. Тұқымды себу мөлшері мен тереңдігін сақтау (3-4 cм), агротехникалық шараларды сақтау ;: сирету, қопсыту, түптеу, уақытылы суару. Өңдеп болғаннан кейін техникаларды 2% формалинмен залалсыздандыру. Танап айналасын жыртып арамшөптерді жою, вилтқа төзімділік арттыру үшін өс-ти 2-5 жапырак кезинде 1,5% карбамид еритиндисимен бурку. Вилт коп танапта 50% фундазолм (75-150 кг/га) препаратпен ондеп судигер жырту. Сактау кезинде мукият тазалап, дезинфекциялау.

3 Карантинге жататын өнімдерді әкелу, шығару, мемлекеттік тасымалдау & тексеру тәртібі. Карантинге жатқызылған өнімдерді сырттан әкелу. 1. Карантинге жатқызылған өнімдерді жеткізуге не транзиттеуге шарт жасау кезінде жеткізуші өкілетті органнан карантиндік шаралар жайлы қажетті ақпарат алуға & карантиндік нысандар әкелудің алдын алуды қамтамасыз ететін жағдайларын қарастыруға міндетті. Жасалған құпия сипаттағы ақпараты бар шартты, жеткізушінің жазбаша келісімінсіз, жария етуге болмайды. 2. Қазақстан Республикасы жеріне карантинге жатқызылған өнімдерді әкелу шекаралық фитосанитарлық бекеттер мен күзет орындары, өсімдік карантинімен қамтамасыз ету нормалары мен ережелері талаптарына сәйкес жабдықталған мемлекеттік шекаралық өткізу бекеттері арқылы ғана іске асырылады.

Карантинге жатқызылған өнімдерге кедендік құжаттар ол өнімдер фитосанитарлық бақылаудан өткен соң ғана рәсімделеді.

Басқа елдердің карантиндік шаралары егер олар сол республикада қолданылатын тиісті фитосанитарлық күзет деңгейімен қамтамасыз етсе ғана танылады.

Карантинге жатқызылған өнімді әкелуге (транзиттеуге) импорттық карантиндік рұқсат алуға деген мәлімдеме-өтініште оны беруші карантиндік шараларды өз есебінен атқаруға кепілдік береді. Импорттық карантинге жатқызылған өнімдер Қазақстан Республикасы жерімен жабық немесе изотермиялық, ақауы жоқ & пломбаланған контейнерлермен, гермети­калық буып-түйілген күйінде вагондармен, автофургондармен, авторефри­жера­торлармен & басқа да көлік құралдарымен тасымалданады.

2.1. Қазақстан Республикасына мыналарды әкелуге тиым салынады:

1.өкілетті органның импорттық карантиндік рұқсатынсыз & экспортер-елдің ұлттық карантиндік қызметінің фитосанитарлық сертифика­тынсыз жеткізілген карантинге жатқызылған өнімдер;

2.карантиндік нысандармен & бөгде түрлермен ластанған (зақымдалған) карантинге жатқызылған өнімдер;

3.топырақ, топырағымен бірге тамырланған тірі өсімдік;

4.ғылыми-зерттеу мақсатымен өкілетті органның келісімі бойынша әкелінген үлгілерден басқа, өсімдік ауруларының қоздырғыштары – тірі саңырауқұлақ, бактерия, вирустар, сондай-ақ өс-рді зақымдайтын бунақденелілер, кенелер, жұмырқұрттар, арам шөптер тұымдары

Карантинге жатқызылған өнімдерді транзиттеу & сыртқа шығару. Карантинге жатқызылған өнімдерді транзиттеуге Қазақстан Республикасы өкілетті органының келісімі бойынша рұқсат етіледі. Сыртқа шығаруға өкілетті органның территориялық мекемесі берген фитосанитарлық немесе карантиндік сертификаты болса ғана рұқсат беріледі:

1.Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге – фитосанитарлық сертификаты болса;

2.Қазақстан Республикасы ішінде – карантиндік сертификаты болса.

2-1. Жеке & заңды тұлғалар фитосанитарлық сертификат алу үшін өсімдік карантині жөніндегі территориялық органға болжанған жүк тиеу мерзімінен 15 тәулік бұрын мына мәліметтерді көрсете отырып, өтініш береді:

3.карантинге жатқызылған өнімнің аты-жөні & оның мөлшері;

4.импортер-елдің аты-жөні & карантинге жатқызылған өнім бағытталған мекен-жай;

5.импортер-елдің импорттық карантиндік рұқсатта немесе экспорт­талған карантинге жатқызылған өнімге жасалған шартта көрсетілген өсімдік карантині жөніндегі ұлттық қызметтің өсімдік карантині сала­сындағы талаптары;

6.карантинге жатқызылған өнімдерді тиеу мерзімі мен орны;

7.импортер-елдің жүк сол арқылы өтеді деп болжаған шекаралық бекеттің аты-жөні.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]